400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ондық бөлшекті қосу және азайту

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу мақсатында мұғалімдерге, студенттерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.3В

Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Мектеп: 15


Күні: 31.01.2020ж

Мұғалімнің аты-жөні: Сыдыкова М.К.

Сынып: 5

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.27. Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;


Сабақтың мақсаты:

  • Барлығы: Ондық бөлшекті қосады және азайта алады

  • Басым бөлігі: Әртүрлі разрядтағы ондық бөлшектерді қосып, азайта алады.

  • Кейбірі: Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып есептей алады.

Бағалау критерийі:

  • Ондық бөлшектерді қосады

  • Ондық бөлшектерді азайтады

  • Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып есептейді

Тілдік мақсаттар:

Оқытудың тілдік мақсаты

- жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде және керісінше жазу алгоритмін түсіндіре алады;

- ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану алгоритмін айта алады.

Бөлім бойынша лексика және терминология

- бүтін бөлік, бөлшек бөлік;

- ондық бөлшек;

- үтірмен ажыратылатын таңбалар саны;

- үтірден кейінгі таңбалар саны;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін ... керек;

- ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазу үшін ... керек;

- екі ондық бөлшекті қосу (азайту) үшін ... керек;


Құндылықтарға баулу:

Ынтымақтастық: төзімділік, оқушыларда өз бетімен жұмыс істеу

мәдениетін дамыту, ұйымшылдыққа үйрету, бірін-бірі сыйлау.

Академиялық адалдық: адалдық, жауапкершілік, құрмет және

Отан сүйгіштік құндылықтарды дарыту, топтық жұмыс және өзін-өзі, жұптық

бағалауға дайын болу.

Пəнаралық байланыс:


география

АКТ-ны қолдану

Bilimland,

Алдыңғы білім:

  • Ондық бөлшек.

  • Ондық бөлшектерді оқу және жазу.

  • Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру.

  • Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу.

  • Ондық бөлшектерді салыстыру.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

6 мин

























І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу (психологиялық ахуал туғызу)Оқушылармен қол ұстасып тұрып, бір-бірімізге сәттілік тілейміз.

Сынып тізімін анықтау

Сыныпты топқа бөлу (1,2,3 саны бойынша)

Үй тапсырмасын тексеру: №767 есеп.

  1. 4,899<4,900 2)8,205<18,205 3)7,5>7,4 4)5,703>569

5)3,607<3,608 6)2,057<2,067 7)0,0084<0,084 8)063669>0,3619 9)40,3702<41,37

Интербелсенді тақтада сәйкестендіру арқылы үй тапсырмасының жауаптарын тексеру

Өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады. Сол сұрақтарға жауап берейік.

«Кубизм» әдісі

  1. Қандай бөлшектер ондық бөлшектер деп аталады?

2. Ондық бөлшектерді қалай салыстырамыз?

3. Жай бөлшекті ондық бөлшекке қалай айналдырамыз?

4. Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде қалай жазамыз?

5. Ондық бөлшек түрінде жазуға болатын қысқартылмайтын жай бөлшектердің бөлімдері қандай сандар болады?

6. Ондық бөлшектің жазылуында үтір қайда қойылады?

Қалыптастырушы бағалау «Бас бармақ әдісі» арқылы бағалаймыз.










Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру(мұғалімнің түсіндіруі) 6 мин

Bilimland видео көрсету

Ондық бөлшектерді қосу(азайту)үшін алдымен бөлшектердегі үтірден кейінгі цифрлар саны теңестіріледі. Сонан соң баған түрінде жазылып, аттас разрядтар бойынша қосу(азайту) орындалады. Шыққан нәтижедегі үтір берілген бөлшектердегі үтірлердің астына келтіріліп қойылады.

Мысалы, 42,532+7,16= 49,692 27,945-14,52=13,425

Ондық бөлшектерді қосу (азайту) ең кіші разрядтың бірліктерін қосудан (азайтудан) бастап, разрядтар бойынша орындалады да, үтірдің астына үтір қойылады.

Практикалық бөлім «Жұптас-ойлан-бөліс» 7 мин


№779 Қосуды орындау: 39-бет


1

0,07+13,23=13.3

9.02+4.28=13.3

18.36+7.14=25.5


2

85.07+3.03=88.1

25.6+0.41=26.01

56+0.37=56.37


  1. 6.3+2.5+0.7=9.5

9.2+3.3+1.6=14.1

0.1+9.9+1.5=11.5



Дескриптор:

  1. Ондық бөлшекті қосады

  2. Тиімді тәсілмен шығарады


Қалыптастырушы бағалау

Жұптық бағалау жүргізіледі (дұрыс жауапқа «+», қате жауапқа «-» таңбасы қойылады)


№781 Азайтуды орындау: Топтық жұмыс 39-бет 7 мин


1

6,25-4,3=1.95

15.9-4.75=11.15

7.63-2.51=5.12

2

41-32.5=8.5

6.5-4.7=1.8

18.3-5=13.3


3) 67.45-49.88=17.57

61-7.64=53.36

95-81.08=13.92



Дескриптор:

  1. Ондық бөлшекті азайтады

  2. Тиімді тәсілмен шығарады


Қалыптастырушы бағалау

Топтық бағалау жүргізіледі (дұрыс жауапқа «+», қате жауапқа «-» таңбасы қойылады)

(Мәселе есеп) 6 мин

Іле өзені – Балқаш көліне құятын ағысы қатты өзендердің бірі. Оның біздің республикамыздың жерінен өтетін ұзындығы 814,75 км, ал республикамыздан тыс жерден өтетін ұзындығы 624,25 км. Іле өзенінің ұзындығы неше км?

Берілгені:

Республикада – 814,75 км Шешуі: 814,75+624,25=14339 км.

Республикадан тыс – 624,25 км Жауабы: Іле өзенінің ұзындығы 14339 км

Барлығы - ? км

Дескриптор:

  1. Ондық бөлшекті қосады.

  2. Тиімді тәсілмен шығарады

Қалыптастырушы бағалау

Дұрыс жауапқа «+», қате жауапқа «-» таңбасы қойылады


математика 5 сынып, 2-бөлім. Алдамұратова Т.А., Байшоланова Қ.С., Байшоланов Е.С. Алматы «Атамұра» 2017)

38 бет





математика 5 сынып, 2-бөлім. Алдамұратова Т.А., Байшоланова Қ.С., Байшоланов Е.С. Алматы «Атамұра» 2017)

39-бет


Сабақтың соңы


8 мин

Шағын тест (жеке тапсырма) 5 мин


1.

Қосуды орында:

3,2 + 13,01

А.

15,21

В.

14,21

С.

16,21+

D.

17,21

2.

Азайтуды орында:

12 – 5,12

А.

7,88

В.

6,88+

С.

7,98

D.

6,98

3.

Қосуды орында:

17,23-8,45

А.

7,37

В.

8,78+

С.

7,47

D.

7,17

4.

Азайтуды орында

34,683+8,564

А.

2,256

В.

43,247+

С.

0,0256

D.

0,08


Қалыптастырушы бағалау

Дұрыс жауапқа «+», қате жауапқа «-» таңбасы қойылады


Үйге тапсырма:

№781 оқулықтан 39-бет Тиімді тәсілмен есептеп шығару.

Рефлексия «Интервью әдісі».

Әр топтан бір оқушы тұрғызылып, төмендегі сұрақтар қою

  1. Қалай ойлайсыңдар, біз өз мақсаттарымызға жеттік пе?

  2. Ондық бөлшекті қалай қосып азайтамыз?

  3. Сабақ ұнады ма?

Стикер жапсыру

Әр оқушы сыныптан шығар бұрын, өз аты жазылған стикерлерді сабақты түсіну деңгейіне қарай тақтаға ілінген берілген суреттерге жабыстырып кетеді








Слайд



Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылар сабақтың қызығушылығын ояту, жаңа сабақты ашу кезінде диалог және қоддау көрсету, практикалық жұмыс барысында қосымша тапсырма беру «Қарқын», сабақтың соңында тест тапсырмасы «Қорытынды», бағалаудың түрлері, үй тапсырмасына қосымша іздену «дереккөздер» саралау тәсілдерімен көмек көрсетілді.



Оқушылар бірін – бірі


Дұрыс жауапқа «+», қате жауапқа «-» таңбасы арқылы

Бағалай отырып неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады.

Әрбір оқушыны назардан тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады

Денсаулық сақтау технологиялары:

Баланың жас ерекшелігін ескеріп үй тапсырмасын өлшемді етіп беремін, сабақта интербелсенді тақтаны ұзақ уақыт пайдаланбаймын.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары:

Талас тудыратын мәселеде оқушылар бірлесе жұмыс жасау мәдениетін ұстануына, белгілі бір тәртіптің болуына жағдаяттар туындатамын




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
675
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі