Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты түзету жаттығуларын жүйелеу және қолдану.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Отбасында тұлғааралық
қарым-қатынасты түзету жаттығуларын жүйелеу және
қолдану.
«Менің отбасым –қазір және
ертең»
Тренинг
мақсаты: өзінің отбасылық тәжірибесін
түсіну және қабылдау; жыныстық –рольдік иденфикация, қарама –қарсы
жыныс өкілімен қатынас орнату іскерлігі, отбасындағы қарым
–қатынас, отбасының болашағы жайлы түсінік қалыптастыру.
Қойылған мақсатына сәйкес тренинг 3 кезеңнен
тұрады.
^ 1.Өзінің отбасылық тәжірибесін
түсіну және қабылдау. Өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну мен қабылдау
өмірін одан әрі дұрыс құруға қажет. Өзінің барлық уайымдауларын
анықтай біліп, ата –аналарға деген қарама –қарсы сезімдерін айыра
білу өте маңызды.
Тренинг барысында қатысушылар келесілерді орындауы
қажет:
-
отбасындағы өз бағытын анықтай отырып, өзіндік бақылау дағдыларын жетілдру;
-
өзіндік сананы арттыру;
-
отбасының жүйелік табиғатын түсіну;
-
дисфункционалды отбасындағы қатынастар динамикасы туралы түсінік алу;
-
өз отбасыларындағы қатынас динамикасы жайлы түсініктерін жетілдіру;
-
өз отбасындағы бұрын ескермеген қарым –қатынас ерекшеліктерін түсіну;
-
өзіндегі және отбасындағы мүмкіндіктерін өзгерту.
«Отбасы
мүсіні»жаттығуы
Жаттығуды орындау үшін әртүрлі өмірлік
жағдайларды ойнау үшін қажет болатын жиһаздар жиналған бөлме
қажет.
Әр
қатысушы кезекпен мүсіншігіе айналады. Ол өз отбасының бейнесін
«жанды мүсін» үлгісінде жасайды. Бұл үшін ол қатысушылар арасынан
отбасы мүшелерін өзі таңдап, бөлмеге орналастырады. Идеал ретінде
мүсінші өзінің роліндегі басқа адамды да таңдады. Егер отбасы
мүшелері қатысушылар санынан көп болса, мүсінші өз ролін өзі
ойнайды. Мүсінді аяқтағаннан кейін мүсінші өзінің жұмысын талдайды.
Неліктен отбасы мүшелері осылай орналасты. Бұдан кейін жетекші
мүсіншіге отбасын өзі көргісі келетіндей етіп қайта орналастыру
ұсынылады.
«Отбасы оқиғалары» жаттығуы
Жаттығуды орындау үшін
үлкен қағаз парақтары және түрлі –түсті қарындаштар немесе
фломастерлер қажет болады.
Әрбір қатысушы қағазды екіге бөледі де, екі отбасылық естеліктің
суретін салады –бақытты және жағымсыз құбылыстардың бір ғана отбасы
ішінде болатынын бейнелейді. Сурет салып болғаннан кейін, әр қатысушы топқа өз
суретін көрсетеді де, салынған оқиғаны түсіндіріп береді.
«Отбасын
ойнайық»жаттығуы
Топ «отбасыларға» бөлінеді.Ішкі топтар бөлменің әртүрлі
бөліктерінде орналасады.Қатысушылар міндеті –«отбасы» құрамын,
отбасы мүшелерінің жас ерекшелігін, отбасылық рольдерді
анықтайды. Әр
қатысушы немен айналысатынын, қайда қызмет атқаратынын, қандай киім
киеді, таңертеңгілік асқа не жегенді жақсы көреді деген сияқты
мәселелердің барлығын ойластырады. «Отбасы» мүшелері жай күн мен
демалыс күндерді қалай өткізіетіні жайлы, отбасы міндеттерін қалай
бөлетіні жайлы, қарым –қатынастары қандай, отбасы сұрақтарын
коллегиалық түрде шешеді ма, әлде отбасының басты адамы бар ма
деген сияқты мәселелерді шешеді. Отбасы өз тегін ойлап табады.
«Отбасы» өз елтаңбасын жасап, девиз құрастырады, сонымен қатар
қоршаған адамдарға айтпайтын отбасылық құпиясын ойластырады. Барлық
ойластырулар қағаз бетіне жазбалар және суреттер түрінде тіркеледі.
Суреттердің саны мен мазмұны әр отбасында жеке –немесе жалпы
орындалады –ішкі топ өзі шешеді.
Егер топта консультанттан басқа тағы да бір
ересек болса, онда олар әртүрлі «отбасына» тарайды. Олар кіші
балалардың рольдерін алуы қажет.Бұл жағдайда қатысушылар өз бетінше
әрекет етуді және шығармашылық белсенділікті неғұрлым көп
көрсетеді.
Тапсырманы орындағаннан кейін
әрбір ішкі топ кезекпен өз «отбасын» таныстырады, содан соң «
отбасына» нақтылаушы сұрақтар қойылады.
Бір маңыздысы,қатысушылар қандай отбасы құрамын таңдайтынын анықтау
қажет: толық отбасы ма, әлде толық емес пе, отбасында балалар бар
ма.Жеткіншектер әдетте отбасының басты адамы ретінде әкесін
таңдайды. Ол
көбінесе фирмасы бар және жеткілікті түрде бай. Отбасында әдетте
әжесі мен атасы бар, қатынастары жақсы, бір- бірімен ұрыспайды.
Жеткіншектерге отбасылық проблемалар туралы түсініктері аз
болғандықтан, жетекші көмектеседі.Көптеген ұсыныстардан қатысушылар
бас тартады, тек бұл мәселелер уақытша болса ғана оңай шешілетін
болса ғана келіседі. Мысалы, ұлы жоғары оқу орнына түсе алмады,
келесі жылы көреді. Ал науқастану, алкоголизм, кедейлік деген
сияқты мәселелерден бас тартады.
Жаттығуды орындап болғаннан
кейін, бірден келесіні жүргізу қажет.Өйткені отбасы қандай да бір
уақыт құрылып, «өмір сүрді».
«Бір тізбекпен байланысқан»
жаттығуы.
Әрбір отбасында оның
мүшелері бір –бірімен тығыз байланысады, қарым –қатынасқа түседі,
бір –біріне әсер етеді. Берілген жаттығу отбасындағы қатынасты
түсінуге мүмкіндік береді. Орындау үшін әр қатысушыға 1 метр ұзындықтағы жіп
үзіндісі мен әрбір «отбасы» үшін жіп орамасы және қайшы даярлап қою
қажет.
Қатысушылар беліне жіпті байлайды. Содан соң «
отбасылар» қолдарын созғандағы аралықта кейін тұрып, беліндегі
жіпті тағы да басқа жіппен байланыстырады.Барлық отбасы мүшелері
байланады. Ешкім бос қалмауы қажет.
«Бұл сіздердің әрдайым байланыста
болатындарыңызды сезіну үшін». Қандай да бір күнделікті жағдайды
елестетіп, әрекет ете бастаңыз. Мысалы, анасы мен әкесі бір- біріне
жақындап, құшақтасқысы келеді немесе ұлы өз ойыншықтарымен ойнағысы
келеді.
Сіздер өздеріңізді қаншалықты байланғаныңызды
сезіндіңіз? «Отбасы не істегісі келеді, сонда барлық мүшелер қайда
болды? Қай жерде қысым пайда болды? Оны азайту үшін не істей
аламыз?
Бұл жіптерді әртүрлі сезімдер
ретінде қарастыруға болады: махаббат, мазасыздық, қобалжу,
басқаларға жауапкершілік. Біз
әр адам өзінің жеке өміріне құқысы бар деп жіптерді босатамыз.
«Өзінің болашақ отбасы жайлы
түсініктері» жаттығуы.
«Көздеріңізді жұмып, босаңсыңыз және барлықтарыңыз
өзіңіздің ішкі кеңістігіңізге еніңіз. Сіз ересек адам екендігіңізді
көз алдыңызға елестетіңіз. Міне сіз көшеде келе жатырсыз, өз
үйіңізге жақындадыңыз, баспалдақпен көтеріліп келе жатырсыз, есікті
өз кілтіңізбен ашасыз. Сіз не көріп тұрсыз, не істеп тұрсыз, қандай
иістер сезесіз ? Сіздің отбасыңыз сізді қуана қарсы алып жатыр
немесе әркім өз ісімен айналысып жатыр ? Сіз бөлмеге өттіңіз.
Жақсылап қарап алыңыз, не көріп тұрсыз, онад кім бар екен
?»
Содан соң әрбір қатысушы не көргені жайлы айтып
береді. Бұл жаттығуды топ қатысушыларының күйін анықтау үшін
тренинг барысында бірнеше рет жүргізуге болады.
«Менің отбасым
қазір және болашақта» жаттығуы.
Қатысушыларға осы тақырыпқа екі коллаж жасау
ұсынылады. Коллажбен жұмыс істеу картонның үлкен парақтары
немесе ватман және әртүрлі қағаз, түрлі- түсті газеттер, журналдар,
ашық хаттар, жарнамалық қағаздар, ескі кітаптар. Әдетте
жеткіншектерге коллаж жасаған ұнайды, бірақ ұсынылған тақырыптар
кейде қиындық тудырады. Жеткіншек өзін жалғыз сезінуі мүмкін. Тек
өзі ғана отбасын белгілейтіндей болып көрінеді. Бұл жағдайда
жетекші жеткіншекке қолдау көрсетіп, оның назарын басқа жақын
адамдарына аударуға ұмтылу қажет.
Коллаж жасап болғаннан кейін қатысушылар өз жұмыстары жайлы
әңгімелеп бере алады.
Немесе тағы бір нұсқаны қолдана алады «Біздің отбасы» тақырыбында
жаттығу барысында құрылған отбасы мүшелері біріге отырып коллаж
жасайды.
«Идеалды отбасы»
жаттығуы.
Жеткіншек идеалды отбасын қалай
елестетеді? Онда ата- аналар қандай қызмнт атқарады?
Жеткіншектердің балаларды «дұрыс» тәрбиелеу, «жақсы» балалар жайлы
түсініктері қандай? Ата-аналардың олардан не күтетінін қалай
түсінеді? Бұл тақырыптарды тек талқылауға ғана емес, сурет түрінде
бейнелеуге болады.
Кіші жеткіншектер идеалды
отбасын ата-аналарының балаларына деген махаббатымен
түсіндіреді. Олардың пікірінше, махаббат дегеніміз баланың
қалағанын сатып әперуде, ештеңеге қарсылық көрсетпеуден көрінеді.
Ал бала барлық уақытта ата-анасын тыңдайды, айтқан нәрсенің
барлығын істейді. Ата-аналары өз балаларын ешқашан жазаламайды.
«Идеалды отбасы
өмірі» жаттығуы.
Топ қатысушылары
отбасының өміріндегі қуанышты немесе қайғылы оқиғаларды таңдап
сахнада ойнайды. Қатысушылардың біреуі (өз еркімен) басқалардың
арасынан рольге адамдар таңдайды да, идеалды отбасы өмірінен үзінді
ойнайды. Қалған қатысушылар –көрермендер. Көрініс біткеннен кейін,
көрермендер көргені жайлы өз пікірлерімен бөліседі. Содан соң
көріністі басқа адамдар ұйымдастырады да, қалғандары көрермен
болады. Бұл отбасына шын мәнінде не қажет, қатынастар, мәселелер,
отбасының дамуы жайлы талқылау жүргізуге мүмкіндік береді.
«Өзіңе қолайлы жағдай
жаса» жаттығуы.
Жаттығу
қатысушылардың бір- біріне вербалды емес формада бағытталуын қажет
етеді, бұл отбасылық өмірдің аналогиясы болып
табылады. Біріншіден, жұптарға бөлініп, бір- біріне
арқасымен орналасып, дене босаңситындай етіп өзіне ыңғайлы жағдай
тауып алу қажет; екі жаққа да ыңғайлы болу үшін қысымды түсіру
қажет. Содан соң жұптарға үшінші қатысушы қосылады (ата-аналардың
баласы пайда болады). Жаттығу оңай бола салмайды, біреулерге
ыңғайлы болады, ал келесілерге қысымды сезінумен байланысты болуы
да мүмкін.
«Нәресте»
жаттығуы.
Бұл жаттығу қойылым түрінде жүреді. Үш
қатысушыны таңдайды. Оның екеуі -әкесі мен анасы, ал
үшіншісі-нәресте. Ол әлі сөйлей алмайды, тек төсекте жатыр. Ол тек
ым- шара және дыбыстар арқылы ғана жауап береді. Ата- аналар
нәрестеге жақындап, онымен ойнайды, тамақтандырады, жаялығын
ауыстырады, оның нені қажет ететінін түсінуге тырысады. Бес
минуттан соң қатысушылар рольдерімен ауысады. Ойынның барысында
жетекші отбасының өмірінде болатын қандай да бір жағдайды
ойластыруы мүмкін, мысалы, телефон соғады немесе қонақ келеді.
«Нәресте» бірдеңе қажет еткен уақытты алуға болады. Жаттығу
аяқталған соң, әр «отбасы
мүшелері» өз пікірлерімен бөліседі. Не ойлағаны жайлы, қосалқы
жағдай қалай әсер етті. Содан соң қойылымды басқа қатысушылар
ойнайды.
«Дүкен»
жаттығуы
Қатысушылар «отбасылық жұптарға»
бөлінеді. Барлық жұптар бір қатарға отырып, дүкеннен зат сатып
алады. Оның сатушысы ролін жетекші ойнайды. Ойын шарты бойынша
барлығы дүкенге суға түсетін киімдерімен келеді. Бір нәрсе сатып
алу үшін консультант жасырған сөзді табу қажет. Консультант суретті
алып (мысалы, балалар лотосының карточкасы), бірінші жұпқа келіп
сұрақ қояды: «Бұл қандай жеміс (көкөніс, жануар, жихаз) ? Әр жұп
кезекпен атап өтеді. Жауабын тапқан жұптар кез- келген затты сатып
алуға мүмкіндік алады. Әдетте қатысушылар алдымен киім- кешек,
кейіннен пәтер, жихаз, көлік алады.
«Ерлі- зайыптылар» қаншалықты затты сатып аларда
кеңесті? Серіктесінің пікірлерімне санасты ма?Олардың
қызығушылықтары қаншалықты сәйкес келеді? Қатысушылар олардың
жұптарының қаншалықты байланысты екндігін
талқылайды.
Әдетте жаттығу өте қызықты
өтеді; сол себепті де бұл жаттығуды топ бірлігін арттыру мақсатында
да қолдануға болады.
«Отбасылық оқиға»
жаттығуы.
«Отбасы» мүшелері топпен құрылған
шеңбердің ортасына жайғасады. Олар отбасындағы рольдерін анықтап
алады да, жетекші оларға қандай да бір отбасында қуанышты немесе
өкінішті жағдайдың болғанын айтады, мысалы: «Сіздің отбасыңыз
лотореядан үлкен ақша ұтып алды» немесе «Әкесі аяғын сындырып
алды», оларға пікірталас жүргізуді ұсынады. Жетекші көрермендерге
алдын- ала «отбасы» қаншалықты мәселені бірлесе отырып шешетінін
бақылауға нұсқау береді. Немесе әр көрерменге нақты «отбасы
мүшесінің» мінез- құлқын бақылауды ұсынуға болады. Мысалға, ұтыс
жағдайында отбасы мүшелері неге ақша кетіруді қалайды:оқуға,
саяхатқа, бір нәрсе сатып алуға;басқаларды өз ұсынысымен қызықтыра
алды ма; дәлелдерді қаншалықты ұсына алады.
Талқылаудан кейін, бірнеше
қатысушылар орын ауыстырып ортаға отырады да, басқа тақырыпты
талқылайды.
Осылайша әртүрлі жағдайды келтіруге болады.
Мысалы, анасының әкесі ауылда тұрады, оның өз үйі және шаруашылығы
бар, ол ауырып қалды, бірақ қалаға келгісі келмейді. Отбасы не
істейтінін шешуі қажет. Қойылымды ойнағанға дейін әр отбасы
мүшесінің қалауларын анықтап алуға болады. Мысалы, анасы ауылға
кеткісі келеді, өз шаруашылығымен айналысқысы келеді, әкесі мұны
қаламайды, өйткені оның қалада жақсы жұмысы бар, үлкен ұлының да
барғысы келмейді, өйткені оқуға түспек ойы бар, кіші үлы барғысы
келеді, жазда шомылуға болады, қыста шаңғы тебуге болады. Осы жерде
шешім қабылдауға көп ықпал еткен кімболды, «ата- аналар» қаншалықты
«балаларының» пікірін ескере алды, «отбасы» ортақ пікірге келе алды
ма, келісімге келе алды ма, сол сияқты мәселелерге көңіл бөлу
қажет.
«Отбасы өмірінен
жағдай» жаттығуы.
Қатысушылар екі
топқа бөлінеді де, кез- келген өмірлік жағдайға қойылым
ойнайды. Бұл
бұрынғыдан немесе болашақтан алынған жағдай болуы мүмкін. Сөзді
қолдануға да, қолданбауға да болады. Ең бірінші ым- ишара, қимыл-
әрекетке көңіл бөледі, яғни қатынас пен сезімнің берілуі. Сөзбен
берілетін бөліктерінде қатысушылар ойланып табатындай етіп жасырын
сөздермен бере алады. Қойылым ойналып болған соң тоқталады.
Көрермендер мен жетекші жағдайды талқылайды. Көрермендер орын
ауысып, басқа жағдайды ойластырады.
^ 2. Жыныстық рольге идентификация,
болашақ серіктесті табу.
Тренингтің бұл
кезеңінің мақсаты- жеткіншектерге өзінің жыныстық ерекшелігін
түсініп, ер адам мен әйел адамға тән сәйкес бейнесін қалыптастыра
білуге, өз жыныс ерекшелігін қабылдай білуге
көмектесу. Мұнда көбінесе ұл бала мен қыз бала арасындағы
қарым- қатынасты басынан өткеру; болашақ серігінің бейнесі,
серіктесімен махаббат пен өзара қатынас сияқты тақырыптарға назар
аударылады.
«Ұл деген кім
және қыз деген кім»? жаттығуы
Егер топта екі жыныс өкілі де болса, екі топқа бөлінуге
болады. Қыздар «қыз деген кім»? тақырыбында коллаж
жасайды, ал ұл балалар «ұл деген кім»? тақырыбында коллаж жасайды.
Коллаж жасау- қиялдың дамуына ықпал етуші қызықты әрекет. Жұмыс
орындалғаннан соң, әр топ өз туындылары жайлы әңгімелеп береді.
Әңгімелеуде қатысушылардың жас ерекшелігіне сай ұл балалар мен қыз
балалардың, ер адамдар мен әйел адамдардың денелік айырмашылықтары
туралы кітаптар қолданса болады.
«Біздің
сұрақтарымыз» жаттығуы.
Жетекші ортаға
қорабша қояды да, қатысушыларға өздері дауыстап сұрауға батпай
жүрген, ұялып жүрген сұрақтарын қағаз бетіне жазып, қорабшаға
салуға болатындығын ұсынады. Есімін жазудың қажеттігі жоқ екнін ескертіп қою
қажет. Жеткіншектер өзін қауіпсіздікте сезінуі қажет. Егер сұрақтар
көп болса, келесі сабақтарда да қ олданса болады. Егер сұрақтар аз
болса, қорабшаны бір жерге қойып, қатысушылардың сұрақтарды басқа
кездесулерде де қоя беруіне мүмкіндігін жасау
қажет.
Ер адамдар мен әйел адамдар
жайлы біздің түсінігіміз көп дәрежеде мәдени стереотиптерге
байланысты. Әйел адам жұмсақ, нәзік жан болатыны, қатал әрі
ашуланшақ болмауы қажет деген стереотиптер қабылданған. Ал ер
адамдар болса, бұл күш және қатаңдық, ол жылап қалып немесе нәзік
болмауы керек. Осы стереотиптерге сүйене отырып, ер адамдар әйел
адамдарды әлсіз және тәуелді ретінде, ал әйел адамдар ер адамдарда
қаталдықты көреді. Бірақ табиғи ерекшеліктеріне, тәрбиесіне, нақты
жағдайға сәйкес әйел адамдар да, ер адамдарға нәзік және қатал,
күшті және әлсіз бола алады. Ер адамда нәзіктік дамымаса, әйел
адамдағы осы қасиетке әсер ете алады ма? Әйел адам ер адамның
қаталдығы мен шыдамдылығы жайлы түсінігі болмаса, қалай
бағалайды?
Жеткіншектермен олардың
идеалды ер адам мен әйел адам туралы түсінігіне әңгіме жүргізуге
болады.
«Сұраңыз- жауап береміз»
жаттығуы.
«Бұл жаттығу
сіздерге қарама- қарсы жыныс өкілінен қыз бала мен ұл бала
арасындағы қатынас жайлы пікірлері мен көзқарасын сұрауға
болады. Ұл
балалар бұл сұрақты қыздар қалай талқылайтынын және керісінше
естиді.
Әр
қатысушы парақ бетіне бір сұрақтан жазады. Сұрақ тақырыптары- ұл
балалар мен қыз балалардың қатынасы және кездесу.Мысалы, кездесуде
не істеуді ұнатасың? Біреуге ұнайтыныңды қалай анықтай аласың?Ұл
балалардың (қыз балалардың) киім киісінің қандай стилі
ұнайды?»
Ер балалар мен қыз балалар
топтары екі жаққа тарайды да біріге отырып сұрақтар тізімін
жасайды. Әр
сұрақ жеке параққа жазылып, парақтар екі қорабшаға немесе
кәрзеңкеге салынады.
Сұрақтарды талқылауды қыздар бастайды.
Біріншіден, қыз балаларда сөйлеу әрекеті жақсы дамыған, сұрақтарды
талқылау бірден қызықты пікірталасқа айналады. Екіншіден, жеткіншек
қыз балалар ұл балаларға қарағанда «ересектеу» болып саналады.
Демек қыз балалар, ұл балаларға үлгі бола алады.
Қыз балалар жерге шеңбер қүрып
отырады, ал ұл балалар олардың артына орындықта отырып,
пікірталасты бақылап отырады. Қыздар кезекпен сұрақтарды бір- біреуден шығарып,
оны дауыстап оқып, талқылайды және оған жауап береді. Сұрақты
оқытып, қатысушы оны талқылауды жүзеге асырады. Егер ұл балалардың
біреуі бір нәрсені нақтылағысы келсе, қолын көтеріп, сөз берілгенше
күтеді. Сұрақтардың барлығы талқыланғаннан кейін, ұл балалар ортаға
отырып қыз балалардың сұрақтарын талқылайды, ал қыздар болса
жетекшілер рұқсат бергенше сөйлей алмайды.
«Біреудегі екеу»
жаттығуы.
Бұл жаттығу жеткіншектерге «ер
адамның» және «әйел адамның» мәдени ерекшеліктерін түсіну және
өзіндік әлем ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік
береді. Жеткіншектер интуициялық түрде өз жынысының
құндылықтары, идеалдары мен қызығушылықтарыәлеміне енеді. Ересек
кезеңде санадан өткенді өзгерту қиынға соғады: түсініктер,
стереотиптерге айналып, басқа адамдармен қарым- қатынас орнатуға
мүмкіндік бермейді.
Бұл үшін ер адам және әйел
адам әлемімен дәстүрлі түрде байланыстыратын әртүрлі заттарды
даярлап қою қажет. Қыздар үшін бұл киімдері бар қуыршақтар, ыдыс-
аяқтар, ойыншық төсектер, боянатын заттар, зергерлік бұйымдар,
шарфтар, сөмкелер мен гүлдер т.б.Ұл балалар үшін – ойыншық
машиналар, мотоциклдер, қарулар т.б.Сонымен қатар қағаздар, борлар,
қарындаштар, матаның үлкен қиықтары қажет болады, олармен бөлмеде
жоқ заттарды толықтыруға болады. Қыз балаларға «әйел әлемін», ал ұл
балаларға -«ер әлемін» жасау ұсынылады. Бөлме шартты түрде екіге
бөлініп, қатысушылар басқа әлемнің қалай құрылып жатқанын көре
алады. Ұл балалар да «әйел» затымен қолдана алады, және
керісінше.Бұл жеткіштерге өз қиялдарын стереотиптерге сүйенбестен
көрсете білуіне мүмкіндік береді. Қыз балалар мысалға: пиваның бос
ыдысын, бөтелкелерді, қаруларды жиі қолданады. Ал ұл балалар болса:
қалпақтар киіп, еріндерін бояп, қыз балалар сияқты
сөйлейді.
Жаттығу жүргізу барыснда топтың біріктірілуі өте
маңызды. Кейде жеткіншектер бір ғана «ер (әйел) әлемін» ғана емес,
бірнеше ішкі топқа бөлініп, бірнеше әлем жасайды.
«Құрастырылған кеңістікте кім өзін қалай сезінеді
? Өз әлемі туралы не айтқысы келеді ? Сіздің әлеміңіздегі өмір
қалай өтеді ?»
Әңгімелесуден кейін бір нәрсе
қызықты болып көрінсе, жетекші мен қатысушылар сұрақ қою акрқылы
нақтылай алады. Содан соң қыз балалар «ерлер әлемі» жайлы жаңадан
білген нәрселері туралы өз ойларын айтады, және керісінше. Әр топқа
ватман қағаз және борлар беріп, қарсы жыныс өкілдерінің әлемін
құрып, түсіндіріп беруіне ұсыныс жасалына
алынады.
Содан соң бір –біріне қонаққа
келуге, немесе екі әлемді де біріктіріп көруге болады, егер
қатысушылар мұны қаласа.
^ 3. Серіктес таңдау, болашақ таңдау өкілінің
қасиеттері.
Серіктесті таңдау
мәселесін талқылау барысында жеткіншектерді бұл мәселенің
күрделілігіне назар аударуын қамтамасыз ету қажет.Егер адам сырттай
тартымды болса, қарама- қарсы жыныс өкілдері оңды реакция
білдіреді, бірақ бұл өмірдің бір жағы ғана.
Адамдар бір –біріне денелік жағынан ұнауы мүмкін,
бірақ бұл олардың рухани жақындығын қамтамасыз ете алмайды. Ол үшін
адамдардың қызығушылықтары көп нәрседе сәйкес келуі
қажет.
Махаббат тәртіптерге бағынбайды. Ол беймәлім
мезгілде келеді, бірақ ол өмір сүріп, дамуы үшін оны толықтырып
отыру қажет. Махаббат бұл жерден өзі өніп шыға алатын дән секілді,
бірақ оған қамқорлық жасалмаса, өліп қалады. Махаббат отбасында
серіктестердің оны әрдайым қолдап отыруын түсінген жағдайда ғана
мүмкін болады. Мұны қалай істеуді олар өздері шешеді. Жұп ортақ
шешім қабылдайды. Бұл өмірдің барлық сферасына қатысты болады:
ақша, тамақ, демалыс, жиһаз, ортақ сезімдер. Бірдей адамдар
болмайды, көп нәрсені олар әртүрлі түсінеді, оларға келісімге
келуге тура келеді.
Осы
тақырыптың аумағында келесі сұрақтар туындайды: Махаббатты қалай
түсінесіңдер ? Сүйікті болу дегенді ше ? Сендердің таңдауларың
қандай қасиеттерге ие болуы қажет ? Болашақта неке ге тұруды
жоспарлайсыңда ма ? Некеге тұрсаңыздар өмірлеріңіз қалай өзгереді ?
Жұбайы болу дегенді қалай түсінесіңдер ?
«Хабарландырулар
тақтасы» жаттығуы.
Жаттығуды орындау
үшін газеттерден немесе тағы басқа баспа түрлерінен некелік
хабарландырулар жинақталады. Бұл
хабарландырулар топпен талқыланады. Сендерге қандай хабарландырулар
ұнады ?. «Бақуатты, бірақ интелегентті ер адам......», «Екі
сүйкімді қарлығашпен екі жігіт танысқысы келеді.......», немесе
т.б. Сендерге серіктестің қандай рухани қасиеттері маңызды ? Сырт
келбетінің қандай ерекшеліктері ? Осы сияқты хабарландыруда
өздерінің қандай қасиетіңізді келтіретін едіңдер
?....».
Жеткіншектер өз қасиеттері
және серіктесінен қалайтын қасиеттерді сипаттай отырып хабарландыру
жасайды. Қатысушылардың келісімімен олардың
хабарландырулары талқыланады.
«Досымды
іздеймін» жаттығуы
Барлық қатысушылар хабарландырулар жасайды және «Танысу» атты
тақтаға іліп қояды. Егер біреуді қандай да бір хабарландыру
қызықтырса, оған белгі қойып қояды. Нәтижесінде, бір
хабарландырулар «басымдық» алады, ал басқалары
қызықтырмайды.«Танымал хабарландыру несімен тартымды ? Неліктен
басқаларға аз көңіл аударды ? Олардың мазмұнында не жетіспейді ?»
Таңдау жасау тәжірибесі серіктестің бойындаңы қасиеттердің әртүрлі
мүмкіндіктердің мәнін сезінуге көмектеседі.
Содан соң сұрақтарды талқылауға болады:Өз
таңдауыңызды қалай елестетесіз ? Сіз үшін жақсы дос, өмірлік серік
деген кім ?
МКҚК Карақия ауданы Мұнайшы селосы
«Аяла» балабақшасы
Ата-аналармен жұмыс
«Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты түзету жаттығуларын жүйелеу және қолдану.»
Педагог – психолог
Ғани Н.А
2016 ж.