400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ М.Жұмабаев "Түркістан" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ХХ ғасырдың басындағы жалғыз қазақ емес, күллі Тұран жерінен шыққан түркі текті халықтардың мақтанышына айналған, көзі тірісінде-ақ мәңгілік сөнбес Шолпан жұлдызындай жарқырап шыққан Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы толығырақ мәлімет алу, «Түркістан» өлеңін оқып талдай отырып, тұран,түркілер жайлы түсініктер мен білімді дамыту. Өлеңге талдау жасау арқылы ақынның өзіндік ерекшеліктері мен тіл шеберлігін білу. Еліміздің тарихын тереңірек білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Аминова Дәметкен Чуйшовна



Тақырыбы

М.Жұмабаев. «Түркістан» өлеңі

Жалпы мақсаты

Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Күтілетін нәтиже

Әр оқушы өзіндік пікірін жеткізуге дағдыланады.Топта жұмыс жасауға үйренеді.Көшбасшылық қабілеті ашылады.

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Блум таксономиясы , СТО

Қолданылатын ресурстар

Сілтеме Қазақ әдебиеті 8 сынып оқулығы. С.Мақпырұлы, А.Қыраубайқызы, К.Құрманбай. Алматы «Мектеп»2014ж , маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин



Тренинг

Психологиялық дайындық. Қайырлы күн достым , Қайырлы күн болсын. Бүгінгі біздің күніміз, Сәттілікке толсын ! Сынып оқушыларын 1,2,3 сандарымен 3 топқа бөлу

Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.

Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Миға шабуыл


Үй тапсырмасын сұрау.Сандар сөйлейді: 1846ж -------------

1916ж -------------

1936ж--------------

1937ж-------------- 1941ж-------------- 1945ж------------- Ой қозғау Арыстанмын,айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын,маған қарсы кім тұрар? Көкте – бұлт,жерде – желмін гулеген, Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар? -Бұл өлең жолдарының авторы кім? Мағынаны тану Мағжан кім?Ақын,аудармашы,қоғам қайраткері,Алаш ардақтысы. –Мағжанның қандай өлеңдерін білеміз? -«Түркістан», «Сағындым», «Қазағым» , «Күз» , «Толқын»,«От»т.б. Мағжан Жұмабаев өмірінен бейнетаспа көрсету.

Слайд бойынша әр топқа тапсырма беріледі, олар не білетіндерін, не үйренгендерін ортаға салып бөліседі.


Оқушы берген тапсырманы орындау

Әр топ слайдпен жұмыс істейді, өткен тақырыптан не білгендерін айтады

Білу 9 мин


Қызығушылық-

тарын ояту

Оқулықпен жұмыс. Мағжан Жұмабаев туралы берілген мәтінді түсініп оқып,кластер құрғызу.

Тақырыптың мағынасы мен идеясын талдау үшін әр топқа тапсырма беріледі, әр топ өз тапсырмасын орындаған соң екінші топқа ұсынады

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру керек. Тапсырмаларын бір –біріне көрсету арқылы ой бөліседі, тақырыптың мағынасын аша отырып өзара топпен талдайды

Түсіну 5 мин

Өлең мәтінін мәнерлеп оқу және әр шумаққа ат қою. 1.Түркістан қайда орналасқан ? 2.Түрік және түркі сөздерінің мәнін қалай түсінесің?(Түрік – ұлт атауы,түркі-туыстас халықтар атауы) 3.Поэмада «Алаш»деген сөз жиі кездеседі оны қалай түсінесің? 1шумақ-Түркістан-екі дүние есігі ғой. 2 шумақ-Тұран-ер түрік мекені. 3,4,5,6-шумақтарда-Тұран табиғаты. 6,7 шумақтарда-өзен-көлдері,жер-су аттары-Оқыс,Яқсарт-Жейхун-Сейхун-Амудария-Сырдария. 8шумақта-Тұран таулары Тянь-Шань,Тарбағатай,Памир, Алтай,Қазығұрт. Түсіндірме сөздік Екі дүние есігі –осы дүние мен о дүниенің түйіскен жері,қасиетті жер. Несібелі – байлығы Тұран-түркілердің астанасы. Ұсап-ұқсап. Алаш – қазақ,қарақалпақ,өзбек,қырғыз,түрікмен,әзірбайжан,татар,т.б. Көксеу-сағыну.

Әр топқа тапсырма тарату арқылы тараудан не біліп, не үйренгендерін қағаз бетіне түсіреді, қорғайды

Барлық топ өз ойларын тапсырма бойынша қағазға салып, ойларын айтады.

Қолдану 10 мин

Өлеңге сатылай кешенді талдау.



Талдау

4 мин

Ақын өлеңіндегі көркем тіл шеберлігіне көңіл аударту. Топтық тапсырма. 1-топ.Өлеңдегі метафора,эпитет,теңеулерді таптыру.Эпитет:Ер түрік,кең ақыл,отты қайрат,жүйрік қиял.Метафора:от болып туған,отқа ұқсап,Арқаның ардагері-қалың алаш,Алаштың арыстаны. 2-топ.Өлеңді өлең құрылысына талдау. Шер батса// кім іздемес //туған елін, Тұлпар да//көксемей ме //туған жерін? Арқаның //ардагері-// қалың ағаш, Тұран да//біле білсең,//сенің жерің! Өлеңде 1 шумақ,4тармақ,12 бунақ бар.Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. 3-топ.Өлеңге жоспар құру. 1.Қасиетті Түркістан – бабалар мекені. 2.Тұран жері -түркілер елі. 3.Кең ақыл,отты қайрат,жүйрік қиял ер түрік. 4.Тұран топырағындағы ұлы тұлғалар. Туған жер – тұғырың.Дәптерге жазады.

Топтарға тапсырма мен сұрақтар беріледі, әр топқа уақыт беріледі, қай топ бітсе, сол топ ортаға шығып жауаптарын көрсетеді

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру керек.Қай топтың тапсырмасы мен сұрақтары дұрыс болса сол топ жеңімпаз болады

Жинақтау 2 мин

«Түркістан» өлеңі қай тақырыпқа арналып жазылған?(Туған жер ,атамекен ) 2.Бүкіл түрік елі Түркістанды киелі жер – екінші Мекке деп түсінеді.Себебі неде ?(«Бабаның басына барып қайту – үлкен сауап», деп саналады.)Берілген сұраққа жауап береді, ойларын айтады.

Өлең бойынша білімдерін жинақтау.

Әр топ өзара тақырыпқа қатысты тапсырманың жауабын тақтаға шығып қорғайды, тақырыпты жинақтайды

Бағалау


Өзін-өзі бағалау (2 мин)

Баға ағашы , бағалау парақшалары

Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату

Өзін- өзі топпен бағалайды

Үйге тапсырма



Кері байланыс

М.Жұмабаев. «Түркістан» өлеңі.


Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?Не білдім?Не ұнады?Сабақтан алған әсерім. Стикерлерді толтыру




Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну




Ұсынылған стикерді толтыру



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
641
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі