Ашық сабақ. Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ 8-сыныпта Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын терең талдауға бағытталған. Сабақ барысында оқушылар шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық құндылықтар тұрғысынан ашып, ананың мейірімі мен құрбандығын, адам мен табиғат арасындағы байланысты түсінді. Түрлі шығармашылық, жұптық және сараланған тапсырмалар арқылы оқушылардың сыни ойлауы, креативті жазылым дағдылары, өз пікірін еркін жеткізу қабілеті дамытылды. Сабақ мазмұны тәрбиелік мәні жоғары, оқушыларды табиғатты аялауға, адамгершілік құндылықтарды қадірлеуге жетелейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

     

Бөлім:

 Махаббат және абырой


Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)



 Жолбарисова М.Б

 Күні:



 04.03.2025жыл

 Сынып:

 Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

 М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

8.2.4.1- шығармадан алған үзінділерді креативті өңдеп қайта жазу


Сабақтың мақсаты

 Оқушылар әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады, өз ойларын еркін жеткізеді, сни көзұарас білдіреді. Шығармадан алған үзінділерді креативті өңдеп қайта жазады.






Құндылық

Табиғат пен адам қатынасы, ананың баласына деген мейірімі мен құрбандығы

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


 Сабақтың басы

 7мин

1. Психологиялық ахуал мен жағымды атмосфера қалыптастыру үшін

Н. Тілендиевтің «Аққу» күйі ойнап тұрады. Келген қонақтармен , оқушылармен сәлемдесу.

2. Топтық тапсырма:

Көрініс: «Аққулар ұйықтағанда»

Мұғалім: Әр ақынның өлең-өнер болмысында бір қасиеті өзгелерінен басымырақ болады. Мысалы: Абайда - ой, Мағжанда - махаббат, Қасымда – от болса, Мұқағалида – тазалық, қасиет деген ұғым басымырақ.

Иә, табиғат ананың бір бөлшегі болған Мұқағали былай дейді:

Табиғат!

Жанымды алсаң,

Алшы менің,

Бір түйір жерге түскен, тамшың едім.

Мұқағали жоғалса қайтер дейсің.

Артымда қалсын жерім,

Қалсын елім...

Ақиық ақын барлық өлеңін бойындағы сезімнің ағынымен тасқындата жазды. Бүгін біз сөз еткелі отырған шығарма “Аққулар ұйықтағанда» - ғажап поэма. Бір түнде, бір деммен, табиғат пен ақын сезімінің үндесуінен туған дүние.

Осы поэма жөнінде Тұманбай Молдағалиев былай дейді:

Cендерге де, маған да бұл поэма мұң тарту етеді. Бірақ бір бастап оқығаннан кейін тастай алмай соңына дейін бір-ақ оқисың. Бейне бір басқа күй кешесің. Көкірегіңде ән ұялап, жырмен тербелесің. Көз алдыңа Жетімкөлдің ерке аққуы, баласы үшін дүниенің тыныштығын, кереметін бұзып, қасиетке оқ атқан ана бейнесі, ең соңында екі бірдей асылынан қасиетінен айырылған сорлы, зарлы ана елестеп, сен де аһ ұрасың. ...

Жаңа өздеріңіз қойған көрініс "Өте әсерлі көрініс болды! Барлығыңыз кейіпкерлердің жан толғанысын шебер жеткізе білдіңіздер. Біз осы көрініс арқылы ананың қайғысын, аққудың киесін, табиғаттың тылсым сырын тағы бір мәрте ұғындық. Енді осы көрініс негізінде келесі тапсырмаларға көшейік."

Біздің келесі тапсырмаларымыз жұптық тапсырмалар болады.

Оқушыларды жұптарға бөлу




 Сәлемдесу

Қойылған сұрақтарға жауап береді, өз ойын айтады.


ҚБ

«Қауырсын қанат», жұптарыдың бірін-бірі бағалауы.




Интерактивті панель, презентация, бейне жазба,көрініске қажетті құрал-жабдықтар, үлестірмелі карточкалар. платформалар, бағалау құралдары.


 Сабақтың ортасы

 30

1-тапсырма

Берілген үзінділіердің ішінен өзіңе ұнаған үзіндіні таңдап ал, осы үзіндіні қайта өңдеп жаз.

Мәтіннен үзінділер

Ой-түйін, қайта өңдеп жазу

...Асығыстық оларда болмайтұғын,

Қомағай көкқұтандар секілденіп,

Жалп беріп, жағаға кеп қонбайтұғын.








...Ойнасыншы, ойнасын ерке құстар,

Тыныштығын олардың қашырмалық.








...Ию-қию көл маңы, астаң-кестең,

Жер айналып, тау құлап, аспан көшкен...




...Аққуға кезенерде ырым жасап,

Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?




...Жасымнан естігенім бар-тын еді,

Әйтеуір, аққу атқан оңбайды деп.






...Өліп жатқан ұлына қарасын да,

Қалсын ана «Жетімкөл» жағасында,

Өлі менен тірінің арасында...








...Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,

Шошыса, екінші рет оралмайды.








Дескриптор

Балл

Берілген үзіндідегі негізгі ойды айтады.

1

Үзіндіні қайта өңдеп жазады.

1

Шығармашылық жұмысында жаңа, ерекше идеялар қолданады.

1

Оқиға желісін жүйелі жазады.

1

Барлығы

4балл

Мұғалім сөзі:

Бүгінгі шығармашылық тапсырманы тамаша орындадыңыздар. Әрқайсыларыңыздың жұмыстарыңызда ерекше ой, шығармашылық көзқарас және әдеби стильдің өзіндік нақышы байқалды. Берілген үзінділерді өңдеу барысында сіздер өз қиялдарыңызды еркін ұштадыңыздар, мәтінге жаңа тыныс бердіңіздер.

Бұл жұмыс сіздердің әдеби талғамдарыңыздың қалыптасып келе жатқанын, сөзді еркін қолдана алатыныңызды көрсетті. Жазу – ойды жеткізудің өнері, ал сіздер сол өнерді игеруге бір қадам жақындай түстіңіздер.

Осы шығармашылық ізденісті әрі қарай дамытып, әрдайым жаңа идеялармен бөлісіп отыруларыңызға тілектеспін. Жарайсыздар!

Ары-қарай оқушыларды жұптарға бөліп,

Жұптық тапсырмалар беремін

1- жұп «Оқырман күнделігі» әдісі

Мәтіннен алынған үзінді

Бұл үзіндіні не үшін таңдадым?

Менің ойым, пікірім





Дескриптор

Балл

Шығармадан өзіне ұнаған үзіндіні таңдайды

1

Үзіндіні не үшін таңдағанын,қалай әсер еткенін айтады

1

Өзіндік көзқарас білдіреді

1

Барлығы

3 балл


2- жұп «Дербес пікір жазу» Аққулар ұйықтағанда поэмасында Бала өліміне не себеп болды деп ойлайсыңдар? Баланы емдеуге болар ма еді?


Дескриптор

Балл

Сұраққа жауап береді

1

Өз ойын айтады

1

Өзіндік көзқарас білдіреді

1

Барлығы

3 балл


«Төңкерілген сынып» әдісі бойынша саралау тапсырмалары берілген

2-жұп «Подкаст» түсіру Аққулар ұйықтағанда поэмасындағы ананың орнында қандай шешім қабылдар едіңдер?


Дескриптор

Балл

Берілген тақырыпта подкаст түсіреді

1

Креативтілік танытады

1

Сөйлеу мәнері

1

Бейнежазба мен дыбыстың сапалылығы

1

Барлығы

3 балл


3-жұп «Дебат» “Аққулар ұйықтағанда” шығармасы қазіргі қоғам үшін қаншалықты өзекті?

4-жұп «Фанфик» жазу Егер сен ақын болсаң шығарманы қалай өңдеп жазар едің?



7. Мәтінмен жұмыс

Оқиға

Эпизодтар

Ақынның суреттеуі

Ана қайғысы

...Баласының ана отыр күйін бағып...


Жетімкөлге аттанған ана

...Балам өлсе, бақыттың керегі не?


Аққуды атқан ана

...Жаралы аққу секілді жаттың ба,
ана?




Дескриптор

Балл

Оқиғаға байланысты эпизодтарды табады

1

Ақынның суреттеуін табады

1

Барлығы

2 балл



Бүгін біз Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының терең мазмұнын талдап, оның астарындағы мән-мағынаны сараладық. Бұл туындыда ақын табиғаттың тазалығы мен ананың жүрек тебіренісін, адам мен табиғат арасындағы нәзік байланысты көркем бейнелеген.

Поэмадағы ана махаббаты, баласының өмірі үшін құрбандыққа баруы – адамзатқа тән ең асыл сезімдердің бірі. Сонымен қатар, табиғаттың киесін бұзу, қасиетті құстарды ату арқылы жасалған қателік үлкен өкінішке ұласатынын түсіндік. Бұл шығарма арқылы ақын бізді табиғатты аялауға, адамгершілік құндылықтарды жоғары ұстауға, кез келген ісіміздің салдарын ойлауға шақырады.

Сабақ барысында жасаған жеке жұмыстарыңыз, ойларыңыз өте құнды болды. Барлығыңыз поэманы терең түсініп, өз пікірлеріңізді еркін жеткіздіңіздер. Болашақта осы шығармадан алған тағылымды өмірлеріңізге қолданасыздар деп сенемін.











 Оқушылар жұптарға бөлініп,берілген тапсырмаларды орындайды.







Интерактивті панель, презентация, бейне жазба,көрініске қажетті құрал-жабдықтар, үлестірмелі карточкалар. платформалар



Сабақтың соңы

8мин

Жеке жұмыс

Genially платформасында

Flipquiz платформасында

Тест тапсырмаларын орындау

Ашық тест, жабық тест

Сәйкестендіру тесті

Кері байланыс:

ҚҚҚ (Құнды,қызықты,қиын)

Құрметті оқушылар, бүгін біз Мұқағали Мақатаевтың "Аққулар ұйықтағанда" поэмасын талдап, оның терең мағынасы мен адамгершілік құндылықтарына үңілдік. Бұл туынды тек табиғат пен адамның арасындағы нәзік байланысты ғана емес, ананың мейірімі мен құрбандығын, сондай-ақ адамзаттың табиғатқа жасаған қиянатын көрсетеді.

Поэмадан біз мейірімнің, аналық махаббаттың, сенім мен өкініштің қаншалықты маңызды екенін ұғындық. Мұқағали ақынның әрбір өлең жолы бізге өмірдің, табиғаттың, ананың қадірін түсінуге шақырады.

Сондықтан біз табиғатты аялауды, ананың жүрегін жараламауды, өзімізді қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды ұмытпауымыз керек. Себебі табиғаттың әр бөлшегі – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі. Аққулар секілді пәктік пен тазалықты сақтап, жүрегімізді мейірімге толтырайық!

Осымен сабағымызды аяқтаймыз. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз бен ойларыңызды өз өмірлеріңізбен байланыстыра білесіздер деп сенемін.

Үйге тапсырма беру

Эссе жазу

Аққулар ұйықтағанда” поэмасындағы ана бейнесі – мәңгілік махаббат символы.

Бағалау





Мұғалім тарапынан берілген тапсырмаларды орындайды

Кері байланыс жасайды





      































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2025
25
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі