жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Ондық бөлшектерге амалдар қолдану" 5 сынып
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:5.3.В Ондық бөлшектерге амалдар қолдану |
Түркістан облысы Сайрам ауданы Аксукент ауылындағы № 94 жалпы орта мектеп |
|||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты- жөні: Гультораева Нигара Турсунматовна |
|||||||||||||||
|
Сынып: 5 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Ондық бөлшекті натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту. |
|||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.1.2.28 ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау. |
|||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар:Ондық бөлшектерді натурал санға және ондық бөлшекке көбейту ережелерімен танысу; Оқушылардың көпшілігі: Ондық бөлшектерді натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуде көбейтудің қасиеттерін қолдану; Кейбір оқушылар:Ондық бөлшектерді көбейту амалдарын пайдаланып мәтіндік есептер шешу. |
|||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейту әдісін біледі. Ондық бөлшектерді натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуде көбейту қасиеттерiн пайдаланыпесептер шығарады, Мәтіндік есептерді шешеде ондық бөлшектерді натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындай алады. |
|||||||||||||||
|
Тілдік мақсат: |
Лексика және терминология:Ондық бөлшек, натурал сан, көбейту, үтір, санның бүтін мәні, бөлшек мәні, разрядтік бірліктер бойынша ондық бөлшектерді оқу мен жазу. Диалог жүргізуүшін қолданылатын сөз тіркестері: Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту үшін ........ Ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейту үшін ........ |
|||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Оқушылардытопта жұмыс істеу барысында бірін-бірі құрметтеуге, ашықтыққа, ынтымықтастыққа, өз пікірін нақты баяндауға үйрету. |
|||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Физика, дене шынықтыру |
|||||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
Оқушылар ондық бөлшектер туралы мәліметке ие, олардын жазылуын, оқылуын біледі. Натурал сандарды көбейту , ондық бөлшектерді қосу және азайту амалдарын қолданады. |
|||||||||||||||
|
Сабақтың барысы: |
||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||
|
Сабақтың басы: 2 минут 3 минут 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі: «Жылы жүрек»тренингте оқушылар шеңберінде тұрып бір-бірлеріне жылы тілектер айтады. Оқушыларды стикерлерге жазылған натурал сан, жай бөлшек, ондық бөлшектер деген сөздер арқылы топқа бөлемін. Өткен тақырыпты оқушыларқандай меңгергендігін анықтау үшін оқушылар слайдта көрсетілген дұрыс жауаптар мен мен салыстыра отырып «Сен маған-мен саған» әдісі арқылы жүпта үй тапсырмасын тексереді.Бұнда өзара бағалау жүзеге асады. 1-тапсырма: 72,8+14,6=87,4 0,97+28,615=29,585 3,18-0,08= 3,1 619,6-218,98= 400,62 Дескрипторлар: -ондық бөлшектерді қосуды орындайды; - ондық бөлшектерді азайтудыорындайды.
800-есеп: Қосылғыштарды сағат есебiмен ондық бөлшекпен өрнектепалып‚ қосындыны табыңдар: 1.1 сағ 30 мин + 45 мин + 3 сағ 12 мин + 15 мин= =1,5 сағ + 0,75сағ + 3,2 сағ + 0,25 сағ = 5,7 сағ 2) 2 сағ 15 мин + 30 мин + 1 сағ 45 мин + 12 мин= =2,25 сағ + 0,5 сағ + 1,75 сағ +0,2 сағ=4,7 сағ Дескрипторлар: - әрбір қосылғышты сағат есебімен ондық бөлшек түрінде жаза алады; - ондық бөлшектерді қосуды орындайды. Берілген бағалау критерийлері бойынша өзарабағалау жүргізіледі. «Графикалық диктант» әдісі бойынша өтілген тақырыптарға шолу жасалады.
─ -ия ^ - жоқ Бұл тапсырманың жауабын оқушылар жүйелі графикалық органайзер сызбасы бойынша тексереді. Қалыптастырушы бағалау «Басбармақ» әдісі бойынша ұйымдастырылады. |
Стикерлер, оқушылар дың дәптерлері. 5-сыныбына арналған оқулық. Т.Алдамұратова, Қ. Байшоланова, Е. Байшоланов. Атамұра, 2017 Жүйелілік графикалық органайзер сызылған А4 форматтағы қағаз.
|
||||||||||||||
|
Сабақ ортасы: 3 минут 12 минут 2 минут 8 минут 5 минут |
Жаңа тақырыпты ашу мақсатында оқушыларға дереккөздерден бейне тамашалауды ұсынамын. Оқушыларды сабақ мақсаттарымен таныстырамын. Жаңа тақырып:
«Үштік» (Ойлан, жұптас, бөліс) әдісі бойынша 3 топқа топтық жұмыс беріледі. Есеп. 1 см3 темiрдiң массасы 7‚9 г. 5 см3 темiрдiң массасы қанша? Әрбір топқа есепті төмендегідей тәсілдермен шешу тапсырмасы беріледі. 1-топ: 1-тәсiл. Көбейтудi қосуға келтiрiп‚ есептеңдер: 7,9 + 7,9 + 7,9 + 7,9+ 7,9 = ? 2-топ: 2-тәсiл. 7,9 = 79/10*5=? Аралас сан түрiндежазып‚ аралассанды натурал санғакөбейтудiорындаңдар: 3-топ: 3-тәсiл. Ондықбөлшектiңүтiрiнескермей‚ натурал сандардыкөбейткендейесептеңдер. 7,9*5= Берілген ондық бөлшектің ондық таңбасында неше разрядтық сан болса көбейтіндіде сонша сан оң жақтан үтір мен ажыратыңдар. Оқушылар өз жұмыстарын постерде қорғап шығады. Жаңа тақырыпты оқушылар өзбетінше түсінулері үшін сұрақтар беріп, ойларының түйінді қорытындыларын жасауға бағыттап барамын.
Сұрақтар:
Қандай сан келіп шықты? Қандай ой түйіндейсіздер? Бұл үш тәсілде есептегенде көбейтіндінің мәні қандай шықты? 3-тәсiлмен есептегендегi көбейтiндi мәнiнiң 1 және 2-тәсiлдермен есептелген мәнiнен өзгешелiгi неде? 3-тәсiлмен есептелген көбейтiндiнiңмәнi дұрыс болуы үшiн ненi ескеру керек? Ондық бөлшектi натурал санға көбейтудi қалай орындайды?
Ондық бөлшектерді натурал санға және ондық бөлшекке көбейту ережелерін өздері қорытындылап шығарады. Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін:
Ондықбөлшектіондықбөлшеккекөбейтуүшін:
Мен жаңатақырыпбойыншабілімдіоқушыларұзақуақытестеріндесақтаумақсатындажүйелілікграфикалықорганайзерлерденпайдаланамын
Ондық бөлшек
Натурал сан
Ондық бөлшек
Үтірге мән бермей натурал сандар көбейтіледі
Ондық бөлшектерде неше сан болса көбейтіндіде сонша сан оң жақтан үтір мен ажыратылады
Қалыптастырушы бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады.
Сергіту сәті: оқушылар орындарынан тұрып, бір-бірлерінің қолдарынан устап шұмақ айтады. Кел достарым ,келіңдер, Қолдарыңды беріңдер. Шаттық толы шеңберге, Қуанышпен еніңдер. Шақырамын сендерді, Жолдастарым кел бері Толтырайық шаттыққа Дөңгеленген шеңберді. Күн шуағын жинаймын. Достарыма сыйлаймын. Күн жылуын аямасын, Шуағымен аяласын. Достық деген бәйтеректі Барлық бала саяласын. Оқушыларға жеке жұмыс беру арқылы сабақты пысықтауға деңгейлік тапсырмалар беремін. «Кім жылдам» әдісі бойынша 1-деңгей:Көбейтудi орындаңдар 1) 6‚3 · 7 = 44,1 2) 8‚35·3 = 25,05 3) 9‚6 · 8 = 76,8 4)17‚4 · 5‚2 =90,48 5) 1‚42 · 0‚3 = 0,426 6) 10‚2 · 2‚02 = 20,604
Дескрипторлар: - ондық бөлшектерді натурал санға көбейтеді; - ондық бөлшектерді ондық бөлшекке көбейтеді;
2-деңгей: 816-есеп. Жеңiл мәшине 74‚8 км/сағ жылдамдықпен жүрiп, 4 сағатта қандай қашықтыққа барады? Шешуі: Жылдамдық -74‚8 км/сағ Уақыт - 4 сағат Қашықтық - ? км 74‚8 *4 = 299,2 (км) Жауабы: Жеңіл машина 4 сағатта 299,2 км қашықтыққа барады.
850-есеп. Хоккейқақпасыныңенi 1‚8 м‚ биiктiгi 1‚2 м. Хоккейқақпасыныңауданынтабыңдар. Шешуі: Қақпаұзындығы 1‚2 м‚ енi 1,8 м. Қақпаауданы - ? м2. Қақпаауданын табу үшiноныңұзындығын енiнекөбейтукерек. 1,8* 1,2 = 2,16 (м2) Жауабы: Хоккей қақпа ауданы 2,16 м2
Дескрипторлар: - есеп шартын және оған сәйкес санды өрнек құрастырады - ондық бөлшектерді натурал санға көбейтеді; - ондық бөлшектерді ондық бөлшекке көбейтеді; Бұнда өзін-өзі бағалау жүргізіліп, мұғалім оқушыға тиімді , пайдалы кері байланыс жасайды.
Жұптык жұмыс:«Крестиктер-нөлдіктер» әдісі 1. 1-ші оқушы (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды. 2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды. 3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші оқушы сол квадратқа крестик қояды. 4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші оқушы (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.
Оқушылар білімін тексеруге арналған ашық сұрақтар арқылы сөйлем толтырылады. Мысалыға: Ондық бөлшекті натурал санға көбейтуде неге.... Мұны қайдан білесіз.... … үшін сізде қандай дәлел бар. Сіз неге олай ойлайсыз… Сіз келісесіз бе… Түсіндіре аласыз ба… … үшін не істеу керек,- деген сөз тіркестерінен пайдаланылады.
Дескрипторлар:
Бұнда өзара бағалау жүргізіліп, мұғалім жұптағы оқушыларға ауызша кері байланыс жасайды.
Мұғалім сабақтың бекіту кезеңін соңында оқушыларға бүгінгі сабақ туралы қандай ережелерге мән беру керектігі, есептерді шығаруда қандай көбейту қасиеттерінен пайдалану мүмкіндігі бойынша оқушылардың пікірлеріне қорытынды жасайды.
|
Оқушыларға слайдтан өлең мәтіні көрсетіледі
.
Деңгейлік тапсырмалар: 5 сынып оқулық 812, 816, 844,850 есептер
Сұрақтар жазылған стикерлер
|
||||||||||||||
|
Сабақ соңы:
5 минут |
Керібайланыс: «Мадақтаусендвичі»
Үй тапсырмасы: 815-есеп. Қабілетті оқушыларға ондық бөлшектерді көбейтуге мәтіндік есеп құрастыру тапсырмалары беріледі. |
Кері байланыс парақшасы. |
||||||||||||||
|
Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техника сын сақтау |
||||||||||||||
|
Сабақ барысында «Үштік» әдісімен проблемалық оқыту арқылы оқушылардың жаңа білімді өзбетінше игеруге,«Графика лық диктант» әдісімен сыни тұрғыдан ойлау, «Крестиктер-нөлдіктер»әдісімен ашық сұрақтар беру арқылы айтылым дағдыларын дамытуға қолдау көрсетіледі. Оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып тапсырмалар алынады. Қабілетті оқушыларға сабақ барысында оларға қиындық деңгейі жоғары есептерді ұсынылады. |
Оқушылардың тақырыпты меңгеруі топтық, жұптық және жеке жұмыс арқылы іске асады. Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында өзін-өзі, өзара бағалайды. Қалыптастырушы бағалаудың «Бас бармақ» және «Бағдаршам» әдістері қолданылады. Мұғалім ретінде мен әр тапсырманың бағалау критерийлері негізінде құрастырылған дескрипторлар бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізіп, оқушыларға сабақ уақытысында дер кезінде ауызша немесе жазбаша кері байланыс жасаймын. Мұнда кері байланыстың оқушының білім алу барысында оны алға жетелейтін, қазір оқудың қай сатысында тұрғандығын нақты анықтайтын тиімді және пайдалы кері байланыс жасауға басты назар аударамын. |
Сабақ барысында оқушылар дың дем алуына назар аудару. Сабақ кезеңдері арасында 2 мин сергіту сәттерін ұйымдас тыру |
||||||||||||||
|
Рефлексия |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз |
|||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен? |
|
|||||||||||||||
|
Жалпы бағамдау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты )? 1: 2: Сабақты бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты )? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері,қиыншылықтары туралы не анықтадым,келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
||||||||||||||||




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген