Материалдар / ашық сабақ, "Орманға саяхат", мектепке дейінгі балалар, ортаңғы топ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық сабақ, "Орманға саяхат", мектепке дейінгі балалар, ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ, "Орманға саяхат", мектепке дейінгі балалар, ортаңғы топ Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Орманға саяхат» Мақсаты: Балалардың заттардың түстері, көлемі және оларды санау туралы түсініктерін кеңейту. Білімділік: Түстерді ажырата білу, заттарды көлеміне қарай салыстыра білуге үйрету. Дамытушылық: Саяхаттау арқылы балалардың сөздік қорын, ой өрістерін, танымдық қызығушылықтарын және қол ептілігін дамыту. Тәрбиелік: біреуге көмектесуге, тапсырманы бірлесіп орындауға тәрбиелеу. Қолданылатын әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, практикалық, саяхаттау,ойын. Қолданылатын құрал-жабдықтар: Слайд материалдары, шариктер, тазиктер, өзен, әр түрлі геометриялық пішіндер, әр түрлі көлемді ыдыстар, аңдардың суреттері, қыстырғыштар. Билингвалды компонент: Ұзын-длинный- long, қысқа-короткий- short, үлкен- большой- big, кішкентай-маленький- small.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2021
799
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Қаскенова Тамирис Маратқызы

Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұра кенті «Балбөбек» бөбекжайы»

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Орманға саяхат

Ортаңғы топ

(3-4 жастағы балалар)

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Орманға саяхат»

Мақсаты: Балалардың заттардың түстері, көлемі және оларды санау туралы түсініктерін кеңейту.

Білімділік: Түстерді ажырата білу, заттарды көлеміне қарай салыстыра білуге үйрету.

Дамытушылық: Саяхаттау арқылы балалардың сөздік қорын, ой өрістерін, танымдық қызығушылықтарын және қол ептілігін дамыту.

Тәрбиелік: біреуге көмектесуге, тапсырманы бірлесіп орындауға тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, практикалық, саяхаттау,ойын.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: Слайд материалдары, шариктер, тазиктер, өзен, әр түрлі геометриялық пішіндер, әр түрлі көлемді ыдыстар, аңдардың суреттері, қыстырғыштар.

Билингвалды компонент: Ұзын-длинный- long, қысқа-короткий- short, үлкен- большой- big, кішкентай-маленький- small.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Музыкалық сүйемелдеумен балалар залға кіреді..

Тәрбиеші: -Сәлеметсіңдер ме, балалар, көңіл-күйлерің калай? Қанекей, көңіл күйлерімізді білдірейікші. Бір-бірімізге қарап күлімдейік. Енді осы жақсы көңіл күйімізді қонақтармен бөлісейік.

(Беттерінен күлкілерін алғандай болып қонақтарға үрлейді)

Тосын жайт

(Жылап отырған қонжықтың даусы естіледі)

Тәрбиеші: -Балалар, біз көңілді болып тұрғанда біреу мұңайып тұрған сияқты, бұл кім екен?

-Қонжық?! Не болды саған?

Қонжық: -Анама барғым келеді

Тәрбиеші: -Анаң қайда?

Қонжық: -Орманда

Тәрбиеші: -Балалар, Қонжықты анасына апарамыз ба?

Қонжық: -Бара алмаймыз, жолда кедергілер бар.

Тәрбиеші: -Жүр, біз балалармен саған кедергілерден өтуге көмектесеміз, Солай ма балалар?

Балалар: -Иә!

Бір-біріне қарап күлімдейді.


Қонақтарға күлкі сыйлайды




Қонжықтың жанына келеді









Қонжыққа көмектесуге келіседі.

Ұйымдастырушылық –мотивациялық












































































Тәрбиеші: -Мына жерде екі жол жатыр. Қонжық Орманға бару үшін қай жолмен жүруіміз керек?

Қонжық: - Ұзын жолмен бару керек.

Тәрбиеші: -Балалар, қараңдаршы, жолдың қайсысы ұзын? Қызыл түсті ме алде сары түсті ме?

Балалар: -Қызыл!

Тәрбиеші: -Дұрыс, қызыл түсті жол-ұзын жол.

Балалар қараңдар бірінші кедергі-ол жолда шариктер шашылып жатыр. Оларды жинап, мына тазиктерге түстеріне қарай орналастырайық.

Сары түсті шариктерді сары тазикке, қызыл түсті шариктерді қызыл түсті тазикке саламыз. Жарайсыңдар!

Қонжық сен де көмектес.

Міне, 1-ші кедергіден де өтіп кеттік.

(Сылдырлап аққан судың даусы естіледі)

Тәрбиеші: -Бұл ненің даусы балалар? Алдымызда өзен бар екен. Өзеннен өте алмаймыз гой? Ол үшін көпір жасайық. Көпір жасау үшін бізге Сары түсті үлкен дөңгелектер керек. Қанекей мына жерден Сары түсті үлкен дөңгелектерді алып келіңдер.

Қонжық: - Жарайды, мен де балалармен бірге көпір жасайын.

(Өзеннің үстінен көпір жасалады)

Тәрбиеші: -Міне, көпір де аяқталды, енді өзеннен өте аламыз. Барлығымыз бір-бірден көпірден өтейік.

Қонжық: - Міне менің үйім (Қуанады) Бірақ, анам ұйықтап жатыр екен, оны оятайық.

Тәрбиеші: -Қане балалар аюды оятайық.

Барлығы: -Аю, аю тұршы,

Бетіңді жушы,

Шашыңды тарашы,

Айнаға қарашы. (2 рет)

(Аю оянады, қонжықты құшақтайды)

Қонжық: -Мама, менің қарным ашып кетті.

Аю: -Кел тамақ ішейік.

Тәрбиеші: -Балалар, аюлардың қарындары ашып қалыпты. Бірақ тамақ ішейін десе ыдыстары ауысып кетіпті. Оларға өз ыдыстарын таңдап алуға көмектесейік.

-Мансұр кел, үлкен аюға қай тарелкені қоямыз?

-Ал кішкентай аюға? Дұрыс.

-Назерке, келе ғой, үлкен аюға қай қасықты береміз? Иә, ал кішкентай аюға қай қасықты береміз? Жарайсыңдар!

(Аюлар тамақтарын тез ішіп алады)

Аю: -Балалар сендерге көп рақмет! Қонжығыма үйге қайтуға көмектестіңдер. Сендер көп жүріп шаршадыңдар, балабақшаға автобуспен қайтыңдар. Міне, сендерге автобусқа билет.

(Балаларға геометриялық фигуралар таратады. Балалар билет алғанша орындықтардың бағытын бұрып қою)

Тәрбиеші: -Рақмет, аю! Онда біз балабақшаға қайтайық. Адина, сенде қандай пішін? Дөңгелек. Дөңгелектің суреті бар орындыққа отыра ғой.

-Балалар, балабақшаға жеткенше орманда өмір сүретін аңдарды көріп қайтайық. Қараңдар, ормандар қандай аңдар өмір сүреді екен?

-Аю, Түлкі, Қоян, Қасқыр, Кірпі.

-Балалар кірпіге қараңдаршы, кірпінің нелері жетіспейді? Иә, арқасында инелері жетіспейді. Жүріңдер бақшамызға барып кірпіге инелер жасап берейік.

(Үстелдің үстінде картоннан жасалған кірпілер және әр түрлі түсті пришепкалар шашылып жатады).

Тәрбиеші: -Балалар ортадағы пришепкаларды алып, әркім өзінің кірпісінің арқасына былай қыстырып қоямыз. Дұрыс, қане Тамирис, сенің кірпіңнің арқасында неше инесі бар? Санашы, 1,2,3. Иә кірпінің 3 инесі бар. (Тағы 1-2 баладан сұрау) Енді оларды орманға жіберейік.

Жарайсыңдар, балалар!







Сұрақтарға жауап береді


Шариктерді жинап, тазиктерге түстеріне қарай орналастырады.





Сары түсті үлкен дөңгелектерді алып келіп тәрбиешіге береді.



Көпірден өтеді







Сергіту сәтінің мазмұнына қарай қимылдар орындайды.







Аюлардың ыдыстарын көлеміне қарай орналастырады.








Автобусқа билет алады.



Балалардың жауабы






Аңдарды атайды






Үстелдің үстіндегі пришепкаларды алып, әркім өзінің кірпісінің арқасына қыстырады.



Кірпінің инелерін санайды.

Рефлексивтік-түзетушілік

(Балаларды орындықтарға отырғызу, экран арқылы сабақты қорытындылау)

Біз бүгін неге көмектестік? (Қонжыққа)

Қонжықты үйіне апару үшін екі жолға кездестік, біреуі - ұзын, біреуі - қысқа. Барлығымыз бірге айтайықшы. Ұзын-длинный- long

Қысқа-короткий- short

-Иә ұзын жолмен жүріп, кедергілерден өтіп аюдың үйіне бардық. Сосын олар тамақтанып алды. Үлкен аюға қай ыдысты бердік –Үлкен.

Ал кішкентай қонжыққа қай ыдысты бердік? –Кішкентай. Дұрыс. Енді бәріміз бірге айтайық

Үлкен- большой- big

Кішкентай-маленький- small

-Содан соң балабақшаға қайтып келе жатып көптеген аңдарды кездестірдік иа! Аюды, Түлкіні, Қоянды, Қасқырды, Кірпіні. Содан соң кірпінің арқасына инелер жасап бердік те оларды санадық. Солай ма, қане бірге санайықшы: 1,2,3,4,5 (Орысша, ағылшыншы санату)

Жарайсыңдар балалар!

-Көңіл күйлерің қандай кушті ма? Онда келген қонақтарға көңіл күйлерімізді былай көрсетейік! Уууу деп бас бармағымызды көрсетейік.

Экранға назар аударады











Үш тілде қайталап айтады





Үш тілде санайды




Бас бармақтарын көрсетіп, көңіл күйлерін білдіреді.

Балалар білуі тиіс: Түстерді атай білу, заттарды көлеміне қарай салыстыра білу, геометриялық пішіндерді, 5-ке дейін санауды.

Балалар меңгеруі тиіс: Салыстырмалы ұымдарды, сандарды үш тілде меңгеру

Балалар игеруі тиіс: Түстерді, геометриялық пішіндерді ажырата білу, қыстырғыштарды дұрыс пайдалана білу.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!