400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Нұрсұлтанова Ақмарал Ерталапқызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұны бойынша ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі

ЫPicture 2 . Сүлейменов атындағы №37 орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі










Ашық сабақ











Тақырыбы: Асқорыту жүйесі. Асқорыту мүшелері








Сыныбы: 8 «А»


Пән мұғалімі: Нұрсұлтанова А.Е













Тараз қаласы

Пәні: Биология Күні: Сынып: 8 «А»

Сабақтың тақырыбы: Асқорыту жүйесі. Асқорыту мүшелері

Оқу мақсаты: Асқорыту жүйесі мен асқорыту мүшелеріне жалпы сипаттама беру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: асқорыту жүйесінің құрылысымен қызметі және маңызы туралы үйренеді.

Оқушылардың басым көпшілігі: асқорыту мүшелерінің гигиенасын, тазалық және жеке бас гигиенасын сақтауды үйренеді.

Кейбір оқушылар: асқорыту жолында астың қорытылуын, асқазан-ішек ауруларының алдын алу жолдарын үйренеді.

Бағалау критерийі: оқушылар асқорыту жүйесінің қызметімен құрылысының ерекшелігін, адам өміріндегі маңызын оқып үйренеді.

Тілдік мақсат: өкпе рагы, бронхит, ларингит, лайморит, плеврит, туберкулез, демікпе

Алдыңғы білім: Тағамның маңызы. Тағамның құрамы.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, түгендеу

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Ынтымақтастық атмосферасы «Шаттық шеңберін» құру. Шеңбер құра отырып, сергіту сәті өтіледі. «Көзімізді жұмып, ішіімізден мына сөздерді қайталаймыз. Мен өз біліміме сенемін, бүгінгі сабақта терең ойлап, нақты жауап беремін, бәріңе де бүгінгі сабқта сәттілік тілеймін». Оқушылар жұлдызшалар арқылы 3 топқа бөлінеді.

Бағалау парағы таратылады.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

А) Әр топқа тапсырма беріледі. (карточка арқылы топ басшылары таңдап алады.) «Су. Минералды тұздар. Витаминдер.» сөздеріне түсініктеме береді.

«Денсаулық » тобы

«Тағам» тобы

«Білім» тобы

Ә) мұғалім доп арқылы деңгейлік сұрақтар қояды. («А» деңгейі, «В» деңгейі, «С» деңгейі)

«Сұрақты ұстап ал!» әдісі (доп арқылы сұрақ - жауап)

  1. Адам организмі үшін тамақтың ролі қандай?(Организм қалыпты тіршілік әрекеттері үшін жасушалары мен ұлпаларына үнемі қоректік заттар керек)

  2. Адам бір тәулікте 4 мезгіл тамақтануы қажет. Неге?(Себебі біздің асқорыту жүйеміз жақсы жұмыс істеу үшін әруақытта қоректік заттар болу керек)

  3. Ал қоректік заттар дегеніміз не?( нәруыз,көмірсу,май, минер тұз ,су мен витамендер)

  4. Азықтық заттардың, қоректік заттардан айырмашылығы неде?( Құрамында нәруыз,май,көмірсулар бар өсімдіктекті және жануартекті өнім.нәруыз,май,көмірсу ,тұз, су күрделі өңдеуге ұшырайтын орг қосылыстар)

  5. Тағамдық заттар қандай қызмет атқарады?(энергия көзі және құрылыс материалы )

  6. Ас тағамдары әр түрлі болуы керек. Себебін айт?(үнемі бір түрлі тағамдар ішкенде оның сіңімділігі төмендейді және адамның тамаққа тәбеті тартпайды)

  7. Адам организіміндегі нәруыз, көмірсу, майлар мен витаминдердің рөлі қандай?( нәруыз-құрылыс материалы,майлар-энергия көзі, құрылыс материалы, көмірсу-энергия көзі,витамин-алмасу процесіне қатысады.)

  8. Ас қорыту дегеніміз не?( тамақ өнімдерінің едәуір қарапайым,организмге сіңірілетін заттарға ұсақталу және ыдырау процесі)

Әр сұрақтарға жауап берілген сайын мұғалім стикер беріліп, топ басшысы бағалау парағына баға қойып отырады.

Серіту сәті. Мақал- мәтелдер айту. (топтың атауына байланысты)


«Нәруыздар, көмірсулер, майлар» көрсетілген жұлдызшалар, стикер

Сабақтың ортасы

3.Жаңа сабақ.

Мұғалім: Асқорыту мүшелері Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері қосылып асқорыту жүйесін құрайды. Асқорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ас ішек және тоқ ішек жатады. Асқорыту мүшелерінің іші қуыс, түтікке ұксас. Асқорыту мүшелерінің қабырғасы негізінен үш қабаттан тұрады: сыртқы, қабаты - дәнекер ұлпадан тұратын сірқабат. Ортаңғысы бұлшықет қабаты, ішкі қабаты - эпителий ұлпасынан түзілген.

Жаңа сабақты оқушылар өздері меңгереді. Әр топқа тапсырмалар беріледі.

«Денсаулық » тобы – Ауыз қуысы, жұтқыншақ

«Тағам» тобы – өңеш, асқазан

«Білім» тобы - ас ішек, тоқ ішек

Топтаса отырып, бірігіп оқып, постер қорғау арқылы түсіндіреді.

Стикерлер, құрал-жабдықтар

Сабақтың соңы

4.Сабақты бекіту.

Деңгейлік тапсырмалар.

«А» деңгейі – тиісті орнына сөздерді қой. Флипчартпен жұмыс. (Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, бауыр, ұйқы безі, ас ішек, тоқ ішек, соқыр ішек, тік ішек.)

«В» деңгейі – Сандар сөйлейді. (3 жұп, 11-13 см, 25см, 5-6см, 25-30см, 8-9см, 8-10м)

«С» деңгейі – Асқорыту мүшелерінің қызметтерін сәйкестендіру.

Мүшелері

Қызметтері

Ауыз қуысы

Асты ұсақтайды. Ас қорыту жүйесіне өткізу

Жұтқыншақ

Жұту,жылжыту

Өңеш

Жылжыту

Асқазан

Ас қорытылады

Аш ішек

Ас сіңіріледі

Тоқ ішек

Қорытылмаған ас қалдығы,ауру тудыратын микробтар түскенде қабыну процесі пайда болады.

Ұйқы безі

Сөл бөледі. Ішкі секреция қызметін атқарады.

Бауыр

Өт бөледі. Улы заттарды зиянсыздандырады.

Рефлекциялық кезең. Қолдарындағы жұлдызшалар арқылы «Екі жұлдыз, бір тілек»

Бүгін біз не білдік?

Қандай тапсырмалар саған оңай болды?

Қандай тапсырмалар қиындық келтірді?

5.Бағалау кезеңі.

Топ бойынша бағалау. Бағалау парақшаларымен. Мадақтау арқылы бағалау.

6.Үй тапсырмасын беру кезеңі. Асқорыту жүйесі, Асқорыту мүшелері оқу, дәптерге түсініктеме жазу. Тақырыпқа сәйкес бейнероликтер іздестіру. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу жолдары.

Стикерлер


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
511
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі