400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ондық бөлшектерді қосу және азайту 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған көмек. оұқушылардың ондық бөлшектерді қосу және азайту тақырыбын бекіту мақсатында жасалынған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ондық бөлшектер, оларды қосу және азайту тақырыптары бойынша алынған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен еңбектену сезімдерін, білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылық пен жауапкершілікке баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі:бекіту сабағы.
Сабақ түрі: Іскерлік дағдысын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: интер.тақта, плакаттар, деңгейлік тапсырмалар, постерлер

Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй жұмысын тексеру. Постермен жұмыс(қайталау)

3. «Кім жылдам?»
4. Практикалық жұмыс

5. Жұппен жұмыс

6. Сергіту сәті
7. «Ойлан, тап»

8. Кітап – білім бұлағы

9.Деңгейлік тапсырмалар

10.Бағалау

11. Үй жұмысын беру

12.Қорытындылау. кері байланыс


Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды қағаз қималарын алу арқылы үш топқа бөлу. Олар:жай бөлшек, аралас сан, ондық бөлшек. Психологиялық тренинг өткізу. Тренинг жасау кезінде оқушылар партаны айнала қоршап тұрады. «Қуанамын менде, қуанасын сенде, қуанамыз бәріміз!» деп барлығы бірге айтады. Бұдан кейін оқушылардан бүгінгі сабаққа дайындығын тексеремін.

2. Үй жұмысын тексеру.

Дәптерлерін ауыстыру арқылы, тақтада көрсетілген жауаптарға қарап тексерді. Дұрыс не дұрыс еместігін анықтады.
№ 761

(5,69+1,606)-1,29=6,006

(3,7-2,388)+0,76=2,072

8,59+2,31=10,9

8,59-2,31=6,28

54,002-(28,7-5,001)=30,303


№766

25дм=2,5м

146см=1,46м

59мм=0,059м

803см=8,03м

Постермен жұмыс(қайталау сұрақтары бойынша)

І топ:Ондық бөлшектерді қалай қосады?

ІІ топ:Ондық бөлшектерді қалай азайтады?

ІІІ топ:Ондық бөлшектерді қалай салыстырады?


3. «Кім жылдам?»

Әр топтап 3 оқушы кезек кезекпен шығады. Тақтамен жұмыс жасайды.

3,7+1,4=

10-5,2=

7,82-7,8=

2,87-0,645=

0,0133+14,56=

0,07+0,05=

19,23+162,01=

165,23-15,23=

89-72,03=


4. Практикалық жұмыс

Әр топқа қатты қағаздан жасалынған фигуралар беріледі. Олар: тік төртбұрыш, шаршы, үшбұрыш. Әр фигураның қабырғаларының ұзындықтарын сызғышпен өлшеу арқылы анықтап, периметрін анықтайды.

Shape1 a=21.4см P=21.4+21.4+21.4+21.4=85.6 см




a=21.4см b=18.7см c=20.5см P=21.4+18.7+20.5=60.6 см

Shape2



Shape3 a=23.1см b=17.2см P=23.1+17.2+23.1+17.2=80.6 см



5. Жұппен жұмыс

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

Деген жолдарды А4 форматынан 4 бетке жазып әр бетті 3ке бөлеміз. Әр бөлікте есептер жазылған. Жұп арқылы шешіледі. Тақтада есептердің жауабы жазылып тұрады. Әр бөлікті сәйкесінше жауапқа жабыстыру арқылы берілген өлең жолдары шығады.


6. Сергіту сәті. Қызыл өрік

7. «Ойлан, тап»

Әр топқа сандар жазылған бұлттар беріледі. Сол сандарды өсу немесе кему ретімен жазғанда әр топта сөздер шығады.


Shape10 Shape4

4,49

Shape8 Shape9 Shape7 Shape5

2,03

Shape6

0,5

1,21

0,05

1,01

2,3





Shape11

23,33


Shape14 Shape16 Shape13 Shape15 Shape17 Shape12

50,92

0,29

2,81

50,29

2,004

23,02





Shape18 Shape19

11,21

1,009


Shape21 Shape20 Shape23 Shape24 Shape22

7,111

7,12

4,36

4,036

1,65





Shape25

«Егеменді еліміздің болашағы - ДАРЫНДЫ, БІЛІМДІ, ӨНЕГЕЛІ жас ұрпақ»



Н.Ә. Назарбаев

8. Кітап – білім бұлағы

№960

Орам матадан 15,8 метр мата сатылғанда, 21,3 метр мата қалды. Орамда алғашқыда неше метр болған?

№963

Шаңғышы бірінші сағатта13,09 км, ал екінші сағатта 13,96 км сырғанады. Шаңғышы екі сағатта неше километр сырғанады?

№ 964

Оқушылар бірінші күні 867,6 кг, екінші күні 1020,85 кг , ал үшінші күні 1088,3кг металл сынықтарын жинады. Оқушылар үш күнде барлығы неше кг металл сынықтарын жинады?

9.Деңгейлік тапсырмалар

А деңгейі

Есепте:

326-0,92=

76,54+29,2=

В деңгейі

Амалды орында: 27,35+2,36+4,5

(3,85+1,37)+(1,15-0,16)

C деңгейі

Теңдеуді шеш: 16,5 - ( Х + 0,34 )= 0,49

10.Бағалау

Әр топ басшысы алдарына берілген бағалау парағына сәйкес топтағы оқушылардың бағасын айтады.

11. Үй жұмысын беру № 968,969

1

Мен сабақты жақсы Мен сабақты толық Сабақ маған

түсіндім, көңілді түсінген жоқпын. ұнаған жоқ.



2
.Қорытындылау. кері байланыс





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
502
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі