жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Ө дыбысы мен әрпі мектепалды даярлық сынып
Авторы:Мухатова Айнаш Муратовна
Алматы қаласы Медеу ауданы №172 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
|
|
Оқу ісінің орынбасары : |
|
|
||
|
|
Пән:Сауат ашу және жазу негіздері |
Мұғалімің аты-жөні:Мухатова Айнаш Муратовна |
|
||
|
|
Күні:13.02.2020 жыл |
Сынып/топ: 0 «А» |
|
||
|
|
Тақырыбы: |
Шөл дала мен сулы жер. Ө дыбысы мен əрпі |
|
||
|
|
Оқыту мақсаты: |
0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу |
|
||
|
|
Күтілетін нəтиже |
Барлық оқушылар: Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады. Ө дыбысы – дауысты дыбыс, жіңішке дауысты. Ө дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.
Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ө дыбысының орнын ажыратады. Ө əрпінің баспа түрін жазу жолына жазады. |
|
||
|
|
Көпшілік оқушылар: Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды. Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ө дыбысының орнын ажыратады. Ө дыбысына сөз ойлайды. Ө дыбысына (дауысты, жіңішке дауысты) сөз құрайды. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, ө əрпінің элементтерін жазады. |
|
|||
|
|
Кейбір оқушылар: Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды. Ө дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады Ө əрпін бейнелейді. |
|
|||
|
|
Тілдік мақсаттар |
Тəрбиеленушілер: Суреттер бойынша сөйлем құрастырады. Сөйлемдегі сөздер санын ажыратып, буынға бөледі. Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Шөл дала Пікір алмасу сұрақтары. Суреттен Ө дыбысы естілетін сөздерді атайды.Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Түйе жүрген жер қалай аталады? Өгіз ненің үстінен өтті? |
|
||
|
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Дыбыстарды ажыратады. Сөйлем құрайды. Əріптердің элементтерін жаза алады |
|
||
|
|
Жоспар |
|
|||
|
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
Ресурстар |
|
|
|
|
І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2мин. |
Шаттық шеңбері Аманбысың,алтын күн! Аманбысың,жарқын күн! Маған жылу,жарық бер, Қуаныш пен шаттық бер.! |
|
|
|
|
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3–5 мин.
|
(Ұ,Ө) Педагог түйе туралы əңгімелейді. Түйе үй жануары,еті, сүті пайдалы. Шөл далада көп шыдайды. Үй жануары.
Балалар түйе туралы өз ойларын айтады. |
|
|||
|
ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6 – 22мин.
IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия. 23-25 мин. |
(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Суреттен Ө дыбысы естілетін сөздерді ата. Сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Балалар берілген суреттерді атайды. Педагог Ө дыбысын қайталайды. Балалар суреттен Ө дыбыс естілетін сөздерді тауып, буынға бөледі. Өркеш, шөл, өзен, өгіз. Педагог балаларға сұрақ қояды.
Сөздерді буынға бөледі. Ө жіңішке дауысты дыбыс екенін біледі. Ө дыбысын балалар қайталап дұрыс айтуға жаттығады. 2-тапсырма Суреттегі заттарды атайды. Ө дыбысы бер сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Өшіргіш, көйлек, бөрік, көз,көбелек. Сөздерге сөйлем құрайды. 3-тапсырма Педагог Ж.Əбдірашовтың өлеңін оқиды. «О» – кəдімгі дөңгелек, Ал «Ө» одан сəл бөлек. Мұны да сал, ерінбе, Белбеуі бар белінде.
Суреттегі О əрпі мен Ө əрпінің пішіндерін салыстырады. Айырмашылығын табады. 4-тапсырма Ө əрпінің пішінін қағаздан құрастырады. Педагог балаларға көмектеседі. Қағазға салынған доптың суретін таратып береді. Доптың суретін Ө əрпімен салыстырып, жетіспейтін бөлігін салады. Кел жазайық! Ө əрпінің элементін жазу жолына жазады. Оқушылар берілген сөздерге дыбыстық талдау жасайды Топтық жұмыс Қиылған қағаздардан өгіздің суретін құрастыру
Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды. (Ұ,Ө) Рефлексия. Педагог балаларды смайликтер арқылы бағалайды.
|
Əліппе-дəптер.
Ө əрпі жазылған плакат.
Əліппе-дəптер.
Суреттер.
Түрлі түсті қағаздар
смайликтер
|
|||
шағым қалдыра аласыз







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген