Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Отбасындағы мерекелер 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша сабақ мақсатына қарай қысқа мерзімді жоспар құру үшін жас мамандарға көмегі бар. Сабақ мақсатына қарай әдіс-тәсілдерді , бағлау түрлерін саралау тапсырмаларын дұрыс қолдана білуге көмектеседі деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Дүниетану

Сынып:1-«Д»

Мектеп: 54 жалпы орта білім беретін мектебі

Күні: 21.11.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Шонаева Күнімжан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен және менің отбасым

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Отбасындағы мерекелер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.6.1 отбасылық мерекелердің бірін сипаттау


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: отбасылық мерекелерді атай алады.

Көптеген оқушылар: суретте бейнеленген мереке түрін анықтайды.

Кейбір оқушылар:өз отбасында туған күн мерекесін өткізу рәсімін айтады.

Жетістік критерийлері

Отбасылық мерекелерді атайды.

Отбасындағы мерекелерді өткізу рәсімін

әңгімелейді

Тілдік мақсаттар

Тірек сөздер

Мереке, оқиға, дәстүр

Үйіне, өз отбасына, өзінің қауымдастығына қатынасы бойынша өз ойлары мен сезімдерін, уақыт өте келе отбасы мен қоғамдық өмір қалай дамығанын сипаттайды және түсіндіреді.

Талқылауға арналған сұрақтар

-Сенің отбасыңда қандай мерекелер аталып өтіледі? 

-Қандай мереке сен үшін маңызды ? 

-Сен туылған күніңде қандай сыйлықтарды алғанды ұнатасың? 

Құндылықтарды дарыту


Отбасы мүшелерін құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. 

Мәңгілік Ел патриоттық актісі.

Құндылық: Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар – отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан.

Пәнаралық байланыстар

Математика, музыка, көркем еңбек

АКТ қолданудағдылары

Интербелсенді тақта, слайд


Алдыңғы меңгерілген білім

Кейбір мерекелердің атауы мен маңызын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушылардың зейінін шоғырландыру

-Құрметті оқушылар бүгінгі сабақта бізге қонақтар келіп отыр. Ең алдымен қонақтармен амандасып алайық.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басығой

Ал, қанеки бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеместсіздер ме !

«Мазайка» әдісі. Топқа біріктіру.

Оқушыларға суреттердің қималанған бөліктерін үлестіремін. Қима қағаздардың сәйкестігін табу арқылы қайтадан құрастырады. Осы арқылы 4 топқа біріктіремін.

1-ші топ: «Туылған күн»

2-ші топ: «Сүйінші »

3-ші топ: «Бесік той»

4-ші топ: «Тұсау кесер»

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі.

-Отбасы дегенді қалай түсінесің?

-Отбасында кімдер бар?

-Отбасында әке қандай болады?

-Ал ана қандай болуы мүмкін?

-Сенің отбасыңда қандай мерекелер аталып өтіледі? 

-Қандай мереке сен үшін маңызды ? 

-Сен туылған күніңде қандай сыйлықтарды алғанды ұнатасың? 

-Қонақ күтуге қалай әзірленеді?

ҚБ. «Кәмпиттер суреті» арқылы бағалау


Оқушылармен бірлесе сабақ мақсатын анықтап аламын.

-Олай болса балалар бүгінгі өтетін біздің тақырыбымыз «Отбасындағы мерекелер»деп аталады.

-Демек, бүгінгі сабақта отбасындағы мерекелер туралы білетін боламыз. Отбасындағы дәстүрлердің бірін сипаттаймыз.











Мазайка



















К әмпит суреті

Сабақ ортасы

Айтылым, тыңдалым


(МК) «Еркін талқылау» әдісі.Оқулықтағы суретпен жұмыс.

-Оқушыларға сюжеттік суреттер көрсетіп, сұрақтар қоямын. (слайдта отбасындағы мерекелер жайлы суреттер көрсетемін)

-Балалар қандай суреттер көрдіндер?

-Бұл суреттерден қандай мерекелерді байқадындар?

-Саған отбасындағы қандай мереке ұнайды?Неге?



Picture 17 Picture 16

-Дұрыс айтасыңдар балалар. Бұл мерекелер бізге таныс,яғни біз бұл мерекелерді отбасымызбен бірге атап өтеміз.

-Отбасындағы мереке – ерекше дәстүр. Кішкентай қуанышты шағын мерекеге айналдыруға болады. Мұндағы ең маңыздысы – отбасы мүшелерінің бірге болып, бір-біріне қуаныш сыйлауы. Ол күні әр отбасы мүшелері серуенге шығып, мерекелік дастархан жайылып, атап өтіледі

Сен білесің бе?

Қазақта «Сүйінші сұрау» салты бар.Жақсы жаңалық айтып келген кісі үйдегілерден сүйінші сұрайды.Салт бойынша сүйінші сұраған адамға сыйлық беріледі.

Дәстүрлер

-Қандай ұлттық дәстүрлерді білесің?

-Отбасындағы дәстүрлердің бірін атаңдаршы.

-Балалар тақтаға назар аударыңдаршы?

-Кімді көріп тұрсындар?

-Осы балаға қандай ат қояр едіңдер?

Әр халықтың салт-дәстүрлері бар.Ең маңызды салттың бірі-балаға ат қою.Қазақта бала есімінің мағынасына көп мән береді.Әдетте балаға белгілі және беделді адамдарың есімі беріледі.Баланың атын атасы немесе жасы үлкен кісі қояды.

Әңгіме барысында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауынан мәлімет беремін.



(Ж)«Ойлан –жұптас -бөліс» әдісі.

Оқушылардың назарын суретке аудару.

-Суретте қандай мереке бейнеленген?

-Отбасында бұл мереке қалай тойланады?



Дескриптор:

-Суретте бейнеленген мереке түрін анықтайды;

-Отбасында туған күн мерекесін өткізу рәсімін айтады.


ҚБ. «Кәмпиттер суреті» арқылы бағалау

Топты «Сыйлық қорабы» арқылы  бағалау.


Сергіту сәті. «Көңілді күн»


(Т) «Сурет сыры» әдісі.

Мақсаты: Отбасындағы дәстүрлі мерекелерді сипаттайды. Әр топ алдындағы сурет бойынша мерекені сипаттайды.

- Суретте қандай мереке бейнеленген?

-Отбасында бұл мереке қалай тойланады?


1-ші топ «Бесік той» тобы. Мерекені сипаттап, бесік жырын айтады 

2-ші топ «Туылған күн» тобы. Мерекені сипаттап, туған күнге қажетті заттарды атайды.

3-ші«Сүйінші сұрау» тобы. Мерекені сипаттап, сахналайды.

4-ші «Тұсау кесер»тобы мерекені сипаттап, шақыру хат жасайды

Дескриптор:-Қай дәстүрлі мереке екендігін анықтайды.

-Қалай тойланатынын сипаттайды

-Туылған күнге қажетті заттарды айтады

-Тапсырманы сахналайды

-Бесік жырын айтады

-Шақыру хат жасайды


ҚБ. «Кәмпиттер суреті» арқылы бағалау.

Топты «Сыйлық қорабы» арқылы  топты  бағалау.

Дәптермен жұмыс.

19-жұмыс парағымен жеке жұмыс жасауды ұсынамын.

-Отбасы мүшелерін дастарқанға қалай отырғызар едің?

-Төрге кімді отырғызасың? Сызбамен көрсет.


Саралау жұмысы: қарқын тәсілі

Қабілеті жоғары,жылдам жұмыс жасайтын,зерек оқушыларға кесте таратамын. Суреттерді пайдаланып, мерекенің атауымен байланыстырады. (оқи алатындарға беріледі)


АКТ

Суреттер




































































Тапсырма парақшасы


















АКТ









А4 қағазы

маркер, түрлі- түсті қағаздар





















Сыйлық қораптар

Кәмпит суреті


Дәптер




Кеспе қағаздар

Сабақтың соңы


-Бүгін қандай тақырыппен таныс болдық?

-Отбасындағы мереке дегеніміз не?

-Қандай отбасылық мерекелердің түрлерімен таныстық?


-Балалар, бүгін біз мереке жайлы сөз қозғағандықтан,мерекеде тосынсый алғанды қалаймыз. Сол себепті сендерге мен тосынсый дайындадым. Өйткені, сендер бәрің жақсы жұмыс жасадыңдар.

«Тосынсый» қағаздан жасалған гүлдермен бағалау.

Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы»

-Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?

-Олай болса, бүгінгі сабақтағы іс-әрекетке баспалдақ арқылы кері байланыс берейік.

1-баспалдақ: маған көмек қажет

2-баспалдақ: мен түсінген сияқтымын

3-баспалдақ: мен толық түсіндім


Кәмпит суреті

Сыйлық қорабы











«Жетістік баспалдағы» суреті

Гүлдер

Саралау– оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау жұмысы: қарқын тәсілі

Қабілеті жоғары,жылдам жұмыс жасайтын,зерек оқушыларға кесте таратамын. Суреттерді пайдаланып, мерекенің атауымен байланыстырады. (оқи алатындарға беріледі)


Топтық жұмыста ҚБ: сыйлық қорабы бейнесі. (үлкен,кіші-жауап беру деңгейіне қарай)

Жеке,жұптық жұмыста ҚБ:кәмпит суреті бар кеспе қағаздар (2дана,3 дана кәмпит суреті жауап беру деңгейіне қарай )

Мадақтау, қолдау көрсету

Кері байланыс «Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша оқушылардан кері байланыс алу




Денсаулық сақтау технологиялары Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері кезінде қауіпсіздік ережелері туралы түсінік қалыптастыру.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қысқа мерзімді жоспарламас бұрын орта мерзімді жоспарға сүйене отырып жаздым.

Оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына тапсырмалар беру арқылы қол жеткізді.

Уақытты үнемді пайдаландым.

Сабақ жоспарынан ешқандай ауытқулар болмады.

Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезінде бағалау;

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу;

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу;

2: Кері байланыс;

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:Оқушыларға топтық тапсырма дайындау;

2:Мақсатқа байланысты ашық, жабық сұрақтар дайындау;












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
480
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12