Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Оңтүстік Корея Республикасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімгерлерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Корея Республикасы


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Әлемнің дамушы елдерінің көш басында келе жатқан Оңтүстік Корея елі туралы білімдерін кеңейту. Елдің экономикалық даму ерекшеліктерімен таныстыру.
Елдің сыртқы экономикалық байланыстары жайлы түсіндіру. Алған білім, білік дағдыларын іс – жүзінде шығармашылықпен қолдана білуге дағдыландыру.


2. Дамытушылық: Сұрақтарға жауап алып, әртүрлі тапсырмалардың көмегін пайдалана отырып, оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру. Қосымша мәліметтермен жұмыс істеуге баулу.

3. Тәрбиелік: оқушыларды өз бетімен жұмыс істей білуге, ұлттық дәстүрлер мен халықтар арасындағы достықты сыйлай білуге, елдер арасындағы қарым – қатынасы дәріптеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, топтық сайыс.

Сабақтың типі: Білім мен дағдыны есте сақтау

Сабақтың көрнекілігі:
Дүние жүзінің саяси картасы, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс:
1. Тарих
2. Биология.

Ұйымдастыру кезеңі:
1. Білім алушыларды топқа бөлу
2. Білімгерлердің зейінін сабаққа аудару

II. Қайталау білім анасы
1.БАӘ туралы жалпы мағлұмат

2.Халқы, діні, тілі

3.Банктері

4.Мерекелері, шипажайлары

5.Салт-дәстүрі


Тест тапсырмалары бойынша бекіту сабағы.




ІІІ. Жаңа сабақты талдау. Жоспарын жаздырту
1.Жалпы мәлімет

2.Тарихы

3.Географиясы

4. Мемлекеттік басқару жүйесі

5. Халқы, тілі, діні

6.Халықаралық қатынастар

7.Туризм

8.Мейрамдары



1. Бейне таспа көрсетіледі.

2.Ой қозғау сәті. Оқушылар Оңтүстік Корея жайлы не білеміз?

Корея Республикасы бұрын Корей Республикасы деп аталған[4], ресми бекітілген қысқартылған атауы Корея (кор. 한국, 韓國 Хангук немесе кор. 대한, 大韓 Тэхан, таңғы балғындық елі)[5] — Корей түбегінде орналасқан Шығыс Азиядағы мемлекет. Астанасы — Сеул. БАҚ өкілдері жиі қолданатын, мемлекеттің бейресми атауы — Оңтүстік Корея.


Корей тілінде Корея Республикасы Тэхан мингук (대한민국тыңдау (ақп.), 大韓民國) деп аталынады. Дегенмен толық атаудың Хангук (한국, 韓國) немесе Тэхан (대한, 大韓) деген қысқартылған атаулары жиірек қолданылады. Кей уақытта Намхан (남한), яғни «Оңтүстік Хан» деген атау да қолданылады, бұл атау «Солтүстік Хан», яғни Солтүстік Корея елінің атауы болып табылатын Пукхан (북한, 北韓) деген сөзге қарама-қарсы бағытта қолданады. «Хан» сөзі Корей түбегін мекен еткен ежелгі Самхан тайпалық одағының атауына қатысты, ал «Корея» сөзі б.з 9181392 жылдары Корей түбегінде өмір сүрген Корё мемлекетінің атауынан шыққан. Корё сөзінің өзі Корей түбегінің солтүстік аймағын, сондай-ақ қазіргі Қытайдың солтүстік-шығыс бөлігі мен Ресейдің Жапон теңізі бойындағы жерлерінде орналасқан ежелгі Когурё мемлекетінің атауынан шыққан.

Қазіргі таңда Корея Республикасы 1 наурызда «Тәуелсіздік күнін» тойлайды.

Географиясы

Корея Республикасы – Корей түбегінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Жер аумағы — 100 210 км² құрайды, әлем бойынша 109–орында. Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасының жер аумағы бойына ең кішкентай Солтүстік Қазақстан облысымен шамалас.

Түбек батысында – Сары теңізбен, шығысында – Жапон теңізімен, ал солтүстігі – Корей бұғазы мен Шығыс Қытай теңізімен шайылып жатыр.

Жер бедері негізінен таулы, жазық далалар территорияның тек 30% алып жатыр.

Корей түбегінің жағалауында шамамен 3000-нан астам адам мекендемейтін ұсақ аралдар орналасқан. Ең ірі арал — Чеджудо болып табылады.

Жер бедері және пайдалы қазбалары

Корей түбегіндегі ең биік нүкте – Пэктусан тау жотасы болып саналады. Оның биіктігі теңіз деңгейінен 2744 метр, Қытай мен Солтүстік Кореяның шекарасында орналасқан. Ал Корея Республикасының территориясындағы ең биік нүкте – Чеджудо аралында орналасқан Халласан (1950 м) сөңген жанартауы болып табылады. Елдің орталығы мен шығысын Шығыс Корей таулары (кор. 태백산맥) алып жатыр.

Оңтүстік Кореяда бірнеше көлдер мен ірілі ұсақты өзендер бар, солардың ішіндегі ең ірі өзен – Нактонган өзені (ұзындығы 506 км, бассейні 23 384 км²) болып табылады. Ол Тэгу, Пусан секілді ірі қалалар арқылы ағып өтеді. Сондай-ақ Хангаң (481,7 км) өзені елдің астанасы - Сеул қаласын кесіп өтеді.

Мемлекеттік басқару жүйесі

Конституция

Корея Республикасының тұңғыш Конституциясы 1948 жылдың 17 шілдесінде қабылданған. Осы күнге дейін көптеген саяси дүрбелеңдер мен төңкерістер салдарынан Конституцияға тоғыз рет өзгерту енгізілген. Ең соңғы өзгерту 1987 жылы 29 қазан күні жасалды.

Конституция Преамбуладан, 130 бап пен 6 толықтырудан тұрады. Құрылымы 10 тарауға бөлінген:

  • I тарау: Жалпы бөлім;

  • II тарау: Азаматтардың құқықтары мен міндеттері;

  • III тарау: Ұлттық жиналыс;

  • IV тарау: Атқарушы билік;

  • V тарау: Соттар;

  • VI тарау: Конституциялық сот;

  • VII тарау: Сайлау жүйесі;

  • VIII тарау: Жергілікті өзін-өзі басқару;

  • XIXтарау: Экономика;

  • X тарау: Конституцияға толықтырулар мен өзгерістер;

  • Қосымшалар.

Президент

Мун Джэ Ин

Корея Республикасының мемлекет басшысы – президент болып табылады. 2017 жылдың 10 мамыры заңгер, саясаткер және мемлекеттік қайраткер — Мун Джэ Ин Корея Республикасының 12-президенті болып сайланды.

Парламент

Корея Республикасының Парламенті 300 орыннан тұратын, бір палаталы Ұлттық жиын (кор. 대한민국 국회, Ұлттық жиналыс), заң шығарушы орган болып табылады.

245 депутат мажоритарлық жүйе бойынша бір мандатты округтарда, ал 54 – ұлттық партия тізімі бойынша сайланады. Депутаттардың өкілеттілігі – 4 жыл.

Парламентке депутаттарды сайлау 1948 жылдан бастап жүргізілуде. 1972 жылдан 1988 жылдар аралығында елде диктаторлық жүйе болғандықтан, жалған сайлаулар жүргізілді. 1998 жылдан бастап Оңтүстік Корея демократиялық ел болып есептеліп, сайлау бес жылда бір рет жүргізілетін болды.

Әкімшілік бөлінісі

Оңтүстік Корея 9 провинцияға (то), 6 провинцияға теңестірілетін қала-метрополияға (1995 жылға дейін тікелей орталыққа бағынатын қала (кваңёкси) деп аталынған), және 1 ерекше статусқа ие қалаға (тхыкпёльси) бөлінген. Олар өз кезегінде бір қатар кіші бірліктерге бөлінеді: қала (си), уезд (кун), қалалық муниципалды аймақ (ку), кент (ып), болыс (мён), аудан (тон) және ауыл (ри).

Халқы

Корея Республикасының түпкілікті, əрі негізгі халқы – корейлер. XIX ғасырдың аяғыннан бастап бұл жерде он мынан астам қытайлықтар да қоныстанған. 2006 жылғы сарап бойынша Кореядағы қытайлар саны 20 700 адамды құрады. Олардың басым бөлігі Тайвань азаматтары[9]. Соңғы жылдары Кореяда шет ел азаматтарының саны артуда. 2012 жылғы мəліметтерге[10] сəйкес Кореяда 1,4 млн шет ел азаматтары тұрып жатыр. Олардың 293 мыңы елде қысқа мерзімді виза арқылы, 944 мыңы ұзақ мезімді виза арқылы, ал 188 мыңы тұрғылықты мекен-жайымен тұрып жатыр. Шетелдіктердің жартысынан көбі – Қытай Халық Республикасының азаматтары, оның ішінде үштен бірі – этникалық кəрістер.

Діні

Корея Республикасындағы дін (2005 жыл)[11] ██ Дінсіздер (46.5%)██ Буддизм (22.8%)██ Протестантизм (18.3%)██ Католицизм (10.9%)██ Басқа діндер (1.7%)

Оңтүстік Кореяның негізгі діндері — дәстүрлі буддизм және жақында ғана елге енген христиан діні. Алайда 500 жыл бойы Чосон әулетінің ресми идеологиясы болып есептелген конфуциандық ілімі мен корей халқының негізгі діні болған шаманизм аталған екі ағымға да өз әсерін тигізді.

Оңтүстік Корея үкіметінің 2003 жылы жиналған статистикалық мәліметтеріне сәйкес халықтың 46% ешбір дінді ұстанбайды. Христиандықтардың үлесі 29,3% құрайды (18,3% — протестанттар, 10,9% — католиктер), ал буддизм дінін ұстанушылардың үлесі — 22,8% құрап отыр.

Елдегі өзге дін өкілдерінің үлесі 2,5% құрайды. Олар негізінен даосизм, конфуциандық және христиандық сияқты діндердің кейбір элементтерінен құралған Вонбульгё, Чхондогё сиықты мектептердің шәкірттері.

Сонымен қатар Оңтүстік Кореяда 150 мыңнан астам ислам дінінің өкілдері бар (0,1%), олардың ішінде 40 мыңы корейлер. Ислам дінінің Корея елінде пайда болуы – 1950 1953 жылдары орын алған Корей соғысына Біріккен Ұлттар Ұйымының атынан келген түрік әскерлерінің арасында болған Әбдіррахман, Әбділғафур Қараысмайылоғлы, Зүбайра Кош есімді имамдардың келуімен байланыстырылады. Сол кездері түрік әскерлеріне арнайы тұрғызылған уақытша шатырлы мешіттер корейлерге ислам діні жайлы ақпарат тарататын орынға айналды.

Соғыс аяқталғаннан кейін Кореяда шағын болса да белсенді умма қалыптасып, 1955 жылы ислам дінін халық арасына таратумен айналысатын Корей ислам қоғамы құрылды. Корей ислам қоғамымен алғашқы корейлік имам тағайындалды. Ал 1967 жылы елдегі 60-қа жуық мешітті басқаратын Корей мұсылман федерациясы құрылды. 1976 жылы Сеул қаласында ағылшын, корей және араб тілдерінде білім беретін медрессесі бар Сеул Орталық мешіті ашылды.


Білімі

Елдегі білім және ғылыммен 2008 жылы білім министрлігі мен ғылым және техника министрліктерінің бірігуінен пайда болған Корея Республикасының білім, ғылым және техника министрлігі айналысады. Оңтүстік Кореяда білім беруде математика, корей тілі және ағылшын тілі пәндеріне, сондай-ақ нақты ғылмыдарға аса жіті назар аударылады.

Елдегі жетекші жоғарғы оқу орындары:

Пусан ұлттық университеті (кор. 부산대학교부산대학교

Тілі

Корей Республикасының мемлекеттік тілі - корей тілі. Корей тілі, сондай-ақ Оңтүстік Кореяның солтүстігіндегі шекаралас көршісі – Солтүстік Кореяның да мемлекеттік тілі болып табылады. Сонымен қатар Қытай, Жапония, АҚШ, Ресей, Қазақстан және басқа да Орта Азия елдерінде де корейлер тұратындықтан корей тілінің сөйлеушілері бар. Жалпы корей тілінде 78 млн адам сөйлейді. Зерттеушілердің басым көпшілігі бұл тілді оқшауланған тілдерге жатқызады[12], алайда кейбір ғалымдардың пайымдауы бойынша ол алтай тілдерінің жанұясына кіргізеді[13]. Корей тілі — қазақ тілі сияқты SOV тәртібіндегі Жалғамалы тілдердің бірі болып табылады.[14].

Елдің әртүрлі өңірлерінде сөйлеу ерекшеліктеріне қарай бірнеше кішігірім диалекттер қалыптасқан. Дегенмен тіл нормаларының стандарты ретінде Сеул өңіріндегі диалект қабылданған. Кеңес Одағының құрамына енген Орта Азиялық мемлекеттерде тұратын корейлерді корё-сарам деп, ал олар сөйлейтін диалектіні корё-мар деп атайды.

Халықаралық қатынастар

БҰҰ Бас хатшысы – Пан Ги Мун Оңтүстік Корея 188-ден астам елмен дипломатиялық қатынас орнатқан. Ол 1991 жылы Солтүстік Кореямен бір мезетте Біріккен Ұлттар Ұйымына кірген. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрі – Пан Ги Мун БҰҰ Бас хатшысы болып қызмет атқарды.

2010 жылы Оңтүстік Корея Еуропа одағымен еркін сауда жүргізу жөнінде келісімге қол қойды[15]. Оңтүстік Корея дәл осындай келісімді Канада[16] және Жаңа Зеландия елдерімен орнатқан[17]. 2010 жылдың қараша айында Оңтүстік Корея Сеул қаласында G-20 саммитін қабылдады. 2018 жылы Оңтүстік Кореялық Пхёнчхан қаласында XXIII Қысқы Олимпиада ойындары өтеді.

Оңтүстік Корея мен Қазақстанның экономикалық байланысы

Нұрсұлтан Назарбаев және Пак Кын Хе Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылдың 28 қаңтарында орнаған. Сол жылы Оңтүстік Корея Алматы қаласында өзінің елшілігін ашты, ал 1996 жылы Қазақстан өз елшілігін Сеул қаласында ашты. Содан бері екі елдің арасындағы қарым-қатынас барлық салаларда қарқынды дамып келеді. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1995 және 2003 жылы екі мәрте ресми іс-сапармен Корея елінде болып қайтты. Оңтүстік Корея президенті Но Му Хён 2004 жылы және 2009 жылы Ли Мён Бак ресми іс-сапармен Қазақстанда болды[18]. 2008 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея арасындағы екіжақты сауда айналымы 750 млн АҚШ долларын құрады, ал 1993 және 2008 жылдар аралығында, яғни 15 жылдың ішінде Кореядан Қазақстанға салынған тікелей инвестиция көлемі 3 млрд. долларды құрады. Қазақстанда 300-ге жуық бірлескен қазақ-корей кәсіпорындары жұмыс істейді.

Корея Республикасының экс-президенті Пак Кын Хе 2014 жылдың 19 маусымында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Кездесу барысында екі ел арасындағы визасыз режим орнату жөнінде және басқа да бірнеше келісімге қол қойылды.[19].

Қазақстанда 2011 жыл – Оңтүстік Корея жылы болып жарияланған.

Экономикасы

Оңтүстік Кореяның аралас экономикасы[33][34][35] әлемде жалпы ішкі өнімнің номиналдық құны бойынша 11-ші орында.Оңтүстік Кореядағы жан басына шаққандағы АҚТ бойынша жалпы ішкі өнім 100 АҚШ долларынан (1963 жылы) 35 000 АҚШ долларына дейін жетті (2014 жылы). Бұл көрсеткіштер Оңтүстік Кореяны G20 ұйымындағы ірі экономикалы елдер қатарына қосады.

Оңтүстік Корея жан басына шаққанда жоғары табысты экономикасы бар дамыған ел және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің арасындағы ең индустриалды дамыған ел.

Артықшылықтары

  • әлемдегі ең ірі кеме өндіруші ел (нарықтағы үлесі – 45%)

  • Қытай Халық Республикасында корей тауарларына деген, әсіресе автокөліктерге сұраныс өте жоғары.

Әлсіз жақтары

  • сыртқы қарыздар және халықаралық капитал қозғалысына сезімталдылық

  • мемлекеттік сектор экономиканы ауырлатуда.

1940 жылдары мемлекет экономикасы ауыл шаруашылығын және жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бағытталған болса, соңғы бірнеше оңжылдықта мемлекет жеңіл өнеркәсіп пен халық тұтынатын тауарлар өндірісіне көшті. Ал XX ғасырдың 70-ші және 80-ші жылдардан бастап ауыр өнеркәсіпті дамытуды. Ел президенті Пак Чоң Хи 1962 жылы бірінші бесжылдықтың басталатындығын жариялағаннан бастап 30 жыл ішінде ел экономикасы қарқынды өсіп, экономика құрылымы үлкен өзгеріске ұшырады. 1960 1990 жылдардағы жоғары көрсеткіштер Корея Республикасын Сингапур, Гонконг және Тайвань сияқты «Азия жолбарыстарының» қатарына қосты.

Транспорт, энергетика және инфрақұрылым

Сеул, Пусан, Инчхон, Тэгу, Тэджон және Кваңджу сияқты ірі қалалардың метрополитендері бар. Қалалардың көбісінде экспресс-автобус терминалдары орналасқан.[37]

Оңтүстік Кореяның ең ірі әуежайы болып саналатын халықаралық Инчхон әуежайы 2001 жылы салынған. 2010 жылғы деректер бойынша әуежай жылына 30 млн жолаушыға қыз көрсеткен[38]. Елдің тағы бір ірі халықаралық әуежайлары — Кимхэ және Чеджу. Сондай-ақ жеті ішкі әуежайлар мен көптеген тікұшақ станциялары бар.[39].

Халықаралық Инчхон әуежайының маглев станциясы 1962 жылы құрылған Korean Air әуекомпаниясы 2008 жылы 21,64 млн жолаушыға, оның ішінде 12,49 млн шетелдіктерге қызмет көрсетті[40]. Оңтүстік Кореялық әуекомпаниялары 297 халықаралық маршрутқа қызмет көрсетеді.[41]

2010 жылғы деректерге сәйкес Оңтүстік Корея АЭС саны бойынша әлемде бесінші орында, ал Азияда бірінші орында[42]. АЭС елдегі электр қуатының 45 % жеткізеді, бұл әр түрлі заманауи реакторлардыі дамуына себепші.

Оңтүстік Корея ядролық реакторлар экспорттаушысы болып табылады және БАӘ[43], Иордания[44][45], Аргентина[46][47] елдерімен жеткізу жөнінде келісім-шарт орнатқан. 2010 жылғы жағдайлар бойынша Оңтүстік Корея мен Түркия елдері екі реактор құрылысы жөнінде келіссөздер жүргізуде[48].

Оңтүстік Кореяның әлемдік ядролық нарықтағы бәсекелестері болып саналатын Жапония, Германия, Франция сияқты ірі ядролық державалармен салыстырғанда АҚШ тарапынан саяси қысымның[49] салдарынан Оңтүстік Кореяға уран байытуға немесе уран байыту бойынша дәстүрлі технологияларды дамытуға рұқсат етілмейді.

Туризм

Мәліметтерге сәйкес 2012 жылы 11,1 млн шетелдік туристер Оңтүстік Корея еліне саяхаттап келген, ал 2010 жылы 8,5 млн туристер елде болып қайтқан.Корей толқынының өзі (Халлю, кор. 한류) 2013 жылы Корея Республикасына 12 млн туристің келуіне себепші болы, оның ішінде жалғыз Қытайдың өзінен 6 млн турист келген[52][53]. Елдегі туризм қарқынды дамығандықтан Оңтүстік Корея үкіметті 2019 жылға дейін елге келуші туристер санын 20 миллионға жеткізуді көздеп отыр.Хюндай ғылыми-зерттеу институтының зерттеулері бойынша Корей толқыны мәдениет индустриясын дамытып қана қоймай, сонымен қатар туризмнің дамуына да үлес қосып жатыр. Сондықтан Корей толқынына қызығып, елге келіп жатқан туристер саны жылдан жылға артуда[55]

Оңтүстік Кореядағы туризмнің тағы бір дамыған саласы – медициналық туризм болып табылады. Елге медициналық тексерістен өту үшін көбіне Азия елдерінен келеді, алайда қазіргі кезде басқа да құрлықтардан келушілер саны артуда. Келушілердің басым бөлігі пластикалық хирургияға жүгінеді.

Ғылым және технология

Бастапқыда Оңтүстік Корея Үкіметі Кореяның бөлінуі тәуелсіздік ала салысымен басталған Корей соғысы сияқты маңызды мәселелерді шешумен айналысқандықтан елде ғылыми-технологиялық даму байқалмады. 1960 жылдары жүргізген Пак Чоң Хидің диктаторлық жүйесінің аясында елде индустияландыру саясаты жүргізіліп, Samsung және LG сияқты чеболь корпорацияларының дамуы – Оңтүстік Корея экономикасының қарқынды өсуіне алып келді. Міне осы кезденден бастап Үкімет тарапынан ғылым мен технологияның дамуына көңіл бөліне бастады.

Робототехника

2003 жылдан бастап Оңтүстік Корея робототехника саласын дамытуды ұлттық жоспардың қатарына енгізген.[67] 2009 жылы Оңтүстік Корея Үкіметі Инчхон және Масан еркін экономикалық аймақтарына арнайы роботтарды өңдіру жөнінде жоспарын жариялады[68].

2005 жылы Корея озық ғылым және технология институты адам тәрізді HUBO роботын құрастырды. 2006 жылдың мамыр айында Korea Institute of Industrial Technology тобы алғашқы корейлік EveR-1 андроид роботын құрыстырып шығарды.[69]

Елде мұғалімдердің тапшылығына байланысты 2010 жылдың ақпан айында ағылшын тілінен ұстаздық ететін роботтарды құрастыру жоспары қолға алынып, 2013 жылы мектеп алды білім беру мекемелерінде алғашқы өнімдер білім бере бастады.[70] Робототехника сондай-ақ ойын-сауық аясында да қолданысқа ие болды. 2004 жылы ғылым мен робототехника технологияларын дамыту мақсатында елде роботтар ойыны фестивалі ұйымдастырылып, жыл сайын өткізілуде.[71]

Биотехнология

1980 жылдардан бастап Корея Үкіметі отандық биотехнолия саласының дамуына инвестиция салуда және саладағы табысты 2010 жылға дейін $6,5 млрд дейін өсіру жоспарланған. Өндірістің басым бөлігі медицина саласына тиесілі, оның ішіне гепатитке қарсы вакцина мен антибиотиктерді өңдіру кіреді.

Мәдениеті

Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея мәдениеттері дәстүрлі Корея мәдениетінен бастау алады, алайда 1945 жылы бөліну нәтижесінде түбекте қос мемлекет құрылғаннан кейін екі елдің мәдениеті әр түрлі даму толқынына түсті. Корея мәдениетінің дамуына Қытай мемлекетінің зор ықпалы тиген[75], дегенмен Корея мәдениеті бірегей құндылықтарымен ерекшеленеді.

Қарқынды индустрияландыру мен урбандалу үдерістерінің нәтижесінде Оңтүстік Корея халқының өмір сүру салты өзгеріске ұшырады. Бұл халықтың ірі қалаларға, әсіресе Сеул қаласына қоныстануына, ал ірі қалалардан тыс елді-мекендердің керісінше депопуляциялануына соқтырды. Euromonitor International компаниясының зерттеулерінің нәтижесінде Оңтүстік Кореяда бір апта ішінде ішілетін алкоголь мөлшері – әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда жоғары екендігі анықталған. Есептеулер бойынша Оңтүстік Корея халқы аптасына орта есеппен 13,7 рөмке ішімдік ішеді екен. Бұл көрсеткіш Оңтүстік Кореялықтардың Ресейліктерден екі есе көп, ал америкалықтардан төрт есе көп ішімдік ішетіндігін көрсетеді[76].

Мейрамдары

Корея Республикасының мейрамдарының үш түрлі санатқа бөлінеді:

  • Мемлекеттік мейрамдар (кор. 국경일?, 國慶日?)

  • Мемлекеттік ту көтерілетін күндер (кор. 국기게양일?, 國旗揭揚日?)

  • Мемлекеттік демалыс күні (кор. 공휴일?, 公休日?)

Бұл санаттар әр түрлі құқықтық дәрежеге ие. Сондай-ақ барлық мемлекеттік мейрамдар Мемлекеттік ту көтерілетін күн болып табылады.

Міне оқушылар бүгін біз әлемнің тағы бір тамаша елі Оңтүстік Кореямен таныстық. Бұл ел тек экономикалық, саяси ерекшеліктерімен қатар этнографиялық ерекшелігі бар бірден - бір мемелекет екенімен таныстық.

Енді осы Оңтүстік Корея жайлы кім қандай «Қызықты деректер» жинап келді?


1.Топтық тапсырма


I топ. 서울СЕУЛ (Постер қорғау)


II топ. 부산ПУСАН (Постер қорғау)


III топ. 대구ТЭГУ (Постер қорғау)


(Топ бір-бірін бағалайды.)

I топ. Географиялық диктант

  1. Жаңа индустриялы елдер құрамы-

  2. Өндірістік емес саласындағы қызмет ететіндер %-


II топ. Географиялық диктант

1. Халық саны-

2. Аса ірі автомобиль компаниялар-


III топ. Географиялық диктант

1. Білім алу көрсеткіші үшінші орында, қай елден кейінгі-

2. «Ғылым қалашығы» атанған қала-


(Топ бір-бірін бағалайды.)


IV. Жаңа сабақты пысықтау

Оңтүстің Корея мемлекеті туралы не білеміз? Суреттер топтамасы


VІ. Жаңа сабақты қортындылау. Жаңа сабақты қорытындылау үшін «Шардағы сұрақтар» ойынын пайдалану. Ойын шарты бойынша тақтадағы шарларды жарып қойылған сұрақтарға жауап береді.

    1. Корей тілінде Корея Республикасы қалай деп аталады?

    2. «Корея» сөзі б.з 9181392 жылдары Корей түбегінде өмір сүрген қай мемлекетінің атауынан шыққан?

    3. Қазіргі таңда Корея Республикасы қашан «Тәуелсіздік күнін» тойлайды?

    4. Корея Республикасы қай түбектің оңтүстік бөлігінде орналасқан?

    5. Мемлекет батысында – Сары теңізбен, шығысында – Жапон теңізімен, ал солтүстігі қай теңізбен шайылып жатыр?

    6. Қазақстанда қай жылы Оңтүстік Корея жылы болып жарияланды?

    7. Корей түбегіндегі ең биік нүктесін ата.Оның биіктігі теңіз деңгейінен қанша метр?

    8. Корея Республикасының тұңғыш Конституциясы қашан қабылданған?

    9. Конституция қанша баптан тұрады. Құрылымы неше тарауға бөлінген?

    10. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жылдары екі мәрте ресми іс-сапармен Корея елінде болды?

    11. Елдегі туризм қарқынды дамығандықтан Оңтүстік Корея 2019 жылға дейін елге келуші туристер санын қанша миллионға жеткізуді көздеп отыр?

    12. Корея Республикасының мемлекет басшысы – президент болып табылады. 2017 жылдың 10 мамыры заңгер, саясаткер және мемлекеттік қайраткер — Мун Джэ Ин Корея Республикасының нешінші президенті болып сайланды?


VІІ. Үйге тапсырма беру.

1. Оңтүстік Корея Республикасы

2. Сөзжұмбақ құрастыру


VІІІ. Бағалау.



































Әдебиеттер:

  1. В.П.Максаковский География Алматы «Рауан» - 1997ж.

  2. В.П.Максаковский География Алматы «Рауан» - 1993ж.

  3. В.П.Максаковский География Москва «Просвещение» - 1990г.

  4. География материктер мен мұхиттар Алматы «Атамұра» - 2012ж.

  5. Н.Н.Петрова География Алматы «Кітап баспасы» - 2006ж.

  6. География энциклопедия Москва «Аванта» - 2004г.

  7. В.А.Коринская, В.А.Щенков, И.В.Душина «Экономическая и социальная география» Москва 1990г.
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.05.2018
1295
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12