Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. "Менің сүйікті ойыншықтарым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың тілін,ойлау қабілетін дамытуға арналған ашық сабақ.Балалар өздерінің сүйікті ойыншықтары жайлы әңгімелеу арұқылы ой өрәстерін,тілдерін дамытады.Сабақта қолдың ұсақ маторикасын дамытуға жапсырма мен ойындар қолдандым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі

Күні: 25.05.2021

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Менің сүйікті ойыншықтарым»

Мақсаты: Балаларды сиқырлы таяқша әдісі арқылы 2-3 сөзден тұратын қысқа әңгіме құрастыруға, ойыншықтардың аттарын атай отырып, сипаттай білуге дағдыландыру.

Білімділік : Өздеріне ұнаған ойыншыққа зеріттеу жүргізіп әңгімелеп айтып беруге, ойыншықтардың жекеше, көпше атауларын айтуға үйрету .

Дамытушылық: Балаларды сөзді анық айтып , дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздік қорларын дамыту .

Тәрбиелік: Ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен, жанашырлықпен қарап әрекет етуге тәрбиелеу .

Қажетті құрал-жабдық көрнекілік: сиқырлы таяқша, сандық, ойыншықтар.

Сөздік жұмыс: Ойыншық-игрушка,қуыршақ- кукла,көлік-машина.

Қолданылған технология:мнемокесте.

Іс –әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әс-әрекеті


Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбер:

Сәлеметсіздерме!

Бүгін қонақтарға қандай ақылды,жақсы балалар екенімізді көрсетейік.

Сәлем-Күнге!

Сәлем-Жерге!

Сәлем-барлық әлемге!

Сәлеметсіңбе – достарым,Сәлеметсізбе- Апайым!


Негізгі бөлім

Жарайсыңдар балалар!Енді орнымызға отырып тілімізге жаттығу жасап алайық.

Ра-ра-ра гүлге қонды ара,

Са-са-са ызылдайды маса.

Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ болады,

- Ой балалар, мұнда біреу сандықша тастап кетіпті.Сандықшамен бірге шарлар бар екен.Бұл шаршар жай шарлар емес екен.Әр шарда тапсырмалар жасырылған екен.Тапсырмалырды орындаймыз ба? 1- тапсырма. «Не екенін атап бер» ойыны. Кане сандықшаны ашып көрейікші. Бізге оны ашу үшін не керек? (Сандықшаны ашу үшін бізге сиқырлы сөздер айтуымыз керек,қанае менімен қайталаймыз Сим-сала-бим ашыл.) Сандықты ашып ішінен ойыншықтарды шығару.

Әр ойыншыққа тоқталып сипатама беру.

-Бұл не?

-Ол қандай, үлкен бе, әлде кішкентай ма?

-Біз онымен не істейміз?

Ойыншықтарды көрсетіп, түрлерін атап береді.

-Өте жақсы балалар, ойыншықтармен бөлісіп, ұқыптап ойнау қажет.

Тәрбиеші;Қыз балалар қандай ойыншықпен ойнағанды ұнатады?

Тәрбиеші;-Дұрыс айтасыңдар .Қуыршақпен. Құыршақ туралы кім тақпақ айтып береді?

Айзере.

Ойыншығым қуыршақ,

Не берсем де жемейді.

Еркелігі соншама,

Көтермесем жүрмейді.

-Ал , ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды?

Балалар ; машинамен ойнайды .

-Кім машина туралы тақпақ біледі?

Назар

Үлкенмін ғой міне мен,

Ойыншықтарды жинаймын

Машинаға мінер ем,

Кабинаға сыймаймын.

Балалар шаршадыңдар ма?Дем алып алайық.

Сергіту сәті.

Бала-бала балапан,

Қәне,қайссы алақан?

Саусақтарың әйбәт,

Былай-былай ойнат.

Біз ойыншықтармен үйде балабақшада ойнаймыз, оларды сындырмай ойнау керек.

2-тапсырма.Енді балалар дидактикалық ойын ойнайық.

«Ойыншықтарды сөрелерге жина»

Шарты: шашаылған ойыншықтарды сәйкесінше жапсырмамен сөрелерге орналастыру.


Қорытынды

бөлім

- Жарайсыңдар,балалар!Сабағымыздың соңында біз сендермен тағы бір қызықты ойын ойнап алайық. 3-тапсырма. Ойын;«Қандай ойыншық жетіспейді?»

Балалар бізге бүгін кім сандық акелді?

-сандықтың ішінде қандай ойыншықтар болды?

-не туралы сабақ болды?

- Балалар сендер бүгін сабаққа өте керемет қатыстыңдар, менің сендерге дайындаған сыйлығым бар соны берейін. Осымен сабағымыз аяқталды сау болыңдар.


+_________________________________________________________________________________________________________________

+_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.08.2021
405
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12