Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Менің мектебім дүниетану пәнімен интеграцияланған сабақ 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

















Дүниетану пәнімен интеграцияланған сабақ


Тақырыбы:

«Біздің мектеп»




























«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған дүниетану сабағының жоспары

Мектеп: №12 орта мектеп.

Мерзiм: 12. 11.2018ж

Сынып: 2 «Қ»

Оқушы саны: 24

Мұғалім: Шерниязова О.А. (Өзін-өзі тану пәні мұғалімі)

( бастауыш сынып мұғалімі )

Тақырып: «Біздің мектеп»

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер:мейірімділік,достық,татулық.

Мақсаты:

Оқушыларға мектептегі оқу және оқудан тыс әрекеттердің түрлерін,мектеп қауымдастығы мүшелерінің құрылымын және міндеттерін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндетт

Білімділігі: Оқушыларға мектептегі оқу және оқудан тыс уақыттағы әрекеттердің маңызы туралы түсінік бере отырып,татулық қасиетін ұғындыру.

Дамытушылық :

Оқушылардың ойлау қабілетін, ой қорытуды пайдалануға дағдылана отырып мейірімділік қасиетіне баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділік,достық татулыққа тәрбиелеу.


Ресустар (құралдар)

Сыртқы интеграция

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларға жағымды атмосфералық көңіл-күй қалыптастыру.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық..

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізсін біздей өренді,

Дүниетану сырына.


Топқа бөлу.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында қоржынға салынған асықтар арқылы топқа бөлу (отбасым,достарым,Отаным ,мектебім) топ басшы сайлау.

Оқушыларды түгендеу.

5Т ережесімен топ ережесін еске түсіру.


Тәртіп, тазалық,талап,тыныштық, татулық.



Үй тапсырмасы

  1. Мақалды оқып, мағынасын түсіндір

Отан -отбасынан басталады.

  1. Достықтың қандай бағалы қасиеттерін білесің?

  2. Өз елін сүйетін адамды қалай атайды? 4.Қазақстан Республикасын кім басқарады және оны кім сайлайды?

Топтық жұмыс орындалады.

Жаңа тақырыптың атын сөз жұмбақ арқылы табу

Оқушылардан үй тапсырмасын сұрақ жауап арқылы сұрау

Дәйексөз

Мектеп- кеме,білім-теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Қасым Аманжолов.

1.Хормен оқыту

2.Қыздарға бөлек, ұлдарға бөлек оқыту

3.Жұмыс дәптерге жаздыру.

4.Осы дәйексөзді қалай түсіндіңіздер?

5.Мектептің білім алудағы орны қандай?

Мектепте біліммен бірге тағы нелерді үйренеміз?

6.Оқушылардың жауаптары негізінде дәйексөздің мағынасын толық ашып, түйіндеу.


Интербелсенді тақта

Слайд

Қасым Аманжоловтың фотосуреті.

Ішкі интеграция.

Жаңа сабақ:

«Мектеп» сөзі араб тілінен алынған, «жазу жазатын орын»деген ұғымды білдіреді. Мектеп туралы онда білім мен бірге тәрбие алатындығын Мектептегі негізгі тұлға –мұғалім екендігін түсіндіру.Мектепте жұмыс жасайтын мамандық иелері және олардың атқаратын қызметтері туралы түсіндіру.Мектеп- білім ордасы біз мектепте білім алу мен бірге нелерді үйренеміз? Қандай қасиеттерді бойымызға сіңіреміз?Мектеп бізге білім береді.Мектепте біз үлкенді құрметтеуді,кішілерге ізет көрсетуді үйренеміз, Мектеп екінші үйіміз.Білім алу мен бірге өмірдің барлық дұрыс әрекеттерді білеміз мысалы ертегілердің өзі бізді дұрыс әрекет жасауға баулиды.Біз ұстаздардан ең жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіреміз.

Тізбектеп оқу,Дауыстап оқу

Суреттен мектепті табу. Жаңа сабақ бойынша түсінік

Беру жағымсыз әдеттерден бойын аулақ ұстап,рухын жақсы әдеттермен қоректендіреді.




«Менің мектебім»Мектебімізге шолу жасап көрейік.

Оқушылар мектептегі жумыс жасайтын мамандық иелерімен таныс болады.

5. Топтық жұмыс

I топ. Отбасым

Қазіргі заманның мектебінің қандай болғанын көргілерің келеді?

II топ. Достарым.

Берілген мақалдардың жалғасын табу.

III топ. Отаным.

Мектеп сөзіне бес жолды өлең.

ІV топ. Мектебім

Оқу әрекеттері, оқудан тыс әрекеттер туралы жазу.

6.Жұптық жұмыстар

Жаңа сабақ бойынша жұптық жұмыстар беріледі.

Жеке жұмыстар


Маркер, А4, түрлі-түсті қаламдар

Топтық , жұптық. жеке жұмыстарда оқушылар бағаланып отырады.

7. Топпен ән айту.


Бота Бейсенова « Мектебім»


Мектебім аяулы мектебім,

Өзіңсің өмірдің көктемі,

Нәр алып қолымды созамын,

Арманға көктегі.

Мектебім келеміз тағыда,

Күн сайын біз оны сағына,

Сыңғырлап соғылды қоңырау

Бар бала бағына


Қайырмасы;

Мектебім аяулы мектебім

Бағыңда гүлдей боп көктедім,

Өзіңсің білімнің бұлағы,

Нәр алып кетемін.


Келеміз қуанып біз дәйім,

Мектебім сен жайлы жырлайын,

Айқара есігін ашады,

Қарсы алып күн сайын.

Мектебімөзіңді сүйемін,

Білімді санама түйемін.

Аяулы ұстаздар алдында,

Басымды иемін.



Қайырмасы:

Мектебім аяулы мектебім

Бағыңда гүлдей боп көктедім,

Өзіңсің білімнің бұлағы,

Нәр алып кетемін.




Караоке

Үй тапсырмасы

Біздің мектеп түсінігін айту.


17 бет

9. Соңғы қорытынды сәті:

Кері байланыс. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерін, түсінген сәттерін, ой – пікірлерін ауызекі айтып түрлі түсті қағаз қиындыларын рухани жаңғыру белгісі құстың қанатына жабыстырады. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі айтылған барлық жақсы қасиеттерді жүрегімізде сақтап алайық.

Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
891
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12