жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Өз еліңнің патриоты болу" 3 сынып
Мектеп К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі Күні № 24 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Өз еліңнің патриоты болу
Құндылық : Ақиқат Қасиеттер: Адалдық, шынайылық, сенім
Мұғалім : Қалмақбаева Жанар Сынып: 3 «б»
|
Сабақтың мақсаты : Оқушыларға «Отанды сүю», «патриот болу» ұғымдарын ұғындыра отырып, отансүйгіштік қасиетті жайлы тұсінік беру Сабақтың міндеттері Білімділік: Оқушыларға «Отанды сүю», «патриот болу» ұғымдарын ұғындыра отырып , отансүйгіштік қасиеті туралы түсінік беру. Дамытушылық : Оқушыларды өз Отанын қадірлеуді елжандылық қасиеті арқылы арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды Отанды сүюге, Отанына риясыз қызмет етуге тәрбиелеу |
Ресурс Оқулық дәптер, түрлі-түсті қалам. |
|
|
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері Амансың ба , алтын күн Амансың ба, көк аспан. Амансың ба, жер ана Амансыңдар ма, достарым Амансыздар ма, қонақтар. Амансыз ба, мұғалім Жылуыма , жылу қос Міне, менің қолым Топқа бөлу: Шаттық шеңберінде тұрып «Отан, Ерлік» сөздерімен топқа бөлу. 5 «Т» ережесін сақтау Тәртіп, Талап ,Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру, Тыныштық сәті: «Күннің нұры» / 1.Үй тапсырмасын сұрау. Әзілхан Нұршайықов « Мәншүк әні»
|
Шаттық шеңбері Сазды әуен Хрусталный грусть |
|
|
2.Дәйексөз « Отан үшін отқа түс, күймейсің» - Дәйексөзді қалай түсіндің? - Дәйексөзден қандай ой түйдің? Дәйек сөзді дәптерге жазу. |
|
|
|
3.Оқиға айту . (Мұғалімнің сыйы) Мәншүк Мәметованың «Анасына жазған хаты» бейнебаяны.
|
Видеоролик |
|
|
4.Шығармашылық жұмыс
Қажетті сөздерді пайдаланып, мақал-мәтелдерді жалғастырып жазыңыздар. 1 топ « Отан» жайлы мақал-мәтелдер Қажетті сөздер: күймейсің ,үлес, ыстық, отбасынан басталады, суға батпайды, бұлбұл. Отан үшін күрес — ерге тиген ......... Отан-................................. Отан оттан да…............ Отанын сүйген: отқа жанбайды, ...................... Отансыз адам — ормансыз …........... 2 топ «Ерлік» жайлы мақал-мәтелдер Қажетті сөздер: жүректе, ерлік істейсің, үлгі елдікке жеткізер, қамал бұзады, ел сақтар Еліңді сүйсең,. .................. Ерлік білекте емес ..............., Еңбек ерлікке жеткізер, Ерлік ...................... Ерлік – елге мұра, ұрпаққа -............ Қаһарлы................ Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын.............. 2 «Әріптер сөйлейді» тапсырмасы 1-топ Ерлік тобына Мәтіндегі, бейнебаяндағы Мәншүктің бойында қандай қасиеттер бар? 2 топ Отан тобына Өз еліңнің патриоты болу үшін әр адам бойында қандай қасиеттер болу керек. Сонымен балалар потриот деген кім? Патриот-Отанын мерейін үстем ету жолында, өз халқының, өз ата-анасының сүйіспеншілігі жолында қолдағы барын, өмірін аямайтын адам. Өз Отанының патриоты болу - Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ", яғни елін жерін, өзін тілін құрметтеу, Отанымызға риясыз қызмет ету. Отан үшін аянбай тер төгу әрбір азаматтың борыш болып саналады. |
|
|
|
5.Топпен ән айту Атамекен Әні: Ескендір Хасанғалиев Сөзі: Қадір Мырза Әлі Жасыл жайлау-түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем. Маңдайымнан сипап өткен самалды, Қазагымның алақаны деп білем Қайырмасы Қайда жүрсем ,атамекен , Көкейіңде жатады екен. Күннің өзі ұясына Қимай оны батады екен Жасыл жайлау-түкті кілем көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем, Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін Қазағымның махаббаты деп білем Қайырмасы Қайда жүрсем, атамекен , Көкейіңде жатады екен. Күннің өзі ұясына Қимай оны батады екен |
https://pesniclub.com |
|
|
6. Үйге тапсырма. Саиф Сараи « Райымбек бастауы» мәтінін оқып, мазмұндау және « Мейірім тамшылары» жобасы бойынша ән жинағы кітапшасын әзірлеу. |
Оқулық |
|
|
7. Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Сау болыңыздар! Тыңдағандарыңызға көп рахмет. |
|
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген