Сабақтың тақырыбы: “ Музыкалық аспап, домбыра»
Сабақтың мақсаты: Балаларға ұлттық аспап домбыра туралы тереңірек түсінік беру. Домбыраның құрылысымен танысу және домбыра туралы мағлұмат беру. Домбыраның дыбыстық үнін айыра білу үшін, ырғақты жаттығулар жасату, есту арқылы есте сақтауларын жаттықтыру және ойша көз алдына елестете білуге үйрету.Көру арқылы есте сақтауды ,қиялды жетілдіру,дұрыс сөйлеуге дағдыландыру,жаттығулар арқылы зейінділікті жаттықтыру. Әдемілікке тәрбиелеп,ұлттық аспабымыз домбыраға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілік: Домбыра макеті, аспаптар суреті, магнитафон,жаттығу құралдары : доп, шар, т.б
Барысы:
Бүгін біздің оқу қызметіміз өзгеше болғалы тұр, өйткені бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Сондықтан оқу қызметімізді мұхият тыңдап жауап беруге , жаттығуларды дұрыс орындауға тырысып, сәтті де қызықты өту үшін біз алдымен жаттығуларымызды жасап алайық.
Ұйымдастыру кезеңі:<<Шаттық шеңбері >>
-Армысың , Аспан -Ата! -Армысың,Жер-Ана! -Армысың,Алтын күн! - Күліп атты таң бүгін! -Қайырлы таң балалар! -Қайырлы таң ұстаздар! -Бәріміз шапалақ ұрайық! - Достыққа берік болайық.
Жарайсыңдар,балалар сабаққа назар аудару үшін миға шабуыл жасап алайық. 1.Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз? -Қазақстан мемлекетінде тұрамыз. 2.Астанамыз қай қала?. -Астана қаласы. 3. Елбасымыз кім?. -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 4. Біз қай ауылда тұрамыз? - Жарлы ауылында тұрамыз 5. Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қандай ай? -Күз мезгілі, қараша айы. -Жарайсыңдар ,балалар.
Ұзын мойны,
Екі
ішек,
Қатар-қатар
тепкішек.
Басып көрсең
бір-бірлеп,
Үн шығады
күмбірлеп. Жауабы:
домбыра.
Бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы << Домбыра >>
Мақсаты: Осы ұлттық аспабымыз домбыра туралы,оның жасалу жолы мен құрылысына тоқталу. Домбыра қазақтың төл ұлттық аспабы. Қазақ халқы әрқашанда өз өнерін қадірлеген, әндерін ойларын домбырамен жеткізген екен. Көшіп жүргендеде бесігі мен домбырасын тастамаған екен. Енді мына тақтадағы суреттерден ұрмалы,үрмелі,ішекті аспаптарды табамыз. Домбыра аспабымызбен танысып, домбыраның құрылысына тоқталайық. 1.Құлағы. дыбысты келтіру үшін. 2.Шанағы. 3.Пернелері. 4.Қақпағы. 5.Тиегі. 6.Ішегі.
Сергіту сәті.
<<Шеберге домбыра жасауға көмектесейік. >>
1.Домбыраны неден жасаймыз? (ағаштан ) 2.Ағашты көзімізге елестетеміз. 3.Осы ағашты жанымызға қойып алып жонамыз. Оң жағымызға қойып бір,екі,үш. Сол жағымызға қойып бір,екі,үш. 4.Енді ағашты майлап аламыз.Қолды алға созып жоғары төмен бірнеше рет қайталаймыз. 5.Ою-өрнек салатын сәтте келді.Қолды иіп дөңгелетіп , жоғары көтеріп,төмен түсіріп бірнеше рет қайталаймыз. 6.Домбыра дайын болды.Домбырамызды қолымызға алып шертеміз.Оң жағымызға және сол жағымызға алып бірнеше рет қайталаймыз.
- Балалар домбырамен не тартамыз?
- күй, терме, әндер орындауға болады.
- Сендер қандай күйшілерді білесіңдер?
- Құрманғазы, Дина.
- Жарайсыңдар, олай болса Құрманғазы атамыз Адай күйін тыңдайық.
Ойын: Дыбысты табу ойыны. Тез ажырата білу.( Балалардың көздері байланады). 1.Барабанды ұру. 2.Домбыра және гитараны шерту. 3.Баян,сылдырмақ,сыбызғының дыбыстары арқылы қандай аспаптың дауысы екенін табамыз.
Жаттығуды қайтала.
---Мынау не балалар? ----Асық,доп,шар. Доппен жаттығу-жерге ұру. Шармен жаттығу--үрлеу. Асықты шиыру-шерту. Қандай құбылыстар байқадық? Жауабы: Ұрдық,үрледік, шерттік. Енді мына жасаған құбылыстарымызды сызба арқылы қағаз бетіне түсірейік.
Д
ОПТЫ - --
ҮРЛЕДІК
А
СЫҚТЫ-- --
ШЕРТТІК
ШАРДЫ -- - ҰРДЫҚ
Қорытынды: Сенің көңіл-күйің қалай? Берілген бет бейнелер арқылы көңіл-күйлерін білдіру керек. Домбыра аспабының суретін салып келу. Бағалау: Балаларды мадақтап, үлгі ету.
Жарлы балалар бақшасы
Тақырыбы:
«Домбыра» музыкалық аспап
Өткізген: Қилыбаева Қ.
2016 жыл қараша
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ашық сабақ "Музыкалық аспап домбыра"
Сабақтың тақырыбы: “ Музыкалық аспап, домбыра»
Сабақтың мақсаты: Балаларға ұлттық аспап домбыра туралы тереңірек түсінік беру. Домбыраның құрылысымен танысу және домбыра туралы мағлұмат беру. Домбыраның дыбыстық үнін айыра білу үшін, ырғақты жаттығулар жасату, есту арқылы есте сақтауларын жаттықтыру және ойша көз алдына елестете білуге үйрету.Көру арқылы есте сақтауды ,қиялды жетілдіру,дұрыс сөйлеуге дағдыландыру,жаттығулар арқылы зейінділікті жаттықтыру. Әдемілікке тәрбиелеп,ұлттық аспабымыз домбыраға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілік: Домбыра макеті, аспаптар суреті, магнитафон,жаттығу құралдары : доп, шар, т.б
Барысы:
Бүгін біздің оқу қызметіміз өзгеше болғалы тұр, өйткені бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Сондықтан оқу қызметімізді мұхият тыңдап жауап беруге , жаттығуларды дұрыс орындауға тырысып, сәтті де қызықты өту үшін біз алдымен жаттығуларымызды жасап алайық.
Ұйымдастыру кезеңі:<<Шаттық шеңбері >>
-Армысың , Аспан -Ата! -Армысың,Жер-Ана! -Армысың,Алтын күн! - Күліп атты таң бүгін! -Қайырлы таң балалар! -Қайырлы таң ұстаздар! -Бәріміз шапалақ ұрайық! - Достыққа берік болайық.
Жарайсыңдар,балалар сабаққа назар аудару үшін миға шабуыл жасап алайық. 1.Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз? -Қазақстан мемлекетінде тұрамыз. 2.Астанамыз қай қала?. -Астана қаласы. 3. Елбасымыз кім?. -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 4. Біз қай ауылда тұрамыз? - Жарлы ауылында тұрамыз 5. Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қандай ай? -Күз мезгілі, қараша айы. -Жарайсыңдар ,балалар.
Ұзын мойны,
Екі
ішек,
Қатар-қатар
тепкішек.
Басып көрсең
бір-бірлеп,
Үн шығады
күмбірлеп. Жауабы:
домбыра.
Бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы << Домбыра >>
Мақсаты: Осы ұлттық аспабымыз домбыра туралы,оның жасалу жолы мен құрылысына тоқталу. Домбыра қазақтың төл ұлттық аспабы. Қазақ халқы әрқашанда өз өнерін қадірлеген, әндерін ойларын домбырамен жеткізген екен. Көшіп жүргендеде бесігі мен домбырасын тастамаған екен. Енді мына тақтадағы суреттерден ұрмалы,үрмелі,ішекті аспаптарды табамыз. Домбыра аспабымызбен танысып, домбыраның құрылысына тоқталайық. 1.Құлағы. дыбысты келтіру үшін. 2.Шанағы. 3.Пернелері. 4.Қақпағы. 5.Тиегі. 6.Ішегі.
Сергіту сәті.
<<Шеберге домбыра жасауға көмектесейік. >>
1.Домбыраны неден жасаймыз? (ағаштан ) 2.Ағашты көзімізге елестетеміз. 3.Осы ағашты жанымызға қойып алып жонамыз. Оң жағымызға қойып бір,екі,үш. Сол жағымызға қойып бір,екі,үш. 4.Енді ағашты майлап аламыз.Қолды алға созып жоғары төмен бірнеше рет қайталаймыз. 5.Ою-өрнек салатын сәтте келді.Қолды иіп дөңгелетіп , жоғары көтеріп,төмен түсіріп бірнеше рет қайталаймыз. 6.Домбыра дайын болды.Домбырамызды қолымызға алып шертеміз.Оң жағымызға және сол жағымызға алып бірнеше рет қайталаймыз.
- Балалар домбырамен не тартамыз?
- күй, терме, әндер орындауға болады.
- Сендер қандай күйшілерді білесіңдер?
- Құрманғазы, Дина.
- Жарайсыңдар, олай болса Құрманғазы атамыз Адай күйін тыңдайық.
Ойын: Дыбысты табу ойыны. Тез ажырата білу.( Балалардың көздері байланады). 1.Барабанды ұру. 2.Домбыра және гитараны шерту. 3.Баян,сылдырмақ,сыбызғының дыбыстары арқылы қандай аспаптың дауысы екенін табамыз.
Жаттығуды қайтала.
---Мынау не балалар? ----Асық,доп,шар. Доппен жаттығу-жерге ұру. Шармен жаттығу--үрлеу. Асықты шиыру-шерту. Қандай құбылыстар байқадық? Жауабы: Ұрдық,үрледік, шерттік. Енді мына жасаған құбылыстарымызды сызба арқылы қағаз бетіне түсірейік.
Д
ОПТЫ - --
ҮРЛЕДІК
А
СЫҚТЫ-- --
ШЕРТТІК
ШАРДЫ -- - ҰРДЫҚ
Қорытынды: Сенің көңіл-күйің қалай? Берілген бет бейнелер арқылы көңіл-күйлерін білдіру керек. Домбыра аспабының суретін салып келу. Бағалау: Балаларды мадақтап, үлгі ету.
Жарлы балалар бақшасы
Тақырыбы:
«Домбыра» музыкалық аспап
Өткізген: Қилыбаева Қ.
2016 жыл қараша
шағым қалдыра аласыз


