|
«Жуан және жіңішке сұрақтар»
стратегиясы.
-
Құнанбайдың балаларының атын
ата. (Құдайберді, Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла,
Ысмағұл).
-
Абай қай молдадан сауатын ашты?
(Ғабитқан).
-
Абай қай медресседен тәлім алды?
(Ғабдұл-Жапардың, Ахмет-Риза).
-
Құнанбай Абайды ел басқару ісіне неше жастан
баулиды? (13).
-
Ақынның алғашқы өлеңдері кімнің атынан жарияланды
және қай баспада? (1880-1886ж «Көкпай сөздері» Омбыда «Дала
уалаяты», «Серке»).
-
«Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында
біз білетін ақын болған жоқ» деп айтқан кім?
(А.Байтұрсынов).
-
«Ұлы ақынның басқа ақындарға әсері оның
поэзиясының сол ақындарда көрініс табуында емес, солардың өз
бойындағы қуатты қозғап оятуында» деген пікірді кім айтқан? (В.
Белинский).
-
Лермотовтан қанша шығарма аударды? (27. «Теректің
сыйы», «Қарасам, қайғырар жұрт бұл заманғы», «Тұтқындағы батыр»,
«Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Жалғыз жалау», «Қараңғы
түнде тау қалғып»).
-
Крыловтан аударған шығармалары? («Емен мен
шілік», «Қазаға ұшыраған қара шекпен», «Жарлы бай», «Есек пен
бұлбұл», « Бүркіт пен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа», «Әншілер»,
«Ала қойлар», «Түлкі мен қарға», «Есек», «Бақа мен өгіз», «Піл мен
қанден»).
-
Неге Абай «Шығысым батыс боп кетті» деген? Оның
әлем әдебиетімен танысуы, оқуы қалай
басталды?
«ЕСЕК ПЕН БҰЛБҰЛ»
(И.А.Крыловтан)
1898
Абайдың
И.А.Крыловтың «Осел и соловей» өлеңінен тәржімелеген
туындысы.
Қашан жазылды?
Ақынның бұл өлеңді
И.А.Крыловтан аударған уақыты басылымдарда 1898 жылмен
көрсетілген.
Қайда жазылды?
Өлең Құнанбай қажы
әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені –
Ақшоқы қыстауында аударылған.
Қайда
жарияланды?
Туынды алғаш 1909
жылыСанкт-Петербургте жарық
көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғлының елеңі» жинағында
жарияланды. Мүрсейіт қолжазбаларыңда түпнұсқасы бар. Шығарманың
басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер
кездеседі. 1945, 1954, 1957 жылғы
жинақтарда 1-шумақтың 3-жолы «Қаңғырып өлкені өрлеп келе жатып»,
7-шумақтың 1-жолы «Демеймін мені мақтасын» түріңде
басылса, 1977 жылғы
жинақта бүл жолдар 1933 жылғы
басылым негізінде «Тентіреп өлкені өрлеп келе жатып», «Демеймін
жұрт мақтасын» болып түзетілген.
Өлең не
жайында?
Замандастарының
айтуынша, И.А.Крылов бұл мысалды өзіне таныс бір төреге мысқыл
ретінде жазған. Абай мысалды мазсұнын сақтай отырып, мейлінше жатық
етіп аударған. Бас жағына қысқаша сюжеттік желі енгізіп, отқа
тойған есектің масайрап, есіріп келе жатқан күйін суреттеп
өтеді.
Қай жанрда
жазылды?
Өлеңнің бастапқы 6
шумағы 11 буыңды, соңғы 7-шумағы 7 буынды қара өлең ұйқасымен (-а,
-а, -б, -а) кестеленген. Ал Крылов өлеңі 6, 8, 9, 12, 13 буынмен
өрнектелген, көлемі 29 жол. Әрқайсысы 4 тармақты 7 шумақтан тұрады,
көлемі 28 жол. Түпнұсқаның мазмұны аудармада дәл
берілген.
Қай тілдерге
аударылды?
Өлең орыс тілінен
қазақ тіліне Абай аудармасы арқылы жеткен.
Тойған есек шөпті оттап
маңайдағы
Сонырқап шатқа кетті
қай-қайдағы.
Тентіреп өлкені
өрлеп келе жатып,
Жолықты бір бұлбұлға
тоғайдағы.
Сенбісің ақын
бұлбұл, жаңа көрдім,
Атыңа жұрт мақтаған
құмар едім.
Бір сайрап берсең,
қалқам, өзім естіп,
Рас па екен жұрттың
сөзі, сынар едім.
Өнерге салды бұлбұл сонда аңыратып,
Шыңғыртып,
шымырлатып, сорғалатып,
Мың түрлі күйге
салып толқынтады,
Маңайда жан біткенді
таңырқатып.
Қой жатыр, қойшы тыңдап тұрды елбіреп,
Көзіне қып-қызыл боп
жас мөлдіреп.
Жел соқпай, құс
шуламай, бәрі жым-жырт,
Әнге көңіл жіберіп
тұрды елжіреп.
Бұлбұл болды, тосып тұр есек сөзін,
Есек жерге қаратып
екі көзін:
«Іш пыспай-ақ
тыңдарлық бар екенсің,
Әттегене-ай,
білмепсің әтешті өзің!
Екенсің ән салуға сен-дағы епті,
Сен біраз әтеш әнін
үйрен!»- депті.
Бұл сықылды сыншының
сөзін естіп,
Көз көрмеске бұлбұл
да ұшып кетті.
Демеймін жұрт мақтасын,
Я жақсын, я
жақпасын.
Сүйтсе де мұндай
сыншыдан
Құдайым бізді
сақтасын.
«ДЖИГСО-1» стратегиясы
Топтан екі
спикер таңдалады. Спикерлер топта
қалып,
постерлерін
келген оқушыларға түсіндіріп
отырады.
Топтағы
қалған екі оқушы ақпарат жинау
мақсатында
басқа
топтарға барып, жұмыстарымен
танысады.
Кері байланыс
-
Тапсырманы
орындауда қандай қиындықтар
-
болды?
-
Тапсырма
қаншалықты дұрыс орындалды?
-
Тапсырманың
сәтті орындалуына топ
-
мүшелері
қандай үлес қосты?
Бағалау
Әр жұп
өздерінің жұмыстарын рубрикатор
арқылы
бағалап,
пікірлерін білдіреді.
|
|