400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ М.Мөңкеұлы "Сарыарқа" өлеңі 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге сабаққа пайдалану мақсатында жасалған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Сабақ: №10

Мектеп:Антон Макаренко

Пән: қазақ әдебиеті


Күні : 25.11.2019 ж

Мұғалім: Панеева М.

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

М.Мөңкеұлының «Сарыарқа» өлеңіне менің көзқарасым

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.

Сабақ мақсаты:

Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

  • Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет;

  • Өмір бойы білім алу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі, музыка


АКТ-ны қолдану дағдылары:

Аудиожазба мен слайд, смартфонмен жұмыс

Бағалау критерийі:

Көркем шығармадан алған үзінділерге сай ақпараттар жинайды; өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады.

Дескрипторлар

  • үзінділерге сай ақпараттар жинайды;

  • өз көзқарасына үзінділерден дәлелдер келтіреді;

  • өз ойын еркін жеткізеді.

  • үзінді бойыша сурет салады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: өлең, Сарыарқа, Бегбен, Сағыз, Жем, Маңғыстау, Беріш, Адай , Қазтуған, Асан Қайғы, Орақ, Мамай , қоныс т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің байқауымша, көркем шығармадан алған үзінділерге дәлелдер келтірер болсам; оның мынадай себептері бар; себебін былай дәлелдеп бере аламын.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

1,2,3 санау арқылы топқа бөлу

Қызығушылықты ояту

Оқушыларға слайдтан Құрманғазы, қазақтың сары даласы, Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің суреттері көрсетіледі.

Оқушылар суреттер арасындағы байланысты табу керек. Содан кейін оқушылар Құрманғазы атындағы мемлекеттік ұлт аспаптар оркестрінің орындауындағы «Сарыарқа» күйін тыңдап, жұпта күй мазмұнының не жайында екеніне, жаңа сабақпен қандай байланысы бар екеніне болжау жасайды.

Мұрат Мөңкеұлының өлеңімен үндестігі жайлы өз пікірлерін айтады.

Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.


http://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/66b/66bf893db8d08773c12bacd971f13382.pdf&ln=kz

Сабақтың ортасы


30























































































Мағынаны тану

  1. тапсырма Ж.,ТЖ.

  1. топ «Қазына іздеу»

Оқушыларға өлең мазмұны бойынша үзінділер беріледі. Қазына ретінде кейіпкер бейнесін айқындайтын түйінді сөздер мен жер-су атаулары бар үзінділер алынады. Оқушылар смартфонды пайдалана отырып, өз үзінділеріндегі тарихи тұлғалар мен жер-су атауларына байланысты қазыналарды іздейді, яғни сол атауларға қатысты тың деректер табады, постер дайындайды.

  1. топ «Фрайер моделі»

мәтінге қатысты нақты Өлеңнің ең маңызды бөлімін

абстрактілі сурет салады. анықтап ,маңыздылығын

дәлелдейді

Сұрақ

өлеңде көтерілген

мәселені өмірмен

байланыстырады.


3-топ «Фрайер моделі»

« Сарыарқа» табиғатының Қазақ батырларының суреттелуі тарихы

Ұлттық Сұрақ

құндылықтар

Дескриптор:

- үзінділерге сай ақпараттар жинайды;

- өз көзқарасына үзінділерден дәлелдер келтіреді;

- өз ойын еркін жеткізеді;

-үзінді бойыша сурет салады.


«Оқиық та, тоқиық» әдісі арқылы өзара бағалау


Толық түсіндім Жартылай түсіндім Сұрағым бар

  1. тапсырма ЖЖ

1-топ Өлеңді сатылай кешенді талдау

Авторы


Тақырыбы


Жанр түрі


Идеясы


Шумақ саны


Тармақ саны


Буын саны


Ұйқас түрі


Өлеңнің түйіні


2-топ «Бес жолды өлең» әдісі

Бірінші жол – тақырыптың атауы (әдетте зат есім алынады).

Екінші жол – тақырыпты сипаттайтын екі сөз (әдетте сын есім алынады).

Үшінші жол – тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (әдетте етістік).

Төртінші жол – тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы.

Бесінші жол – бір сөз – тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.

3-топ Өлеңнен көркемдегіш тәсілдерді табу

Шығармадағы көркемдегіш сөздерді өлеңнен дәлелді үзінді келтіре отырып , кестеге толтырып жазады.

эпитет

теңеу



Дескриптор:

- Өлеңді сатылай кешенді талдайды;

- өлеңнен көркемдегіш тәсілдерді табады;

- бес жолды өлең құрастырады.

Өзін- өзі бағалау

“Мәңгілік Ел” жалпыұлттық идеясының құндылықтарына баулуға бағыттайтын сұрақ

  1. Ақын келер күннен қандай үміт күтеді?


https://www.youtube.com/watch?v=8lEVCzKb6W0

























Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма:

«Сарыарқа» өлеңінен үзінді жаттау


Кері байланыс: «Бір минуттық эссе»

Мені таңқалдырды............................................

Мен үшін қиын болды......................................

Маған ұнады.....................................................

Мен алдағы уақытта......................................


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
33 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
8330
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі