400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Міржақып Дулатов. "Бақытсыз Жамал" романы 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
11-сыныпқа сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін тиімді
Материалдың қысқаша нұсқасы







Сабақтың тақырыбы:



«М.Дулатұлы. «Бақытсыз-Жамал» романы»

11-сынып



Пән мұғалімі: Зәкариянова Сандуғаш Зарыққанқызы



Алматы қаласы Түркісіб ауданы С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі .



Поштаның мекенжайы: Сейфуллин даңғылы 107, индекс 050037

Жұмыс орнының телефоны: Алматы. 8 (727)-2-94-58-40

Электрондық пошта: sandugash.zakariyanova@mail.ru

Ұялы телефон: 87016797731, 87479573987.























Түсінік хат

«М.Дулатұлы. «Бақытсыз-Жамал» романы» тақырыбындығы сабақ 11 –сыныптың қазақ әдебиеті пәні бойынша ұсынылып отыр.

Сабақта «әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін анықтау; Шығарманың тақырыбы мен идеясын , тарихи құндылығын бағалау » мақсаттарын жүзеге асыруды жоспарладым. Роман желісімен танысқан оқушылар шығарманы талдайды. «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» атты «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын игерту көзделді. Тарих, қазақ тілі пәндерімен байланысты.

АКТ-ны қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін интербелсенді тақтадан тапсырмалар көрсетіліп, оқушылардың өз бетімен жұмысын ұйымдастыру мақсатында ноутбук қолданылады, топтық жұмыста таныстырылым дайындайды.

Сабақта оқушылардың зейін аудару үшін психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Сатамын және сатып аламын» тренингін өткіземін.Оқушыларды шеңбер бойымен тұрып,қасындағы көршісіне өзінің жағымсыз қасиетін сатып, оның жақсы қасиетін сатып алады. Бұл оқушыларды сергіту мақсатында да қолданылады.

«Ой қозғау» әдісі негізінде «Бақытсыз Жамал» романы не себепті құнды деп ойлайсыңдар?» атты сұраққа «Әдеби әңгіме шеңберінде» берген тапсырманы талқылайды. Бұл тапсырма арқылы оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейі бақыланады.

Топтық жұмыс ретінде оқулықта берілген «Бақытсыз Жамал» романының бөлімдеріне композициялық талдау жасап, алдарындағы ноутбукта таныстырылым дайындап, ортаға шығып қорғайды. Топтық жұмыс берілген дескриптор бойынша бағаланып, «Екі жұлдызша, бір тілек» арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақта жұппен жұмыс «Пікір пирамидасы» әдісі арқылы жүзеге асады. Ұсынылған әдіс арқылы оқушылар әңгіме кейіпкерлерінің іс-әрекеттері арқылы образдарын талдайды, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне дәлел келтіреді.

Жеке жұмыс бойынша ұсынылған кесте бойынша әңгімеден негізгі кейіпкерді сипаттайтын тұстарын тауып, портреттерін жинақтайды. Бұдан соң «Т» кестесін толтырады. Онда «Жамал трагедиясы-бүкіл халықтық трагедия ма, әлде бір қыздың бас қайғысы ма? сұрағының төңірегінде ойларын ортаға салады. Сабақты қорытындылау үшін топтық жұмыс ретінде «Ойланудың алты қалпағы тәсілі» арқылы оқушылардың ой қорытуына мүмкіндік беріледі.

Сабақтың соңында « 5-5-1» әдісі бойынша әр оқушы сабақ туралы өз ойларын білдіреді.Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергені жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін 5 сөйлем орнына 5 сөзге дейін қысқарады. Одан кейін 5 сөз 1 сөзге қысқарады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін сыныпқа ұсыну арқылы кез келген істе түйін болу керектігін түсінеді . Саралау тапсырмасы ретінде «Сол замандағы қазақ тұрмысынан менің түсінгенім» атты эссе жазу беріледі Шығармадан дәлел келтіре , өзіндік пікір білдіреді.









Қысқа мерзімді жоспар:

11 «А» сыныбы

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Дулатұлы. «Бақытсыз-Жамал» романы

Сабақта жүзеге асыралатын мақсаттар

Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін анықтау.

Шығарманың тақырыбы мен идеясын , тарихи құндылығын бағалау.

Сабақтың мақсаттары

Роман желісімен танысып, шығарманы талдау

Құндылықтарды игеру

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

АКТ-ны қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, ноутбук.

Сабақтың нәтижесі

Оқушылар орындай алады: сюжеттік –композициялық жоспар құра алады.

Оқушылардың барлығы орындай алады: әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін анықтай алады;

Оқушылардың көпшілігі шығарма жанрына байланысты сюжеттік желілеріне талдау жасайды.

Сабақтың барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурс

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

2.Психологиялық ахуал.

«Сатамын және сатып аламын» тренингі.

Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызу. Шеңберде тұрған оқушы қасындағы көршісіне өзінің жағымсыз қасиетін сатып, оның жақсы қасиетін сатып алады.

Мысалы, «Мен еріншектігімді сатып, сенің шыншылдығыңды сатып аламын».

Оқушыларды топқа бөлу. Еркін топта отыру (оқушылар қалаған топтарына барып отырады)

Оқулық

Сабақтың ортасы

1. «Ой қозғау» әдісі

- «Бақытсыз Жамал» романы не себепті құнды деп ойлайсыңдар?

«Әдеби әңгіме шеңбері»

Әңгіменің құндылықтарын талдау үшін мұғалім оқушылардан екі шеңбер жасап тұруды талап етеді (бірін-бірі көретін ішкі және сыртқы шеңбер), осылайша «әдеби әңгіме шеңберін» ұйымдастырады. Оқушылар мұғалім берген тапсырманы талқылайды.

2.Топтық жұмыс.

Оқулықта берілген «Бақытсыз Жамал» романының бөлімдерімен жұмыс. Алдарындағы ноутбукта таныстырылым дайындайды.

Композициялық талдау

1) Әр топ өз бөлімдерін оқи отырып, сюжеттік-композициялық жоспар жасайды:

1-слайд- оқиғаның басталуы;

2-слайд- оқиғаның дамуы;

3-слайд- оқиғаның шиеленісуі;

4-слайд- оқиғаның шарықтау шегі;

5-слайд- оқиғаның шешімі;

1-топ. 1-бөлім.

2-топ. 3-бөлім.

3-топ. 7-бөлім.

Дескриптор:

1.Композициялық талдау жасайды.

2.Жанрлық ерекшелігін ажыратады.

- Дайын таныстырылымды тақтаға шығып қорғайды.

Кері байланыс: «Екі жұлдызша, бір тілек»

3. Жұппен жұмыс.

«Пікір пирамидасы»

1. Шығарма не туралы – 1 сөз

2.Шығармаға сипаттама (ерекшелігі, айырмашылығы)-2 сөз.

3. Әрекет орны мен уақыты -3 сөз

4. Шығармадағы басты оқиға – 4 сөз.

5. Шығарманың басты кейіпкерлері – 5 сөз.

6. Шығарма туралы жеке пікірің – 7 сөз.

Дескриптор:

- Әңгіме кейіпкерлерінің іс-әрекеттері арқылы образдарын талдайды;

- кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне дәлел келтіреді.

4. Жеке жұмыс.

Әңгімеден негізгі кейіпкерді сипаттайтын тұстарын тауып, портреттерін жинақтаңдар. Кейіпкердің маңызды әрекеттерін анықтаңдар. Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкерге қатысты қорытынды.

кейіпкер

Әңгімедегі портрет

Кейіпкердің үш маңызды әрекеті

Өз көзқарасым





4-тапсырма . «Т» кестесін толтыру

«Жамал трагедиясы-бүкіл халықтық трагедия ма, әлде бір қыздың бас қайғысы ма? Мәселесі негізінде Т кестесін толтыру.

Халықтық трагедия

Жеке бастың қайғысы



Топтық жұмыс. «Ойланудың алты қалпағы тәсілі».

Тапсырма. Кейіпкер өз заманының адамы ма ?

Берілген сұрақ пен рөлге байланысты дәлелдеңдер.

топ

рөлі

тапсырмасы

1-топ

Ақ қалпақ

Кейіпкердің шынайы әрекеттері қандай? Ол не үшін құнды болды?

Қызыл қалпақ

Ашу, шиеленіс, сезім. Осыған байланысты менде қандай сезімдер туындады?

2-топ

Сары қалпақ

Автор ойының артықшылықтары қандай? Бұл кім үшін пайдалы?( оптимизм)

Қара қалпақ

Қандай жағымсыз жақтарын көрдіңіз? Қандай олқылықтар бар? Бұл идея не үшін қажет?

3-топ

Жасыл қалпақ


Баламалы идеялар бар ма? Сен автор болсаң, қандай сюжет қосар едің?


Көк қалпақ

Болашақта нені ескеруіміз керек?


Ноутбук, таныстырылым











































Кесте











«Т» кестесі











«Ақылдың алты қалпағы»

Сабақтың соңы

Рефлексия. « 5-5-1»

Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергені жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін 5 сөйлем орнына 5 сөзге дейін қысқарады. Одан кейін 5 сөз 1 сөзге қысқарады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін сыныпқа ұсынады.


Бағалау

Бағалау парақшасы арқылы жүзеге асырылады:


Оқушының аты-жөні:

«Әдеби әңгіме шеңбері»


Топтық жұмыс

Жұппен жұмыс.

«Пікір пирамидасы»

Жеке жұмыс

«Т» кестесін толтыру

Топтық жұмыс

Жалпы









1-5-балл қойылады.

1-2 балл -нақты дәлел жоқ, түсінік аз берілген, 3 балл-жалпылама түсінік қалыптасқан.4 балл-дәлел бар,әлі де толықтыруды қажет етеді, 5 балл –тапсырма толық орындалған, нақты дәлелдер келтірілген.

1-2 балл –«2»

3 балл- «3»

4 балл- «4»

5 балл- «5»



Үйге тапсырма

Эссе. «Сол замандағы қазақ тұрмысынан менің түсінгенім»

Дескриптор:

1. Шығармадан дәлел келтіре , өзіндік пікір білдіреді.









































Қосымша



11-сыныпта қазақ әдебиеті «М.Дулатұлы. «Бақытсыз-Жамал» романы» тақырыбы бойынша сабақтың нәтижесінде сюжеттік –композициялық жоспар құруды оқушылар меңгереді.Оқушылардың барлығы әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін анықтай алады. Оқушылардың көпшілігі шығарма жанрына байланысты сюжеттік желілеріне талдау жасайды. Осы нәтижеге қол жеткізу үшін тиімді әдіс –тәсілдер сабақта қолданылды.

Оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, диалогтік оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, қалай оқу керектігін үйрену, талантты және дарынды балаларды оқыту модульдері арқылы жүзеге асырамын. Мәселен, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы оқушылар бір-бірін бағалағанда нақты және шынайы екі жетістігін, сондай-ақ бір ұсыныс, сын айтады. Бұл оқушылардың жанындағы сыныптасының еңбегін дұрыс бағалауы үшін ойлануына әкеледі. Оқушы сыни тұрғыдан ойлана отырып, өзін немесе сыныптасын бағалайды және оның дұрыс, нақты, шынайы болуына көңіл бөледі. Бұл өмірлік қажетті жағдаят болатыны анық. Сондықтан сабағымда оны қолдану маңызды деп түсінемін. Сабағымда диалогтік оқыту мен сын тұрғысынан ойлауға үйрету модульдеріне сүйендім. Таңдаған белсенді әдіс-тәсілдерім арқылы оқушыға тапсырманың орындалуына бағыт-бағдар беремін. Осы белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылар өзара әрекеттесіп, мақсатқа қол жеткізеді. Жеке жұмыс, топтық, жұптық, жұмыстар жасау жолдары да жоспарланды. Тапсырмалар оқу мақсатымен байланысқан, сараланған және жас ерекшелігіне сай таңдап алынды.

Сабақтан деректер:











АКТ-мен жұмыс.Таныстырылым дайындау сәті











Таныстырылымды қорғау. «Пікір пирамидасы». «Ақылдың алты қалпағы».

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
2145
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі