жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Ондық бөлшектерді азайтуға есептер шығару"
|
Бөлім: |
Мәтінді есептер |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Ондық бөлшектерді азайтуға есептер шығару |
|
Педагогтің аты-жөні: |
Жомартова Г.О. |
|
Күні: |
06.02.2024 |
|
Сыныбы: |
5 «А» |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Ондық бөлшектерді қосу және азайту |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
5.1.2.27 ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау |
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар үшін: Білім алушылар ондық бөлшектерді азайтуға есеп шығарумен танысады. Көпшілік оқушылар үшін: Білім алушылар ондық бөлшектерді азайтуға есеп шығаруды талдауды біледі. Кейбір оқушылар үшін: Білім алушылар ондық бөлшектерді азайтуға есеп шығаруды сипаттап бере алады. |
|
Құндылықтарға баулу: |
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады. |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 5 мин. |
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. «Кубизм» әдісі арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
Оқулық, жұмыс дәптері Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы ДК экраны |
||||
|
Сабақ ортасы 35 мин |
Үй жұмысын «Алтын сақа» ойынын арқылы тексеру. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі. Өзгенің пікірін толықтырады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. Топқа киіз үй арқылы 3 топқа , «Ондық бөлшек», «Жай бөлшек», «Аралас сандар» топтарына бөлу. |
2,3+4,5+0,6+0,5+1,7+0,4=?
1сағ 45 мин + 30 мин + 2сағ15мин+12мин=
5
ондық бөлшекке түрлендір.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. |
Тақтаға ойынға шығып, сұрақтарға дұрыс жауап берген балаларды асықпен бағалау. Белсенділік танытып оқушыларға қолдау көрсеткен балаларды «Жарайсың!» , «Тамаша» сөздерімен қолдау.
|
||
|
|
Тақырыпты бекіту мақсатында «Сақина сыйла» , «Бауырсақ пісіру» ойындары арқылы ондық бөлшектерге амалдар қолданады, түрлендіреді, ықшамдайды, айнамалының орнына мәнін қойып, өрнектің мәнін табады. |
1.Өрнекті ықшамдаңыз. 0,2х + 2,5х + 3,5х = ? 2. Өрнекті ықшамдаңыз: 2,3у + 1,7у – 3а 3. Разрядтық қосылғыштарға жіктеңіз: 15,723=? 4. Екі ондық бөлшектің қосындысы түрінде жазыңыз: 15 = ? 5. Жәшікке 3,5 кг алма салғанда, ондағы алма 9,7 кг болды. Алғашқыда жәшікте қанша алма болған? |
Дескриптор: Жалпы - 3 балл 1 Ондық бөлшектерді азайтуға есеп шығаруды сипаттап көрсетеді. |
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып бөліп шығару мүшелерімен танысады. |
||
|
|
«Бауырсақ пісіру» ойыны. Мақсаты: Ондық бөлшектерді жылдам қосып, алу дағдысын арттыру |
1. 0,2+1,8 – 1,5 =? 2. (3,27+6,73)- (3,25-0,25) = ? 3. 0,25x – 1,2y + 0,75x = ? 4. 5-1,5+0,5=? 5. 1,5 + 8,5 =? 6. 9,3 – 6,3 + 1,5 = ? |
Дескриптор: ондық бөлшектерді ауызша қосып, алу. |
ДК экраны 5-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. Слайд. Асық арқылы бағалау
|
||
|
Оқулықпен жұмыс. Топтық тапсырма №801 |
Сан аралығында берілген координаталық жазықтықта нүктелерді көрсету. Пайда болған кесінділердің ұзындығын табу. |
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
|
ДК экраны 5-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. Слайд. Асық арқылы бағалау
|
|||
|
Сабақтың соңы Рефлексия 5 мин. |
Сұрақ – жауап әдісі арқылы тақырыпқа байланысты анықтамаларды сұрау. Кері байланыс: «Білім сандығы» әдісі Үйге тапсырма : №803 тапсырма. |
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. |
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Кім толықтарады?», «Менің сұрағым бар».. |
|
||
«Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназиясы» КММ
2023-2024 оқу жылы
Математика пәні мұғалімі, Жомартова Гүлзат Оралбекқызының өткізген ашық сабағына өзіндік талдауы
Өткізілген уақыты: 06.02.2024 жыл
Сынып: 5 «А»
Оқушы саны: 19 қатысқаны: 18
Ашық сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: 5.1.2.27 ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау
Нәтижесі: - Білім алушылар ондық бөлшектерді азайтуға есеп шығарумен танысады.
-Білім алушылар ондық бөлшектерді азайтуға есеп шығаруды талдауды біледі.
-Білім алушылар ондық бөлшектерді азайтуға есеп шығаруды сипаттап бере алады.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру: амандасу, оқушыларды түгендеу, сабақ мақсатымен таныстыру -5 мин
ІІ. Сабақ барысы: Тақырыпқа байланысты интерактивті тақтамен, оқулықпен, қимақағаздардан тапсырмалар орындайды. 35 мин.
ІІІ Сабақтың соңы. Рефлексия, үйге тапсырма беру – 5мин.
Сабақ оқушылармен амандасу, түгендеуден, балалардың сабаққа жақсы көңіл күймен қатысуы мақсатында «Кубизм» әдісі арқылы ұйымдастырдым. Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстырудан басталды. Және сабақ бойында қазақтың ұлттың ойындарымен байланыстырып өтетіні хабарланды.
Ары қарай оқушылар үй жұмысын тексеру мақсатында интерактивті тақтаның көмегімен «Алтын сақа» ойынын ойнады. Әрбір дұрыс жауапқа асықтар беріліп отырды. Сынып оқушылары үнемі жауаптарға толықтырулар жасап отырды. Ары қарай оқушылар «Киіз үй» әдісі арқылы 3 топқа, «Ондық бөлшек» , «Аралас сандар», «Жай бөлшектер» болып бөлінді. Сабақ бойында оқушылар «Бәйге» әдісі арқылы бағалау жүргізіп отырылуы керектігі таныстырылды.
Сабақтағы негізгі ережелерді қайталау, қорытындылау мақсатында «Сақина» ойыны ойнатылды. Оқушылар тақырыпқа байланысты анықтамаларды қайталады. Және дұрыс жауапқа асық беріліп отырды. Топ мүшелері жауаптарды толықтырып отырды.
Топтық жұмыс ретінде оқулықтағы №801 есеп берілді. Дискриптор арқылы оқушылар тапсырманы орындады. Топтағы оқушылар бір-біріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырды. Және қатесіз орындаған оқушы тақтаға шығарып, барлық оқушыларға талдап көрсетті.
Тақырып толық меңгеру деңгейін тексеру және ондық бөлшектерді ауызша қосып, алу дағдыларын дамыту мақсатында «Бауырсақ» ойыны ойналды. Дұрыс жауап асықпен бағаланып отырылды. Және күрделірек тапсырмаларды оқушылар балалар дәптерлеріне түртіп алып отырды.
Сабақты «Бәйге» әдісі бойынша топ мүшелері қалай бағаланғандығын талдаумен және «Білім сандығы» әдісі арқылы кері байланыс жасаумен аяқталды. Оқушыларға үй тапсырмасы берілді, дескрипторы таныстырылды.
Жалпы өткізілген сабақ өз мақсатына жетті. Тек жоспарланған 2 тапсырма орындалмай қалды. Және оқушылардың қандай деңгейде тақырыпты түсінгендігі анық көрінді. Сабақ уақытында аяқталды.

шағым қалдыра аласыз










Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген