Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ .Менің отбасым 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға тәжірибе алмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Сабақ: 10

Мектеп: Тараз қаласы №42 орта мектеп

Күні: 13.11 2018ж.

Мұғалімнің аты: Абуова Индерия Дуненбаевна

Сынып: 1

Пәні: Дүниетау


Ортақ тақырып:Менің отбасым және достарым:

Бөлім:

Мен және қоғам


Сабақтың тақырыбы:

Менің отбасым.


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.1.1 Түрлі дереккөздерді зерттей отырып,отбасы ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру

1.1.1.2 отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау

Сабақ мақсаты:



Барлық оқушы:Отбасы ұғымын түсіну

Көптеген оқушы: Отбасы мүшелерінің орнын ажырату

Кейбір оқушы: Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты туыстық байланысты анықтау

Бағалау критерийлері


1.Отбасы ұғымының мағынасын түсіндіреді.

2.Отбасы мүшелеріне қатысты туыстық атауларды ажыратады.

3. Туыстық қатынастарда өз орнын анықтайды.

Тілдік мақсат

Білім алушылар басқаларды тыңдайды, диалогқа қатыса отырып, үйдегі және мектептегі өмірі туралы айта алады, тақырып бойынша сөздік қорын дамытады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Отбасы, шежіре, отбасылық дәстүрлер.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: ауызша және жазбаша

Талқылауға арналған сұрақтар: Отбасы дегеніміз не?

Әкеңнің әкесі мен анасы саған кім болады?

Анаңның әкесі мен анасы саған кім болады?

Дәстүр деген не?

Шежіре дегенді қалай түсінеміз?

Не себепті әр бала өзінің отбасын жақсы көреді деп ойлайсыз?

Ишара: қызыл түс – түсінбедім, сары түс – көмек керек, жасыл түс – тамаша


Құндылықтарды дарыту

Қарым-қатынас жасайды, отбасына жауапкершілікпен қарайды, отбасына құрмет көрсете алады, отбасын сыйлайды.

Пәнаралық байланыстар

Отбасы мүшелерінің бейнесін салу арқылы көркем сурет пәнімен байланысады

АКТ


Бейне ролик арқылы отбасы мүшелері өзі үшін ерекше маңызды екенін ұғынады, іздеу, ақпарат алу, сұрыптау дағдылары қалыптасады

Бастапқы оқу:

Отбасы мүшелерін біледі, оларды атап береді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

ресурстар


Басы



Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, түгелдеу.

Жағымды психологиялық климат орнату үшін «әке», «ана», «бала» ,-деп жазылған қима қағаздар таратылады, топқа бөлу жүргізіледі.


Бейне роликтен диалогтік оқу арқылы «Миға шабуыл» әдісімен жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

1.Суреттен кімдерді көріп тұрсың?

2.Әке, ана, бала бәрі бірігіп нені құрайды?


Picture 57



Қима қағаздар


«Әке» «ана» «бала»





Бейне ролик






әке

ана

бала

Ортасы










1-тапсырма Ұжымдық жұмыс

«Серпілген сауал» әдісі бойынша диалогтік оқу арқылы туыстық атауларды ата және жаз.

1.Әкеңнің әкесі мен анасы саған кім болады?

2. Әкеңнің әкесі мен анасы саған кім болады?

3.Жеті атаңды білесің бе?

4. Шежіре деген не?

Ата, апа, нағашы деп дәптерге жазылады.

Дескриптор:Туыстық атауларды дұрыс атайды.

Шежіре туралы өз ойын айтады.

ҚБ. Басбармақ әдісі арқылы бағаланады.


2-тапсырма Топтық жұмыс

«Сәйкестендіру» әдісі арқылы әр топ өзінің атауы бойынша отбасы мүшелерінің қажетті заттарын табады.(суреттер таратылады)

«Әке» Әкеге қажетті заттарды топтастырады.

«ана» анаға қажетті заттарды топтастырады.

«бала» балаға қажетті заттарды топтастырады.

Дескриптор: Отбасы мүшелерінің қажетті заттарын анықтайды.

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағаланады.


Ширату жаттығуы: «Көңілді күн әуені» тәсілі бойынша жасалады.


3-тапсырма Жұптық жұмыс Суреттер сөйлейді әдісі арқылы отбасылық дәстүрлерге арналған суреттерге байланысты әр жұп өздеріне берілген суреттер бойынша әңгімелейді.

1. «Әке» тобы: Наурыз

Наурыз тойы қалай тойланады?

2. «Ана» тобы: Тұсау кесу

Тұсау кесу тойы қалай тойланады?

3. «Бала» тобы: Бесікке салу

Бесікке салу тойы қалай тойланады?

Әуенін тыңдай отырып дәстүрлі мерекені ажырату.

Дескриптор: Дәстүр туралы өз ойын айтады.

Дәстүрлі мерекелерді ажыратады.

ҚБ. «Бағдаршам» тәсілі арқылы бағалау

Оқулық, дәптер






Басбармақ




Сәйкестендіру әдісі

үлестірмелі

суреттер

















Аудио жазба

Соңы




«Жарқыраған шамдар»әдісі арқылы сабақты қорыту мақсатында бір- біріне сұрақтар қояды.

Отбасы деген не?

Туыстарыңды ата.

Дәстүрлі мерекелерді ата.







Жарқыраған шамдар

Қосымша мәліметтер


Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?


1.Дереккөздер-кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.

2.Диалог және қолдау көрсету-кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.

Сабақта топтар арасында ынтымақтастық орнайды.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?





Бағалау критерий негізінде ұжымдық тапсырманы-«Басбармақ» әдісі бойынша, топтық жұмысты «Екі жұлдыз,бір тілек»тәсілі бойынша, жұптық жұмыс «Бағдаршам» тәсілі бойынша бағаланады.

Денсаулық және қауіпсіздік







Қауіпсіздік ережелерін сақтау, дәптерді көлбеу ұстау, партада дұрыс отыру, ширату жаттығуы барысында денені дұрыс ұстау керек









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
496
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12