400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ М.Мақатаев "Қайырлы таң", "Қара өлең"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақын шығармаларының идеялық-көркемдік мазмұнын ашу, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге, оқушылардың мәнерлеп оқу, жаттау дағдысын қалыптастыруға болады. Оқушыларды Отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін және табиғатты қадірлеп, қастерлей білуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында өткен. Оқушының ойлау қабілетін және сөйлеу тілін дамыту, өз пікірі, эстетикалық талғамы бар оқушы дайындау, ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге үйрету ерекше орын алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.Мүсілім,

Жаңашаруа қазақ орта мектебі.

Атырау облысы,

Қызылқоға ауданы,

Қоныстану ауылы



Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Қайырлы таң», «Қара өлең»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты: Ақын шығармаларының идеялық-көркемдік мазмұнын ашу, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге, оқушылардың мәнерлеп оқу, жаттау дағдысын қалыптастыру

2. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды Отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін және табиғатты қадірлеп, қастерлей білуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу

3. Дамытушылық мақсаты: оқушының ойлау қабілетін және сөйлеу тілін дамыту, өз пікірі, эстетикалық талғамы бар оқушы дайындау, ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге үйрету.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту сабағы

Сабақтың түрі: қалыптан тыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, СТО стратегиялары – ой қозғау,СКТТ,

«Бес жолды өлең»

Көрнекілігі: интерактивті тақта, ақын суреті, слайдтар, тірек сызбалар,

Мұқағалиға берілген бағалар

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың жүру барысы

І.Ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

(Б.Соқпақбаевтың «Менің атым -Қожа» повесі бойынша іздену жұмыстары)

- Бұл кім? Кімнің сөзі?

1.Біреуді біреуге атыстырып от тастап жүретін қу, « қара Қожа» деудің орнына

«қара Көже» дейтін кім?

2. «Мен оқулық емес қант аламын»

3.Мен сендерге қазақ тілінен сабақ беремін және сынып жетекшілерің боламын.

4.-Жарайды, отыр Қадыров.Сенен басқа жолы сұраймын,-деді..

5.-Мәселе.Қандай мәселе? Сені мұғалім етеміз дей ме?

6.Галифе шалбар киген жіңішке сирақтары сидиып, шашы қақ жарыла желбіреп,

қаздиып тұр.

7.-Қожатай, шыбыным, «Сен бисмилла деші. Бисмилла деші, шыбыным...

8. «Сен жақсы жүрсең, мен ешқайда да кетпеймін. Мен үшін сенің адам болғаныңнан

артық ешқандай бақыт жоқ ».

9. «Келесі сабаққа қайсың бақа ұстап әкелесіңдер?»-деп сұрады зоология пәнінің

мұғалімі...

ІІІ. Жаңа сабақ

Ендігі бүгінгі сабағымызды бастайық.

Сабағымызды пирамида құру арқылы ой-өрісімізді оқудан үйренуге, ойнаудан ойлауға, өсуден жетілуге бағыттаймыз. Пирамида 5 бөлімнен тұрады. Әр бөлімде бірігіп жұмыс жасаймыз.Тапсырманы дұрыс, нақты, тез орындасақ, келесі бөлімге өтіп, өрлеп отырамыз

«Бастапқы таныстық» кезеңі

Бүгін менің туған күнім,

Ой, бәле-ай.

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай

...Тойланбаса, тойланбасын не етейін

Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін

Қаламымды берші маған, бәйбіше,

Болашаққа арыз жазып кетейін...

Мұғали ағамыз осылай деп кеткен. Бүкіл еліміз ақынның 80 жасын атап өтуде.Кезінде өз бағасын ала алмаған ақын:

«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім», -

деп кеткен болатын.Оның өлеңі де, өзі де ешқашан өлмейді. Оны еске алу парызымыз, борышымыз.

Бүгінгі сабағымызды, «Біздерді жоқтайтын жан болса егер,шаң басқан архивтерден табылармыз» дей келе, ақиық ақын Мұқағали архивте емес, біздің жүрегімізде екенін білу үшін шығармашылығымен, өлең-жырларымен танысып, бойымызға ақынға деген құрмет, мақтаныш сезімін қалыптастырамыз.

Ой қозғау

1.Мұқағали кім?

2.Ақынның қандай өлеңдерін, әндерін білесіңдер?

Мұқағалидың өмірі жайлы мағлұматты ақынның «Менің анкетам» өлеңін диалог арқылы ұғамыз. «Мұқағали рухына бас иейік!» атты қолда бар материалдардан «үнсіз» фильмді тамашалайық .

(Ақынның «Есіңе мені алғайсың» өлеңі айтылады да, мұғалім әр суретке анықтама береді)


«Терең таныстық» кезеңі

«Қайырлы таң», «Қайырлы күн», «Қайырлы кеш» деген сөздер адамға деген ізгі тілектен туған болса, бүгін өткелі отырған «Қайырлы түн» өлеңі күллі дүниенің тыныштығын тілеу мақсатында жазылған. Олай болса өлеңді тыңдап көрейік.

1. Оқушыларға мәнерлеп оқыту

2. Өлең шумақтарын әр оқушыға оқыта отырып, мазмұнын талдатамын.

Өлеңдегі ақынның ішкі ойын, нені тілейтінін табайық .


Негізгі ой тіркестері

мағынасы

1.Қайырлы түн,

Жер-Ана!

2.Орманың шуламасын,

Суларың туламасын

Тауларың күңіренбесін, жыламасын

Тапталмасын танктер

Қайырлы түн

Көк аспан

Ақ аспан алып жерді төсеп,

Кеселге ұшырама,

Тәтті ұйқыда толаста


Сөздердің мағынасын ашу

1.Орман үшін неге қауіптенеді?

2.Таудың жылауы деп нені ұғамыз?

3.Ақын түн қараңғысындағы әдемілікті қандай рәміздік ұғыммен береді?

(шашу болып шашылған жұлдыз, еркелеген ай, құс жолы)

Осылардың барлығы түн қараңғысындағы үндестік,үйлесімділік

Өлеңнің тақырыбы: Жер-Анаға, жалпы адамзат баласына деген ақынның бейбіт тілегі

Идеясы: Әдемілігін бағалай, тамашалай білейік, бейбітшілікті сақтайық

Эпитет: Көк аспан, ақ аспан, тәтті ұйқы, ақ басты ала тау, алып жер, ұлы кеудең

Кейіптеу: ақ мойныңа асылды.

Қаратпа сөз: Қайырлы түн, Жер-Анам!

. Қайырлы түн, ұйықта!

Қайырлы түн, алып жер

«Қара өлең»

Жалпы, қазақтың қара өлеңі 11 буынды, 1,2,3 жолдары ұйқасатын болып келеді. ЕКі сөзден құралған «қара өлең» ұғымы бір қарағанда түсінікті сияқты «Өлең» ұғымы көне қыпшақ тіліндегі «ұла» сөзінен шыққан екен. Бұл сөздердің бір-бірімен ұласуы, үндесуі, ұйқасуы деген мағына береді. Ал, ол неге қара? Бұл жерде түр, түс туралы айтылып тұрған жоқ.. «Қара» - ол әлемнің алғашқы қалпы, ежелгі, байырғы деген ұғымды береді. Демек, «қара өлең дегеніміз – ежелгі сөз ұланту»

Қара өлең ауыз әдебиетіне жатады.Оның иесі, авторы халық. Табиғатқа таңдануды, әділетті аңсауды, сұлулыққа сүйсінуді т.б. бір шумақ қара өлеңмен сипатта – халқымыздың қанына сіңген қасиет (О.Асқар «Қара өлең»)

Күпі - ? Шекпен - ? Лермонтов - ? Пушкин - ? Есенин - ?

Күпі – ішіне жабағы жүн салып сырыған шапан түрі

Шекпен – тек қана түйе жүнінен тоқылатын киім. Шапан үлгісінде болады. Одан су да, жел де өтпейді. Матадай емес, өте берік әрі жеңіл, тез тозбайды. Кейде бота, тайлақ жүнінен тоқылады.

«Жүйелі таныстық» кезеңі

Өлеңді сатылай кешенді талдау


Shape2 1.Авторы -

2.Тақырыбы –


3.Жанр түрі –

4.Идеясы –

Shape11 Shape12 Shape13 5.Шумақ –


6.Тармақ –


Shape14 7.Бунақ –


Shape15 8.Ұйқас –

Shape16

Shape17 9.Әдеби теориялық ұғымдар:


Эпитет:

Метафора:

Ауыспалы мағынадағы сөздер:

10.Негізгі түйін, тәрбиелік мәні:

Shape18 «Ойнап, ойлау» кезеңі «Бес жолды өлең» әдісі

  1. Зат есім:

  2. Сын есім

  3. Етістік

  4. 4 сөзден құралған сөйлем

  5. Синоним

Нәтиже «Күнделіктен үзінді»

Кім тапқыр? Ақын өлеңінен үзінді беріліп, жасырынып тұрған сөзді табу

«Үш бақытым» өлеңі

ІҮ.Сабақты бекіту «Таза тақта»

1.Мұқағали қашан, қай жерде дүниеге келді? 2.Мұқағалиға берілген бағалар

Ү.Үйге тапсырма: 1.Сөз өнері туралы мақал-мәтелдер жазу

2. «Ел тілегі - бейбітшілік» ойтолғау жазу 3.Ұнаған өлеңдерін жаттау

ҮІ.Бағалау, марапаттау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
853
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі