400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ондық бөлшектерді дөңгелектеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ жоспары 5 сыныпқа сабақ жүргізетін пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек бола алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

5 сынып. Математика пәнінен қысқа мерзімдік жоспары


Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті дөңгелектеу

Оқыту мақсаты:

5.1.2.32 ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеу;


Оқытудың нәтижелері:

1. Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.

2. Шапшаң ойлауға, өз ойын ашық айтуға дағдыланады.

3. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті артады.

4. Бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді.


Қамтылатын модульдер:

1 – модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс), 2 – модуль сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: «Ассоциация» әдісі, 3 – модуль – бағалау, 4 – модуль – АКТ пайдалану (презентациялар), 7 модуль – көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)


Қадамдар:

1. Үй тапсырмасын тексеру

2. Топпен жұмыс

3. Интерактивті тақтамен жұмыс

4. Сергіту сәті

5. Рефлексия

6. Бағалау


Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

1. Ұйымдастыру. «Көңіл - күй» стратегиясы - оқушылардың көңіл – күйін, сабаққа даярлығын анықтау.

2. Топқа бөлу

3. Оқушының зейінін сабаққа аудару.

4. Есеп шығару

5. Деңгейлік тапсырма


Оқушының іс-әрекеті

1) Оқушылар көңіл – күй белгілерін таңдау арқылы сабаққа даярлығын көрсетеді.

Улыбающееся лицо 18 Улыбающееся лицо 15 DrawObject1




2) Топ басшыларын, хатшысын, бақылаушысын сайлайды.


І. Үй тапсырмасын тексеру

3-тапсырма. Оқулықпен жұмыс.

І – деңгей. Сәйкестігін тап. №762. Жуықтау теңдігі дұрыс болу үшін берілген сандардың арасынан біреуін таңдап, жазыңдар:

1) 2,38 * 50,4 ≈ 120; 2) 3,04*5,9 ≈ 18;

3) 29,2*5,12 ≈ 150; 4) 9,38*0,64 ≈ 6;

5) 4,02 * 99,4 ≈ 400; 6) 41*1,95 ≈ 80;

7) 0,99 * 30,6 ≈ 30; 8) 2,8 * 74,9 ≈ 210.


ІІ – деңгей. Топтық жұмыс.



4. Сергіту сәті. «Кім жылдам». Таблица бойынша 51-ге дейін санап шық

(1 - 1, 5 мин ішінде)


Бекіту сұрақтары. «Ит па, мысық па?» ойыны,

«иә» болса ит, «жоқ» болса мысық дейсіңдер.


1. Ондық бөлшектер бүтінге дейін, ондық үлестерге дейін, жүздік үлестерге дейін және т.с.с. дөңгелектенеді. (иә).

2. Санды дөңгелектегенде сан өзінің дәл мәніне ие болады. (жоқ).

3. Санды оған жақынырақ натурал санмен немесе нөлмен алмастыруды осы санды бүтінге дейін дөңгелектеу деп атайды. (иә).

4. Егер нөлдермен алмастырылатын немесе алынып тасталынатын бірінші цифр 5, 6, 7, 8, 9 цифры болса, онда оның сол жағындағы цифр 1 - ге арттырылады. (иә).

5. Санды дөңгелектеген кезінде, оның дәл мәніне барынша жақын мәні алынады. (иә).

6. Ондық бөлшектерді дөңгелектегенде бөлшек бөлікте қалған цифрлардың соңғысы 0 болып келсе, онда оны алып тастауға болады. (жоқ).

7. Егер нөлдермен алмастырылатын немесе алынып тасталынатын бірінші цифр 0, 1, 2, 3, 4 цифры болса, онда оның сол жағындағы цифр өзгермейді. (иә).


Жауаптары: ٧_٧٧٧_٧


Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі

1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?

3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?

4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақмаған ұнадыма? Неліктен?

5 «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы.

Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?



Үйге тапсырма. § 41тақырып, № 763 есептерді шығару.

“Шамалардың жуық мәндерінің өмірде қолданылуы” жайында мәліметтер жинау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
1258
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі