Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жариялаған материал физика пәні мұғалімдеріне, жоғары оқу орындарының студенттеріне отынның энергиясы және отынның меншікті жану жылуы туралы ақпарат береді және мұнда қолданылған тиімді әдіс-тәсілдерді басқада тақырыпқа қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Жылу құбылыстары

Мектеп:Достық жалпы орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Буркутбаев Е

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.7 – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау. Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты

  1. Бір молекуланың жойылып,екінші молекулалардың пайда болуынан жылу мөлшерінің бөлінуін білу

  2. Отын энергиясы ішкі энергияның есебінен емес,химиялық құбылыстардың есебінен болатынын түсіндіру

  3. Отынның жанған кезінде бөлінетін жылу мөлшері отынның түрлеріне тәуелді екенін анықтау

  4. Бірлік массадағы отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерінің шамасын анықтау

  5. Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерінің шамасын анықтайтын формуланы түрлендіре отырып, есептер шығаруда қолдану


Бағалау критерийі

1.Бір молекуланың жойылып,екінші молекулалардың пайда болуынан жылу мөлшерінің бөлінуін бледі.

2.Отын энергиясы ішкі энергияның есебінен емес,химиялық қосылыстардың есебінен болатынын түсінеді.

3.Отынның жанған кезінде бөлінетін жылу мөлшері отынның түрлеріне тәуелді екенін анықтайды.

4.Бірлік массадағы отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерінің шамасын формула арқылы анықтай алады.

5.Отынның меншікті жану жылуы нені көрсететінін, оны қандай әріппен белгілеуін, қандай бірлікпен өлшейтінін біледі.

6.Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерінің шамасын анықтайтын формуланы түрлендіре алады.

7.Формуланы есептер шығаруда қолдана алады.

Тілдік мақсаттар


Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шама- отынның меншікті жану жылуы.

Кез келген массасы m отын толық жанғанда бөлінетін Q жылу мөлшерін есептеу үшін q меншікті жану жылуын жанған отынның массасына көбейту керек.

Отын -деп жану процесі кезінде айтарлықтай көп мөлшерде жылу бөлініп шығатын жанғыш затты айтады.

Құндылықтарға баулу




Жалпыға бірдей еңбек қоғамы - қазақстандықтарды әлеуметтік жұмыспен қамтудың ең маңызды шарттарының, қазақстандық отбасылар табысының тұрақты өсуінің, өмір сапасын тұрақты жақсарту, барлық қазақстандық еңбекшілердің шығармашылық және өмірлік әлеуеттерін толықтай ашу кешені. Еңбек өнімділігін арттыру – өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада, инфрақұрылымдық қызмет салалары мен секторларында, мемлекеттік және корпоративтік басқару жұмыс атқаратын барлық патриоттардың үлкен еңбегі.

Пәнаралық байланыс

Химия, гография , математика

География пәні бойынша елімізде отын шығаратын өлкелерді айтып өтемін

Алдыңғы білім


8.3.2.5 жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау;

8.3.2.6 заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіру

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану (жазылым, айтылым, оқылым)

АКТ қолдану дағдылары

Электрондық оқулықтар, Bilimland.kz

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут


Ұйымдастыру кезеңы:

Сәлемдесіп, оқушыларды түгелдеймін

«Кір жаятын жіп» әдісі.

Бұл әдісте өткен тақырып бойынша әр түрлі сұрақтар жіпке тізіп қойылады. Оқушылар сұрақтарды алады және жауап береді.

  1. Жылу мөлшері деп қандай шаманы айтады?

  2. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі қандай?

  3. Денені қыздырғанда оған берілетін жылу мөлшері қандай шамаларға тәуелді?

  4. Жылу мөлшерін анықтайтын формуланы жазыңдар.

  5. Меншікті жылусыйымдылықтың анықтамасы қандай?

Дескриптор

1Заттың жылуының шамасын жылу мөлшері деп айтатын білді

2.Жылу мөлшерінің өлшем бірлігіні білді

3.Жылу берілу кезіндегі денеге берілетін жылу мөлшері қандай шамаларға тәуелді екенін білді

4.Жылу мөлшерін анықтайтын формуланы жаза алды.

5.Меншікті жылусыйымдылықтың анықтамасын білді

1 - тапсырма

«Кім жылдам?» әдісі /Жеке жұмыс/

1.600г глицеринді 20°С-тан 60°С-қа дейін жылыту үшін қанша жылу мөлшері қажет? (Жауабы: 57,6 кДж)

Дескриптор

1.Формуланы есептер шығаруда қолдана алды.

2.Өлшем бірліктерді ХБ жүйесіне келтіреді

3.Есептің шартын құрды

4. Нәтиже алды

Әр оқушыға смайликтер арқылы кері байланыс беремін.

Таратпа қағаздар


Сабақтың ортасы

25 минут


«Сұрақ-жауап» -әдісімен сабақты бастаймын

1.Отын дегеніміз не ?

2.Отынның түрлерін атаңдар

3. Отынның жылу шығару қабілетін сипаттайтын шама

Отын” деген сөзді біз күнделікті өмірде жиі қолданып, онымен жақсы таныспыз. Әрдайым ас әзірлеген кезде сендер газдың жануын пайдаланасыңдар, үйлеріңді жылыту үшін немесе электр энергиясын алу үшін газ немесе көмірді қолданасыңдар.

Отын деп жану процесі кезінде айтарлықтай көп мөлшерде жылу бөлініп шығатын жанғыш затты айтады.

Отынның қатты (ағаш, көмір), сұйық (бензин, мазут, керосин) және газ тәріздес (табиғи газ) түрлері болады

Отынның жануы дегеніміз – тотықтырғыш химиялық реакция. Осы реакция барысында С көміртек атомдары О оттек атомдарымен қосылып, СО2 көмірқышқыл газының молекуласын түзеді Бұл процесс жылу бөліну арқылы жүзеге асады.

Отынның жануы кезінде бөлінетін жылу мөлшері қандай шамаларға тәуелді екенін анықтайық.



1. Тапсырма :Жанған отынның жылуы қандай шамаға тәуелді?

( Q ~ m.)

2.Тапсырма:

1 кг ағаш жаққанда бөлінетін жылу мөлшері 1кг көмір немесе 1 кг мұнай жаққандағы бөлінетін жылу мөлшеріне тең емес, неге?

( Жылу мөлшері заттың тегіне тәуелді). 3.Тапсырма

Отынның жылу шығару қабілетін сипаттайтын шама?

( отынның меншікті жану жылуы деп аталады:)

4.Тапсырма.

1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері?

( отынның меншікті жану жылуы деп аталады.)



Жұппен жұмыс: «Ойлан- жұптас-бөліс»

2 - тапсырма

5 кг құрғақ ағашты жаққанда қандай жылу мөлшері бөлінеді?

3 - тапсырма

2 кг шымтезекті жаққанда бөлінетін жылу мөлшеріне тең болатын қанша құрғақ отын жағу қажет?

4 - тапсырма

2 кг көмір жаққанда қандай жылу мөлшері бөлінеді?

5 - тапсырма

5 кг құрғақ ағаш және 5 кг шымтезек жаққанда пеш бірдей жылиды ма? Неліктен?

Дескриптор:


1.Жанған отынның жылуының массаға тәуелділігін білді.

2.Отынның жанғанда бөліп шығаратын жылуы оның тегіне де тәуелділігін анықтады

3.Есептің шартын түсініп оқып, берілгенін жазды.

4.ХБ жүйесіне келтіреді

5.Тығыздықтың формуласын білді.

6.Формуланы түрлендіріп, белгісіз шаманы анықтады.

7.Есептеулер жүргізді.

9.Нәтиже алды

1.Кем; Кронгард

Есептер мен жаттығулар жинағы

2.Р. Башарұлы; Ж. Бақынов

« Физика және астрономия » дидактикалық материалдар

3.Садвакасова Г; Терлікбаев Ж

« Физикадан деңгейлік тапсырмалар »





Кронгарт Б.А., Насохова Ш.Б., 2018 © “Мектеп” баспасы, « Физика және астрономия » оқулық 8-сынып

Сабақтың соңы

5 минут


Сабақты қорытындылау кезеңі

Кестені толтыр

Атауы

Отын энергиясы

Отынның меншікті жану жылуы

Белгіленуі

Q

q

Формуласы

Q=qm

q=Q/m

Бірлігі

Дж

Дж/кг

«Алма ағашы»-әдісі арқылы бағалаймын

Алма- барлығын түсіндім

Гүлі-арасында түсінбегенім бар

Жапырақ-көп нірсені түсінбедім

Үйге тапсырма беру: § 8. Отын енергиясы. Отынның меншікті жану жылуы





Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Тақырыпқа байланысты әр түрлі әдістерді қолдана отырып, тапсырманы орындау барысында оқушылардың білімге деген ынтасын қалыптастырамын. Формулаларды білумен қатар оларды түрлендіруде оқушылардың ойлау дағдыларында қалыптасады.



Сабақтың өне бойында ауызша және жазбаша кері байланыс бере отырып, оқушы оқуына қолдау көрсетемін.Дер кезінде түзетуге бағыт бере отырып, оқуының алға ілгерлеуіне жол ашамын.

Сабақ басында және соңында БББ кестесі оқушылардан арқылы кері байланыс аламын.



Білемін

Білгім келеді

Білдім






Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
2359
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12