400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ М.Қабанбаев бауыр 5-сынып.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
5.Т/Ж2.Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау. 5.Т/Ж 3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлімнің атауы: « Адамгершілік-асыл қасиет»


Мектеп: Шүлбі мектеп-кешені


Күні:.


Мұғалімнің аты-жөні. Алимбаева Лаура Нурбакытовна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Сынып: 5 Пәні:қазақ әдебиеті


Қатысқандар:


Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы


Марат Қабанбай «Бауыр» әңгімесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.Т/Ж2.Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

5.Т/Ж 3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.

Сабақ мақсаттары



Әдеби шығарманың сюжеттік дамуын сипаттай алады.

.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашады.

Бағалау критерийі


Оқушылардың барлығы: шығарманың мазмұнын біледі.

Оқушылардың көпшілігі:шығарманың сюжетін сипаттай алады, ретімен орналастырады.

Оқушылардың кейбірі:көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекетін талдай алады.


Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:бауыр, туыстық қатынастар, автор бейнесі


Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел»жалпыұлттық идеясының құндылықтары: тарихтың , мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Пәнаралық байланыс

Тарих

АКТ –ны қолдану дағдылары

проектор

Алдыңғы білім

«Бауыр»әңгімесі

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Қызығушылықты ояту


Сабақтың

Басы











Сабақтың ортасы

15 мин
























-Оқушылар өз алғыстарын білдіреді.

-Мақалдар арқылы топқа бөлінеді. 3минут


«Дұрыс-бұрыс» ойыны ойнатылады. 1минут

1. Қалидың ағасы – Манап. - дұрыс

2. Директордың аты-жөні - Эльжбета Сергеевна. - бұрыс

3. Қалидың фамилиясы – Төрекелдиев. – дұрыс

4. Қали ән айтып, би билегенді ұнатады. – бұрыс.

5. «Ойнайтын да, қайнайтын да спорт залымыз осы. Балалар қазір жаттығып жатыр. Орындыққа тізе бүгіп, тоса тұрыңыз. Мен Қалиды ертіп шығайын». Виктория Ивановнаның сөзі. – бұрыс.

6. «Тығыз қара шашы ұсақ-ұсақ бұйра, қол-аяғы таралып қалған, кең иықты болмаса да ешкімнен қарызға жауырын сұрай қоймайтын кішірек көзді ақ сұр бала». Манаптың портреті. – бұрыс.

7. «Түу, Эльжбета Сергеевна, терді жаңа ғана үгіп, тырыс-бырысты жаза бастағанымыз сол еді. Басқа қолайлы уақыт табылмады ма?». Қалидың сөзі. – дұрыс.

8. Қали жетінші сыныпта оқиды. – бұрыс.

9. Балалар үйі Өскеменде орналасқан. – дұрыс.

10. Әңгімеде «Жетім көрсең, жебей жүр» мақалы кездеседі. – бұрыс.


Сын тұрғысынан ойлау сұрақтары: 3 минут

1. Манап балалар үйіне не үшін келді?

2.Балалар үйі туралы естулерің бар ма?

3. Қалидың балалар үйіне келуіне не себеп болды?
4. Қалиды көргенде Манаптың бойын қандай сезім биледі?

5. Балалар үйінің директоры Манапты қалай қарсы алды?

6. Балалар үйіндегі тәрбие жұмысы қалай ұйымдастырылған?

7. Қалидың тәлім-тәрбиесі қандай, ол немен әуестенеді?

8. Көптен көріспеген ағалы-інілі екеуінің кездесуі сендерге қалай әсер етті? Кездесулерінің салқындығының сыры неде?

9. Манап ел жайында, әкесінің қазасы туралы айтқанда Қали неге жайбарақат қабылдады?

10.Қалидың мінез-құлқы, іс-әрекеттері, арман-қиялдары қандай? 11. Ағалы-інілі екеуінің түбінде түсінісетініне сенесіңдер ме?


Ж/Ж: «Оқиға желісі бойынша ретін тап» 3минут

Сюжет

Реті

Қалидың көп мақтанышынан кейінгі уақытты сұрап, жаттығуға асығуы

6

Аға тәрбиеші Эльжбета Сергеевнаға берілген тапсырма, Манапты Қалимен кездесуге ертіп баруы.

2

Қалидың асығып кетуі, Манаптың қаяу күйде «Волгаға» отырып, вокзалға бағыт алуы

7

Манаптың балалар үйіне келуі, інісін іздеуі, директормен әңгімесі

1

Манап пен Қалидың арасындағы алғашқы тосырқаулық.

3

Қалидың ағасымен тіл табыса алмауы.

5

Ағасының інісіне костюм тарту етуі

4

Қалыптастырушы бағалау: Ретін дұрыс тапқан оқушыға смайлик беру

Жұппен жұмыс: 10 минут

Шығарманың идеясын, тақырыбын жұбыңмен анықтап, «Төрт сөйлем» әдісі бойынша түсіндір.

  • Бірінші сөйлем: «Менің ойымша әңгіменің басты идеясы-........... »

  • Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін.............»

  • Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдеймін.......»

  • Төртінші сөйлем: «Осыған байланысты мен шығарманың тақырыбы...........деген шешімге келдім»

Қ/Б: «Смайликтер»

Топпен жұмыс: 8 минут

Кейіпкер

Мінезі

Шығармадан үзінді

Үзіндіге сәйкес тұжырым, мақал

Қали





Кейіпкер

Мінезі

Шығармадан үзінді

Үзіндіге сәйкес тұжырым, мақал

Манап





Қ/Б «Екі жұлдыз, бір тілек»


Қалыптастырушы тапсырма:

«Хикая картасын толтыр»

Оқиғаның басталуы


Манаптың балалар үйіне келуі

Оқиғаның дамуы

Манап пен Қалидың кездесуі.


Оқиғадағы шиеленіс

бауырлар арасындағы салқындық. Манаптың ішкі жан күйзелісі.


Шарықтау шегі


Қалидың әңгімесі, жаттығуға асығуы.


Оқиғаның шешімі

көңілі алабұртқан Манаптың кейін қайтуы.


Қ/Б: «Смайликтер»


мақалдар


Сабақтың

соңы



10 мин



Рефлексия: «Танграм» қиықшаларына сабақтан алған білімдерін толтыру, жабыстыру.


Үйге: « Бірін- бірі қолдап қорғап жүретін, аға- ініге басымызды иелік...» тақырыбында ойтолғау жазыңыз.




Қосымша мәлімет

Дифференциация – қалай жүзеге асырылды.

Көбірек қолдау көрсететін оқушыларға шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қоямын.


Қабілетті оқушыларға үйге тапсырма ретінде іздену жұмысы арқылы беремін.


Бағалау.

Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

«Басбармақ, смайликтер арқылы топ, жұптық, жеке жұмыстар бағаланады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау; АКТ-ны қолдану, құндылықтармен байланыс

«Мәңгілік Ел»жалпыұлттық идеясының құндылықтары: тарихтың , мәдениет пен тілдің біртұтастығы, мәтін тыңдалады.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?

Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?

Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?

Бұл бөлімді сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін қолданыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1.Сабақтың оқу мақсатына негізделген бейнеролик көрсету мен талдау жұмысы

2.Топтарға бөлу

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
2950
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі