Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Менің сүйікті жануарым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру салалары: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Менің сүйікті жануарым»

Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсініктерді қалыптастыра отырып, түйемен таныстыру.

Олардың тіршілік әрекеті туралы ұғымдарын кеңейту.

Сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында қолдану дағдыларын дамыту.

Төрт түлікке деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Кіріктірілген аралас сабақ

Әдіс тәсілдері: СТО бағыты бойынша көрнекілілік символдары.

Көрнекіліктер: Слайд

Билингвальды компонент: Түйе- верблюд, бота- верблюжонок.

«Шаттық шеңбері»

- Балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.

Бір шаңырақ астында

Тату тәтті тұрамыз

Бірге ішеміз асты да

Бірге сауран құрамыз

Достықты үлгі санаған

Бір үйде біз тұрамыз

Қалған ата бабадан

Біздің асыл мұрамыз.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінің қай айы?

- Бүгінгі ауа райы қандай?

Таңғажайып сәт:

(Тәрбиеші балалардың назарын экранға аударып Ғажайыпстанға саяхат мультфильмінен үзінді көрсетеді.)

Сұрақ –жауап

1.Балалар Аяжан мен Елдос нелер туралы әңгімелесті?

2. Сендер үй жануарлары туралы білесіңдер ме?

- Өте жақсы балалар ендеше үй жануарларына нелер жатады?

- Сендердің үйлеріңде үй жануарлары бар ма?

- Олар қайда өмір сүреді?

- Олардың төлдері қалай аталады?

Міне балалар біздің бүгінгі оқу іс-әрекетімізде ауылымызда сирек кездесетін үй жануарының бірі түйе туралы әңгімелесеміз.

Түйе туралы әңгімеліп беремін.

Ертеде түйелі көшті «сахараның салтанаты» деп атаған.Төрт түлік малдың бойында болатын қасиеттің бәрі түйе малынын табылады. Алғаш мұнай мен балық өндіре бастағанда ауыр жүктерді осы түйенің көмегімен тасымалдаған. Түйенің еті мен сүті тағам ретінде өте шипалы. Түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлде қайда жоғары. Оның құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендер мол. Түйе сүтінен шұбат дайындалады, оның емдік қасиеті мол. Мойнындағы жүнін шуда деп атайды. Шудасы да қымбат бағаланады.

Түйенің жүнінінен жылы жейде, шұлық, қолғап тоқып, киіз басып, алаша тоқып көрпе жасайды. түйе күй таңтамайды, басқа мал жемейтін қатты тікенді өсімдіктермен қоректене береді . Түйе түнде жайылып, түнде жатып күйіс қайырады. Міне балалар түйенің басқа үй жануарларынан өзгешелігі бар екен.
Тәрбиеші балаларға түйе туралы осылай баяндап берген соң, оны қалай түсінгендерін мына сұрақтар арқылы пысықтайды.
1. Түйе қандай жануар?

2 Түйенің сүтінен не дайындалады?

2. Сүтінің қандай қасиеті бар?

3. Түйе немен қоректенеді?
4. Түйенің жүнін не деп атайды?

Сергіту сәті

«Тұлпарым» әнімен сергіту сәті жасалады.
Дидактикалық ойын: «Сипаттап бер» (кубизм әдісі)

Мақсаты: Кубиктің жан- жанындағы үй жануарларының атын атап

әңгімелеп беруге үйрету, тіл байлықтарың дамыту, сөздік қорларын молайту.

- Балалар ойынға өте жақсы қатыстыңыздар енді үй жануарлары туралы тақпақ білеміз бе?

Балалар қараңдаршы мына суретте не бейнеленген?
Бұл суретте әдемі жайлау көрінісі бейнеленген екен бірақ нелер жетіспейді?

-Балалар мына суреттердің арасынан үй жануарларын алып жайлауға жапсырып көрік берейік.

Дидактикалық ойын: « Төлін тап»

Мақсаты: үй жануарларының төлдерін атай білуге, ажырата білуге үйрету.

Ойын шарты: Бір күні Хамит атай өрісте төрт түлік малын жайып жүр еді. Бір мезгілде күн бұлттанып жаңбыр жауады. Қатты жаңбырдың кесірінен төлдер өздерінің енелерінен ажырап калады, енді балалар барлығымыз Хамит атайға және төлдердің енелеріне қауышуға көмектесуіміз керек.

- Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде нелер туралы әңгімелестік?

- Балалар бүгін біз түйе туралы не білдік?

- Мынау не?

- Қандай?

- Не істейді?

- Қайда мекендейді?

- Түйе жәндік пе? жануар ма?

- Кәне балалар түйе қандай жануар деп ойлайсыңдар сөйлем құрап көрейікші .

Балалар сіздер бүгінгі оқу іс -әрекетіне өте жақсы қатысқандарың үшін сіздерге бестік бағасының орнына жұлдызша беремін .

Балаларды мадақтап оқу іс-әрекетін аяқтау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2021
1146
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12