Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Не дәмді? ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Технологиялық карта

Білім беру саласы:   Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Не дәмді?»ертегісі

 Мақсаты:Ненің дәмді екенін ажыратуға,дәмнің айырмашылығын, пішінін айта білуге үйрету.Асты қадірлеуге,қастерлеуге тәрбиелеу.Кейіпкерлердің өз ара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі сырын,айтылу керек ой түйсігін,мән-мағынасын бұзбай, байланыстыра баяндай білуге  үйретуді дамыту.

Сөздік жұмыс:жұлдыз,құрт

Қолданылатын көрнекі құралдар:алма жемісі,тіл амытудәптері,қоржында көкеністер мен жемістердің муляждары.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Амандасу.Алма салынған себетті көрсету.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ғажайып сәт:Алманы барлық бала иіскеп көреді.

-Алма сендерге ұнады ма?

-Ал мұнда алманы жұлдызқұрт жақсы көреді екен.Бәріміз дәптерді ашамыз.

Дәптермен жұмыс: «Жұлдызқұрттарға алманың дәніне жетуге көмектесейік!»тапсырмасын орындату.

-Балалар,бізге алма жеген ұнайды екен,жұлдызқұртқада ұнайды екен.

-Ал енді мен сендерге «Не дәмді?»ертегісін оқып беремін.

Ертегі оқылады:

Бір басқосқанда  құстармен хайуанаттарнендей тамақтың дәмді екенін талқылапты.Сонда тауық:

Ең дәмді тамақ-тары,-депті қыт-қыттап.

-Тапқан екенсің дәмді тамақты!

Кеміріп жейтін сүйекке не жетсін!-дейді Ит абалап.

-Бәріңде білмейсің.Күтірлетіп жейтін сәбізден артық ештеңе жоқ,-дейді қоян,екі құлағын тікірейтіп.

-Жас шыбықтың қабығынан дәмді не болушы еді!-деп,ешкі маңырапты.

-Шіркін,қою сүтті айтсаңшы!,-деп мысық тамсанады.

Сөйтіп,әркім өзі сүйетін тағамды мақтап,қызыл кеңірдек болысып,бәтуаға келе алмай,тарасыпты.

-Ал,балалар ертегіден нені түсіндіңдер?

-Балалар,өз үйлеріңде аналарың немесе әкелерің және өзің нені жақсы көресіңдер?

-Көрдіңдер ме?Әр адамдардың да өз сүйікті тағамдары бар.Қандайда тамақ болсын,жиркеніп жеуге болмайды.Астың бәрі дәмді де тәтті.

-Балалар,бір үзім нан жерге түсіп кетсе немесе қиқымы шашылса,не істейміз?

«нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар»-деген өлең бар,еш уақытта асты басып кетуге болмайды.Нанды да ,асты да қадірлеуіміз керек.

Сергіту жаттығуы:

Алма баққа барайық,

Алма жинап алайық,

Ең үлкенін дәмдісін,

Әжемізге сыйлайық.



Дидактикалық ойын: «Бұл не?»

Мақсаты:Жемістер мен көкөністерді ажыратып, дәмінің айырмашылығын және пішінін айта білуге үйрету.

Ойынның шарты:баланың көзі жұмылады.Қоржынға салынған көкөністер мен жемістерді қолдарына алып,оның дәмі қандай болатынын және пішінін айтып, атын атау керек.


Балалар қызығушылықпен жасайды.

-Әрине,ұнайды.

Себебі:алма тәтті,дәмді жеміс.Алма ағашта өседі.Ол қызыл,сары кейде жасыл болып келеді.Алма дөңгелек болады.















Балалар мұқият тыңдап түсінігін айтуға тырысады.






-Құстар мен хаиуанаттар бірігіп отырған уақытта,әркім өзінің жақсы көретін тамағын мақтапты.Мысалы:тауық тарыны мақтапты.Ит өзінің сүйегін аңсапты.Ешкі шыбықтың қабығын,мысық қою сүтті аңсапты.Сөйтіп құстар мен хайуанаттар бір не дәмді деген сөзге келе алмапты.

Мысалы,Анам етті,әкем палауды,ал өзім бәліш жегенді ұнатамын.














-Әрине қиқымы шашылса теріп аламыз.






Сергіту жаттығуын жасайды.






Ойынды балалар қызыға ойнайды.

Рефлексиялық -түзетушілік

Ойында тапқан жемісімізді немесе көкөністі сипап сезу арқылы жылдам баяндап беру керек екенін айту.

Балалар ұсынысты қабылдайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:жемістердің көкөністерден айырмашылығын жылдам айта білу;

Игереді:көкөністермен жемістерді ажыратуды;

Меңгереді:тез ойлап ,тез жауап беруді;





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
2095
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12