400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ М.Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өте жақсы балалар, сендер биыл туғанына 93 жыл толғалы отырған ақиық ақын-Мұқағали аталарыңның ақындық құдіретіне бүгін тағы да көз жеткіздіңдер.   Мұқағали Мақатаев – ешқашан ортаймайтын, ешқашан сөнбейтін мол қазына қалдырған ақынның  өз даусын тыңдасақ Видео  өз дауысы  (1-мин) Мұғалім сөзі: Біз Мұқағали ақынды – поэзия патшасы десек, ендеше, поэзия патшалығына сапар шегіп көрейік. Міне, патшалықтың алтын қақпасы ашылды. «Аққулар ұйықтағанда» сарайының кілті өз қолдарыңда.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім

Махаббат және абырой

Педагогтың аты-жөні

Танатарова Жупар Тилеповна

Күні

13.03.2024

Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

”Аққулар ұйықтағанда”поэмасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.1. Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау.

Сабақтың мақсаты


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Әдеби шығарманың идеясы ашады, эпилог, прологты анықтайды;

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашып, талдайды;

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашуда өз шығармашылығын танытады;

Бағалау критерииі

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан аша алады;

Шығармадан эпилог, прологты анықтайды;

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Амандасу

Үй тапсырмасын тексеру.

-Осы шығарманың тәрбиелік мәні қандай?

Білімді тексеру кезеңі:\топпен жұмыс\

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен және дескрипторлармен танысады

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ










Слайд 6-7

Дидактикалық материалдар №1


Ортасы

Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру, бағалау критерийін шығару.

-М.Мақатаевтің «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы туралы не білесіздер?

Жұптық жұмыс

«1 минут» әдісі арқылы оқушылардың білімі тексеріледі.

1.Әдістің атына сәйкес оқушылар «1 минуттың» ішінде М.Мақатаевтың«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы туралы не білетіндігі және түсінетіндігі туралы тоқтамай айта бастайды. Ал екінші оқушы жұбының пікірлерін толығымен ұғыну үшін тек мұқият тыңдап отырады.

2.Экрандағы таймер тоқтаған уақытта әңгімелесу аяқталады.

3.Жұбының пікірін тыңдаушы оқушы келесі жұпқа естігенін айнытпай айтуға тиіс.

4.Экранда таймер қосылып, аралас жұптар қайта бастайды.

5.Осылайша 5 минут уақыттың ішінде аралас байланыс орнайды.

6.Оқушылардың әңгімелесуін мұғалім қадағалап, өзіне қолайлы түрде құрылған «бақылаушы парағын» толтырады. Бақылаушы парағына

қажетті жетістік критерийлерін жазып қоюға болады.

1-тапсырма. Әдебиет теориясы. Пролог. Эпилог. (Анықтамасы беріледі)

Поэмадан пролог пен эпилогтарды табу, анықтау.

2-тапсырмаОқушыларға поэманың әр түрлі бөліктері таратылады.

Бөліктер баланың қабілеттеріне қарай бөлініп берілуі тиіс.

Поэманы оқу барысында оқушылар сюжеттің басты эпизодтарын жазып отырады. Олар негізгі бөлімдерінің белгіленген тізімін жасайды да, жұптарда талқылайды.

Қалыптастырушы бағалау.

Дескриптор:

1.Әдеби шығарманың идеясы ашады, эпилог, прологты анықтайды;

2; Шығарманы ұлттық мүдде тұрғысынан ашып, талдайды;

Шығарманың сюжетін, басты эпизоттарын анықтайды.

«Киностудия» ойыны.

Шарты: Оқушылар қорапшадан поэманың желісі бойынша алдын-ала салынған суреттердің біреуін таңдап алады.  Сол суретке тақырып қоя отырып, сурет бойынша мазмұнынын айтады. (Берілетін суреттер поэманың үш бөлімі бойынша салынған).

Мұғалім:

Өте жақсы балалар, сендер биыл туғанына 93 жыл толғалы отырған ақиық ақын-Мұқағали аталарыңның ақындық құдіретіне бүгін тағы да көз жеткіздіңдер.

  Мұқағали Мақатаев – ешқашан ортаймайтын, ешқашан сөнбейтін мол қазына қалдырған ақынның  өз даусын тыңдасақ Видео  өз дауысы  (1-мин)

Мұғалім сөзі: Біз Мұқағали ақынды – поэзия патшасы десек, ендеше, поэзия патшалығына сапар шегіп көрейік. Міне, патшалықтың алтын қақпасы ашылды. «Аққулар ұйықтағанда» сарайының кілті өз қолдарыңда. Қазіргі сәттен бастап осы сарайдың сырына үңіліп көрейікші. (1-мин)

     Ақын поэмасына  арқау болған тақырып не?

I Аққу, қызыл кітап

Балалар, мына суретке көңіл бөлсек Аққу құсы туралы не білеміз қандай құстардың тобына жатады? Екі суреттің қандай байланысы бар?(қызыл кітапқа енген  сұңқылдақ аққу,сыбырлақ аққу,кіші аққу)

Олай болса,құрметті оқушылар! Мұқағали ақын кейінгі ұрпаққа аманат етіп кеткен,өсиетін ескере отырып поэманы талдасақ.

-Поэма дегеніміз не? Оқушылар әдебиет теориясынан алған білімдерін ортаға салады.

IV Композициялық талдау  (3-мин)                
Оқиғаның басталуы: Жетімкөлдің тамаша сұлу табиғаты.
Оқиғаның байланысуы: ауру бала мен ананың шарасыздығы. 
Оқиғаның дамуы: Тәуіп шалдың айтқаны.
Оқиғаның шиеленісуі: ананың көлге келуі.

Оқиғаның шарықтау шегі: Ананың аққуды атуы.
Оқиғаның шешімі: бала өлімі

V  «Өз жартыңды тап» ойыны. (5-мин)

Шарты: Бұл ойын жұптық әдіс бойынша бір-бірлерін тауып алуы тиіс. Яғни түстері біркелкі екі бірдей аққу бейнеленген қима қағаздарды оқушылар өздері ұнатқан түстерін таңдап алады. Мұғалімнің белгісі бойынша берілген уақыт ішінде тез жұптасулары тиіс. Берілген қима қағаздардың  келесі жұбында сұрақтар жасырылады. Бұл сұрақтарға жұптасып отырған оқушылар жауап берулері тиіс.

 Қима қағаздағы сұрақтар:

1.Аққу қандай құс?

2.Мұқағали шығармашылығының ерекшелігі неде?

3.Сұлу сөзінің синонимі?

4.Ақынның кез келген өлеңін жатқа айт

5.Білмеймін  сор аттың  ба,  бақ аттың ба?

Аққуға  кезенерде ырым жасап,

Тым құрыса саусағыңды  қанаттың ба?- деген  жылқышы қарттың  сөзінде  қандай  мән бар?

  1. Поэмадағы жылқышы мен ананың диалогін тауып, кезектесіп оқу

  2. Поэмада көтерілген мәселе не?

8. Ананы аққуды атуға итермелеген қандай күш?

9. Поэма сендер ойлағандай аяқталды ма?

10. Аққу туралы қандай өнер туындыларын білесіңдер?

11.Тәуіп деген кім? Тәуіптің айтқан емі қазіргі медицинаға жата ма?



Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру.  (3-мин)

Кейіпкерлер

Іс – әрекеті, адами қасиеттері

Ана

Қамқор ана. Балажан, сәбиі үшін аққуды атты.

Әке

Адал жан, халық дәстүрін берік ұстанады.

Тәуіп шал

Мейірімсіз, қайырымсыз. Таяз ойлы.

Бақташы қарт

Ақылы мол, көргені көп.



«Еркін микрофон» әдісі(3-мин)

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бізге қандай тәрбие берді?

Бүгінгі тақырыпқа байланысты қандай мақал-мәтел білесіз?

 Автор өзі көтерген мәселені қаншалықты аша білген?

Ана неге аққуды атпақ болды? Бұл шешімге келу анаға оңайға түсті ме?



Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды





Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі

























Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды

Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады

Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау











































































ҚБ: «Баспалдақ» әдісі 1.Білімім төмен

2.Орташа 3.Орташадан жоғары 4. Жоғары

ҚБ: Мұғалім тарапынан жүретін бағалау «Ауызша мадақтау





Слайдар





































Ашық сұрап-жауаптар

Сабақтың соңы



Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?
Сабақта маған не қызықты болды?
Сабақта маған не қиын болды?

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.



Рефлексия парағы

Үйге тапсырма

БАҚ-тан аққу туралы мақала оқып,өз пікірін дайындау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
25 наурыз
250
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі