15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ М.Мағауин "Бір атаның балалары" 6-сынып
М.Мүсілім,
Жаңашаруа қазақ орта мектебі.
Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы,
Қоныстану ауылы
Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары» (2-сағаты)
(6-сынып)
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
Шығарма мазмұнын қайталай отырып, оқушылардың кейіпкерлерге толық мінездеме беруіне, тағдырына ортақтаса алуына мүмкіндік туғызу, кейіпкер арасындағы ізгілік қарым – қатынасты талдау, оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу; Сыни ойлау көқарасын дамыта отырып, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер диалогтік оқытуды қолдану арқылы негізгі идеяны түсіну; өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушыны табу; жас ерекшелігін ескеру; ой түйіндеуіне орай көшбасшылықты анықтау; Ынтымақтастыққа, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу. |
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: Оқылған әңгіменің негізгі мазмұнын түсінеді. |
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Оқылған әңгіменің негізгі мазмұнын түсінеді және кейіпкер бейнесін анықтайды. |
|
|
Кейбір оқушылар орындай алады: Әңгіме мазмұнын түсінеді, кейіпкер бейнесін анықтай алады, кешенді талдау жасай алады, пікір айтады. |
|
|
Оқыту нәтижесі: |
Оқушылар шығарма кейіпкерлерін жан – жақты талдап, олардың арақатынасын анықтайды. Әр оқушы кейіпкерлерге сын тұрғысынан баға беріп, зерттеу жүргізеді, өз ой – пікірін білдіре алады. Шағын топта бірлесе ынтымақпен жұмыс атқарады, біріге қорытынды жасайды. Ойды жүйелі жинақтауға үйренеді; өз біліміне есеп беріп, бағалауға үйренеді; өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі; өзге топтарды тыңдауға үйретіледі. |
|
Міндеттері: |
Оқушылар шығарма кейіпкерлерін жан-жақты талдап, олардың арақатынасын анықтайды. Сыныпты топтық жұмыс жасауға, еркін сөйлеуге, жүйрік ойлауға машықтандыру. Оқушыларды бауырмалдылық, мейірімділік, бейімдеушілік қасиеттерге тәрбиеле |
|
Сілтеме: |
Оқулық ; М. Мағауин шығармалары; Слайдтан тапсырма көздері, BilimLand 6-сынып: Проза М.Мағауин. 1 тармақ . |
|
Негізгі идея |
«Сыртқы түр-перде. Ішін айт, пиғылын айт» (Мәтіннен Ахметтің сөзі) |
|
Сабақтың әдіс-тәсілдері |
«Автор орындығы», Сұрақ-жауап,проблема тудыру,іздестіру,оқулықпен жұмыс, топпен және жеке жұмыс жасау, баяндау, пікірталас, эссе, талдау сын тұрғысынан ойлау, дарынды және талантты балалармен жұмыс, рефлексиялық есеп |
|
Бағалау критерийі |
Мәтіннің мазмұнын түсінеді; Әңгімедегі кейіпкер бейнесін анықтайды. |
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: Оқылған әңгіме бойынша кейіпкерлерге сипаттама береді. |
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: |
|
|
Алғыр, ақылды, әділетті, мейірімді бала, қарапайым, қызба, сотқар, тентек, мақтаншақ бала т.с.с. |
|
|
Алдыңғы оқу |
Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары» хикаяты |
|
Сабақтың кезеңі |
Кезеңнің мақсаты: |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
уақыт |
||||||||||||||||
|
Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпты екі топқа бөлу "Достық", "Бірлік", "Татулық" |
|||||||||||||||||||||
|
Білу |
Оқыған шығарманы еске түсіріп, түсінгенін қысқаша баяндау. |
Мұхтар Мұқанұлы Мағауин- тарихшы, жазушы, драматург, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі, ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Мемлекет сыйлығының лауреаты , Қазақстанның халық жазушысы
Мұхтар Мағауин
ғалым қоғам қайраткері Жоспар бойынша әңгіме мазмұнын жүйелеу арқылы композициялық құрылымына талдау жасау: Оқиғаның басталуы: Ауылға келген балалар Оқиғаның дамуы: Балаларды бөліп алуы Оқиғаның байланысуы: Зигфридке той жасауы Оқиғаның шиеленісуі: Қазақ балаларымен Зекеңнің достасуы Оқиғаның шарықтау шегі: Ахметтің үстінен арыз түсуі Оқиғаның шешімі: Ахмет ақталып, көрші ауылға көшті |
Жоспар бойынша суреттер арқылы болған оқиғаларды ретімен қоя отырып, мазмұнын қысқаша баяндайды, сол арқылы шығарманың композициялық құрылымын шығарады. |
Өзін-өзі бағалау парағы мен таныс тыру Мадақтау |
Сабақ тың басы 5 минут |
||||||||||||||||
|
Түсіну |
Повесть мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, автордың негізгі айтпақ ойын, идеясын тапқызу. |
«Автор орындығы» Ашық сұрақтар қоя отырып, кейіпкер
бейнесін ашу 3-топ. Зекен бейнесіндегі оқушыға сұрақтар: 1.Сен өзіңнің жаңа есіміңе ризасың ба? 2.Қазақы дәстүрге көзқарасың қандай? |
Ашық сұрақтармен жұмыс жасай отырып, өз ойларын ортаға салады. |
7 минут |
|||||||||||||||||
|
Қолдану |
Шығарманың мазмұнынан түсінгендерін пайдалана отырып, кейіпкерлерге талдау жасау. |
М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесінен үзіндідегі шығарманың кейіпкерлерін талдау жұмыстары. 3 топқа
Күтілетін нәтиже: Басты кейіпкерлердің тұлғалық мінездемесі, келбеті топта талданып, кейін біріктіріледі. Оқушы пікірі:_____________ Бағасы:__________________ |
Топтық жұмыс жасай отырып өз ойларын кесте бетіне топтастырады
|
Критер иалды бағалау
Жұптық бағалау
|
10 минут
|
||||||||||||||||
|
Талдау |
Сатылай кешенді талдау жүргізіп дәлелдеу.
Әдебиет теориясы бойынша қосымша мәліметтер беру.
Мағынасы қиын сөздерге түсіндірме жүргізу |
Сатылай кешенді талдау: 1.Әңгіменің аты, авторы: М.Мағауин «Бір атаның балалары» 2.Тақырыбы: Ұлы отан соғысы жылдарындағы қазақ ауылының өмірі, жетім балалар тағдыры, бауырмалдық, адамгершілік 3.Идеясы: Қазақ халқының бауырмалдық, адамгершілік қасиеттерін дәріптеу 4.Тәрбиелік мәні: Бауырмалдыққа, қайырымдылыққа, адамгершілікке, ынтымаққа тәрбиелейді 5.Жанры: Проза, повесть
1. Гимнастерка – әскери киім, тығыз матадан тігілген жейде 2. Протез – адамның жоқ дене мүшесінің орнына ыңғайлап жасалған жасанды дене мүшесі. 3. Лобогрейка – егін шабатын техника 4. Раса – нәсіл (жер бетіндегі адамдардың өң-түсіне байланысты бөлінуі) 5. Галифе – тізеден жоғары жағы делдиген тар балақты шалбар. |
Әр топ тақырып бойынша ізденіп келген дәлелдемелерін ортаға салып, талдау өткізеді. |
8 минут
|
|||||||||||||||||
|
Жинақтау |
Кейіпкер бейнесіне қатысты ойларын ортаға салып, жинақтап, хат жазу |
|
Жазбаша түрде дәптерге орындайды
|
5 минут
|
|||||||||||||||||
|
Бағалау
Үйге тапсырма |
Алған біліміне сүйене отырып, ойды жинақтап, түйін түю; |
Тест арқылы тексеру. Барлығы – 5 сұрақ. А. Сайын Мұратбеков В. Мұхтар Мағауин С. Әбіш Кекілбаев 2. «Бір атаның балалары» повесінің кейіпкері: А. Ахмет В. Еңсеп С. Сатай 3. « - Ал, ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал», - деген кімнің сөзі? А. Дәуренбектің В. Ахметтің С. Басқарманың 4. Басқарма ауылға неше жетім баланы алып келеді? А. 6 В. 7 С. 8 5. Ахмет ақсақал Сейітбек қожаны не үшін үйіне алып келеді? А. Зигфридтің тілін кәлимаға келтіру үшін. В. Зигфридті сүндетке отырғызу үшін. С. Зигфридке қазақша ат қою үшін.
Проблемалық сұрақ. «Біз соғысқа қарсымыз» ... эссе жазу. |
Жазған шығармала-рын топ ішінде талдап, ең үздігін ортада жариялайды. |
5 минут
|
|||||||||||||||||
|
Кері байланыс: Оқушылардың сабақ соңындағы қорытынды сөзін ауызша және жазбаша түрде орындату. Мен бүгін сабақта ..., ..., ... үйрендім.
Әнмен аяқтау. Бейбітшілік сақталады. Әні: Ә.Еспаев, сөзі:Н.Шәкенов |
Сабақтың соңы 5 минут
|
||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген