Материалдар / Ашық сабақ: "Мұқағали- мәңгілік ғұмыр!» (7-сынып)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: "Мұқағали- мәңгілік ғұмыр!» (7-сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сынып "Мұқағали- мәңгілік ғұмыр!" атты ашық тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Наурыз 2021
531
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мұқағали- мәңгілік ғұмыр!»

М.Мақатаев туралы тәрбие сағаты.

Мақсаты:

Мұқағали Мақатаевтың өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру. Ғасыр ақыны Мұқағалидың жырларын насихаттау.

Ақын өлеңдерінің мәңгілік жыр қазына екенін ұғындыра отырып оқушыларды өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіріп оқуға дағдыландыру. Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу.

Көрнекілігі: слайд, ақын туралы суреттер,нақыл сөздер,бейнебаян

Жоспар:

1. Кіріспе бөлім

2. Қайғы бар қайтқан құстың қанатында»(ақынның өмір жолы мен шығармашылығына шолу)

3. «Поэзия, менімен егіз бе едің?!»(Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу)

4. «Құлақтан кіріп бойды алар» (Әнін орындау!)

Барысы: 1-топ. Ақынның өмірбаянына шолужасайды




2-топ (зерттеушілер) Біздің өмірімізде ақын қандай орын алуда? Тақырыбына зерттеу жүргізіп, бейнежазба жасалады

Қазақ поэзиясына ерекше кұбылыс әкелген Ақиық ақын Мұұағали Мақатаев біздің өмірімізде қандай орын алуда? Бүгінгі таңда қаламызда ақынның атымен аталған көше бар және 3 метрлік ескерткіш орнатылған. Ал жыл сайын ақынның тұған күнінде кітапханаларда көрмелер ұйымдастырлып, әндерін де "ескірмеген әуендер" секілді жобаларда шырқалып жатады. Ал білім мекемелерінде, іс- шаралар өткізілуде. Міне, соңдай іс- шараларға біздің де оқушыларымыз қатысып жүлделі орындарға ие болуда. Ал жетекшіміз алғыс хатпен марапатталды. Ақынның өзі өлгенмен сөзі өлемес деп бекер айтпаған екен қазақ бабам.


3-топ

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста :
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!


Мұқағали Мақатаев «Қарасаз»

Мен бақыттымын,
Бақытты жерде туылдым.
Айналайын Қарасаз,
Қасиетінен суының!

Сенің әрбір бұлағың -
Менің әрбір қан тамырым емес пе?
Қасиетті тұрағым,
Қасиетінен суыңның!

Көктемде үйрек ұшып, қаз қонып,
Қараушы едім тырналарға мәз болып.
Жыр қыстап туылмас ем, сірә, мен,
Жаралмасаң өзің Қарасаз болып.

Сонау жатқан жасыл тауды көлденең
Алғаш рет ес білгенде көрген ем.
- Асқар таудың ар жағында ел бар,- деп
Әжем айтса, әй, сәбилік, сенбегем.

Қарасазым!
Айтылмаған сезім ең,
Мен іздеген бақыттың сен өзі ме ең?
Сенің ғажап табиғатыңды кімге айтам,
Кім құмартса, өзі көрсін көзімен...




Поэзия

Поэзия! менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім досымнан, қасымнан да,
Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да,
Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,
Қызыл-жасыл шұғыла шашылғанда,
Көкжиек пен көкжиек қосылғанда.
Махаббаттан іздедім, сағыныштан,
Арманымнан іздедім алып ұшқан!
Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,
Сені іздедім жадырау, жабығыстан.
Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,
Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен.
Қуаныштан, түршігу-күрсінуден,
Жүректердің іздедім дүрсілінен.
Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттерден іздедім, сағаттан да,
Сені іздедім.
Іздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?!

Мен таулықпын!

Tay дейтін алып жүрек Ана туған
Мен таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Киіктің сүтін емін ержеткенмін
Қуат алып қыранның қанатынан
Мен таулықпын
Таудан мен жаратылғам.
Бұлт бүркеніп, жай отын ала туғам
Күн алғашқы сәулесін маған шашып
Маған келіп түнейді қара тұман.
Тау ұлымын
Тау - менің дәу бесігім
Мен оның әуресімін, сәулесімін.
Асқар шыңдар желпиді бесігімді
Бір орамын ағытып сәлдесінің.
Мен - таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Тау деген Ана туған дара тұлғам
...Тауға барып
Көкке ұшып кетсем бе екен
Ұстап алып қыранның қанатынан


Мұғалім:Иә, ақиық ақын басын мұз жапқан,етегін қар жапқан, асқақ та, биік шыңды Хан Тәңірі тауының бөктеріндегі Шалкөде жайлауымен ұштасқан Қарасаз атты табиғаты сұлу мекенде өмірге келген екен.

Поэзия әлеміне жарық жұлдыздай сәуле шашып айрықша із қалдырған мұқағали –күллі қазақ халқының мақтанышы.Сондықтан да Өлсе өлер Мұқағали, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім деп адамның ішкі жан дүниесінің нәзік сезімін оның күшті құштарлығын шынайы да әсем бейнелей білген ақын өлеңдері-мәңгілік қазына.

Ақынның шығармалары негізінен елге , туған халқына деген құштарлығын жырлауға арналған.Көптеген өлеңдеріне ән де шығарылды. Мұқағали ақынның поэзиясы бүгінде әнге айналды.Оның сөзіне жазылған әндер қаншама .Сол әндер халық жүрегінен берік орын алып ,қуанышымен қайғысын бөлісетін жан серігіне айналды.

4 топ: « Саржайлау»


Мұғалім: Бүгінгі ашық сабағымды келесі сөзбен аяқтағым келіп отыр: «Мұқағали Мақатаев қазақ тарихында ең оқырманы көп ,қалың халықтың басты жанашыры болған суреткер.Ол ең алдымен ақын.Қазақ жырының құдіреті.»

Ф.Оңғарсынова.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!