жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Менің отбасым" 1 сынып
|
Мұғалімнің аты-жөні |
Абдикаликова Айнур Маратовна |
|||||||||||||
|
Күні: |
Мектеп: 268 мектеп - лицей |
|||||||||||||
|
СЫНЫП: 1 Дүниетану |
Қатысқандар : |
Қатыспағандар: |
||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Мен және менің отбасым |
|||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты |
1.1.1.1 түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру 1.1.1.2 отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау |
|||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
|||||||||||||
|
«Отбасы» ұғымын түсінеді, отбасы мүшелерін атайды, өз отбасы туралы айтады. |
||||||||||||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: |
||||||||||||||
|
Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау, баяндай алу, отбасы мүшелерінің міндетін және өз міндетін түсінеді. |
||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар: |
||||||||||||||
|
Өз отбасындағы дәстүр мен отбасы мүшелерінің міндеттері туралы әңгімелейді. Өз отбасы мүшелері арасындағы сыйластық, өзара қамқорлық қарым-қатынас сипатын бағалай алады. |
||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
|
|||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: Өз отбасына, өзінің қауымдастығына қатынасы бойынша ойлары мен сезімдерін сипаттайды және түсіндіреді |
|||||||||||||
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
||||||||||||||
|
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Отбасы – семья – my family |
||||||||||||||
|
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: - «Отбасы» ұғымын қалай түсінесіз? - Туыстық атаулар туралы не айта аласыз? - Қамқорлық туралы не білесіз? - Отбасына қалай қамқорлық көрсетесіз? |
||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Отбасы алдындағы міндет, отбасы мүшелеріне деген құрмет, бауырмалдық, туыстық, сыйластық, қамқорлық сипатындағы құндылықтарды қалыптастыру |
|||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Өзін-өзі тану Сауат ашу |
|||||||||||||
|
Бастапқы білім |
Оқушылар отбасы сөзінің мағынасымен таныс. Отбасында айтылатын туыстық атаулы сөздерді күнделікті өмірде қолданады. |
|||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|
|||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
||||||||||||
|
Сабақтың басы 5мин |
2мин 3 мин |
Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері: Оқушылар шеңберде қолдарымен көрсете тұрып жасайды. Бір үйде біз нешеуміз? Кел санайық екеуміз.
Бір үйде біз бесеуміз. Оқушыларды мозайка әдісі арқылы үш топқа бөлінеді. «Ата » «Әке» «Бала» |
Қағаз қиындылары |
|||||||||||
|
Сабақтың ортасы 26 мин |
3 мин 7 мин 5мин 5 мин 2-мин 3 мин |
Диалогты оқу арқылы сабақ тақырыбын мазмұнды суретке ашық сұрақтар қою арқылы ашу.
-Суреттен кімдерді көріп тұрсыздар? -Бұл адамдарды біріктіріп тұрған недеп ойлайсыздар? -Отбасы туралы не айта аласыздар? 1- тапсырма Топтық жұмыс 1-топ «Ата » тобы «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы отбасындағы қамқорлық сипатындағы құндылықтарды қалыптастыру мақсатындағы тапсырма беріледі. Әр топтың баяндамашысы жұмыс нәтижелерімен таныстырады
Оқушылар берілген суретте кімнің, кімге қалай көмектесіп жатқаны туралы айтады. Өз отбасында бір-біріне қалай көмектесетіні туралы әңгімелейді. Дескриптор: - Сурет бойынша ой бөліседі; - Өз отбасындағы қарым-қатынас туралы әңгімелейді. Бағалау:Топтар бірін- бірі стикер арқылы бағалайды
Отбасындағы қамқорлық сипатындағы құндылықтарды қалыптастыру мақсатында топқа отбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлықты бейнелейтін суреттерді тауып, белгілеу тапсырылады. Дескриптор: - отбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлықты бейнелейтін суреттерді белгілейді, көрсетеді; Бағалау: Топтар бірін- бірі стикер арқылы бағалайды
Сызбаны өзіне қатысты отбасы мүшелерінің атауларымен толықтырып жазады және өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтайды. Дескриптор: - туыстық атауларды дұрыс жазады. - туыстық қатынастарда өз орнын анықтап жазады Бағалау:Бірін- бірі стикер арқылы бағалайды. Сергіту жаттығуы
Әуен ойнап тұрады, оқушылар айналып жүреді. Әуен тоқтағанда мұғалім оқушы басына қалпақ кигізеді. Қалпақ киген оқушы өз отбасы туралы бір сөйлем айтады. ҚБ Ойынның соңында жақсы жауап берген оқушыларды мадақтаймын.
Суреттерге мұқият қара. Тиісті сөздермен сәйкестендір.
Дескриптор: - Туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын толық анықтайды, әңгімелейді - Суреттерді сөздермен сәйкестендіреді. - Туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын толық анықтауда қателеседі.
Бағалау: Жұпта оқушылар бірін-бірі бас бармақ арқылы бағалайды..
Берілген тірек сөздерден өлең құрастыру Ана,әке,бала,әже Мысалы, сөздерден өз отбасы туралы өлең құрастыру ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ |
Отбасы суреттері,
Ата,әке,бала,әже суреттері
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 16.10.2020 406
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 | |||||||||||








Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген