Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Н. Қазыбеков "Наурыз көже"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне керек. Әдебиеттік оқу сабағында осы тақырыпқа келгенде 2-сынып мұғалімдеріне қолдануға және ашық сабақтар бергенде өз пайдасына жарайды деген ойдамын!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Әдебиеттік оқу Күні: 02. 03. 16ж. Сыныбы: 2 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Н.Қазыбеков. «Наурыз көже».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алған наурыз мейрамының ерекшелігі туралы мағлұмат бере отырып, наурыз көженің маңызын түсіндіру. Наурыз көженің жасалу жолын үйрету.

Дамытушылық: Сөздік қорын, тіл байлығын, ой - өрісін, қиялын дамыту. Еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру. Дүниетанымдарын кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін, ұлттық тағамын қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, оқу, тізбектей оқу, сұрақ – жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, тайқазан суреті, наурыз көжеге қосылатын 7 дәмнің суреті, видио, карточкалар.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақ барысы

І

Ұйымдастыру


а) Оқушылармен амандасу.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар?

- Сәлеметсіз бе, мұғалім,

- Сәлеметсіздер ме, ұстаздар.

- Сәлем достар.

ә) Оқушыларды түгелдеу.

б) Оқу құралдарын дайындау.

в) Назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық:

Құрт – майымыз көп болсын,
Қарнымыз біздің тоқ болсын.
5 - ке оқып сабақты,
Нашар баға жоқ болсын.

ІІ

Үй тапсырмасын тексеру

-Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

- Иә, балалар, Қабдеш Жұмаділовтың «Ұзынсары» мәтінін оқып, мазмұндауға берілген.

Үш балаға мәтінді тізбектей мазмұндату.

  • Жақсы, басқаларымыз сұрақтарға жауап берейік.

Сиқырлы сурет, тайқазан құрастыру. (Тақтадағы жасырылған суретте ілінген сұрақтарға дұрыс жауап берсек, сиқырлы суретіміз ашылады.)

1-суреттегі сұрақтар:

-Ұзынсары мәтінінде қандай тағам түрі аталған? (Шұжық)

-Ол қалай жасалады? (Шұжық –малдың етін, іш майын турап,оған сарымсақ, тұз, бұрыш қосып араластырады, жылқының ішегіне салып,екі жағын байлап тобарсытады, етпен бірге асады.)

-Мәтінде шұжықты кім жасаған?

- Шұжық қайда сақталады екен? (Тошала үйде)

- Балалар, түсінікті болу үшін айта өтейікші, тошала үй дегеніміз не?

2-суреттегі сұрақтар:

-Мәтінде бала кімді асыға күтті?(Ұзынсары деген кісіні) Неге күтті?

-Бала неге қуанды? Қалай қуанды?

-Осы кезде апасы не ітеді?

3-суреттегі сұрақтар:

-Баланың ұзынсары деп тосқан кісісі кім болып шықты? Яғни ұзынсары деген не екен?(Наурыздың ұзақ сары күні)

4-суреттегі сұрақтар:

-Наурыздың ұзақ сары күндерінде қандай мерекелер келеді?

-Иә, Наурыз мерекесі. (Слайд, наурыз мейрамы туралы)

-Осы Наурыз мерекесінің басты тағамы не?

(Наурыз көже)

-Наурыз көжені әжелеріміз осындай тайқазанда дайындайды. Осы Наурыз көжеге қажетті дәмдерді жинақтайық.

ІІІ
























































Жаңа сабақ






Автор жайлы мағұлмат (шұжықтың тапсырмасы)













Оқулықпен жұмыс (мәтін) (бидайдың тапсырмасы)










Сергіту сәті

(тарының тапсырмасы)












Мәтінді талдау

(бұршақтың тапсырмасы)




(Тұздың тапсырмасы)





Дәптермен жұмыс

(қамырдың тапсырмасы)




(Сүттің тапсырмасы)







-Ендеше, балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз Нұрқасым Қазыбековтың «Наурыз көже» мәтіні.

-Балалар, ұзынсарыға дейін сақталған шұжық тағамында Нұрқасым Қазыбеков туралы мағұлмат жазылыпты.

-Экранға назар аударайық.(слайд)

-Балалар дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді тақтадан қарап жазайық. (Н.Қазыбеков туралы қысқаша мағұлматты үлестірмелі карточкалар арқылы таратып берем, дәптерлеріне жапсырады.)

-Енді, мен сендерге «Наурыз көже» мәтінін оқып берейін, сендер зейін қойып тыңдаңдар.

-Сонымен, балалар, Наурыз көже неше түрлі дәмнен жасалады екен? (7 түрлі)

-Қандай? (Бидай, тары,бұршақ, тұз, қамыр,ет, сүт қосымша құрт)

-Осы 7 түрлі дәмнің ішіндегі орны ерекше дән қайсы екен? (Бидай)

-Дайындайтын Наурыз көжемізге бидай қосу үшін, біз бидайдың тапсырмасын орындауымыз керек екен?

- Кәне, бидайда қандай тапсырма жасырылған екен көрейік. (Мәтінді тізбектей оқу.)


-Жақсы, біз бидайдың тапсырмасын орындадық, енді көжемізге қосылатын келесі дәннің қандай тапсырмасы бар екенін көрейік.


- Балалар, шаршадыңдар ма? Көжемізге қосылатын келесі дәніміз тары сендерге сергіту сәтін ұсыныпты. Көжеміз дәмді болуы үшін біз бұл сергіту сәтін жасауымыз керек екен.


Орнымыздан тұрамыз,

Қос бүйiрдi сығамыз.

Оңға, солға бұрылып,

Бiр айналып шығамыз.

Бiр,екi, үш, төрт, бес

Қолды қолға ұрамыз.


  • Наурыз деген сөз қандай мағынаны білдіреді екен?

  • Қазақ халқы Наурыз мерекесі күні бір – біріне қандай тілек тілейді екен? (мәтіннен табу, оқу)


  • Наурыз тойының мақсаты не екен?

  • Молшылық, тоқшылық болу үшін не жасайды екен?



  • Ендеше, балалар Наурыз көженің құрамын дәптерге жазып алайық. Мәтіннен Наурыз көженің құрамы туралы жазылған жерді тауып, оқып отырып жазайық.


  • Наурыз көжеге арнап әжелеріміз не сақтайды?

-Жақсы, балалар, біз Наурыз көжеге қосатын 7 дәмді дайындадық.

  • Наурыз көжеміз дәмді болу үшін әжелеріміз тағы қандай қосымша тағамдар қосады екен? (құрт, уыз)


IV





Бекіту

Бейне көрніс(Наурыз көже жасау)


Оқушылар экранға назар аударады.

V

Қорытындылау

(Дастарханнан дәм татыу)






























н

а

у

р

ы

з

б

и

д

а

й



у

ы

з



қ

ұ

р

т



т

а

р

ы




т

ұ

з






к

ү

р

і

ш


к

ө

ж

е



ш

ұ

ж

ы

қ





е

т



-Балалар, біз дайындаған дәмдермен әжеміз Наурыз көженің жасалу жолын көрсетіп, бізге көже дайындап берді. Енді көжемізді дастарханға қойып, дәм татайық.

-Балалар, қазақта тамақтанар алдында асқа не сұралады? (бата)

- дұрыс айтасыңдар,

Баталы құл арымас,

Батасыз құл жарымас, - дегендей асымызға бата сұрайық!

Бір ұл оқушы алдын ала дайындап қойған оқушыдан бата сұрайды.

Ұлттық киінген оқушы бата береді:

Ниеттерің ақ болсын,

Наурыздың ақша қарындай.

Бастарыңа бақ қонсын,

Шашыңның барлық талындай.
Тыныш болсын даламыз,

Таза болсын ауамыз,

Тұнық болсын суымыз.

Қатыгездік жоқ болсын,

Кірісіміз көп болсын,

Бүгінгі Наурыз көжедей.

Аллаһу акпар!
- Ұлттық тағам суреттерімен дастархан жайылған, шетінде көже құйылған кеселер, әр кеседе тақырып бойынша жасырылған сөз жұмбақ сұрақтары жазылған. Әр бала кезекпен кеселердегі көжені алып сұрағын оқып жауап беріп, тақтада ілінген сөз жұмбақты толтырады.

1-кеседе:Мұсылман халықтарында жаңа жыл тойланатын ай?(Наурыз)

2-кеседе:Наурыз көжеге қосылатын дән?(бидай)

3-кеседе:Жаңа туған малдың сүтінен жасалатын тағам?(уыз)

4-кеседе:Қатықтан жасалатын тағам?(құрт)

5-кеседе: Наурыз көжеге қосылатын дән?(тары)

6-кеседе: Қасиетті дәм, онсыз астың дәмі жоқ, ол не?(тұз)

7-кеседе: Наурыз көжеге қосылатын дән, ақмаржан? (күріш)

8-кеседе: Ұлттық сусын? (көже)

9-кеседе:Еттен ішекке тығып жасалатын тағам? (шұжық)

10-кеседе: Мал өнімінің негізгі түрі? (ет)


Үй тапсырмасы

171 бет оқу, мазмұндау.

VІІ

Бағалау

Сабақ барысында жинаған фишкалары бойынша бағалау.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
24.04.2018
755
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12