Кәсіп сабағының
жоспары
Сабақтың
тақырыбы: Ою-өрнек түрлерімен
танысу
Сабақтың
мақсаты: Ою-өрнек түрлерімен танысу
және ою-өрнек құрастыру;
Күтілетін
нәтиже: Ою-өрнек
құрастыру;
Сабақтың
түрі: Ашық
сабақ
Сабақтың
әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,талдау,ізденіс,сұрақ-жауап;
Сабақтың
көрнекілігі: Ою-өрнектің
суреттері,ою-өрнектер туралы слайд,сергіту
сәті;
Керекті
құрал-жабдықтар: Түрлі-түсті қатты және жұмсақ
қағаздар,қайшы,кілей,ақ қағаздар.
Сабақ
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі
* Оқушылармен
амандасу;
* Сынып оқушыларын
түгендеу;
* Оқушылардың сабаққа
дайындығын және құрал-жабдықтарын
тексеру;
* Психологиялық
дайындық.
«Шаттық
шеңбері»
ІІ.
Үй тапсырмасын
тексеру.
-Балалар,үйге берілген тапсырманы орындап
келдік пе?
-Иә.
-Қане, тексеріп
жіберйін.
(Балалардың үйден дайындап келген альбомдарын
тексеремін)
(смайликпен
бағалау)
ІІІ.Ой
қозғау.
Сөзжұмбақ шешу арқылы келесі жаңа сабаққа
көшу. Оқушылар сөзжұмбақты шеше отырып жаңа сабақ қандай тақырыпта
өтетінін анықтаймыз.
1. Тігінші құралы
(Оймақ)
2. Иық бұйымдарының бірі.
(Костюм)
3. Ұлттық баскиім
(Бөрік)
4. Қазақтың Ұлттық саз аспабы. (
Домбыра)
5. Ертеден бүгінгі күнгедейін жеткен үй
жиҺазы. ( Сандық)
6. Қалдықтың баскиімі
(Сәукеле)
7. Ұлттық аяқкиім
(Кебіс)
IV.Жаңа
сабақ.
1.Ою – өрнек дегеніміз және оның шығу
тарихы.
Бедерлі түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып
немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру ою деп
аталады.
Ал киім-кешекке, түскиізге, т. б қолөнер
бұйымдарына кестелеп бейнеленетін бедер, сол сияқты тоқылатын
алашаға, басқұрға және қоржынға түсірілетін түрлі геометриялық
бедерлерді өрнек дейді. Латынша орнамент деген ұғымнан аударылып,
қазақтың ою-өрнек деген қос сөзі болып біріккен. Сонымен ою - өрнек
дегеніміз - әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек
бөлшектері.
Ал шығу тарихына келер болсақ, қазақ ою -
өрнегінің өзіне тән даму жолы, тарихы бар. Тарихи - ғылыми
деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою - өрнек өнері ежелгі
замандардан бастау алған. Академик Әлкей Марғұлан ағамыз бұл өнер
туындысы сақ, ғұн, үйсін, түрік, қаңлы, қыпшақ секілді көне көшпелі
тайпалардың өнерінің негізінде қалыптасты дейді. Қазақ ою - өрнегі
ғасырлар бойы дамып, қазақ халқының өмір тіршілігінде айрықша орын
алып, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа, бүгінгі күндерге дейін өз
қасиетін жоймай жалғаса дамып келе жатқан, ірі рухани мәдениет
үлгісі ретінде сақталып келеді. Мысалы: әр бір қазақтың үйіндегі
сандық, алаша, киіз, құрақ көрпешелер, апаларымыздың зергерлік
бұйымдары, ат әбзелдерінде, сонымен қатар мемлекеттік рәміздерден
көре аламыз.
2.Ою-өрнектің
түрлері.
Ғылымда ою-өрнектің 20-ға жуық
түрі бар деп дәлелденген.Мен біз білетін оюларды атап
өтейін.Олар:
* Қошқармүйіз ою-өрнегі -
қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп,
оның қолтық тұсынан қоидың құлағын бейнелейтін тағы бір шолақ мүйіз
тәрізді екі буын шығып тұрады. Текемет, сырмак, басқұр, алаша,
кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық
түрлерінде кездеседі
* Қырықмүйіз ою-өрнегі - біріне-бірі жалғаса,
тармақтала қосылған, кеп мүйізден құралған ою-өрнектің бір түрі.
Тон, текемет, сәулет өнерінде молырақ
кездеседі)
* Өркеш ою-өрнегі - түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ,
текемет, тұскиіздерге салынатын ою-өрнек композициясында көбірек
кездесетін элемент.
* Гүл ою-өрнегі - гүл
өсімдігінің барлық түрлерін тұспалдап тұрады. Бұл өрнектің түрі үш
жапырақты ою-өрнектен басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін
қолөнер бұйымдарында
кездеседі.
* Түйетабан ою-өрнегі - түйенің басқан ізін бейнелейтін
күрделі ою-өрнек.
*
Қармақ ою-өрнегі - кәдімгі балық аулайтын
қармақтың ілмегін
тұспалдайды.
* Тарақ ою-өрнегі - үлгідегі өрнек күнделікті
тұрмыста пайдаланылып жүрген шаш тарайтын тараққа ұқсайды. Бұл
өрнек нақышына келтіріліп алашада қолданылады және тараққа ұқсас
бірнеше жуан жолақтардан
тұрады.
3.Ою-өрнекті бояудың өз
мағынасы бар.Мысалы: Көк түс - аспанның, қызыл
түс - оттың, ақ түс - ақиқаттың, сары түс - ақыл парасаттың, жасыл
түс - жастықтың көктемнің
символы.
V.Практикалық
жұмыс.
- «Қошқармүйіз» оюын
жасаймыз.Ол үшін түрлі-түсті жұмсақ қағазымыздың ішінен өзің
қалаған бір түсті таңдап ал.Содан соң, сол қағазға оюдың суретін
салып аламыз.Суретті аяқтаған соң, оны қиып алып, ақ қағазға
жабыстырып аламыз.Әрине,мен сендерге көмектесетін
боламын.
*Сергіту
сәті.
«Көңілді күн»
музыкамен.
VІ.
Сабақты
қорытындылау.
Сабақты «Серпілген сауал» әдісімен
бекіту.(доп арқылы);
Сұрақ-жауап.
1. Ою - өрнек дегеніміз
не?
2. Оюдың қандай түрлерін
білесіздер?
3.Оюлардағы көк түс нені
білдіреді?
4. Қошқармүйіз оюы нені
бейнелейді?
5. Ою - өрнек деген қос сөзі латынша қандай
ұғым? (орнамент)
Оқушылардың жауабын, жұмыстарын бағалау,
сараптау.
VІІ.
Үйге тапсырма. Ою - өрнектерден буклет жасап
келу.