Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ойыншықтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тіл дамыту

Мырзағазиева Гүлнар Ерназарқызы,

Қызылорда облысы, Шиелі кенті,

3 Облыстық балалар оңалту

орталығының тәрбиешісі


Тақырыбы: Ойыншықтар дүкені

Сабақтың мақсаты: Балаларға ойыншықтар әлемін таныстыру.

Білімділік : Балаларға ойыншықтар жайлы әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын арқылы сөздік қорын молайту, дұрыс, анық сөйлеуге үйрету.

Түзете-дамытушылық: Логикалық ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін арттыру, ұсақ қол моторикасын дамыту.

Тәрбиелілік: Ойыншықтарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Ойыншықтар, Түрлі-түсті суреттер.

Ұйымдастыру кезең

Балаларды сабаққа психологиялық тұрғыда даярлау.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Қане, балалар барлығымыз шаттық шеңберін жасайық.

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықтарды жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.

Тәрбиші :

-Балалар ойыншықтарды ұстап, сипап, көру арқылы біз олардың қандай екенін білеміз.Ойыншықтар қатты пластмассадан, бостау резинадан, жұмсақ матадан жасалады.Олар үлкендердің еңбегінің арқасында жасалады.Сондықтан оларды ұқыпты ұстау керек.

-Енді балалар, осы ойыншықтарды қолымызбен ұстап көру, ойнау үшін ойыншықтар дүкеніне барғыларың келе ме?

-Ендеше көзімізді жұмып, сиқырлы әуенді тыңдаймыз.

-Міне, енді ойыншықтар дүкеніне де келдік.

-Сәлеметсіз бе апай!

-Саламатсыңдар ма, балалар!

-Қай жақтан келдіңдер?

«Мейірім» орталығынан келдік.

-Топтарыңның аты қандай?

- «Құлыншақ» тобы.

-Жарайсыңдар , балалар!

-Апай бізге ойыншықтар бересіз бе?

Дүкенші:

-Балалар қараңдаршы, менің дүкенімнің сөрелерінде әдемі ойыншықтар көп.

-Сендерге ұнай ма?

-Егерде сендер менің тапсырмамды орындасаңдар, қалаған ойыншықтарыңды беремін.

Тәрбиеші:

-Ал, балалар дүкеннің іші кең, орындықтары да бар екен, барлығымыз отырып, апайдың берген тапсырмаларын орындап, қалаған ойыншығымызды алайық.

1-тапсырма:

Ойын : «Түстеріне қарай орналастыр.»

Мақсаты : Ойыншықтардың түрін-түсін ажырата білуге үйрету.

2-тапсырма:

Тақпақ : Нұртілеу

Ойыншықтарым көп менің,

Бәрін жақсы көремін.

Кешке дейін жалықпай,

Бірге ойнап жүремін.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ, сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиғын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

3-тапсырма:

Ойын: «Көлеңкесін тап»

Мақсаты: ойыншы0тардың көлеңкелермен сәйкестендіру,

4-тапсырма:

Ойын : «Ұқсасын тап»

Мақсаты: Ойыншықтардың арасынан ұқсас ойыншықтарды таба білу.

Тәрбиеші:

Тілдік жаттығу

-НА-НА-НА Машина

-Ю-Ю-Ю Аю

- КІ-КІ-КІ Түлкі

-ШАҚ-ШАҚ-ШАҚ Қуыршақ

-Балалар ермексаздан, қағаздан, сазбалшықтанда өзіміз қалаған ойыншығымызды жасай аламыз.Қазір қағаздан қоянның келбетін жасаймыз.

Қорытындылау:

Сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
510
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12