жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ: "Мтематика еліне саяхат"
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математика
Тақырыбы: «Математика еліне саяхат»
Мақсаты: 10 санының құрамын анықтай білуге дағдыландыру. 10 санынан бастап бір-бірден шегеріп отырып, кері қарай 0-ге дейін санау,заттарды санына қарай салыстыру,бір зат пен көп затты айыру қабілетін нығайту. Ақыл-ой белсенділігі күшейту,шапшаңдыққа,алғырлыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,санау,теңестіру, ойын.
Көрнекіліктер: 1-10- ға дейінгі сандар,суреттер,слайд тақта.
Сабақ барысы:
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық -қозғаушылық |
Балалар назарын ұйымдастырылған оқу-қызметке аудару үшін тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге шақырады Шаттық шеңбер: Қайырлы күн достым, Қайырлы болсын күнің. Бейсенбінің сәті, Сәттілікке толы болсын. Біздің алар бағамыз, Кілең бестік болсын. |
Балалар орындарынан тұрып бір-бірлерімен өлеңді қайталап айту арқылы амандасады. |
|
Іздену ұйымдастырушы |
Сұрақтар қою арқылы сабақты бастаймын. Бір жылда неше мезгіл бар? Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілі неше айдан тұрады? Ай аттарын ата? Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай? Бір аптада неше күн бар және аттарын ата? Бүгін аптаның қай күні? Балалар Дара мультфильм көрдіңіздерма? Мультфильдегі басты кейіпкерлер кімдер екенін білесіздерма? Сол Дара мен Боти біздерге ашық хат жолдапты. Сол хатты оқып берейін сіздерге. Ашық хат. Сәлем достар. Көңіл күйлерің жақсы ма? Мені танисыздарма? Мен Дара және досым Боти. Сендердің білімдеріңізді тексергіміз келіп тұр, досымыз екеуміздің. Сіздерге бірнеше тапсырмалар беріп жіберемін тұрмын, хат арқылы. Соларды орындайсыздарма? Менің берген тапсырмаларымнан мүдірмей өтсеңіздер,біздердің сендерге беріп жіберген сыйлықтарымызда бар. Іске сәт! С/М: Дара мен Боти Балалар Дара мен Ботидың тапсырмаларын орындаймыз ба? Тапсырмалар: 1.«Тура және кері санау». 1-10 дейінгі сандарды тура және кері санау. 2.«Көршісін тап» ойыны 1 санының артында қандай сан тұрады? 3 санының артында қандай сан тұрады? 4 санының алдында қандай сан тұрады? 6 санының алдында қандай сан тұрады? 5санының артында қандай сан тұрады?
3.«Торғайларды рет-ретімен орналастыр» ойыны. Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ Сол қолымда бес саусақ Қосып едім екеуін Болып шықты он саусақ 4. « Сандарды салыстыр». 7 апельсин мен 4 алмұрт. Қайсысы көп? 3 лимон мен 5 шие. Қайсысы көп? 5. «Сандарды қосу және азайту». 1+1=, 2+1=, 3+2=, 4+1=, 5+2=
2-1=, 3-2=, 4-3=, 5-2= |
-Төрт мезгіл бар. -Көктем мезгілі. -Үш айдан тұрады. -Наурыз,Сәуір,Мамыр. -Күн жылынады,ағаштар бүршік жарады,құстар жылы жаққа ұшып келеді,қар ериді. - Жеті күн бар. Дүйсенбі, Сейсенбі,Сәрсенбі,Бейсенбі, Жұма,Сенбі,Жексенбі. -Бейсенбі. -Иа.
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0
-2 .
-4.
-3.
-5.
-6.
-8.
|
|
Рефлексті-түзетуші |
Сұрақ- жауап сәті: Тәрбиеші балалардан бүгінгі сабақтан алған әсерлерін,көңіл-күйлерін,не үйренгендерін сұрайды.Белсенді қатысқан балаларды мадақтап,сыйлықтар таратады. |
Қойылған сұрақтарға толығымен жауап береді,алған сыйлықтарына риза болып,тәрбиеші мадақтауына қуанады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу қажет: Сандарды тура және кері санауды,бір зат және көп затты бір-біріне ажырата алуды.
Игеру керек: 1-10 дейінгі сандарды тура және кері санауды,сандарды қосып және азайтуды.
Меңгереді: Тура және кері санауды,заттарды салыстыруды.
«Ақбота» балабақшасы
Ашық оқу қызметі
Тақырыбы:«Математика еліне саяхат»
Тәрбиеші: А.Тогаева
2017-2018 оқу жылы




шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген