жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Менің сүйікті жануарым"
Күні:
Білім беру салалары: Қатынас
Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Менің сүйікті жануарым»
Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсініктерді қалыптастыра отырып, түйемен таныстыру.
Олардың тіршілік әрекеті туралы ұғымдарын кеңейту.
Сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында қолдану дағдыларын дамыту.
Төрт түлікке деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Кіріктірілген аралас сабақ
Әдіс тәсілдері: СТО бағыты бойынша көрнекілілік символдары.
Көрнекіліктер: Слайд
Билингвальды компонент: Түйе- верблюд, бота- верблюжонок.
«Шаттық шеңбері»
- Балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.
Бір шаңырақ астында
Тату тәтті тұрамыз
Бірге ішеміз асты да
Бірге сауран құрамыз
Достықты үлгі санаған
Бір үйде біз тұрамыз
Қалған ата бабадан
Біздің асыл мұрамыз.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінің қай айы?
- Бүгінгі ауа райы қандай?
Таңғажайып сәт:
(Тәрбиеші балалардың назарын экранға аударып Ғажайыпстанға саяхат мультфильмінен үзінді көрсетеді.)
Сұрақ –жауап
1.Балалар Аяжан мен Елдос нелер туралы әңгімелесті?
2. Сендер үй жануарлары туралы білесіңдер ме?
- Өте жақсы балалар ендеше үй жануарларына нелер жатады?
- Сендердің үйлеріңде үй жануарлары бар ма?
- Олар қайда өмір сүреді?
- Олардың төлдері қалай аталады?
Міне балалар біздің бүгінгі оқу іс-әрекетімізде ауылымызда сирек кездесетін үй жануарының бірі түйе туралы әңгімелесеміз.
Түйе туралы әңгімеліп беремін.
Ертеде түйелі көшті «сахараның салтанаты» деп атаған.Төрт түлік малдың бойында болатын қасиеттің бәрі түйе малынын табылады. Алғаш мұнай мен балық өндіре бастағанда ауыр жүктерді осы түйенің көмегімен тасымалдаған. Түйенің еті мен сүті тағам ретінде өте шипалы. Түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлде қайда жоғары. Оның құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендер мол. Түйе сүтінен шұбат дайындалады, оның емдік қасиеті мол. Мойнындағы жүнін шуда деп атайды. Шудасы да қымбат бағаланады.
Түйенің жүнінінен жылы жейде, шұлық, қолғап
тоқып, киіз басып, алаша тоқып көрпе жасайды. түйе күй таңтамайды,
басқа мал жемейтін қатты тікенді өсімдіктермен қоректене береді .
Түйе түнде жайылып, түнде жатып күйіс қайырады. Міне балалар
түйенің басқа үй жануарларынан өзгешелігі бар екен.
Тәрбиеші балаларға түйе туралы осылай баяндап берген соң, оны қалай
түсінгендерін мына сұрақтар арқылы пысықтайды.
1. Түйе қандай жануар?
2 Түйенің сүтінен не дайындалады?
2. Сүтінің қандай қасиеті бар?
3. Түйе немен қоректенеді?
4. Түйенің жүнін не деп атайды?
Сергіту сәті
«Тұлпарым» әнімен сергіту сәті
жасалады.
Дидактикалық
ойын:
«Сипаттап бер» (кубизм әдісі)
Мақсаты: Кубиктің жан- жанындағы үй жануарларының атын атап
әңгімелеп беруге үйрету, тіл байлықтарың дамыту, сөздік қорларын молайту.
- Балалар ойынға өте жақсы қатыстыңыздар енді үй жануарлары туралы тақпақ білеміз бе?
- Балалар қараңдаршы мына суретте не
бейнеленген?
- Бұл
суретте әдемі жайлау көрінісі бейнеленген екен бірақ нелер
жетіспейді?
-Балалар мына суреттердің арасынан үй жануарларын алып жайлауға жапсырып көрік берейік.
Дидактикалық ойын: « Төлін тап»
Мақсаты: үй жануарларының төлдерін атай білуге, ажырата білуге үйрету.
Ойын шарты: Бір күні Хамит атай өрісте төрт түлік малын жайып жүр еді. Бір мезгілде күн бұлттанып жаңбыр жауады. Қатты жаңбырдың кесірінен төлдер өздерінің енелерінен ажырап калады, енді балалар барлығымыз Хамит атайға және төлдердің енелеріне қауышуға көмектесуіміз керек.
- Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде нелер туралы әңгімелестік?
- Балалар бүгін біз түйе туралы не білдік?
- Мынау не?
- Қандай?
- Не істейді?
- Қайда мекендейді?
- Түйе жәндік пе? жануар ма?
- Кәне балалар түйе қандай жануар деп ойлайсыңдар сөйлем құрап көрейікші .
Балалар сіздер бүгінгі оқу іс -әрекетіне өте жақсы қатысқандарың үшін сіздерге бестік бағасының орнына жұлдызша беремін .
Балаларды мадақтап оқу іс-әрекетін аяқтау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Үй жануарларының тіршілік әрекеті туралы сипаттап беруді.
Игереді: Түйенің тіршілігі, қорегі, адамға келтіретін пайдасы туралы
Меңгеруі: Үй жануарларының адамның қамқорлығына зәру екендігі туралы ұғымды игереді,
қамқорлықпен қарауды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген