400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ондық бөлшектер әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
қайталау сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ондық бөлшектер әлеміне саяхат

5-сынып


Сабақтың тақырыбы: Қайталау жаттығулары

Сабақтың мақсаты:

а) Ондық бөлшектер тарауын пысықтау, шыңдау, қорытындылау

ә) Шапшаңдыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу

б) Логикалық ойлау қабілетін, өзбетімен жұмыстана білу дағдысын, шығармашылық қабілетін, тез, дәл есептеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: сөздік, ойын, тест, деңгейлік, жеке оқушымен жүмыс

Көрнекілігі: Кесте, үлестірме материалдар, тест тапсырмалары, суреттер

Сабақтын өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушыларды түгелдеу, зейінін сабаққа аударып, сабақ мақсатын баяндау, сабақ түрімен, өту жоспарымен таныстыру

Мұғалім: Біз бүгінгі сабағымызда ұшақпен ондық бөлшектер әлеміне саяхатқа шығып, ондық бөлшектерден алған білімізді саралап, қорытындылаймыз. Ұшаққа отыру билетін алып, қандай ұшақпен ұшатынымызды біліп, ұшаққа орналасайық.

II. «Шапшаңдық гимнастикасы»

Тақтаға алдын ала ілінген (бір жағында сұрақ, бір жағында әріп) дөңгелекшелерде жазылған сұрақтарға жауап алу.


1. Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе қалай салыстырды?

2. Ондық бөлшектерді қосу, азайту ережесі?

3. Ондық бөлшекдерді разряд бірліктеріне қалай көбейтеміз?

4. Ондық бөлшекдерді разряд бірліктеріне қалай бөлеміз?

5. Ондық бөлшекті натурал санға қалай көбейтеміз?

6. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке қалай көбейтеміз?

7. Ондық бөлшекті натурал санға қалай бөлеміз?

8. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке қалай бөлеміз?

9. Арифметикалық орта дегеніміз не?

_s1028 _s1028 _s1028 _s1028 _s1028 _s1028 _s1028 _s1028 _s1028






Сонымен біз AIR АСТАНА ұшағына орналастық.

Ал ұшақта негізінен жолаушылар музыка тыңдайды, газет оқиды, сөзжұмбақ шешеді, ал біз «Білім мен дәстүр» сынынан өту үшін мына тапсырмаларды орындайтын боламыз.

II. «Білім және дәстүр» сыны тапсырмалары

1 тапсырма

1. «Білім сыны» сұрағы: а) Кестемен жұмыс

Жай бөлшек

3

4



7

25

Ондық бөлшек


0,32



2. «Дәстүр сыны» сұрағы: ә) Айт мейрамдарын ата

2 тапсырма

1. «Білім сыны» сұрағы: а) «Тізбек» ойыны

Ондық бөлшектерді салыстыр:

3,8 * 3,08 6,279 * 6,28

1,52<*<1,6 2,8<*<2,9


0,59 * 0,5 5,4039 * 5,404

0<*<0,1 12,6<*<12,66


2. «Дәстүр сыны» сұрағы: ә) Ұлыстың ұлы күні туралы не білесің?

3 тапсырма

1. «Білім сыны» сұрағы: а) Тест жұмысы (ауызша)

Алдарыңдағы түрлі-түсті сигнал карточкалар арқылы дұрыс жауапты көрсетіңдер.

_s1028 _s1028 _s1028

А В С



1. Қосуды орында: 5,2+13,058=

А) 63,060 Ә) 18,060 Б) 18,258*


2. Азайтуды орында: 3-2,66=

А) 2,63 Ә) 0,34* Б) 2,36


3.Көбейтуді орында: 3,2 * 4=

А)128 Ә) 1,28 Б) 12,8*


4. Бөлуді орында: 0,84 : 7 =

А) 0,12* Ә) 12 Б) 1,2


2. «Дәстүр сыны» сұрағы: ә) Ұлттық ойындарды ата

Міне, «Білім мен дәстүр» сынынан өтіп, межелі жерге де жеттік.

Қандай сөз жазылған? «Көктем»

Ал көктем туралы не айтасыңдар? Күтілетін жауаптар: Күннің жылынуы, аналар мерекесі, көрісу айт , ұлыс күні, жыл құстары, құстардың ұя салуы.


III. « Кім тапқыр?» ойыны

«Қандай құстың ұясы екен?»


Қарылғаштың ұясы 3. Теңдеуді шешіңдер:

(8,8-х)-2,5=3,3

1. Есептеңдер: 4. Өрнектің мәнін тап:

- 0,85 = а=35 а-17 *0,7


2. Есептеңдер: 5. А малдарды орында:

20 : 25 = 1,39+4:2,5 =

1

2

3

4

5

2,3

0,8

3

22,82

2,99

Сұқсыр

Бізтұмсық шөже

Қамысторғай

Шүрілдек

Құрқылтай


IV. «Кім күшті» ойыны (гир көтеруден жарыс)

Деңгейлік тапсырма

1) Амалдарды орында: (0,98+ -0,27)*6 Ж: 8,46

2) Ауданы ұзындығы 7,5 м, ені 3,2 м бөлменің ауданымен бірдей, ұзындығы 6,4 бөлменің енін тап. Ж: 3,75 м

3) Автомобильдің бензин бағына жол жүрерден бұрын 54 л бензин құйылды. Ол 240 км жүргенде бақтағы бензиннің -ін шығындады. Автомобиль 1 км жолға қанша бензин шығындады? Ж: 0,1 л


V. Қорытындылау

Міне, қайтатын да уақыт жетті. Саяхатқа шыға отырып, ондық бөлшектер тарауынан алған білімдерімізді көрсеттік. Бізді әуежайда туыстарымызбен бірге журналистерде күтіп тұр екен. Журналистердің: «Ондық бөлшектерге саяхат жасауда Не ұғындың? Не білдің?» сұрақтарына жауап берйіп, сабақты қорытындылайық..

V. Үйге тапсырма

VI. Бағалау


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
585
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі