Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Нәруыздың құрылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтарға нұсқаулық ретінде пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ВИДЕОСАБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Оспанова Гулнур Абдисалыковна

Пән/Сынып:

Биология, 10 сынып, ЖМБ

Қай аптаның нешінші сабағы

10 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

1-тарау. Молекулалық биология және биохимия

Сабақтың тақырыбы:

Нәруыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы.

Оқу мақсаты:

10.4.1.5 - нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу

Бағалау критериі:

  • Бағалау критерийлері

нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктейді

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырма- ның мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

1 минут





1 мин

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, оқушылар. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Молекулалық биология және биохимия» тарауының Нәруыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы

Сіздердің бүгінгі сабақта білетініңіз:

-нәруыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысын оқып білесіздер;

Сіздің меңгеретініңіз:

- нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктейсіздер




Презентация

Слайд 1





Слайд 2


Жаңа сабақ

Нәруыздар-макромолекулалар сияқты тіршіліктің негізі. Нәруыздардың мономерлері-20 түрлі аминқышқылдары.

Нәруыздардың бірінші реттік құрылымы генотиппен анықталады. Екінші, үшінші және төртінші реттік құрылымы нәруыздардың бірінші реттік құрылымына байланысты болады.

Барлық биологиялық катализаторлар-табиғаты нәруыз болып келетін ферментер. Нәруыз молекулалары организмді бөгде заттардан қорғау үшін иммунологиялы ққорғаныспен қамтамасыз етеді.

Нәруыз молекулаларын бірінші, екінші, үшінші, төртінші реттік құрылымдық деңгейлерге ажырату қалыптасқан.

Аминқышқылдардың жалпы формуласы.

Пептидтік тізбектер бір бағытқа қарай орналасады және екіұшы болады: бірінші аминқышқылының бос амин топтарын тасымалдау-шы N-ұшы және соңғы аминқышқылының карбоксил тобын тасымалдаушы С-ұшы.


Полипептидтер

Амин қышқылдары пептидтік байланыс арқылы байланысады

Пептидтік тізбектер бір бағытқа қарай орналасады және екіұшы болады: бірінші аминқышқылының бос амин топтарын тасымалдаушы N-ұшы және соңғы аминқышқылының карбоксил тобын тасымалдаушы С-ұшы.

Полипептид – амин қышқылдардың полимері

Нәруыз бір немесе бірнеше полипептидтерден тұрады

Полипептидтер 20 аминқышқылдарынан тұратын полимерлер

Полипептидтер ұзындығы бойынша алуантүрлі, бірнеше немесе мыңдаған мономерлерден тұрады

Әрбір полипептидтің өзіне тән амин қышқылдарының реттілігінен тұратын тізбегі болады

Нәруыз құрылымының төрт деңгейі

  • Нәруыздардың бірінші реттік құрылымы амин қышқылдардың белгілі бір ретпен орналасқан тізбегінен тұрады

  • Көптеген нәруыздардың екінші реттік құрылымы полипептидтік тізбектегі оралымнан және қатпарлардан тұрады

  • Үшінші реттік құрылым әртүрлі бүйірлік тізбектердің (R топтар) өзара химиялық байланысымен анықталады

  • Төртінші реттік құрылым бірнеше полипептікті тізбектердің бірігуі нәтижесінде түзіледі

Полипептидтік тізбектегі әртүрлі аминқышқылдары қалдықтарының бір-бірімен кезектесіп пептидтік байланыспен байланысу ретін нәруыздардың бірінші реттік құрылымы деп атайды

  • Аминқышқылдары бір-бірімен пептидтік байланыстар арқылы қосылады.

  • Бұл байланыстар бір аминқышқылының аминтоптарының басқа аминқышқылдарының карбоксил тобымен әрекеттесуі барысында, су молекулаларының бөлінуі нәтижесінде құрылады.

  • Судың бөлінуімен жүретін реакция-конденсация реакциясы, ал пайда болған ковалентті көміртек-азот байланысы пептидтік байланыс деп аталады.

  • Нәруыздар бір-бірінен бірінші реттік құрылымды түзетін амин-қышқылдарының реттілігі бойынша ажыратылады. Ол өз кезегінде сол нәруызды кодтайтын ДНҚ (генде) молекуласы бөлігіндегі нуклеотидтердің ретіне тәуелді:

Лиз-гл-ала-тр-ала-ала-лиз-гл-фен-арг-глн-гис-мет

  • Пептидтік тізбектер бір бағытқа қарай орналасады және екіұшы болады: бірінші аминқышқылының бос амин топтарын тасымалдаушы N-ұшы және соңғы аминқышқылының карбоксил тобын тасымалдаушы С-ұшы.


Полипептидтік тізбектің кеңістіктегі оралма тәрізді болып келген пішінін нәруыздың екінші реттік құрылымы деп атайды.

  • Нәруыздың екінші реттік құрылымы сутектік байланыстар арқылы орындалады.

  • Көптеген нәруыздар әртүрлі амин қышқылдарының СО – және – NH топтары арасындағы сутектік байланыстар негізінде спираль жасайды.

  • Бір орамдағы NH-топтарымен көршілес орамдағы СО-топтары арасында түзілетін сутектік байланыстар арқылы оралым ұсталып тұрады.

  • Пептидтік тізбектердің екінші реттік құрылымының бірнеше түрлері белгілі, олардың ішіндегі негізгілері - α-шиыршық және β-қатпарлы қабат, α-шиыршық-өзекке ұқсас берік құрылым.

  • әрбір амин-қышқылдары қалдығының СО-тобы NH-тобының төртінші қалдығымен әрекеттеседі.

  • Нәруыздың екінші реттік құрылымының типі оның бірінші реттік құрылымымен анықталады.

Нәруыздың үшінші реттік құрылымы- бұл нәруыз молекулалары-ның барлық атомдарының кеңістікте бөлінуі немесе басқаша айтатын болсақ, шиыршықталған полипептидтік тізбектің кеңістіктегі оралымға айналуы.

  • Нәруыздың үшінші реттік құрылымының түзілуінде амин-қышқылдары радикалдары арасындағы әрекеттесудің нәтижесінде қалыптасқан сутектік, иондық, гидрофобтық және дисульфидтік байланыстар негізгі орынды алады;

  • Молекула пішініне және үшінші реттік құрылымының қалыптасу ерекшелігіне байланысты нәруыздар глобулалы және фибриллярлы болып бөлінеді;

Нәруыздың төртінші реттік құрылымы- нәруыздың бөлек полипептидтік тізбектерінен түзілген, бір-бірімен өзара әрекеттесетін суббірліктердің кеңістікте орналасуы

  • Төртінші реттік құрылымы барлық нәруыздарға тән болмайды.

  • Бұл бірнеше үшінші реттік құрылымдардың күрделі кешен түзе байланысуы

  • Нәруыздың төртінші реттік құрылымына ие нәруыздарды олигомер нәруыздар, ал олардың құрамына кіретін полипептидтік тізбекті суббірліктер немесе протомерлер деп атайды.

  • Кейбір нәруыздар тобында мұндай суббірліктер бірдей немесе құрылысы ұқсас, ал кейбір нәруыздар әртүрлі типті тізбегі бар суббірліктерден тұрады.

Нәруыздардың құрылымы.

Жаңа тақырыпты меңгеру










































































Слайд 3














Слайд 4

https://youtu.be/RIJiRMPHQko


Слайд 5




Слайд 6
















Слайд 7











Слайд 8





























Слайд 9























Слайд 10
















Слайд 11
















Слайд 12

8 минут


Тәжірибе

Тапсырма №1.

Нәруыз құрылымдарың байланыс түрлерін сипаттайтын кестені толтырыңыз.

Нәруыз құрылымдары

Байланыс түрлері

Бірінші реттік


Екінші реттік


Үшінші реттік


Төртінші реттік


Дұрыс жауап:

Нәруыз құрылымдары

Байланыс түрлері

Бірінші реттік

Пептидтік

Екінші реттік

Сутектік

Үшінші реттік

Ионды, дисульфидті

Төртінші реттік

Байланыстың барлық түрі бар

Тапсырма № 2. Ойланып, жауап беріңіз

  1. Ақуыздар құрылымын жазыңыз

А _______________________

В _______________________

С _______________________

D _______________________

2. D әрпімен белгіленген ақуыз құрылымын сипаттаңыз

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Ақуыз құрылымындағы С әрпімен белгіленген химиялық байланыс түрін көрсетіңіз

1.__________________________

2___________________________

  1. Дұрыс жауап:

Ақуыздар құрылымын жазыңыз

А бірінші реттік

В төртінші реттік

С үшінші реттік

D екінші реттік

  1. D әрпімен белгіленген ақуыз құрылымын сипаттаңыз

- полипептидтік тізбектің кеңістіктегі оралма тәрізді болып келген пішінін нәруыздың екінші реттік құрылымы.

- нәруыздың екінші реттік құрылымы сутектік байланыстар арқылы орындалады.

- көптеген нәруыздар әртүрлі амин қышқылдарының СО – және NH топтары арасындағы сутектік байланыстар негізінде спираль жасайды.

3. Ақуыз құрылымындағы С әрпімен белгіленген химиялық байланыс түрін көрсетіңіз

1. Үшінші реттік құрылым жасалу үшін сутектік, иондық, гидрофобтық және дисульфидтік байланыстар қатысады.

2. Үшінші реттік құрылымды дисульфидті көпіршелер қалыптастырады.

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру



Дескриптор: Нәруыз құрылымдарының байланыс түрлерін жіктейді








Дескрипторлар:

  • Ақуыздың құрылымы мен байланыс түрлерін сипаттайды


Слайд 13









Слайд 14







Слайд 15















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.10.2020
877
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12