2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Ашық сабақ: М.Шаханов "Нарынқұм зауалы" 7-сынып

Ашық сабақ: М.Шаханов "Нарынқұм зауалы" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: М.Шаханов "Нарынқұм зауалы" 7-сынып . Біртұтас тәрбие
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бөлім: Ұрпақ тәрбиесі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Шаханов «Нарынқұм заулы» Қайсарлық пен өр рухтың символы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.

7.2.4.1 шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу.

Сабақтың мақсаттары

-Т. Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіндегіүзінділерді тапсырмалар орындау барысында орынды қолдану, үзінділерді қайта өзгертіп, өз пікірін жазу;

-өз көзқарасын дәлелдеу үшін әңгіме үзінділерін орынды қолданып, үзінділерді қайта өзгеріске ендіріп жазу;

-өз көзқарасын дәлелдеу дәлелдеу үшін әңгіме үзінділерін орынды қолданып, әңгіме үзінділерін сыни тұрғыдан қайта жазу.

Құндылықтарға баулу

Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық

-отандық және әлемдік мәдениетті танудың құралы ретінде оқуға деген тұрақты қызығушылық;

Құндылық: бірлік және ынтымақ

-ортақ мақсатқа жету үшін басқалармен бірлесіп әрекет ету және өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындау;

Құндылық: әділдік және жауапкершілік

-тапсырманы жоспарланған мерзімге сәйкес уақытылы және сапалы орындау.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1-сағаты

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, назарын сабаққа аудару.

Тақтадан әңгіме желісі бойынша суреттер көрсетіледі. Жетелуші сұрақтар қойылады:

- Бұл суретте әңгіменің қай бөлігі суреттелген? Яғни, бүгін біз сабағымызда қандай жұмыс жүргіземіз ?

Оқушылар сабақ мақсатын анықтайды.

Оқушылармен сәлемдесіп, назарын сабаққа аудару.Тақтадан әңгіме желісі бойынша суреттер көрсетіледі. Жетелуші сұрақтар қойылады.

Оқушылар сабақ мақсатын анықтайды



ҚБ





7-сынып қазақ әдебиеті

Сабақтың ортасы























































Мағынаны тану.

- Балалар, «күш», «мүмкіндік», «әлсіздік» және «тәуекел» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

- Осы сөздерді мына үзіндімен қалай байланыстырар едіңіз?

- Жә, бұл түсім тегін емес, мына сойқан заманда

Тіршілікпен қоштасар сәт жетті-ау деймін маған да.

Қоштасар сәт жетті-ау деймін, туған елім, еңселім,

Бостандыққа шақырып ем,

Сенің заңғар ақылың ем,

Едім әрі өлшемін..

Жан ашырың, жақының ем,

Және қайсар ақының ем мен сенің.

Жұлдыздай боп жанар алдан

Ақындықта елден ерек басқа заң.

Батырлығы жоқ адамнан

Үлкен ақын шыққан емес ешқашан.

Туған елім — арман, мұңым,

Енді сені жетелейді жол қалай?

Менің бассыз қалғандығым

Сенің бассыз қалғандығың болмағай!

Иә, шындықтың ащы даңқы,

Шындық үшін жалғыз түстім егеске.

Ақындықтың басты шарты —

Басты алса, да шындықты айту емес пе?

Өлімге сан жақын бардым,

Қорғансыз боп көрінсем де жай көзге.

Шындықты айтқан ақындардың,

Бірақ жолы болып еді қай кезде?

Көрде де енді сен жайлы ойға батамын

Бұл іңкәрлік созылады қаншаға?

Кім қаншама шексіз сүйсе Отанын,

Оның тартар азабы да соншама.

Мен сенемін, күні ертең

Нұрлы үмітпен оянар деп ұлы өлкем.

Күліп жайсаң күн ғажайып

Ел наласы тарқар деп.

Ақымақтар күрт азайып,

Сұмдар қорқақ тартар деп.

Мен сенемін, күні ертең

Пенделіктен тазарар деп ұлы өлкем.

Жә, қашанғы баққа зорлық мінгеспек?

Сенем, ертең оттыға отсыз күлмес деп.

Тек тұлпарлар ғана алатын бас бәйгі

Есектердің мойынында жүрмес деп.

Мен сенемін, күні ертең

Ақыл-ойды пір тұтар деп ұлы өлкем,

Мына дәурен бұрқан-тарқан

Ертең қайта өзгерер.

Ақындарың сұлтандардан

Артық сыйлар кез келер.

Қадір тұтам қиялдауды

Ертең талғам өзгерер.

Шындап құлай сүйе алмауды

Қылмыс санар кез келер.

Туған елім,

Құдіретімсің аңсаған.

Алдан жарқын күн шыққанша,

Кескініңді көрмейінші шаршаған.

Пасық ойлар тұншыққанша,

Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша,

Жер астынан қарап жатам мен саған.

КӘМТ (Күш, Әлсіздік, Мүмкіндік, Тәуекел)

Жұмыс алгоритмі

1. Мұғалімнің оқушылармен КӘМТ мағынасын талқылап, әрбір термин жеке алғанда нені білдіретінін, әсіресе «күш», «мүмкіндік», «әлсіздік» және «тәуекел» арасындағы айырмашылықтарды түсіндіргені жөн. «Мүмкіндіктер» және «тәуекелдер» болашақта туындауы мүмкін болжалды салдарларға шоғырлануы тиіс, ал «күш» пен «әлсіздік» бұған дейін болғанды зерттеу негізіндегі мәселенің оң және кері аспектілерінің тізімін құруды қамтиды.

2. Оқушыларға талқылап, баға беруге арналған ақпарат беріледі. Идеялар тиісті тақырыпшалармен беріледі (К-Ә-М-Т).

3. Мұғалім бір тақырыпшаға тоқталып, оны талқылап болған соң ғана келесі тақырыпшаға көшеді. Мысалы, оқушыларға «мүмкіндікке» көшпес бұрын, «күшті» зерттеуге уақыт беріледі.

4. Кері байланыс кезінде мұғалім мына сұрақтарды қоя алады: Не жақсы? Не жаман? Қазір не болуы мүмкін? Болашақта алға ілгерілеуге не кедергі жасауы мүмкін?

5. Командалық жұмыс бойынша жауап алу пайдалы болады.

Бағалау критерийі

Дескриптор

  • өз көзқарасын дәлелдеу үшінәңгімедегі үзінділерді орынды қолданады;


  • cуреттермен болжау арқылы сабақ мақсатын анықтайды;

  • тірек сөздердің мағынасын ашады.

  • өз көзқарасын дәлелдеу үшін берілген үзіндіні тірек сөздермен байланыстырады;

  • дәлелді ой айтады.

Ж. ЖЖ. ТЖ.

«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі

  1. Жеке жазады

  2. Жұппен талдайды

  3. Топпен талқылап, үздiк жұмысты «Қабырга газетiне» iледi.

Жұмыс кезінде оқушыларды әсерге бөлеу мақсатында «Нар идірген» күйі қойылады.

1-топ. «Жақсарту керек...» үзiндiге байланысты қандай өзгерістер енгізер едіңіз?

Мен түсімде зорлық көрдім, қорлық көрдім ғаламат,

Бір таныс қол соғып өтті әлдекімді паналап,

Зұлымдықтың жасырынып келетіні жаман-ақ.

Иығымнан ұшқан басым көкірегімнен домалап,

Бара жатты атамекен Ақжайықты жағалап,

Жүрегімнен аққан қанға боялыпты бар алап.

Жә, бұл түсім тегін емес, мына сойқан заманда

Тіршілікпен қоштасар сәт жетті-ау деймін маған да.

2-топ. «Аяқталмаған сөйлем»

Бұл топқа шығарма мазмұнының аяқталмаған үлгісі беріледі. Үзіндіні оқушылар өзіндік көзқарас тұрғысынан аяқтайды.

Мен түсімде зорлық көрдім, қорлық көрдім ғаламат...

3-топ.«Егер де...» Егер де мен бала орнында болғанда не істер едім?

Баласы айтты:
Топ бастадық төрт адам
Махамбеттің жақыны
Ықыласты үгіттеп
Мақтап қағып арқаға
Қосып алдық ортаға
Бұл түгелдей 
Мына ұлыңның ақылы
Еркін жетер әңгіме ол бір таңға
Қапысызда қармақ салып
Махамбетті алдап соғып 
Басын кесіп сыйға тарттық сұлтанға
Осы оқиғаға өзгерістер енгізіп, қайта жазыңыз.

Барлық топ өз жұмыстарын топта талқылап, үздік деп танылған жұмыстарды «Қабырға газетіне» жабыстырып, сынып қабырғаларына іледі.

Бағалау критерийі

Дескриптор

  • әңгіме үзінділерін өзгеріске енгізіп, креативті жазады.

*үзіндіге өз көзқарасы тұрғысынан өзгеріс енгізіп жазады;

*көркемдегіш құралдардың кемінде 1-2 түрін қолданып, оқиғаны сипаттайды;

*кейіпкердің эмоциясын, әрекеттері мен сөздерін сипаттап әсерлі жазады.

Галереяға саяхат – мұғалім белгі берісімен топтар қабырға газеттерін қарайды, сараптайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жазып кетеді.

Галереяға саяхат аяқталған соң, топ мүшелері өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.

Оқушылар сұрақтарға жауап іздейді.

Балалар, «күш», «мүмкіндік», «әлсіздік» және «тәуекел» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

- Осы сөздерді мына үзіндімен қалай байланыстырар едіңіз?

1. Мұғалімнің оқушылармен КӘМТ мағынасын талқылап, әрбір термин жеке алғанда нені білдіретінін, әсіресе «күш», «мүмкіндік», «әлсіздік» және «тәуекел» арасындағы айырмашылықтарды түсіндіреді.



Кері байланыс кезінде мұғалім мына сұрақтарды қоя алады: Не жақсы? Не жаман? Қазір не болуы мүмкін? Болашақта алға ілгерілеуге не кедергі жасауы мүмкін?

5. Командалық жұмыс бойынша жауап алу пайдалы болады.





























«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі

1. Жеке жазады

2. Жұппен талдайды

3. Топпен талқылап, үздiк жұмысты «Қабырга газетiне» iледi.


Бұл топқа шығарма мазмұнының аяқталмаған үлгісі беріледі. Үзіндіні оқушылар өзіндік көзқарас тұрғысынан аяқтайды.









Барлық топ өз жұмыстарын топта талқылап, үздік деп танылған жұмыстарды «Қабырғагазетіне» жабыстырып, сынып қабырғаларына іледі.











































ҚБ





















ҚБ



















ҚБ










ҚБ









М. Шаханов «Нарынқұм зауалы»































































Мәтін үзінділері



































Сабақтың соңы


Кері байланыс. «Бес саусақ» әдісімен кері байланыс жүргізеді.


Шомбал жігіт кіріп келді ентелеп
Кірген бойда, 
Әке деді
Әке деді еркелеп
Жүруші едің 
Маған ылғи өкпелі 
Кеюші едің 
Мал болмайсың деп мені
Сол сөзіңді сірә қайтып аласың-ау шамасы
Атышулы Баймағамбет сұлтанның
Маған берген сыйлығына қарашы
Төрде отырған әкесінің алдына 
Маң-маң басып барды да
Алтын жіппен әдіптелген жағасы 
Сұр ішікті тастай салды баласы
Иә, сөйле деді әкесі 
Қандай ерлік көрсеттің
Екі ай бойы
Қане қайда жол шектің
Баласы айтты:
Топ бастадық төрт адам
Махамбеттің жақыны
Ықыласты үгіттеп
Мақтап қағып арқаға
Қосып алдық ортаға
Бұл түгелдей 
Мына ұлыңның ақылы
Еркін жетер әңгіме ол бір таңға
Қапысызда қармақ салып
Махамбетті алдап соғып 
Басын кесіп сыйға тарттық сұлтанға
"Ой залым-ай, жүзіқара залым-ай"
Мұнша залым екеніңді қалай келгем танымай
Бұдан өткен зор қасірет болар ма,
Бұдан өткен зор қасірет болар ма,
деп әкесі жас үйірді жанарға
Қабағыңды жаба қалды неге мұң
Әке сенің қай сөзіңе сенемін
Есіңде ме менің бала күнімде 
Махамбетті жек көремін дегенің

Рас, ұлым айтылған сөз оқпен тең
Бір кезде мен Махамбетті жек көргем
Әлде кемшін шағым ба еді ол ақылға
Пенеделік қой алған мені тақымға
Оған себеп сенің анаң жасынан
Ғашық болған сол Махамбет ақынға
Азаппенен атса да асау таңдарым
Қайрағам жоқ қызғаныштың қанжарын
Іштен тынып жүре бердім төзген боп
Бірақ өзін құлай сүйген жан барын 
Қайран ақын сезген жоқ
Анаң марқұм ол дегенде от жалындап көзінен
Тамсанушы ед
нақ бір бақыт табардай әр сөзінен
Ұлы ақынға деген іңкәр сезімін
Көрге бірге ала кетті ол өзімен

Ақын деген киелі аққу самғаған
Ал, ендеше аққуды атқан пендені
Қай атаңнан көріп едің, оңбаған
Бұ салада сен бірінші адамсың
Адам емес ең бірінші надансың
Ертең сені қойып желдің өтіне
Ызалы ұрпақ түкіреді бетіңе
Және бұл зар оңайлықпен тиылмас
Қанымыз бір жолымыз да шиырлас
Енді сенің кесіріңнен маған да
Туған жердің топырағы бұйырмас
Жә, не қайыр налы мейлі, налыма
Кеттік қәне
Ішігіңді ал қолыңа!

Ұясына күн тұр еді батқалы
Түксиеді меңіреу құм шатқалы
Олар үлкен қара жолға түсіп ап,
Бір төбенің басына кеп тоқтады.
"Мына төбе саған соңғы шығар шың
Болатынын ұғарсың
Сен, әрине, құралайды көзге атқан
Атқан оғын маздатқан
Менің мерген екенімді ұмытпаған шығарсың,-
Деді әкесі құлазып нар көңілі
Дір-дір етіп"Ұмытқам жоқ" деді ұлы!
" Балам үміт өмірімнің өлшемі
Өзің едің, қайғым болдың еңселі
Осы жолмен өткен жұрттың аузынан
Махамбеттің жырын тыңдап жат енді

Дала заңы - Баба заңы, қарағым,-
Деп әкесі қолына алды садағын!




02 Сәуір 2025
169
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі