400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ондық бөлшектерді 10, 100, 1000, ..., разряд бірліктеріне көбейту және бөлу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көп көмегі тиер, есептер, карточкалар бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: " Ондық бөлшектерді 10, 100, 1000, .. разряд бірліктеріне көбейту және бөлу"

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға ондық бөлшектерді 10, 100 , 1000, ...разряд бірліктеріне көбейту және бөлу ережелері бойынша есептер шығару; Қасиеттерін беру; алған білімдерін тиянақтау, тексеру; өткен материалдарды толық пысықтату;

  2. Дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдануда өзіне сенімділігін арттыру; оқушылардың білім деңгейін көтеру, деңгейлік тапсырмаларды меңгерту;

  3. Тәрбиелік: оқушыларды білімді саналылықпен меңгеруге үйреті, ойда сақтау қабілеттіліктерін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, толықтыру сабағы ( ойын түрінде)

Сабақтың типі: дәстүрлі

Көрнекіліктер: сөздер , карточкалар

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

Қосымша сұрақтар қою:

    1. " Бөлшек" ұғымын қалай түсінесіңдер?

    2. Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады? Мысал келтіріңдер.

    3. Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады? Мысал келтіріңдер.

    4. Ондық бөлшектің соңына нөлді тіркеп жазғаннан немесе алып тастағаннан ондық бөлшек өзгере ме?

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

        • Балалар , біздің бүгінгі сабағымызды бастайық.

1)

        • Ондық бөлшектерді 10, 100, 1000, ... разряд бірліктеріне көбейту.

7,465 ондық бөлшегін 10, 100, 1000 көбейту керек.

1)7,465* 10

2) 7,465* 100

3) 7,465* 1000

7,465 санын 10-ға көбейткенде, үтір оңға қарай бір цифр, 100-ге көбейткенде оңға қарай екі үтірге және 1000-ға көбейткенде , оңға қарай үш цифрге жылжиды.

Осыдан ереже шығады: Ондық бөлшектерді 10,100,1000, .. разряд бірліктерге көбейту үшін, ондық бөлшектің үтірін разряд бірлігінде неше нөл болса, сонша цифрға оңға қарай жылжыту керек.

Ондық бөлшектерді 10,100,1000,.. разряд бірліктеріне бөлу үшін, ондық бөлшектердің үтірін разряд бірліктерінде неше нөл болса, сонша цифрға солға қарай жылжыту керек.

1)327,6 :10

2) 327,6 :10


Сабақ түсініктіме? Түсінікті болса, есептер шығаруға кірісейік. Ең алдымен алдыңғы тақырыптарға бір – екі есеп қарастырайық:


2)Тақтаға 3 есеп ілінеді. Қатесін түзеу керек:

2,06+ 1,3= 61-7,64= 21,7+0,613=

2,06 61 21,7

1, 3 7,64 0,613

----------------- -------------------- -----------------------

3,09 54,64 21,1313



3)Оқулықпен жұмыс

№1312 (А)

А) 5,217 * 10

Б) 5,217 * 100

В) 316,2 : 10 31,62

Г) 316,2 :100

№1319 (В)

А) 16,25 : 10 Д) 0,9 *100

В) 0,76 :10 Е) 873,4 :1008,734

Г) 8,5 :100 Ж) 246,5 :1000


№1320 Бос орынға теңдік тура болатындай санды қойыңдар

А) 45,37 : (:100) Г) 2,035 * = 203,5 (*100)

В) 0,315 * =3150 (*10000) Д) 8,16 : =0,0816 (:100)

4)Карточкамен жұмыс.

Кестеде берілген тапсырманы қай топ бірінші орындаса, сол топ жеңіске жетеді. (Белгі тұрған жерге тапсырманың жауабы жазылады).





Үй жұмысы № ережелер жаттау, № 1314, № 1328

Қорытынды.

Нені білдің?

Ондық бөлшектерді 10,100,1000,... разряд бірліктеріне қалай көбейтеміз және бөлеміз?

Бағалау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
795
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі