Ашық сабақ Ордабасы және Қарақұмдағы құрылтайларының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы күресі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Ордабасы және Қарақұмдағы құрылтайларының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы күресі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Түркістан облысының әдістемелік орталығы» КММ директоры

А.Турсынбаев

2020 жылғы «___» __________

__________

1-қосымша



ОБЛЫСТЫҚ  «ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК БАСЫЛЫМДАР» СЫРТТАЙ БАЙҚАУЫН

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ


І.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1.1. Осы облыстық «Үздік әдістемелік басылымдар» сырттай байқауын (әрі қарай – Байқау) өткізу Ережесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленген.

1.2. Кәсіби байқаулар өткізу білім беру жүйесіндегі инновациялық қызметтің нысаналы дамуына, педагогтердің кәсіби шыңдалуына ықпал етеді.

1.3. Байқауды Түркістан облысының әдістемелік орталығы өткізеді.

1.4. Байқауға білім беру ұйымдарының химия, биология, география, физика, математика, тарих, өзін-өзі тану, көркем еңбек пәндері мұғалімдері, әдіскерлері шығармашылық жұмыстарының әдістемелік әзірлемелерін ұсыну арқылы қатысады.

1.5.Байқауды өткізу үшін қатысушылардын кворумы жалпы санының үштен екі санынан кем болмауға тиіс.

 

ІІ.БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1. Байқаудың мақсаты - облыс педагогтерінің шығармашылық және

кәсіби өсуін ынталандыру, озық тәжірибелерін жинақтау және тарату.

2.2. Байқаудың міндеттері:

- педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру;

- озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау және тарату;

- білім беру кеңістігін әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру.


ІІІ.БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

3.1. Байқауға дайындық, оны өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру және жүзеге асыру үшін облыстық әдістемелік орталық директоры бұйрығы негізінде ұйымдастыру комитеті құрылады. Облыстық ұйымдастыру комитетінің құрамына әдістемелік орталық директоры, директор орынбасары және бөлім басшысы, әдіскерлері енеді.

3.2. Облыстық әдістемелік орталық директоры облыстық ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып табылады.

3.3. Облыстық ұйымдастыру комитеті:

- байқаудың барлық кезеңдерін өткізу тәртібін анықтайды;

- байқауды тікелей басқаруды жүзеге асырады;

- байқаудың жоғары деңгейде өтуі үшін пәндер бойынша қазылар алқасы

құрамын анықтайды;

- пәндер бойынша қазылар алқасы жұмысын ұйымдастырады;

- облыстық байқаудың қорытындысына талдау жасайды және жинақтайды, есеп

береді.


ІҮ. БАЙҚАУДЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

4.1. Байқаудың қазылар алқасы: төрағадан (төрайымнан) және алқа мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасының төрағасы (төрайымы) мен мүшелерін облыстық әдістемелік орталығының директоры бекітеді.

Қазылар алқасының құрамына ЖОО оқытушылары немесе біліктілікті арттыру орталықтарының мамандары, жоғары біліктілігі бар педагогтер кіреді.

4.2. Облыстық байқаудың қазылар алқасы:

- ұйымдастыру комитетіне пәндер бойынша байқау қорытындысы туралы есеп тапсырады;

- ұйымдастыру комитетіне жүлдегерлер мен жеңімпаздарды марапаттау жөніндегі ұсыныстар жасайды;

- байқау қатысушыларының орындаған жұмыстарына талдау жүргізеді;

- жеңімпаздарды анықтайды және ұйымдастыру комитетіне жүлделі орындарды тағайындау үшін ұсыныстар береді.

-апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарайды және шешім қабылдайды;

- қазылар алқасы қажет болған жағдайда тиісті жұмысты қайта қарайтын болады;

-аппеляциялық комиссияның қаралуына түскен жұмыстар қазылар алқасы тарапынан екі сағат ішінде қаралады.



Ү. БАЙҚАУ КЕЗЕҢДЕРІ, ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ОНЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

5.1.Байқау кезеңдері:

-І кезең – аудандық, қалалық.

-ІІ кезең – облыстық.

5.2.Байқау келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

- химия;

- биология;

- география;

- математика;

- физика;

- тарих;

- өзін-өзі тану;

- көркем еңбек.

5.3. Байқауға әдістемелік әзірлемелердің келесі түрлері қабылданады: 

  • оқу-әдістемелік құрал (көлемі 5 баспа беттен кем болмауы керек (1 баспа бет 16 бет) - оқыту пәнін, оның тарауын, бөлігін оқыту және меңгеру әдістемелері бойынша материалдарды қамтитын оқу басылымының түрі;

  • әдістемелік нұсқаулық (көлемі 1 баспа беттен 3 баспа бетке дейін) – қандай да бір жұмыстың орындалу әдістемесіне баса назар аударатын құрал;

- оқу-әдістемелік жинақ (көлемі 3 баспа беттен жоғары) бірқатар жұмыс түрлерінің ( бағдарламалар, жиынтық бағалау тапсырмалары, түрлі бағыттағы (олимипиада тапсырмаларының жинағы, зертханалық және сарамандық жұмыстар жинағы, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар жинағы.т.с.с,) жиынтығын қамтитын әдістемелік басылым.

5.5. Әдістемелік әзірлемелердің құрылымына қойылатын талаптар

  1. Сыртқы мұқаба.

  2. Титул парағы (бірінші беті).

  3. Ақпараттық парақ (бірінші беттің ішкі жағы).

  4. Мазмұны.

  5. Алғы сөз (алғы сөздің болуы міндетті емес)

  6. Кіріспе.

  7. Негізгі бөлім.

  8. Қорытынды.

  9. Қосымшалар.

  10. Сөздік, глоссарий.

  11. Әдебиет тізімі.


ҮІ. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

6.1. Байқауға аудандық, қалалық кезеңнің нәтижесі бойынша жеңімпаздар

облыстық байқауға қатыса алады.

6.2.Байқауға қатысушылар қазылар алқасының шешімімен келіспеген

жағдайда, байқау қорытындысы шыққаннан кейін бір тәулік ішінде

аппеляцияға жүгінуіне болады.

6.2. Байқауға қатысушылар белгіленген уақыттан кешікпей осы Ережеде

көрсетілген талаптарға сәйкес жұмыстарын жіберуі керек.

6.3. Соңғы 3 жылдағы аталған байқау жүлдегерлері байқауға қатыса алмайды.


ҮІІ. БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУДЫҢ ЖАЛПЫ ӨЛШЕМШАРТТАРЫ

7.1. Байқау жұмыстарын бағалау өлшемшарттары:

  • тақырыптың өзектілігі (білім беруді дамытуда жаңа бағыттардың көрінуі);

  • тақырыпқа мазмұнының сәйкес келуі;

  • ұсынылған материалдардың жаңашылдығы және ерекшелігі;

  • материалдың инновациялық құндылығы;

  • әдістемелік және теориялық бөлімінің сипаттамасының болуы;

  • құрылымының оқырманға түсініктілігі;

  • жұмыстың оқу-тәрбие үдерісінде қолдануға бағытталуы;

  • рәсімделуінің талапқа сай келуі.

7.2. Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Материалдар форматы – Word, шрифт – Tіmes New Romen, қаріп – 14жол аралық интервал – біреулік. Сол жағы – 30 ммм, оң жағы – 15 мм,  төменгі жағы – 20 мм, жоғары жағы – 15 мм. Электронды түрде: диск – SD RW. 


8. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ТАПСЫРАТЫН ҚҰЖАТТАРЫ МЕН МАТЕРИАЛДАР

8.1. Аудандық, қалалық кезеңнің нәтижесі бойынша облыстық деңгейге әр аудан, қаладан (осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес) әдістемелік әзірлемелер ұсынылады.

  • оқу-әдістемелік құрал;

  • оқу-әдістемелік жинақ;

  • әдістемелік нұсқаулық.

8.2. облыстық әдістемелік орталыққа тапсырылатын құжаттар тізімі:

  • аудандық, қалалық білім бөлімі басшысының үлгіге сәйкес сұранысы;

  • аудандық, қалалық кезеңде І орынға ие болған әдістемелік басылымдар (электронды нұсқасында);

  • жеке куәліктерінің көшірмесі.


Облыстық «Ең үздік әдістемелік басылымдар» сырттай байқауына қатысуға

СҰРАНЫС

Мұғалімнің аты-жөні

Ауданы

Мектебі

пәні

Пед. өтілі, санаты

Жұмыс атауы

Ұялы телефоны, электронды поштасы

1
















9. БАЙҚАУ МАТЕРИАЛДАРЫН ҰСЫНУДЫҢ МЕРЗІМІ МЕН ТӘРТІБІ

Сырттай байқауға ұсынылған әдістемелік әзірлемелер  2020 жылдың 13 қарашасына дейін Түркістан облысының әдістемелік орталығының пән әдіскерлерінің электронды поштасына электронды түрінде тапсырылуы тиіс.

Ескерту: қараша айының 13-нен кешіккен жұмыстар қабылданбайды. Байқауға түскен жұмыстарға рецензиялар берілмейді, материалдар қайтарылмайды.


10.БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ

Байқаудың қорытындысы бойынша  2020 жылдың 20 қарашасында әр бағыттағы әдістемелік әзірлемелер бойынша жүлделі орындарға ие болған мұғалімдердің жұмыстары облыстық әдістемелік кеңестің шешімімен тәжірибесі облысқа таратылады және Түркістан облысының әдістемелік орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, номинациялар және сыйлықтармен марапатталады.


Ескерту: Сараптау комиссиясының белгілеген ережесі өзгертілмейді.



Пән әдіскерлерінің электронды поштасы


Әдіскердің аты-жөні

Пәні

Электронды поштасы

1

Керимбекова А.

Химия, биология

gera-10.89@mail.ru

2

Тойшиева Ж.

География

jadira_28@mail.ru

3

Тәшімбет З.

Математика, физика

ziash.tashimbet@mail.ru

4

Усенбеков М.

Тарих

marat280378@mail.ru

5

Қаймолдаева Б.

Өзін-өзі тану

kaymoldaeva2016@mail.ru

6

Архабаев Н.

Көркем еңбек

nugman81@mail.ru



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2020
509
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі