Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып математика пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары  

Күні: 13.05.2017 жыл

Пәні: Математика

Сыныбы: 5 «Б»  сынып 

Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың «Ондық бөлшектерге амалдар қолдану» тарауы бойынша алған білімдерін қайталау арқылы терең меңгерту, есептер шығарту.Шапшаңдыққа, өз бетінше жұмыс жасй білуге дағдыландыру. Бұрын  білетін ақпаратпен байланыстыру;

Сабақтың міндеттері:

  1. Ондық бөлшектерге амалдар қолдану ережелерін пайдаланып есептер шығарту. Ақпараттық және коммуникативтік құзіреттілік тұрғысынан жетілуіне ықпал ету;

  2. Ойын элементтері арқылы оқушылардың тарау бойынша жаттығуларды орындау шеберлігін, машығын, әдет, дағды, іскерлігін жетілдіру.

  3. Оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге, табиғатты сүюге, туған өлкенің табиғатына қамқорлықпен қарауға баулу; болашақ табиғат жанашыры болатын, рухани жан дүниесі бай ұрпақ тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер

  1. Ондық бөлшектерге амалдар қолдану ережелерін пайдаланып есептер шығарады. Ақпараттық және коммуникативтік құзіреттілік тұрғысынан жетілуіне ықпал жасалады;

  2. Ойын элементтері арқылы оқушылардың тарау бойынша жаттығуларды орындау шеберлігін, машығын, әдет, дағды, іскерлігін жетілдіріледі.

  3. Оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге, табиғатты сүюге, туған өлкенің табиғатына қамқорлықпен қарайтын, болашақ табиғат жанашыры болатын, рухани жан дүниесі бай ұрпақ тәрбиеленеді.

Сабақ түрі

Саяхат сабақ

Тапсырмалар

Кестелер, логикалық тапсырмалар, семантикалық карта, деңгейлік тапсырмалар, рефлексия

Керекті жабдықтар

Презентация , үлестірмелер, семантикалық карта, «Жасыл ел» жетондар

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті


Кіріспе













Білу

Ұйымдастыру бөлімі:  а) Сәлемдесу;

ә) Сабаққа келмеген оқушыларды анықтау;

б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Назар аудару: Балалар, біз бүгінгі сабақта табиғатқа серуен жасайық. Табиғатқа серуендеудің бір шарты бар. Ол- көңіл күйлеріннің жақсы болуы. Ол үшін біз психологиялық тренинг жүргіземіз. в) Психологиялық «Көтеріңкі көңіл күй» тренинг.

Балалар, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңдар.

Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын:

Бүтін менен бөлшекті,

Үтірменен айырған.

Әп-әдемі жазылар,

Айтыңдаршы, қандай сан.


оқушылар жоқ оқушыларды атайды,

Әр оқушы парталас жолдасына жапырақтарға, гүлге жақсы тілектер жазып, бір-біріне ұсынады



Жұмбаққа жауап береді

Оқушылар өткен тақырыпты естеріне түсіреді.

Оқушылар тапсырмаларға жауап беруге дайындалады.


Түсіну

Табиғатқа серуен мына бағытпен жүргізіледі:

Серуендеу кезінде экологиялық соқпақпен жүреміз. Соқпақ дегеніміз не?

 Оқушылар бағытты түсініп ұғынады, сұраққа жауап береді





Қолдану



















































































Талдау

















Жинақтау

Бағыт бойынша ең алдымен орманға келеміз.Орманның байлығы не?

Ормандағы мына бір ағаш қурап, көктемей тұр екен. Осы ағашты білім нәрімен суарайық.

Орманның ішінде қоқыстар, қалдықтар жатыр екен.

Әрбір қоқысқа жазылған есептерді ауызша орындайық.

0,67

0,5*0,8

1,30,3

4,8:2

5,6:8

2,5:0,5

Келесі бағыт–Қорық. Қорық дегеніміз не?

Үстірт қорығы туралы мәліметпен танысайық.

Орналасқан жері – Маңғыстау облысы

Құрылған мерзімі– 1984 ж.

Жер көлемі: 223,28 мың гектар.

Жер көлемін ондық үлеске дейін дөңгелектендер

Үстірт қорығындағы жануарлардың қайсы жойылып кеткен түр санатына жатады және халықаралық деңгейде қорғауға алынған?

1. Қабылан

2. Қара құйрық

3. Қарақал

4. Үстірт арқары

Мына блок-схема бойынша есептеу жүргізіп, шыққан нәтижеге сәйкес дұрыс жауапты табуға болады.

Келесі баратын бағытымыз– «Жасыл ел» ұйымы. «Жасыл ел» ұйымы туралы не білесіндер? Естігендерін, теледидардан көргендерін бар ма?

Ондағы жастар немен айналысады?

«Жасыл ел» ұйымының жастары саябаққа ағаш отырғызып жатыр екен. Олар көктем басталғаннан бері қанша ағаш отырғызғанын білгілерің келе ме?

«Жасыл ел» ұйымының жастары саябаққа шырша, емен, қайың ағаштарын отырғызды. Шырша ағашы отырғызылған ағаштардың 0,36 бөлігін, емен ағашы 0,12 бөлігін құрайды. Отырғызылған қайын ағашы емен ағашынан 60-қа артық. Саябаққа барлығы неше ағаш отырғызылды?

Келесі нысанамыз –«Жерұйық» экологиялық орталығы болып табылады.

Ол қандай орталық, қайда орналасқанын білесіңдер ме?Көптеген аурулардың себепкері: жайсыз экологиялық жағдайлар болып табылады: ауаның, судың, топырақтың ластануы.

Ауаның ластануы

  1. Зауыт үстінде

    0,86

    Қаланың үстінде

    0,129

    Ауылдың үстінде

    0,01

    Өзен,көлдердің үстінде

    0,001

    Орманның үстінде

    0,0003

    Қай жердің экологиялық жағдайы жағымды екенін анықта.
  2. Ауа ластануының арифметикалық ортасын тап.



Оқушылар сұраққа жауап береді.

Оқушылар ондық бөлшекті натурал санға, ондық бөлшекке көбейту және бөлу ережелерін айтады.

Оқушылар жеке-жеке тапсырмаларды ауызша орындайды.













Оқушылар өз бетінше жұмыс жасап, ойларын ортаға салады





Семантикалық картаның жолдарындағы есепті шығару керек. Есептің шешуін баған аттарынан тауып, қиылысқан тұстағы әріпті белгілеу керек.









Тапсырма орындайды



















Оқушылар тапсырманы жұптасып орындау арқылы дұрыс жауапты анықтайды







Оқушылар сұраққа жауап береді.

Берілген есепке теңдеу құрып шығарады.











Өз ойларын айтады, сұрақтарға жауап береді. Есепті шығарады




Үйге тапсырма

























Бағалау











Қорытынды


1. Тиін шамамен 6 жыл жасайды. Бұл қоянның жасауға тиісті жасының 0,6-на тең. Қоян неше жыл жасайды?

2.

- Қазақстандағы қорықтар туралы мәліметтер жина;

- Жинақтаған мәліметтер бойынша мына төмендегі кестені толтыр.

- Жер көлемін бүтінге дейін жуықтап, есепте.

Қорықтың аты

Жер көлемі

Жуық мәні















Бағалау оқушылардың жинаған жетондары арқылы жүргізіледі.









Бүгінгі сабақтан не түйдіңдер!

«Табиғатты, аялайық достар» деген сөзбен сабағымызды қорытындылаймыз



Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

Сызбаны сызып алады






















«3» бағасы – 1-2 жетон жинау

«4» бағасы – 3 жетон жинау

«5» бағасы – 4 –ден көп жетонға қойылады.



Табиғатты қорғау керек; Ағаш отырғызу керек;

Көктемде өз ауылымызды көркейту керек, тазалау керек;

Табиғатты ластамау керек.

                                                        







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
672
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12