Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Менің отбасым.1 сынып. Дүниетану

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғаліміне кмж құруға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Пән:Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мен және қоғам

Күні:

Сынып: 1

Мектеп: Ынтымақ НМ

Мұғалімнің аты-жөні:Темирбай А.

Қатысқандар саны:9

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

1.1.Мен және менің отбасым

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.1 түрлі дереккөздерді зерттеу негізінде «Отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру;

1.1.1.2 отбасы мүшелеріне қатысты туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орнын анықтау;


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Түрлі дереккөздерді зерттеу негізінде «Жанұя» ұғымын түсініп және мәнін түсінеді,отбасы мүшелеріне қатысты туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орнын анықтайды;


Көптеген оқушылар:Өз жанұя мүшелері туралы түрлі дереккөздер зерттеу негізінде сипаттай алады, отбасы мүшелеріне қатысты туыстық атауларды түсіндіреді;



Кейбір оқушылар:

Өз жанұя мүшелері туралы түрлі дереккөздерді пайдаланып,әңгімелей алады.Отбасы мүшелеріне қатысты туыстық атауларды сипаттай алады.


Бағалау критерийлері

- Отбасы ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру;

- Отбасы мүшелеріне қатысты туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орнын анықтау;

-Дереккөздер негізінде «отбасы» ұғымын сипаттайды .

- «Отбасы» ұғымының мағынасын анықтайды.

- Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым- қатынастың маңызын түсінеді


Тілдік мақсаттар


Оқушылар: Үйіне, өз отбасына, өзінің қауымдастығына қатынасы бойынша өз ойлары мен сезімдерін, уақыт өте келе отбасы мен қоғамдық өмір қалай дамығанын сипаттайды және түсіндіреді;


Пәнге тән лексика мен терминология:

- «Отбасы» , «Шежіре» «Отбасылық дәстүрлер»

ұғымы

- туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орны

- отбасы мүшелері арасындағы қамқорлық қарым-қатынас

- отбасындағы мереке


Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- Отбасы деген не?

- Қандай туыстық атауларды білесің?

- Қамқорлық деген не?

- Отбасына қалай қамқорлық көрсетесің?

- Отбасында қандай мерекелер атап өтіледі?

- Отбасындағы қай мереке қатты әсер қалдырды, сипатта?



Құндылықтарды дарыту


Құрмет:Оқушылардың бір-бірене құрмет , отбасы мүшелеріне құрмет көрсету.

Ынтымықтастық: Топта бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасауға дағдылану.


Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек


АКТ қолдану дағдылары

Слайд,Интербелсенді тақта


Бастапқы білім


Оқушылар осыған дейін жақсы мен жаманның, қажетті заттардың не екендігін, мектебі және достары туралы өз деңгейлерінде білімдері бар.




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин







Ширату жаттығуы «Бес саусақ»

Бас бармақ- ол әкем

Балан үйрек – ол анам

Ортан терек – ол ағам

Шылдыр шүмек - ол әпкем

Кішкентай бөбек – ол мен

Біз үйде нешеуміз?

Біз үйде бесеуміз

Ұ. «Миға шабуыл» әдісі

Сабақты «Түймедақ» ойынынан басталды.

Белсенді оқыту . Сұрақ қою және талқылау.

Нұсқау: Түймедақтың ортасына «отбасы» сөзін жазылады. Оқушылар әр жапыраққа осы сөзге қатысты сөздерді жазуы тиіс. «Отбасы» тақырыбына әңгіме өткізіледі.

1. Әкеңнін әкесі кім?

2. Отбасындағы отағасы кім?

3. Ең қымбат мейірімді жан?

4. Ағайынды адамдар бір-біріне кім болады?

5. Ұлдан кіші қыз баланы қалай айтады?

6.Сен әкеңе кім боласын?

7. Қиын кезде қасыңнан табылатын кім?

8. Сіздердің отбастарында кімдер бар?

9 .Олар сіздерді қалай еркелетеді?

10.Оларды бір сөзбен не деп айтады? Отбасы

Құндылық: Сұрақтарға толық, дұрыс жауап беріп, ойларын анық айтуға, , үлкенге деген құрметке тәрбиелеу.

Саралау.Тапсырма













Флипчарт




Сабақтың ортасы

10 мин











2 мин


5 мин

Кітаппен жұмыс. «Отбасы» тақырыбындағы мәтінмен жұмыс.

Отбасы-ең жақын және туыс адамдар. Әр отбасында жақсы қарым-қатынас болуы өте маңызды.Отбасы мүшелерін отбасылық дәстүрлер біріктіреді. Әр әулеттің өз тарихы бар.Сенің әулетіңнің тарихы – ата бабаңның өмірі. Отбасының мұндай тарихын шежіре деп атайды.


Слайд №1

Білу және түсіну

1 тапсырма. Кубизм әдісі

Ұ.«Кел, талқылайық!»

БО Сұрақ қою және талқылау

Сұрақтар қою:

  • Отбасының басқа адамдар тобынан айырмашылығы неде?

  • Біздің сыныбымызды отбасы деп атауға болады ма?

  • Суретте кімдер бейнеленген?

  • Бұл адамдарды біріктіретін не?

-Өз отбасың туралы әңгімеле.Отбасының үлкені кім?

-Суреттегі дәстүрлердің қайсысы саған таныс?

-Олар қалай аталады?


Shape1

Саралау . Диалог және қолдау көрсету.



Ж. Менің отбасым. Оқушылар өз отбасы,отбасындағы адамдардың қарым-қатынасы туралы айтады

Қолдану

Слайд № 2

2 тапсырма. «Сахналау» әдісі

Т.«Қонақжайлылық» ойынын өткізу.

БО «Бекіту және қолданысқа енгізу»

Сынып оқушыларын үлестірме карточка арқылы 2 топқа бөлу. «Отбасы», «Жанұя».

Нұсқау: Суретке мұқият қараңыз.Отбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлықты бейнелейтін суреттерді көрсетіп, сахыналаңыз.

Picture 1

Рөлдерді бөліскеннен кейін ойын өткізіледі және оны талқылайды. Әр топтың жақсы жақтарын айту: үлкендерге құрмет көрсете алды ма, отбасы мүшелеріне назар аударды ма?

Дескриптор:

- Отбасы ұғымын түсінеді және мәнін түсіндіреді;

- Отбасы мүшелеріне қатысты туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орнын анықтайды;

- дереккөздерге сүйеніп «отбасы» ұғымын сипаттайды

-.Отбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлықты бейнелейтін суретті таңдап алып, сахыналай алады.

-Өз отбасы мүшелері арасындағы қарым- қатынас туралы

әңгімелейді

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі

Саралау .Жіктеу.


Дәстүрлер. Слайд № 3.

3 тапсырма. «Бір минуттық әңгіме» әдісі

БО «Зерделеу және зерттеу»

Ж.Оқушылардан өздеріне таныс суретті таңдауын сұрау. («Шашу», «Бата», «Тұсау кесу» және т.б.). Оқушылар өз өмірлерінде болған оқиғаларды әңгімелейді. Бұл дәстүрлердің қайсысын көргенін айтады.

Саралау.Дереккөздер.


Сергіту сәті: Бейнеролик «Қара жорға»


Талдау

Ұ..«Отбасылық шежіре» сөзінің мағынасын оқушылармен бірге ашу. Оқушылардың назарын ағаштың суретіне аудару. «Шежірені неліктен ағашпен салыстырады?» деген сұрақ бойынша оқушылардың ойларын білу.



оқулық

слайд






























Рөлдік ойынға арналған үлестірме парақшалар













Фотосуреттер



бейнеролик


шежіре ағашы бейнеленген плакат

Сабақтың соңы


10 мин
















8 мин

Сен білесің бе? Оқушылардың пікірін сұрау.Адамның өмірі, азамат ретінде қалыптасуы отбасынан басталатыны туралы түсінік беру. Отбасы мәселелеріне көңіл бөлу үшін Халықаралық отбасы күні құрылды. Отбасы күні Қазақстанда да аталып өтіледі.

Анықта. Бұл тапсырманы үйде орындауға беру.Оқушылар үшін өз ата-аналарының балалық шағы туралы білу қызықты болады. Олар өздері жүргізген бақылау нәтижелерін сурет арқылы берсе де болады. Қабілеті жоғары оқушылар суреттерінде ата-аналарының бала кездерінде үлкендерге қалай көмектескенін, қандай ойындарды ойнағанын және қазіргі кезде оқушылардың өздері қандай ойындарды ойнайтынын көрсетеді.


4 тапсырма

Ө.«Коллаж» әдісі.БО «Қорытынды шығару және есте сақтау»

(Алдын ала берілген тапсырма, отбасы фотосуреттерін дайындап әкелу)

«Отбасылық шежіреге» туыстарыңның суреттерін желімде.

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Сипаттамасы: оқушылар дайындап әкелген отбасы мүшелерінің суреттерін қиып флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады

Саралау «Қарқын»

Ө.Орындап көр.

БО «Көрсету және модельдеу»

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2020
885
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12