Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ө дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сынып мұғалімдеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі.


Сабақтың мақсаты: Танымдық: Ө дыбысы мен әрпін таныту. Бас және

кіші әріптерін үйрету. Ө дыбысын жеке

дыбыстату.

Дамытушылық: Ойын арқылы дүниетанымын,

шығармашылық қабілеттерін ой-өрісін ,

тілін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа

әдемі, таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап.

Көрнекілігі: слайд, тақырыптық суреттер, кеспе әріптер.


Сабақтың барысы: І бөлім Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Сыныбымыз тап – таза

Борда дайын тақтада

Денемізді жинақтап

Отырамыз партаға


Бүгін сабағымыз күндегіден ерекше, өйткені бүгін сендердің алғырлықтарыңызды, тәртібіңізді бақылап отыратын қонақтар қатысып отыр сабағымызға.

- Сауат ашудан нені үйрендік ?

- Дыбыс нешеге бөлінеді ?

- әріптерден не құралады?

ІІ бөлім Қайталау - білім анасы


Қазір жылдың қай мезгілі?

Қөктемде жердің беті қандай көрпеге оранады?

Көктемде қандай ерекшеліктер болады? --

-Қар ериді, тоң жібиді,барлық жәндіктер, жабайы аңдар қысқы

ұйқысынан оянады.

Көктемде ең алғаш бәйшешек гүлі өсіп шығады.

Осы гүлдің суретін көргілерің келеме балалар?

Ол үшін біз бәйшешектің тапсырмасын орындауымыз керек.


Бәйшешек гүлінің тапсырмасы:

Өткен сабақты кайталау

  • Өткен сабақта қай дыбыспен таныстық?

  • З дыбысы қандай дыбыс?


Ойын: « Ыстық орындық »

Өткен сабақтар бойынша сұрақтар қою. 1,2 оқушы шығару.

Тақтаға шыққан оқушы бір әріп алып, тиісті үйшікке салып кету керек.


ІІІ бөлім Тапқыр болсаң , талас жоқ

Күзде құстар қайда ұшып кетеді? - Жылы жаққа

Көктемде олар қайта орала бастайды.

Олар бізге жұмбақ ала келіпті, құстардың жұмбағын шешіп көрейік.


Сарғайып отсыз піседі

Үзіліп жерге түседі. (өрік)

  • Бұл не балалар


Өрік сөзі қай дыбыстан басталып тұр? Өөөөө

Осы дыбыс қалай айтылып тұр? Бірге айту Өөөөөө

Осы дыбыс қалай айтылып тұр? Созылып кедергіге ұшырамай айтылса, ол қандай дыбыс болады дедік? Дауысты дыбыс, қызыл текшемен белгіленеді.

Ө әрпі қай әріпке ұқсайды? О дыбысына.

О дыбысы мен Ө дыбысының айырмашылығын тапқызу.

Ауада жазып көрсету.

Бұл әріпті қай үйшікке саламыз. (қызыл үйшікке)


Сергіту сәті

Оқушыларға өткен әріптердің атын айту, егер дауысты болса,

балалар қол шапалақтайды, егер дауыссыз дыбыс болса аяқты тыпырлатады.


ІV бөлім Ойлы бала - озар


Сондаяқ көктемде, қысқы ұйқыға кеткен жабайы аңдар да ұйқысынан оянып, тіршілігін бастайды екен балалар.

Бұл кай аң? - Аю


Аюдың тапсырмасы: Оқулық пен жумыс.


1. Оқулықтағы сөздерді оқу. (қосылып оқу, жеке 3,4 оқушыға оқыту)

2. Өрік, өзен, көз, сөздерін кеспе әріптермен жазып,

дыбыстық талдау жасау, текшелермен белгілеу.

Тақтаға 3 оқушы шығару, басқа оқушылар орындарында отырып

кеспе әріптермен жазады.

3. Өө дыбысын бастырып жазу.

Қорытындылау: Сұрақ –жауап арқылы.

Бүгінгі сабақта кандай дыбыспен таныстық?

Өө дыбысы қандай дыбыс?

Мадақтау: сабаққа жақсы қатысқан

оқушыларды жұлдызша беріп мадақтау.

Көктемнің алғашқы айы қалай аталады?

Наурыз айында қандай мерекелер бар?

Алдымызда келе жатқан 21 - 22 наурыз, наурыз мерекесімен құттықтаймыз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
931
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12