жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ: Менің отбасым 1сынып
|
|
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №50 ЖОББМ І-санатты бастауыш сынып мұғалімі: Ниязгалиева Орынганым Аккереевна |
|
Пән: Дүниетану Сынып: 1 «Ә |
Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым |
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.1.1 Түрлі дерексөздерді зерттей отырып, «отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіну. 1.1.1.2 Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау. |
|
Сабақ мақсаттары |
1. Дерексөздер негізінде «отбасы» ұғымын сипаттайды және туыстық байланысты атайды. 2.Отбасы мүшелеріне қатысты туыстық атауларды ажыратады және туыстық қатынастарда өз орнын анықтайды. 3.Отбасындағы туыстық байланысты әңгімелейді. |
|
Тілдік мақсаттар |
Терминология: отбасы,нағашы,жезде,жеңге,қарындас,іні,сіңлі,әпке,аға Диалог құрастыруға арналған сұрақтар: -Атаңа сен кім боласың? -Сенің әкеңнің әкесі кім болады? /Ата/ -Анаңның әкесі кім болады?/нағашы ата/ -Анаңның ағасы кім болады?/нағашы аға/ |
|
Құндылықтарды дарыту
|
Азаматтық жауапкершілік: отбасы мүшелерінің өзіндік орны. Ынтымақтастық: ұжымдық ,жұптық. Ашықтық: ҚБ аясында. |
|
Пәнаралық байланыстар |
Әдебиеттік оқу (диалогтік оқу барысында) Көркем еңбек (Отбасы ағашына суреттерін жапсырғанда) Математика (сергіту сәт санамағы,жас ерекшеліктерін айтқанда) |
|
Бастапқы білім |
Өз отбасы туралы біледі. |
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 3 мин 2 мин
|
Ширату (Ұ) «Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы «менің отбасым тақырыбында» біріне-бірі сұрақ қояды. Мыс: -Сенің отбасыңда қанша адам бар? -Отасыңда үлкені кім? -Сенің қарындасың бар ма? -Сенің інің неше жаста? -Сен нешінші баласың? -Атаңа кім боласың? Конфет түстерімен топқа бөліну. Ата-әже,әке-ана,бала суреттері арқылы топқа ат қояды. Топтың атын мимикамен көрсету
1-топ «Ата-әже» 2-топ «Әке-шеш» 3-топ «Бала» ҚБ: Мұғалімнің қолпаштауы Сабақтың мақсатын таныстыру: Бүгін сабақта өз отбасы,отбасы мүшелеріне қатысты туыстық атауларды әңгімелейміз.. |
доп
Ата,әже, әке, ана,бала суреттері
|
|
Сабақ ортасы 25 мин 3 мин 5мин 5 мин
2 мин
5 мин
5мин |
«Ой қозғау» (Ұ) Енді мына бейнефильмге назар аударайықшы. -Біз бейнефильмнен не көрдік? -Құстардың отбасы болама? -Жануарлардың өз отбасы бола ма? -Жануарлардыңда асыраушысы болама? -Бейнефильм не туралы? -Сонымен отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқулықпен жұмыс. 30-бет. Тапсырма Кретирий: Өз ойын нақты айтады. (Ж.Ж) «Ойлан-жұптас-бөліс» Отбасы суретін мұқият қарау арқылы көршісімен жұптасып өз ойын бөліседі. Суреттегі адамдарды не біріктіріп тұрғаны және бұл отбасындағы қарым-қатынас туралы тұжырым жасайды. -Суретте кімдер бейнеленген? -Суреттегі адамдарды не біріктіріп тұр? - Өз отбасыңда қанша адам бар? Суреттегі басқа отбасымен салыстыр?Айырмашылығы неде? -Отбасаның үлкені кім? -Оған отбасы мүшелері қалай қарайды?
Критерий: Өз ойын нақты айтады. ҚБ: Өзара бағалау «Смайликтер» Дәптермен жұмыс. 19бет (өзіндік жұмыс) 2-тапсырма «Галерея» әдісі Оқушылар «Отбасы ағашы» жасайды. Бұтақтарына өз отбасы мүшелерінің фото суреттерін жапсырады. Мысалы: Бұл менің отбасым.Менің отбасымда 5 адам бар. әкем-______, анам-_____, інім-_____, мен-_________.Біз тату-тәтті тұрамыз. ҚБ:Жұптық бағалау «Бағдаршам» әдісі Сергіту сәті «Бармақтар отбасы» Бас бармағым- әкем, Балан үйрек- шешем, Шылдыр шүмек-апам, Кішкентай бөбек-мен. Бір үйде біз нешеуміз, Бір үйде біз бесеуміз. Т.ж Қорытынды арқылы саралау тапсырмалары. А. Дерексөздер негізінде «отбасы» ұғымын сипаттайды және туыстық байланысты атайды.
Әртүрлі суреттерден іріктеп отбасын құрап,атауларын атау.Отбасындағы орнын анықтау. В Отбасы мүшелеріне қатысты туыстық атауларды ажыратады және туыстық қатынастарда өз орнын анықтайды. Мен анама---------; Мен атама - --------. Мен ағама –------- Мен апама----------. Мен ініме--------------т.с.с. С Отбасындағы туыстық байланысты әңгімелейді. (трек сөздер:отбасы,нешеу,бала, немере,нағашы,жиен т.б сөздерін пайдаланып әңгіме құрау) ҚБ: топтық бағалау «От шашу» әдісі Сабақты бекіту Дәптермен жұмыс. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма. 1 тапсырма Критерий: Отбасы мүшелеріне қатысты туыстық атауларды ажыратады. Туыстық қатынастарда өз орнын анықтайды. Сызбаны өзіңізге қатысты отбасы мүшелерінің атауларымен толықтырып жаз.
Дескриптор: 1.Туыстық атауларды дұрыс жазады.(ата) 2.Туыстық атауларды дұрыс жазады.(нағашы әже) 3.Туыстық қатынастарда өз орнын анықтап жазады. (немере) ҚБ: Өзіндік бағалау «+», «-» әдісі АҚТ да жауабы көрсетіледі. |
«Жануарлар отбасы» бейнефильм
Оқулықпен 30 бет
Дәптер 19 бет Отбасы суреттері
Көңілді сергіту жаттығуын АҚТ-дан көрсету
\
«+», «-» әдісі |
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Қорытынды. Ұ.ж. «Тату-тәтті отбасы» ойыны. «Ақиқат пен жалған» әдісі. Мақсатқа қайта оралу. -Менің анамның қызы,бірақ мен емес? /Әпке,сіңілі/ ақиқат. -Сенің әкеңнің ағасы кім болады? /Ата/жалған -Сенің әкеңнің әпкесі саған кім болады? /Әпке/ақиқат. -Сенің Әкеңнің әкесі? /нағашы ата/жалған -Анаңның әкесі кім болады?/нағашы ата/ ақиқат. Рефлексия «Жетістік ағашы» 1.Сабақты түсінсе ағаштың биігіне шығарып жасыл жапырақты жапсырады. 2.Әлі де қайталау керек болса ағаштың ортасына сары жапырақты жапсырады. 3.Жаңа тақырыпты меңгермесе ағаштың ең төменгісіне қызыл жапырақты жапсырады. |
|
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Топтық жұмыс барысында саралау әдісінің қортынды көрсету тәсілінде А. Дерексөздер негізінде «отбасы» ұғымын сипаттайды және туыстық байланысты атайды. ажыратады және туыстық қатынастарда өз орнын анықтайды. С. Отбасыдағы туыстық байланысты әңгімелейді |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданған әдіс-тәсілдер:
|
Денсаулық және
қауіпсіздік техникасының
сақталуы АКТ қолдануда уақыттын ескеремін.
Сергіту сәті |
|
Жалпы баға Сабатың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз)? 1.«Жануарлар отбасы» бейнефильмін көріп,қорытынды жасау арқылы жаңа тақырып сәтті ашылды. 2: «Тату-тәтті отбасы» ойынына қызыға қатысты,оқушылардың отбасындағы туыстық атауларды өздерінің ажыратқаны тиімді болды. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз)? 1. Уақытты тиімді пайдаланып, белсенді әдістерді көбірек өткізсем сабақты жақсартады,жандандырады деп ойлаймын. 2.Тағыда қосымша дереккөздер берсем,кейбір түсінбеген оқушыларға пайдалы болуы мүмкін. Сабақтың барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік,қиындықтары туралы не білдім,келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Жоғары деңгейдегі оқушыларға бүгінгі тапсырмалардан да күрделі тапсырма беруге болатынын байқадым. |
||
шағым қалдыра аласыз















Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген