400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Өрде 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Абай жолы» роман-эпопеясына сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін айқындау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жоғары аграрлық-техникалық колледжі

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Өрде

Модуль/пән атауы Қазақ әдебиеті

Дайындаған педагог Мухамбеткалиева Гульмира Шалгезовна

2024 жылғы

1.Жалпы мәліметтер

ҚТ-111.1, ҚТ-211.1, ҚТ-311.1, ТЖ-111.1, МГ-111.1,

Сабақ типі жаңа сабақты игерту

2. Оқыту мақсаты:

Сабақ мақсаты: «Абай жолы» роман-эпопеясына сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін айқындау.

Бағалау өлшемдері:

1) Көркем шығармадағы Абай бейнесін даралап көрсетеді;

2) «Абай жолы» арқылы ақындар бейнесін жинақтап көрсетеді.

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

2. Білу және түсіну.

3. Сабақты жабдықтау

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер Ж.Дәулетбекова, Қ.Рай, Л. Жұмекенова . Қазақ тілі. Оқулық +Үнтаспа, Атамұра, 2019ж.

https://massaget.kz/layfstayl/debiet/abay_jolyi/63177/

3.2 Техникалық құралдар, материалдар компьютер

4. Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі


1. Оқушылармен амандасу.

2.Түгендеу.

Оқушыларды сабақ мақсатына жетелеу үшін сұрақтар қойылады.

Үй тапсырмасы тексеріледі

ІІІ. Жаңа сабақ


Сөздік

Құшнаш - көне сөз: ем-дом жасаушы; тәуіп.

Сал - 1) суда адамдарды, жүктерді тасымалдауға арналған су көлігі; 2) төрт бұрышты, қоға мен қамыс араластырыла буылған құрал, яғни ыспа; 3) денені жансыздандырып, қозғалтпай тастайтын ауру; 4) көне сөз: сауықшыл, елден ерекше сан түзеп, қасына топ-тобымен өнерпаздар ертіп жүретін ақын, әнші өнерлі жігіт; 5) суырыпсалма ақын, әнші, күйші, шешен адамдар тобының атағы; 6) затты, нәрсені сақтау, тығу. Бұл жерде: төртінші мағынада.



Қазақ халқының елу жылдық тарихының көркем шежіресін жасаған романда Абай өмір сүрген дәуірдің көркем суреттері сол боямасыз қалпында бейнеленген. Романда ұлттық салт-дәстур, әдет-ғұрыптардың көптеп кездесетіні оның этнографиялық бояуының қалыңдығын байқатады. Осындай мысалдарды Бөжейдің асын күту мен Алшынбай ауылына барған құдалардың салт-жоралғыларынан көруге негіз бар. Бөжей өліміне қатысты жоқтау, өліктің артын күту, қаралы болу, бата оқу, аза салу, ас беруден қазақ халкының қазаға байланысты ғұрыптарын көрсек, Ділдага ұрын барғандағы құда түсу, киіт кию, қыз ұзату, ілу жасау тәрізді жоралғылар мен үйлену салтына қатысты ырымдар суреттелген.

Сабақтың ортасы



1-тапсырма. «Өрде» тарауынан үзінді оқимыз



2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.


1. Күйеу жігіттің жоралғылары қандай болады?

2. Жас балаға, келін мен күйеуге үкіні не үшін тағады? Шығармамен байла-ныстырып жауац беріңдер.

3. Қалыңмал мен киіт не мақсатта беріледі?

Дескриптор:

  • с ұрақтарға жауап береді.

  • өз пікірлерін жазады;

  • ойларын дәлелдейді;

  • қажет ақпараттарды түртіп алады.



3 -тапсырма. Бірінші кітаптағы келесі басты оқиғаларды тәртіпенен талдаңдар. Осы оқиғалардағы Абай бейнесіне талдау жасаңдар. Талдау жұмыстарының тақырыбын қойыңдар. Мысалы, «Бала Абай бейнесі».


Абайдың елге оралуы;

Қодар мен Қамқа өлімі;

Үлкендердің мәжілісі;

Абайдың сырқаттанып қалуы;

Барлас пеп Байкөкшенің Зере мен Ұлжан үйінде қонақ болуы.


Дескриптор:

  • А бай бейнесіне талдау жасайды;

  • оқиғаларды анықтайды;

  • тақырып қояды.



Сабақтың соңы

Рефлексия.

Сұрақтарға жауап беріңдер

1 ) Маған … қиын болды.
2) Мен … тапсырмаларын орындадым.
3) Мен … екендігін түсіндім.
4) Мен … үйрендім.
5) Мені … таңғалдырды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21.06.2024
557
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі