жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ: «Ойын әлеміне саяхат» ересек орыс тобы.
Махатова Б.О – қазақ тілі мұғалімі
№65 «Балбұлақ» бөбекжай-бақшасы
Ашық сабақ: «Ойын әлеміне саяхат» ересек орыс тобы.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Қазак тілі
Тақырыбы: Ойын әлеміне саяхат
Мақсаты: Ойын арқылы балалардың адамгершілік, адалдық, әділдік, сезімталдық қасиеттерін қалыптастыру. Ұлттық ойындарды ойнай отырып, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттырып, салт-дәстүрлерді сақтай білуге ынталандыру. Жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, санамақ айтқызып балалардың тіл байлықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту.
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: интерактивті тақта, сиқырлы таяқ, асықтан жасалған жолақша,санамаққа арналған таратпа материалдар, асық, қоржын.
Билингвалдық компаненті: ұлттық ойын-нацанальные игра,қызыл-красный, сары-желтый,ақ-белый.
|
Қызмет кезеңдері |
Мұғалім қызметі |
Балалар қызметі |
|
Мотивациялық- қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Шеңбер болып тұрайық, Алақанды ашайық. Күннің нұрын салайық, Жүрекке жылу сыйлайық. Жиналған жылы шуақты, Қонақтарға шашайық. |
Келген қонақтармен үш тілде амандасады. Шеңберде тұрып өлең сөздерін қайталайды. |
|
Ұйымдастыру шылық -ізденістік |
Балалар сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме? Ал, қандай ойын түрлерін білесіңдер? Олай болса мен сендерді ұлттық ойындар әлеміне саяхатқа шақырамын. 1-тапсырма: Ал, балалар қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? Ұлттық ойынның түрлерін біледі екенсіңдер. Ал сол ойындарды ойнай білесіңдер ме? «Соқыр теке» қимылды ойыны 2-тапсырма: «Білім ұяшықтары» берілген сұрақтарға жауап беру керек? 1. Екі балуан бір-бірімен жекпе-жекке шығады? 2. Алың ортасына көлденең сызызық сызылады ,екі топқа бөлініп күш сынасады. 3. Ойынға 10-15 бала қатысады, Асық жерге шашылады. 4. Бұл ойында әткеншек құрылып, Өлең айтылып, би билейді. 5. Шауып келе жатып, аттың үстінде затты атып түсіру. 6. Аттың үстінде екі жігіт бір-бірін жығып түсіру керек. 7. Ойыншы қыз атпен шауып келе жатып жігітті қамшылайды. 8. Ипподромда өткізілетін үлкен ұлттық ойынның бір түрі. 3-тапсырма: «Ойынға қажетті заттарды топтастыр» -ойыны 4-тапсырма: Мынау асық асығыңдар келіңдер, Мақал-мәтел жылдам айтып беріңдер. 5-тапсырма: Қазақтың ұлттық ойындарының көптеген түрлері бар. Азғантай уақыттың ішінде олардың барлығын бірдей тоқталу мүмкін емес. Сондықтан қәзір сол ойындардың ішінде «Ханталапай» ойынын ойнап көрелік. Ол үшін ортаға мен ұл балдарды шақырамын. «Ханталапай» ойыны Талапай-ау, талапай, Табылды ойын алақай,! Асықты алға шашамыз, Талапайға басамыз. Асықтарды санадық, түстерін айттық ал енді кезекті санамаққа берейік. Балалар сендер білесіңдер ме қазақтың ұлттық ойындарының көбіне асық қолданады. Асық ойындары адамның жүйке жүйелерінің шыңдап, ұстамдылыққа, дәлділікке, тұрақты тыныс алу мүшелерінің қалыпты дамуына ықпал етеді. 6-тапсырма: «Сиқырлы таяқ» ойыны Ойын шарты балаларға түсіндіріледі. Жеңілген бала тақпақ , жаңылтпаш аайтып береді. Жарайсыңдар балалар сендерге ойын ойнаған ұнады ма? Олай болса балабақшамызға оралайық! |
Балалар жауап береді. - спорттық ойындар, - қысқы ойындар, - ұлттық ойындар. -«Ақ серек, көк серек», «Соқыр теке», «Қыз қуу», «Арқан тартыс», «Ханталапай», «Асық ату», «Ақ сүйек», «Тенге алу», «Жамбы ату», «Бәйге», «Сақина салу», «Сиқырлы таяқ». Балалар өлең сөздерін қайталап ойынға қызыға қатысады. Балалар: Соқыр теке бақ-бақ, Біз айтамыз тақпақ. Мықты болсаң қәнекей, Бірімізді тап-тап. Соқыртеке: Мен текемін бақ-бақ, Қимылдаңдар сақ-сақ.
Тақия, теңге, сүйек, асық, сақина, таяқ. Балалар музыка ырғағы мен мақал-мателдер айтады. Доп ойнаған тозар, Асық ойнаған азар. Ойнақтаған бота от басар. Алыспақ бар,атыспақ жоқ. Ойында-өрелік жоқ, Ханда төрелік жоқ. Отпен ойнама өртенесің, Доспен ойнама өкпелетерсің Ережесіз ойын жоқ Аударыспақ ойнаса Аздың арты қылплдар Бөрік алыспақ ойнаса Таздың арты қылпылдар Көп ойнаған бір жылар Ақылсыз ойынбұзар Арамза жиын бұзар Бір дегенім бөрік, Кисең бойға көрік. Екі дегенім елім, Далам, тауым көгім. Үш дегенім үскі, Ұшып жерге түсті. Төрт дегенім тайлақ, Тайлақты қой байлап. Бес дегенім бесік, Содан шықтық өсіп. Алты дегенім асық, Ойнаймыз біз шертіп. Жеті дегенім жалау, Жүректегі алау. Сегіз дегенім сндық, Іші толған байлық. Тоғыз дегенім торсық, Қымыз ішем құйып. Он дегенде ойлап, Тапқан сөзім оймақ. Ақ асық бар, Көк асық бар. Көп асық бар, Бес асық бар. Тақпақ жаттап, Айтсақ жақсы-ақ. Жатқа тақпақ, Жатта тақ-тақ. Пай-пай-пай, Жайылып жүр тай. Ай-ай-ай, Ұшып кетті торғай. Ала алмасаң теңгені Мазақ қылар көпшілік Ілу үшін теңгені Керек екен ептілік. Палуан болу оңай ма? Қажет екен көп айла. Сол үшін біз аянбай, Көп күрестік көгалда. Кімнің көзі қырағы, Жамбы атуға шығады. Кім тигізсе жамбыға, Сол елінің ұланы. Ойын маған ұнайды, Көп ойнауға болмайды Күні бойы доп қусаң, Ақыл білім қонбайды. |
|
Рефлекциялық- Түзетушілік |
Қазақтың ұлттық ойындары бізді ептілікке, өжеттікке, батылдыққа, тапқырлыққа, алғыр болуды, мерген, ақылды, шапшаң, ептілікті болуды үйретеді. Сұрақ қойып жаңа тақырыпты қорытады, балаларды мадақтайды. |
Балалар өздеріне ұнаған әсерлерімен бөліседі. Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Ұлттық ойындардың ережесін.
Нені игерді: Ойынды ережесін сақтай отырып ойнау дағдыларын.
Нені білді: Балалар ұлттық ойындарды түсіне ойнай білді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген