400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Мұхтар Әуезов "Көксерек" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға көмегін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ: №39

Мектеп: «№185 жалпы білімберетін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні: 05.02.2019 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Алибаева Мадина Мақұлбекқызы

Сынып: 7 «А»

Барлық оқушылар саны: 27

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі. Композициялық құрылысына талдау

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.2.2.1 Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Шығармадағы эпизодтарды, бейнелерді ажыратады.

Көптеген оқушылар орындай алады: Шығармадағы эпизодтарды, бейнелерді салыстырады.

Кейбірі орындай алады: Шығарма сюжетіне құрылған проблемалық сұрақтарға жауап беріп, ұтымды ой айтады.

Бағалау критерийлері

  • Әңгіменің композициялық құрылымына талдау жасайды;

  • Әңгіменің сюжетіне байланысты берілген сұрақтарға топта графикалық органайзерлер дайындайды;

  • Көркем шығармадағы эпизодтардың құрамдас бөліктерін салыстырып дәлелдейді.

  • Шығармадағы бейнелерді салыстырады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: итмұрын, шірет,қаншық, пішен, шылапшын, тұрқы, шағырмақ, жүзіқара, сам,итаяқ,көкжал.

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Мен мынадай дәлелдер келтіремін... Оның себебін... деп түсіндіремін. Біздің пікірімізше....Мен осы көзқараспен келісемін/келіспеймін. Өйткені ...

Құндылықтарға баулу


Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Құрмет, ашықтық, ынтымақтастық, қамқорлық.

Пәнаралық байланыс

Тарих, этнография.

АКТ –ны қолдану дағдылары

Бейнефильм, слайд

Осыған дейін меңгерілген білім

М.Әуезов «Көксерек»

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

8 мин


Қызығушылықты ояту. «Пазл» әдісі бойынша топқа бөлінеді.

І топ- Көксерек

ІІ топ – Құрмаш

ІІІ топ – Аққасқа

ІҮ топ - Қарадыр

«Конверттегі сұрақтар» әдісі.

Әр топтың алдында конверт берілген, сол конверттегі сұрақтарға жауап беру арқылы алдыңғы сабақты еске түсіру.

  1. Әңгіме неліктен «Көксерек» деп аталған?

  2. Фильм мен әңгімеден қандай айырмашылық байқадың?

  3. Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?

  4. Көксеректің портретін суреттеңіз.

  5. Көксерек туралы ел адамдары не деді?

  6. Әңгіменің идеясы не?

  7. Әңгіме немен аяқталды?

  8. Әңгімедегі қара ала төбеттің иесі кім?

  9. Төбеттер неге Көксеректен қашатын болды?

  10. Көксерек әңгімесі қай жылы жазылды?

  11. Қасқыр неге ұзақ ұлыды?

  12. Адамдар Көксеректің неге жазалады?

  13. Көксеректің берген тамақты жемегеніне не себеп болды?

Дескриптор:

  • Сұрақтарға нақты жауап бере алады

  • Өз ойын жеткізе алады

ҚБ. Жетон тарату арқылы бағалау.

Суреттер

Сабақтың ортасы

25 мин


Мағынаны тану.

1-тапсырма. ТЖ

І топ. «Оқиға тауы» әдісі бойынша әдеби шығарманың композициялық құрылымына талдау жасау

Көксерек

Шығарманың басталуы

Шығарманың байланысы

Шығарманың дамуы

Шығарманың шиеленісуі

Шығарманың шарықтау шегі

Шығарманың шешімі


Дескриптор:

  • Әдеби шығарманың композициялық құрылымына талдау жасай алады.


ІІ топ. "Оқиға баспалдағы" әдісі арқылы оқиғаны бөлімдерге бөліп, ретімен орналастыру

  1. Көксеректің ауылға келуі

  2. Көксеректің мінезі

  3. Көксеректің ауылдан кетуі

  4. Көксеректің жаралануы

  5. Көксерек пен Құрмаштың соңғы кездесуі

  6. Аққасқа мен Көксеректің шайқасы

Дескриптор:

  • Оқиға желісін бөлімдерге бөле алады;

  • Оқиғаны ретімен орналастыра алады.







ІІІ топ. «Оқиға реті» әдісі арқылы әңгімені композициясына сәйкес ретімен орналастыру

Әңгімеден үзінді


Оқиға реті

Бұл соңғы күйренуі, шынымен, үлкен қасқыр болып ұлғаюының белгісі еді. Сонысын сезген болу керек, күздің бір қара дауылды қара түнінде Көксерек тағы жоқ боп шықты. Бұл жолғысы шын болды.

3

Ес жиған соң, жұрт Көксеректің құлағына қарап отырып, бұрынғы кеткен Көксерек атты күшікті таныды. Құрмашты ойлап, кейбіреулердің көздерінен жас та шықты.

5

Қасен бұны баулыған иесіне ішінен бас иіп, алғыс айтады. Құрметпен еске алады. Өйткені Аққасқа тау басында қазіргі отырыстың мәні барын әбден түсініп, ұғынып отырған сияқты. Тыныштыққа бой ұрып жатуды ойлап тұрған жоқ, күтіп отыр.

4

Бірақ Көксерек әлі күнге ешбір уақытта «қыңқ»етіп ауырсынған дыбысын шығарған емес. Талаймын деп ит ұмтылса, жота жүні үрпиіп тұрып алады. Тісі батып, қинап бара жатса, дыбыссыз ғана езуін ыржитады.

1

Сондықтан бұның бойы биіктене береді. Әлі тұрқы шығып ұзарған жоқ. Барлық жүні қара көк, жотасы күдірейіп, ауыз-омыртқа мен құйрығына шейін тұп-тұтас болып, күлдіреуіштей бүгіледі. Атылып келе жатқан садақ оғындай үңілген сүйірленген бір бітімі бар.

2


Дескриптор:

  • Әңгімеден алынған үзіндіні ретімен орналастыра алады


І

Аққасқа



Көксерек



Ү топ. «Венн диаграммасы».
Аққасқа мен Көксеректің арасындағы ұқсастықтар, айырмашылықтарды табу. Ит пен қасқырдың мінезін салыстыру.












Дескриптор:

  • Аққасқа мен Көксеректің арасындағы ұқсастықтарды, айырмашылықтарды таба алады;

  • Ит пен қасқырдың мінезін салыстыра алады;


ҚБ. «Екі жұлдыз бір тілек арқылы» топтар бір-бірін бағалайды



2-тапсырма ЖЖ. (7 мин)

«Кейіпкермен кездесу» әдісі

Ортаға Көксерек келеді. Көксерекке сұрақ қою.

  1. Көксерек, сен неге ит сияқты асырауға көнбейсің?

  2. Адамдармен жауласудағы мақсатың не?

  3. Құрмашты неге өлтірдің?

  4. Өмірге өз қалауыңмен келер болсаң, қасқыр болған жақсы ма әлде ит боп өмір сүрген жақсы ма?


Дискриптор:

  • Оқушылар ойларындағы сұрақтарды қоя біледі;

  • Шығармаға гуманистік тұрғыдан қарай біледі;


ҚБ. Сұрақ қойған оқушы берілген жауапқа «қанағаттанамын», «қанағаттанбаймын» деп кері байланыс жасайды.


Қосымша тапсырма.

3-тапсырма. ЖЖ

Тақтада берілген тақырыптардың біріне ойтолғау жазу

  1. Көксеректің өліміне кім кінәлі?

  2. Егер мен автор болсам...


Дескриптор:

  • Берілген тақырып бойынша өз ойларын жаза алады;

  • Сыни көзбен қарай алады


ҚБ. Жарайсың! Жақсы! Орташа! белгілері арқылы топ топты бағалайды


Маркер, флипчарт,

слайд

кесте

стикерлер

Сабақтың соңы

7 мин

Рефлексия

«Қораптағы пікір» әдісі

Ортаға екі қорап беріледі. Балалар өздеріне сабақтың ұнаған тұсын және алдағы уақытта білгісі келетін мәселелерін жазып екі қорапқа салады.

Үйге тапсырма

Маған ұнаған кейіпкер тақырыбында эссе жазу

Қораптар, кеспе қағаздар

Қосымша мәлімет

Дифференциация – қалай жүзеге асырылды.

Көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

...............................................

Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?

.....................................................

Бағалау.

Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау критерийлері

бойынша

топ топты бағалау









Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау;

Жайлы атмосфера қалыптастыру


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?

Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?

Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
1143
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі