жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "М.Мөңкеұлының «Сарыарқа» өлеңінің көркемдік қуаты " 8-сынып

М.Мөңкеұлының
«Сарыарқа» өлеңінің
көркемдік қуаты


Сабақ мақсаты:
«Сарыарқа» өлеңіндегі
психологиялық параллелизм,
перифраз, сатира, ирония,
эллипсистің қолданылуын
талдай отырып, автор стилін
анықтау
Science
Бағалау критерийі: Шығармадағы көркемдегіш
құралдардың қолданысына талдау жасайды;
автор стилін анықтайды;

Үй тапсырмасын тексеру
«Ең үздік...» әдіс
«Сарыарқа» толғауындағы автордың тілдік
ерекшелігін«ПОПС формуласы» арқылы жеткізіңіз
Дескриптор:
-Өз ойын жазады;
-Себебін түсіндіреді;
-Мысалдармен, фактілермен дәлелдейді;
-Қорытынды ойын жазады.

Топтық жұмыс
Психологиялық параллелизм,
перифраз, сатира, ирония,
эллипсисті анықтамаларымен
сәйкестендіріңдер (берілген
көркемдегіш құралдардың
анықтамаларын, ерекшеліктерін
ізденіп келуге тапсырма берілген)
Дескриптор
- Психологиялық параллелизмді сәйкестендіреді;
-Перифразды табады;
-Сатираны сәйкестендіреді;
-Иронияны сәйкестендіреді;
- эллипсисті сәйкестендіреді
Талқылау сұрақтары:
1.Осы тапсырма арқылы қандай мақсатқа қол жеткіздік?
2. Қиындық туындады ма?
3.Қандай қорытындыға келдік?

Ирония (гр. еіrоnеіа - келемеж,кекесін) - адамға зат пен құбылысқа сырттай жақсы баға берсе де, ішкі
мағынасы қарсы келіп, келекеге айналдыратын құбылту (троп) құралы, болмысты жоққа шығарудың бір
түрі. Иронияға астарлы сықақ, іштей мазақ жатады (мысалы, қара кісіні "аппағым", пұшық адамды
"қоңқағым" деу).
Психологиялық параллелизм — бұл әдебиеттегі стилистикалық тәсіл, сюжет
шығармаларындағы дәйекті дәлелдердің, табиғат суреттерінің, қатынастардың,
жағдайлардың, қылықтардың салыстырылуы.
Перифраз (гр. perіphrasіs — айналым) —
құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей,
айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып
ауыстыру тәсілі.
Мысалы, орман патшасы (арыстан дегеннің орнына),
дала кемесі (комбайн), қара алтын (көмір), пәниден
бақи кетті, аққу ұшып көлге кетті (өмірден өтті), т.б.
Сатира — бұл өзі суреттеп отырған оқиғаны,
құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып,
әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі.
Қазақ сатирасы халық ауыз әдебиетінен бастау алады.
Алдар Көсе туралы аңыз әңгімелерде ащы мысқыл,
улы кекесін, сынап-мінеу сарыны басым болса,
Қожанасыр туралы күлдіргі әңгімелелер юмор, достық
рәуістегі сын, астарлы әзілге құрылады.
Эллипсис (көне грекше: ἔλλειψις, еlleірsіs — сөз
тастау, қысқарту, кеміту) — сөйлемнің бір мүшесін
алып тастау арқылы құрылған сөз үлгісі.
Мысалы, "Жау келіп қалды… — келіп қалды".

Жеке жұмыс
«Сарыарқа» өлеңінен берілген
үзінділерден психологиялық
параллелизм, перифраз, сатира,
ирония, эллипсисті тауып талдаңыз,
автор стиліне өз көзқарасыңызды
білдіріңіз.
Дескриптор
-Психологиялық параллелизмді тауып, талдайды; 1
-перифразды тауып талдайды; 1
-сатираны тауып талдайды;1
-иронияны тауып талдайды;1
-эллипсисті тауып талдайды. 1
-Автор стилін анықтайды. 1

Science
Балл қою шкаласы
8- 10 балл
7-9 балл
6-7-8 балл
5-6 балл
4-5 балл
3-4 балл
2-3 балл
1-2 балл

Дұрыс жауаптары:
1.Тәңір айдап Маңғыстауға еріксіз қуды,
Ісім жоқ кісі өлтіріп қашып келген психологиялық параллелизм
2.Асыл жерде алтын бар,
Шыға алмас елдің соры бар. Перифраз
3. “Әуелі жеңіп орыс Еділді алды,
Сарытау, Аштарханның жерін де алды” Сатира
4. “Қонаққа сүйте ме екен келген сасып”
“Кең қоныс мұсылманға қалынбады” Ирония
5. “Тәңір айдап Маңғыстауға еріксіз қуды”
деген жолда “неге” деген сұрақ жасырылып қалған. Эллипсис
Автор стилі: Өлеңнің стилі лирикалық-публицистикалық деп сипаттауға болады.
Ақын жеке басының күйзелісін халқының тарихымен байланыстыра отырып, ауыр
тағдырды көркем бейнелейді. Өлеңде тарихи фактілер мен лирикалық
толғаныстар үйлесімді түрде берілген. Автор халқының тарихына деген аяулы
сезімін жанама түрде білдіреді. Ол өзінің философиялық көзқарасын тарихи
оқиғалар арқылы көрсетуге тырысқан. Өлеңдегі сатира мен ирония автордың
отаршылдық саясатқа деген кесірлі көзқарасын көрсетеді. Бұл өлеңде автор өзінің
ішкі сезімдерін ашық білдіре отырып, тарихи фактілерді қолданып оқырмандарды
ойландырады.

Талқылау сұрақтары:
Тапсырма орындау барысында
қандай мақсатқа жеттік?
Бұл шығармада автордың
стилінің қандай ерекшеліктері
айқын көрінеді?
Бұл шығармада қолданылған
көркемдегіш құралдар
автордың стиліне қалай әсер
етеді?
Бұл шығарма автордың басқа
шығармаларынан несімен
ерекшеленеді?
Бұл шығарма арқылы автор
қандай идеяларды жеткізуге
тырысқан?

«Екі жақты, бір тілді,
Сөйлейтін сөзге шешенмін»,
- демекші сабақ басында
берілген тапсырма
бойынша, көркемдегіш
құралдарды қатыстырып,
«Туған жер» тақырыбында
құрастырған өлеңдеріңді оқыңдар.
М.Мөңкеұлы айтқандай:

Үй тапсырмасы
«Туған жер-бабалар аманаты» тақырыбында
көркемдегіш құралдарды қолдана отырып, өзіңнің
туған жерің туралы әңгіме немесе сипаттама
мәтінін жазыңыздар. Сөз саны-180
Дескриптор
- Туған жеріне әңгіме немесе сипаттама мәтін жазады
- Шығармашылық жұмысты жазуда белгілі бір идеяны
ұстанады
- Әңгіме / сипаттама мәтінін жазу талаптарын сақтайды
- Көркемдегіш құралдарды қолданады
- Айшықтау амалдарын пайдаланады
- Сөз санын сақтайды

Elements
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген