Ашық сабақ "Өрнектерді ықшамдау" 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Өрнектерді ықшамдау" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал 5 сынып бойынша математика пәнінің мұғаліміне қажет. Бұл материал мұғалімінің сабақ өткізуіне көмектеседі. жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша жазылғандықтан барлық жағы қарастырылыған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп:

5.1.А Натурал сандар және нөл саны Мұғалімнің аты – жөні:

Күні: Қатысқандар: 15

Сынып: 5 Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы

Өрнектерді ықшамдау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.1.1

қосу және көбейту амалдарының қасиеттерін қолданып, әріпті өрнектерді түрлендіру;


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: әріпті өрнектерді түрлендіруде қосу және көбейту амалдарының қасиеттерін қолданады.

Оқушылардың басым бөлігі: өрнектерді ықшамдап, мәнін табады.

Кейбір оқушылар: мәтін есептерді шешіп, кері есептер құрастырады.

Бағалау критерийі


  • Әріпті өрнектерді түрлендіру үшін қосу амалының қасиеттерін қолданады.

  • Әріпті өрнектерді түрлендіру үшін көбейту амалының қасиеттерін қолданады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттар:

  • қосу және көбейту амалдарының қасиеттерін жеткізеді;

  • ережесін ауызша түсіндіреді;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

өрнек, коэффициент, айнымалы, көбейткіш, ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

өрнектерді ықшамдау, ортақ көбейткіш, қосудың ауыстырымдылық қасиеті, қосудың терімділік қасиеті, қосудың үлестірімділік қасиеті,

көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті, көбейтудің терімділік қасиеті,

көбейтудің үлестірімділік қасиеті

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде «Индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өсу» құндылығын дарыту

Пәнаралық байланыс

Физика

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Сандық және әріпті өрнектер



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығулар түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.








2 мин








3 мин































5 мин








Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Сабақтың мақсатын қойып тақырыппен таныстыру.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Тренинг «Сөйлегіш қолдар».

Оқушылар жұптасып тұра қалады, мұғалімнің айтуын орындайды. Бірінші қолмен амандасады, достасады, қолдарын шапалақ ұрып ойнайды, қол бұлғайды.

Маңызы: тірек – қимыл аппараттарымен жұмыс жасайды.

Нәтижесі: Бір – бірімен тренинг барысында амандасады.

Топқа бөлу:

«Бағдаршам» әдісі бойынша түстерді таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді:

I топ – қызыл түстер, II топ – жасыл түстер, III топ – сары түстер.

Топ басшылары сайланып, бағалау парақшасы беріледі.

Маңызы: бірлесе жұмыс жасау, топтық ережеге бағыну.

Нәтижесі: топпен біріге жұмыс жасау арқылы бірлік пен келісімге келеді

Үй жұмысын тексеру. «Қатесін тап» әдісі. Жұптық жұмыс.

Оқушылар жұптасып, бір – бірінің үй тапсырмасын интерактивті тақтада берілген дұрыс жауаппенен салыстыра отырып, дұрыстығын тексереді. Тексерген оқушы дұрыс, қатесін талдайды. Оқушыларды жұлдызша н/е төртбұрышпен бағаланады.

83. Арифметикалық амалдардың қасиеттерін пайдаланып, әріпті өрнектердің мәнін табыңдар:

1) 12 + а + 97, мұндағы а = 8; 3;

2) 26 + b + 83, мұндағы b = 14; 7;

3) 49 + с + 38, мұндағы с = 51; 62;

4) 20а•15, мұндағы а = 5; 4;

5) 25b•5, мұндағы b = 4; 12;

6) 8с•12, мұндағы с = 125; 3.


Бағалау критерийі

Дескриптор:


Қалыптас тырушы бағалау

Айнымалылардың берілген мәндері бойынша әріпті өрнектердің мәнін табады

-есепті шығару үшін тиісті амалды таңдайды;

-өрнектің мәнін табады,



Маңызы: оқушылар жұптық жұмыс арқылы, бір – бірінің қатесін түзетеді.

Нәтижесі: өтілген сабақты пысықтайды.

Кері байланыс: Мұғалім мен оқушы арасында.

- Сендерге қайсы есеп түсініксіз болды?

- Қандай есепті шығару кезінде қиындық туды?

Білімдерін жан – жақты тексеру.

«Кездейсоқтық» әдісі. Барлық сыныппен.

Қағаз ұшақ ұшырып, кімге қонса сол сұрақтарға қарқынды жауап береді. Оқушыларды жұлдызша н/е төртбұрышпен бағаланады.


  • Сандық өрнек дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

  • Өрнектің мәні деп нені айтады?

  • Қандай өрнек әріпті өрнек деп аталады?

  • Коэффициент деген не?

  • Қандай өрнектер айнымалысы бар өрнектер деп аталады?

  • Математикалық өрнеттер дегеніміз не?


Бағалау критерийі

Дескриптор:


Қалыптас тырушы бағалау

Өрнек түрлерін ажыратады

-толық жауап береді;

-мысал

келтіреді;





Маңызы: кездейсоқтық арқылы қарқынды түрде сұрақтарға жауап береді.

Нәтижесі: шапшаң, әрі тез ойланады.

Кері байланыс: мұғалім мен оқушы арасында.

  • «Сандық өрнектер. Әріпті өрнектер» тақырыбы бойынша сұрақтарың бар ма?

Слайд1



















Т.А. Алдамұратова, Қ. С. Байшоланова, Е.С. Байшоланов

1 – бөлім

«Атамұра»

2017,

41 бет


Слайд 2




















Слайд 3

Сабақтың ортасы

9 мин









14 мин

Жаңа тақырыпты меңгерту. Оқушыларға проблемалық сұрақтар қою, тақырыпты түсіндіру.

а)Көбейтіндіні ықшамдаңдар:

1) 5 • х • 8;

2) 2 • y • 9.

- Көбейтінді түрінде берілген мұндай өрнектердегі амалдар санын азайтып, қалай ықшамдауға болады?

Ол үшін көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдалану керек. Мысалы, 6 • y • 7 = 42y.

ә) Қосындыны ықшамдаңдар:

1) 4m + 9m;

2) 7a + 13a.

Берілген өрнектердің әрқайсысында үш амалдан бар. Осы өрнектердегі амалдар санын азайтып, қалай ықшамдауға болады? Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, қосындыны көбейтіндіге түрлендіру керек. Сонда орындалатын амалдар саны азайып, өрнек ықшамдалады. Мысалы, 12х + 8х = (12 + 8) • х = 20х.

Жаңа тақырып түсіндіріледі.

Кері байланыс: мұғалім мен оқушы арасында.

« 10 сөзді атаңыз» әдісі. Оқушылар түсіндірілген тақырыпқа қатысты 10 сөз жазып, атауы керек.

Маңызы: оқушылар жылдам ойлану арқылы сабақты түсінгендерін көрсетеді.

Нәтижесі: қортынды жасай алу дағдысы қалыптасады.

Жаңа тақырыпты бекіту. «Кім жылдам» әдісі. Жеке жұмыс.

Әр оқушы тапсырмасы өзі орындайды, мұғалім болған оқушының тапсырмасын тексереді. Тапсырманы келесі оырндап болған оқушыны бірінші оқушы тексереды. Солай жалғаса береді. Оқушыларды жұлдызша н/е төртбұрышпен бағаланады.

А деңгейі.

92. Қосудың қасиеттерін пайдаланып, өрнекті ықшамдаңдар:

1) (9 + а ) + 11; 3) (a + 17) + 23; 5) (18 + x) + 12;

2) (16 + b) + 4; 4) (b + 22) + 18; 6) (43 + y) + 57;

Бағалау критерийі

Дескриптор:


Қалыптас тырушы бағалау

Әріпті өрнектерді түрлендіру үшін қосу амалының қасиеттерін қолданады.


  • Қосудың қасиеттерін қолданады;

  • Өрнекті ықшамдайды;





Маңызы: әр оқушы жеке жұмыс істеу арқылы есептер шығаруға дағдыланады, басқа оқушының тапсырмасының дұрыстығын тексеріп, қатесін табады.

Нәтижесі: білімдерін тереңдетеді, өз бетімен есеп шығару дағдылары қалыптасады.

Жұптық жұмыс. «Сұрақ - жауап» әдісі

Оқушылар жұппен жұмыс жасайды,сұрақ қоя отырып ортақ келісімге келеді, тапсырмасын орындайды. Тарсырманы болған жұп мүшесінің біреуі тақтаға жазады. Сынып дұрыстығын тексереді. Оқушыларды жұлдызша н/е төртбұрышпен бағаланады.

В деңгейі. №98. Өрнектi ықшамдап, мәнiн табыңдар:

1) 7а + 15а, мұндағы а = 3; 4) 14у + 33у – 45у, мұндағы у = 17;

2) 23b + 16b, мұндағы b = 8; 5) 52m – 25m + 45m, мұндағы m = 9;

3) 44х – 18х, мұндағы x = 5; 6) 18n + 34n – 22n, мұндағы n = 6.


Бағалау критерийі

Дескриптор:


Қалыптас тырушы бағалау

Әріпті өрнектерді түрлендіру үшін қосу амалының қасиеттерін қолданады

-Қосудың қасиеттерін қолданады;

-Мәндерін табады;





Маңызы: жұптаса отырып,бір келісімге келу дағдысы қалыптасады.

Нәтижесі: білімдерін тереңдетеді.

Топтық жұмыс. «Құрастыру» әдісі.

Топтарға бірдей мәтінді есеп беріледі. Топпен біріге отырып талқылайды, есепті шығарады. Кейбір оқушылардың көмегімен есеп шартын құрады.Бірінші бітірген топ, сыныпқа түсіндіреді, жұлдызша алады. Экономикалық өсу құнылығы қалыптасады.

С деңгейі. №103. Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, есепті өрнек құрастырып шығарыңдар.

1) Шаруа ат сатып алу үшiн 15 ц қарабидай сатса, 80 рубль жетпей- дi, ал 20 ц қарабидай сатса, 110 рубль артық қалады. Шаруа сатып алатын ат неше рубль?

Бағалау критерийі

Дескриптор:


Қалыптас тырушы бағалау

Әріпті өрнектерді түрлендіру үшін көбейту амалының қасиеттерін қолданады

-Есептің шарты бойынша нені анықтау керектігін көрсетеді;

-Өрнек құрастырады.

-Шешу жолдарын көрсетеді;

-өрнекті түрлендіреді;

-жауабын жазады;





Маңызы: бейбітшілік, бірлік арқылы топпен бірлесе отырып жұмыс жасау барсында кейбір оқушылардың көмегімен топ мүшелері есептің шығару жолын үйренеді.

Нәтижесі: есепті өрнек құрастыра алады.

Кері байланыс: мұғалім мен оқушылар арасында.

  • Есептің шығарылу жолымен басқа топ мүшелері келісесіздер ме?

  • Басқада ұсыныстарыңыз бар ма?

Т.А. Алдамұратова, Қ. С. Байшоланова, Е.С. Байшоланов

1 – бөлім

«Атамұра»

2017,

43 – 45 бет

















Слайд 4




Т.А. Алдамұратова, Қ. С. Байшоланова, Е.С. Байшоланов

1 – бөлім

«Атамұра»

2017,

45 бет












Т.А. Алдамұратова, Қ. С. Байшоланова, Е.С. Байшоланов

1 – бөлім

«Атамұра»

2017,

45 бет











Т.А. Алдамұратова, Қ. С. Байшоланова, Е.С. Байшоланов

1 – бөлім

«Атамұра»

2017,

47 бет


Сабақтың соңы

3 мин

«Мен таптым» әдісі

Оқушылар топпен алдыларына берілген қосу мен көбейтудің қасиеттерінің формулаларын теңдік сыңарын тауып, жылдам парақшаға жапсырады.Бірінші бітірген топ жұлдызша алады.

Маңызы:Ойлану арқылы тез жауабын табады, қосу мен көбейтудің қасиеттерін ажырата алады.

Нәтижесі: жеңіске жету үшін жаңылмайды.


Бағалау критерийі

Дескриптор:


Қалыптастырушы бағалау

Әріпті өрнектерді түрлендіру үшін қосу және көбейту амалының қасиеттерін қолданады

-қосу мен көбейтудің заңдарын қолданады;

-сәйкестігін табады;








Маңызы: сәйкестігін табу арқылы өздерінің қаншалықты формулаларды білетіндігін байқайды. Өздерін тексереді.

Нәтижесі: өзінің білу деңігейін анықтайды.

Кері байланыс: мұғалім мен оқушы арасында.

«Бас бармақ» әдісі бойынша. Оқушылар «келісемін» - бас бармақты жоғары, «келіспеймін» - бас бармақты төмен көрсету.

Үйге тапсырма:

95 Өрнектерді ықшамдаңдар:

1) 2x + 3x;

2) 7x – 4x;

3) 5y + 9y;

4) 6y – y;

5) x + 4x + 5x;

6) 8x + 3x – x;

7) 10x + 7x – 8x;

8) 9y + 2y – 4y.

Бағалау критерийі

Дескриптор:


Әріпті өрнектерді түрлендіру үшін қосу және көбейту амалдарының қасиеттерін қолданады.


Өрнектерді ықшамдайды.


96. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар:

1) 7а + 7 · 3;

2) 16 · 5 + 5b;

3) 14с – 14 · 3;

4) 8d – 8 · 5;

5) 6а + 6 · 3 + 6b;

6) 9а + 9b – 9с.

Бағалау критерийі

Дескриптор:


Әріпті өрнектерді түрлендіру үшін қосу және көбейту амалдарының қасиеттерін қолданады.

Ортақ көбейткішті жақша сыртына жазады.


Маңыздылығы: оқушылар үй тапсырмасын орындау арқылы өтілген тақырыпты өз бетімен орындайды.

Нәтижесі: білім деңгейлерін тексерді.

Бағалау.

Топ басшысы бағалау парақшасына өз топ мүшелерінің алған фигураларын белгілеп, саралап, бағасын айтады.


Оқушының аты – жөні

Үй тапсырмасы

Білімдерін жан – жақты тексеру

Тапсырма 1

Тапсырма 2

Тапсырма 3

«Сәйкестігін тап»

Қорытынды


















6 жұлдыз н/е 5жұлдыз, 1 төрбұрыш – «өте жақсы »

4-5 жұлдыз н/е 3 - 4 жұлдыз және 3 - 2 төрбұрыш – «жақсы»

3 жұлдыз н/е 1 – 2 жұлдыз және 2 – 3 төртбұрыш – «қанағаттанарлық»


7) Рефлекция.

Кесте толтырады. Өз ойларын жазады.

Маған қызықты болды

Түсіндім

Түсінбедім




Маңызы: оқушылар өздеріне ұнағанын, түсінгенін және түсінбегенін жазып көрсету арқылы қорытынды жасайды.

Таратпа қағаздар

интерактивті тақта ,

Слайд 5



























Т.А. Алдамұратова, Қ. С. Байшоланова, Е.С. Байшоланов

1 – бөлім

«Атамұра»

2017,

46 бет



Т.А. Алдамұратова, Қ. С. Байшоланова, Е.С. Байшоланов

1 – бөлім

«Атамұра»

2017,

46 бет
























Бағалау парақшасы



























Тарапта кесте

Саралау - Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Бағалау – Сіз оқушылардың

материалды игеру деңгейін

қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылардың қажеттілігін ескере отырып жеке, жұппен, топпен жұмыс жасайды.Жеке жұмыс бойынша саралаудың қарқынды тәсілін қолданып, есепті өз бетімен шығарады. Оқушы мұғалім рөлін атқарады.Мысалы, өзінің мұғалім тексерген есебімен келесі оқушыны салыстыра отырып тексереді. Үлгермей жатқан оқушыға көмектеседі.

Жұптық жұмыс бойынша саралаудың диалог құру , бір – біріне көмектесу, түсіндіру тәсілі арқылы есеп шығарады.

Топтық жұмыс бойынша топқа мәтін есеп беріледі. Барлық оқушылардың арасындағы кейбір оқушылардың көмегі арқылы тапсырманы орындайды.


Оқушылар «Фигуралар» әдісі арқылы. Бағалау парақшасына топ басшысы жұлдыз н/е төртбұрыш фигураларын белгілейді. Топпен орындаған жұмыста берілген жұлдызша/ төрртбұрыш ортақ болады.

6 жұлдыз н/е 5жұлдыз, 1 төрбұрыш – «өте жақсы»

4-5 жұлдыз н/е 3 - 4 жұлдыз және 2 төрбұрыш – «жақсы»

3 жұлдыз н/е 1 – 2 жұлдыз және 2 – 3 төртбұрыш – «қанағаттанарлық»

Бағалау парақшасы.

Оқушының аты – жөні

Үй тапсырмасы

Білімдерін жан – жақты тексеру

Тапсырма 1

Тапсырма 2

Тапсырма 3

«Сәйкестігін тап»

Қорытынды


















Дұрыс отыру, тыңдау, жазу, мәдениетті сөйлеу.


АКТмен жұмыс жасағанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия:


Бұл тарауда сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді ( оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
7210
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі