Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына сілтеме)
|
7.Т/А2.Әлеуметтік қоғамдық, оқу- еңбек
тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтерді (ән) автор
көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау.
Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай
көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала,
нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу.
|
Басы
8 мин
|
І. Ұйымдастыру.
Сәлемдесу,
түгендеу.
Психологиялық ахуал
қалыптастыру.
Ашық аспан болсын!
Әр күніміз біздің
Сәттілікке толсын!
Қазақ тілі пәнінен
Білмегенді білейік
Үйренейік, күлейік.
Сыныпты топқа бөлу.(Ұрмалы аспап,үрмелі
аспап,шертпелі аспап)
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау:
«Кофе таяқшалары» әдісі арқылы оқушылардан үй
тапсырмасы сұралады.
9-тапсырма. «Туған жерім» тақырыбына эссе
жазу.
«Назар сал» әдісі.
Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында
бейнебаян көрсетіледі..
-Музыка қандай әлем?
-Музыка тыңдаған адамның көңіл –күйі қандай
болады?
-Әл-Фараби қандай адам болған?
-Саған қандай музыка ұнайды?
Оқушылардың пікірі тыңдалады.
Дағды: оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру,
қызықтыру, білімді шығармашылық тұрғыдан қолдану дағдыларын дамыту
мақсатында беріледі . Осы тұрғыда оқу мақсатымен
танысамыз.
|
Оқушы өз тоын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
Берілген ресурстардан және бейнесабақтан
тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі
тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін
жетілдіреді
|
ҚБ.Гүлдер арқылы
бағаланады
|
https://youtu.be/tyQ9lZg7-VY
|
Ортасы
5
мин
5 мин
15 мин
|
Т А. Тапсырма №1
Өлеңді тыңдап, қандай тақырыпта жазылған
монолог екенін анықтайды
« Жетігеннен жеті сұрақ»
әдісі.
Өлең мазмұны бойынша сұрақтар
қойылады.
-Қобыздан қандай әуен төгіледі?
-Ақын әуенді қандай образға
теңейді?
-Музыканы адам не үшін
тыңдайды?
-Сен қандай музыка тыңдағанды
ұнатасың?
-Қазақтың музыкалық аспаптарын білесің
бе?
- Саған қандай аспаппен орындаған музыка
ұнайды?
-Музыка -табаиғи өнер дегенді қалай
түсінесің?
Дескриптор
-Өлеңнің мазмұнын
түсінеді
-Тақырыбын
анықтайды
-Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
береді
Тапсырма №2 А.
«Кім
ізденгіш?» ойыны. Суретте қандай оркестр бейнеленген? Осы туралы
қысқаша баяндап, қандай музыкалық аспаптар көріп тұрғанына
тоқталып, қысқаша сол аспап туралы мағлұмат беріп
өтеді
Сергіту сәті. «Желсіз түнде жарық-ай» әнін
қосылып орындайды
Тапсырма №3. ОЖ Топтық
жұмыс
Мәтінмен жұмыс. Үш топқа мәтін үлестіріліп
беріледі.
1-топ: Қазіргі қоғамдағы музыка саласына өз
көзқарастарыңды білдіріп, диалог құрап
жазыңыздар.
2-топ: Жанрлық ерекшелігіне сай көркемдегіш
құралдарды қолданып, журналға шағын мақала
жазыңыздар.
3-топ: Мәтіннің қай стильде жазылғанын анықтап,
«Музыканың адамға әсері» деген тақырыпта әңгіме
жазыңыздар.
Дескриптор
-Көркемдегіш құралдарды қолданып, мақала
жазады
-Диалог құрастырып жазады
-Мәтін стильін анықтап, әңгіме
жазады
|
Слайдта көрсетілген ресурстарды
талқылайды
Жетігенде берілген сұрақ жауапты
орындайды
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді,
логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары
қалыптасады
|
ҚБ.Асықтар арқылы
бағаланады.
ҚБ. Билет арқылы
бағаланады
ҚБ. Алтын,
Күміс,қола домбыра арқылы
бағаланады.
|
Слайдар
Ашық сұрап-жауаптар
|
Сабақтыңсоңы
6 мин
6 мин
|
Сабақты қорытындылау.
«Ашық микрафон» әдісі.
Оқушыларға бүгінгі сабақ бойынша сұрақтар
қойылады.
-Өнер адам бойына туған талант
па?
-Музыка тыңдағанда адамның көңіл күйі көтеріледі
ме?
- Қандай музыка тыңдағанды
ұнатасың?
-Қазіргі кездегі музыкаға
көзқарасың?
-Музыкалық аспаппен, ән айтатын балалар бар ма
?
Кері байланыс.
Тақтада нота бейнеленген параққа оқушылар
стикер арқылы сабақтан алған әсерлерін жазып
іледі.
|
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына
байланысты кері байланыс жасайды.
|
ҚБ.
ауызша бағалау
|
Рефлексия парағы
|